М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы » Коммунальное государственное учреждение 'Средняя школа гимназия имени Кадыргали Косымулы Жалаири'
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Қ.Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72838) 2-01-16
Есепші бөлімі:
+7(72838) 2-01-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
февраль
2022

М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы

2022  жылдың 11 ақпаны күні  Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназияда  Алматы облысы  Төтенеше жағдайлар  Департаментінің  ұйымдастыруымен   Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы туралы кездесу өтті. Кездесуге  Алматы облысы ТЖД бастығының орынбасары Ахашев Ерлан Дүйсенханұлы, Алматы облысы ТЖД кадр саясаты басқармасының бастығы Калиев Бақытнұр Хабиденұлы, Алматы облысы ТЖД бастығының орынбасары Жуков Игорь Евгеньевич, Көксу ауданы ТЖ бас маманы Азаматтық қорғау аға лейтенанты Қуанышұлы Елжас, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының  4 курс   курсанты Түсіпбеков Алмас қатысты. Кездесуге 10-11 сынып оқушылары, сынып жетекшілер мен мұғалімдер  қатысты.

Кездесу барысында Ахашев Ерлан Дүйсенханұлы Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы Азаматтық қорғау органдарының офицерлерін даярлайтын жалғыз жоғары оқу орны екенін айтып, осы оқу орнының техникалық мүмкіндіктеріне тоқталды. Келесі сөз алған Жуков Игорь Евгеньевич академия курсанттары оқу барысында толық мемлекеттік қамтамасыз етуде болатыны және осы оқу орнына оқуға түсу шарттарымен таныстырды. Кездесуге келген Алматы облысы ТЖД кадр саясаты басқармасының бастығы Калиев Бақытнұр Хабиденұлы академия түлектеріне азаматтық қорғау лейтенанты атағы мен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті бөлімшелеріне жұмысқа орналастыру кепілдігі берілетінін сараптап, академия қабырғасында дайындайтын мамандар яғни «Өрт қауіпсіздігі», «Төтенше жағдайларда қорғау», «Азаматтық қорғаныстың командалы тактикалық күштері», «Өрт сөндіру және апат-құтқару ісі» атты төрт білім беру бағдарламасына тоқталды. Көксу ауданы ТЖ бас маманы Азаматтық қорғау аға лейтенанты Қуанышұлы Елжас аталған оқу орнына түсуге тілек білдірген оқушыларға түсіндіру жұмысын жүргізіп,оқуға түсу үшін қажет төрт кезеңдерге тоқталды.Курс Түсіпбеков Алмас академия туралы өз ойымен бөлісіп, оқуға түсуге шақырды, оқушыларға жаднамалар таратты. Кездесу соңында оқушылар сұрақтарына жауап алды.






Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив