1 наурыз-Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні өтті. » Коммунальное государственное учреждение 'Средняя школа гимназия имени Кадыргали Косымулы Жалаири'
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Қ.Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72838) 2-01-16
Есепші бөлімі:
+7(72838) 2-01-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
март
2021

1 наурыз-Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні өтті.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=916008082470757&id=100021847221311?sfnsn=mo&d=n&vh=i

Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы  орта мектеп-гимназиясы бойынша 1наурыз - Бүкілдүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күнін атап өтуге арналған іс-шаралар жоспары жасалып бекітілді. Жоспарға сәйкес жұмыс жүргізілді.   «Ең үздік азаматтық қорғаныс мектебі» атты қашықтық форматтағы аудандық байқауға бейнеролик дайындалып, ұсынылды.

              АӘД пәнінің мұғалімі Д.Темірбеков  9-11-сынып оқушылары арасында противогаз киюден,алғашқы дәрігерлік көмек көрсету,зардап шеккен адамдарды қауіпсіз орындарға тасымалдау,өрт сөндіру құрал жабдықтарын пайдала білу сияқты түрлерінен  сайыстар ұйымдастырды.

 1-4- сынып оқушылары «Төтенше жағдайлар» тақырыбында суреттер  көрмесін безендірді. 5-11- сынып оқушылары   «Азаматтық қорғаныс» тақырыбында қабырға газеттер шығарды.

Мектеп-гимназия  кітапханасында  «Жер сілкінісі, өрт, су тасқыны және көшкін кезінде не істеу керек ?» атты тақырыпта видео- ақпарат көрсетілімі ұйымдастырылып, тақырып аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді, кітаптар көрмесі безендірілді. 

              1-9- сыныптар арасында  «Біз төтенше жағдайларға қаншалықты дайынбыз?» тақырыбында сауалнама алынып, оқушылардың  білім деңгейлері зерделенді. 1-11- сынып оқушылары мен   мектеп-гимназия  қызметкерлерінің қатысуымен  қауіпсіз аймаққа шығу бойынша кіші шеңберде сейсможаттығу ұйымдастырылды. Жаттығулар кезінде  қауіпсіздік ережелері сақталды.

Мектеп-гимназияның 1-11- сыныптарында «Азаматтық қорғаныс», «1 наурыз-Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні», «Төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік шаралары», «Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерінің негізгі міндеттері» тақырыптары бойынша сынып сағаттары мен әңгімелесулер өткізілді.

              Наурыз айы бойынша «АҚ және қоршаған ортаны қорғау»   тақырыбында іс-шаралар ұйымдастыру   жоспарлануда.

               Аудандық «Нұрлы Көксу» газетіне мектеп-гимназияда  өткен шаралар туралы мақала жіберілді. Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне орай  өткен шаралар әлеуметтік желілерде насихатталды.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив