Мектеп психологы » Страница 3 » Коммунальное государственное учреждение 'Средняя школа гимназия имени Кадыргали Косымулы Жалаири'
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Қ.Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72838) 2-01-16
Есепші бөлімі:
+7(72838) 2-01-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Қарым-қатынасты" нығайту
24
март
2022
"Қарым-қатынасты" нығайту
Жоспарға сай 24 наурыз күні өзін-өзі түсіну, орта мен үйлесімділік қарым-қатынас жасауға дағдыландыру,мәдени сөйлеу білігін дамыту,өзара жағымды қарым-қатынасын арттыру, жағымсыз көңіл –күйден арылу,өзін еркін сезінуге көмектесу  мақсатында мұғалімдер арасында «Қарым-қатынасты нығайту»  тренингі өтті.   Тренинг құрлымы мына бөліктерден тұрды: "Волейбол», «Жартастан өту», «Құбыр жаттығуы». Ойын жаттығулар арқылы мұғалімдер өзара қарым –қатынастарын,бір-біріне деген сенімділігін арттырды және
Есте сақтау диогностика
03
март
2022
Есте сақтау диогностика
                 Баланың есте сақтауын диагностикалау және дамыту мақсатында бастауыш сынып оқушыларымен мектеп педагог-психологы М.Майкенова диагностикалық жұмыс жүргізді. Мақсаты: баланың өз бетімен орындайтын іс -әрекетін, шапшаңдығын, бейнелі ойлау қабілетін зерттеу, сонымен қатар зейінін, көру арқылы есте сақтауын арттыру. Балаларға мынандай тапсырмалар берілді. Бірінші тапсырма: суретті мұқият қара, мүлдем ұқсамайтын суретті тап. Екінші тапсырма: суреттегі фигуралардың ораласуын есіңде
МАД балаларымен әдістеме
23
февраль
2022
МАД балаларымен әдістеме
МАД балаларының сөйлеу техникасын және тіл дамуын анықтау мақсатында "Ертегі айтып берші" әдістемесі арқылы жұмыс жүргізілді. Балаға өзі білетін ертегіні айтқызып,қосымша сұрақтар қою арқылы жүргізілді. Тапсырманы орындату барысында келесі көрсеткіштер бағаланады:1)дыбыстардың дұрыс айтылуы.2)дикцияның анықтығы.3)дауысының мәнерлілігі 4)сөздік қоры 5)әр түрлі сөйлемдерді дұрыс құра білуі. Осы әдістемені жүргізу арқылы балалардың арасында тіл кемістігі бар балалар анықталды және көптеген
Ата-аналарға кеңес
22
февраль
2022
Ата-аналарға кеңес
22 ақпан күні 11-сынып оқушыларының ата-аналарына "Мемлекеттік қорытынды емтиханға дайындық, оқушыға ата-ана қалай көмектесе алады?" тақырыбында кеңес берілді. Мақсаты 11-сынып оқушыларына ата-аналар тарапынан болатын көмек туралы психологиялық кеңес беру. Осы мақсатты орындау үшін шағын баяндама оқылып,тренингтер жүргізіліп,кеңестер берілді.
"Ағаш" проективті тесті
16
февраль
2022
"Ағаш" проективті тесті
Педагог-психологтардың айлық жұмысына сәйкес 16 -ақпан күні 5-сынып оқушыларымен "Ағаш" проективті тесті жүргізілді. Мақсаты -ағаш суреті арқылы тұрмыстық зорлық-зомбылықты  және эмоцияналдық жәй-күйін анықтау. Оқушыларға ағаштың суретін салу және берілген он сұраққа жауап беру тапсырмасы берілді. Жүргізілген тест нәтижесінде ешбір оқушыдан тұрмыстық зорлық-зомбылық нышаны байқалмады.
Тест   «Стреске  төзімділік»
14
февраль
2022
Тест «Стреске төзімділік»
14 ақпан күні 10-11 сынып оқушылары арасында "Стреске төзімділік" тесті алынды. Мақсаты: Балалардың стреске ұшырау жиілігін анықтау. Стресс- тұлғаның эмоционалдық өмірін зақымдайды.Стресс көңілдің бұзылуы мен мазасыздануына әкеледі. Жеткіншек тік шақта бұндай кездер жиі кездеседі.Көңіл түсінкі және еш нәрсеге қызығушылығы болмайды. Осыны анықтау мақсатында жоғары сынып оқушыларымен тест жұмысы жүргізілді.
"Мамандық өмір таңдауым"
11
февраль
2022
"Мамандық өмір таңдауым"
11 ақпан күні 9 сынып оқушылары арасында "Мамандық өмір таңдауым" атты кеңес беру сабағы өтті.Мақсаты Мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру,өзін-өзі тану аймағын кеңейту, мамандық әлемінен ақпараттар алу, қазіргі заманның тапшы мамандықтарын көрсетіп сол бағытқа қарай бағыттау.Кеңес беру сабағында  "Менен сұрақ,сенен жауап" әдістемесі арқылы балалардың мамандық туралы ойларын білдік. Одан басқа да "Мамандықты жасыр жаттығуы", "Ең жақсы ойыны" "Жағдаяттық сұрақтар" жүргізілді."Қазіргі
Танымдық үрдістерді дамыту
10
февраль
2022
Танымдық үрдістерді дамыту
10 ақпан күні айлық жоспарға сай 4-сынып оқушыларымен танымдық үрдісті дамыту бойынша ойын-жаттығулар жүргізілді.  Балаларда таным үрдістерін  және де шығармашылық қабілеттерін дамытуда ойын-жаттығулардың маңызы зор. Ойын жас ерекшелікке қарамайтын, адамның көңіл -күйін көтеретін ойландыратын үрдіс. Ойын - төзімділікті,алғырлықты,тапқырлықты,ұқыптылықты,ізденімпаздылықты,іскерлікті,дүниетаным өрісінің көлемділігін,көп білуді,сондай -ақ басқада толып жатқан сапалық қасиеттерді қалыптастыруға
Жас мамандармен жұмыс
08
февраль
2022
Жас мамандармен жұмыс
Өзін-өзі түсіну, орта мен үйлесімділік қарым-қатынас жасауға дағдыландыру,мәдени сөйлеу білігін дамыту,өзара жағымды қарым-қатынасын арттыру,парасаттылыққа,ұйымшылдыққа тәрбиелеу мақсатында мектептегі жас мамандармен 8 -ақпан күні тренинг өтті. Тренинг құрлымы мына бөліктерден тұрды: "Таныстыру","Көңілді шеңбер", "Баға", "Жағдаяттық сұрақтар", "Биопоэма". Тренинг жас педагог мамандардың ұжым арасында,оқушылар алдында,өзін-өзі ұстай білуге,бейімделу кезенің қалыпты өтуге жағдай туғызу мақсатында
Жасырын сауалнама
04
февраль
2022
Жасырын сауалнама
Педагог -психологтардың айлық жұмыстарына сәйкес 4 ақпан күні 6-7 сыныптары арасында жасырын сауалнама жүргізілді. Сауалнама мақсаты - оқушылар арасындағы әлімжеттілікті анықтау және буллинг,кибербуллинг туралы түсініктерін анықтау.Сауалнама нәтижесінде оқушылар  арасында әлімжеттілік,буллинг,кибербуллинг жоқ екендігі анықталды.Сонымен қатар сауалнамадан кейін буллинг,кибербуллинг туралы түсінік беріліп, видео көрсетілді.