«Әлемнің атақты мұражайлары» » Коммунальное государственное учреждение 'Средняя школа гимназия имени Кадыргали Косымулы Жалаири'
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Қ.Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72838) 2-01-16
Есепші бөлімі:
+7(72838) 2-01-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
январь
2022

«Әлемнің атақты мұражайлары»

«Әлемнің атақты мұражайлары»

2022 жылдың 21 қаңтарында әлем мұражайлары онлайн саяхат жасалды.Оқушылар мұражайлардағы жәдігерлерді онлайн тамашалаумен қатар мұражай ұғымымен танысып, оның маңызы туралы әңгіме етті. 

Мұражай – табиғат пен адамзат қоғамының дамуы туралы білімнің алғашқы деректемесі материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін табиғат коллекциялары мен тарихи нұсқаларды жинақтау, сақтау, зерттеу, жәдігерлерін халыққа көрсетіп, насихаттау қызметін атқаратын ғылыми мекен. Мұражай жәдігерлері ғылым мен өндірістің алуан түрлі салаларын қамтиды.

Өркениетті мемлекеттердің көбісі өз мұражайларының сән-салтанатын арттыру арқылы әлемге есіктерін айқара ашып отыр.Расында да,  мұражай ұлттық мәдениеттің кірер есігі, қара шаңырағы іспетті. Көне жәдігерлер мекенінің босағасынан аттаған қарапайым адамнан бастап, лауазымды тұлғалар болсын, мемлекет басшылары немесе шетелдік қонақтар елдің, халықтың бай құнарлы мәдениеті жөнінде түсінік алады. Мұражай тек құндылықтар сақтайтын қойма немесе сол құндылықтарды көрсететін көрме ғана емес. Ең алдымен, ол – ұлттық ғылыми-зерттеу мекемесі. 

Себебі мұнда атқарылатын жұмыстардың дені – ғылыми-зерттеу еңбектерінің түрлі көріністері. Сондықтан біз қазақ мәдениетін әлемге таныту үшін, алдымен, өз елімізде мәдениетке, рухани құндылықтарға деген құрмет пен білімді жоғарылатып, ғылыми негіздерге сүйеніп, жетік зерттегеніміз жөн. Егер барымызды бағалай білсек, бізде басқаға танытарлық байлығымыз жетерлік. Рухани байлыққа баға жетпейді.

Олай болса, мұражай қорын толықтыру мен ондағы жинақталған құндылықтарды зерттеп-зерделеу барлығымыздың міндетіміз.Музей бұрынғы мен қазіргі материалдық және рухани мәдениетті сақтап, насихаттайтын киелі орын. «Өткеніңді білмейінше, болашағыңды болжай алмайсың»- деген өткен тарихымызды ақтара қарап, бүгінгі күннің көкейкесті сауалдарына жауап іздейді, қоғамның бұдан былайғы заңдылықтарын түсінгісі келеді. Таным дүниесіне осылайша қарасақ, музей өткен мен болашақты жалғастырушы түйін болып табылады.
 
https://www.instagram.com/p/CZAMcInLQRq/?utm_=copy_link

https://www.instagram.com/p/CZALP3TrCT0/?utm_=copy_link

https://www.instagram.com/p/CZAKmmaLbxU/?utm_=copy_link

https://www.instagram.com/p/CZAJtX8LE8U/?utm_=copy_link

https://www.instagram.com/p/CZAG2OqN0nZ/?utm_=copy_link

https://www.instagram.com/tv/CZAE8K0AA1J/?utm_=copy_link

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив