«Жаңа жылдық мерекелер кезіндегі қауіпсіздік ережелері» тақырыбында түсіндіру жұмысы » Коммунальное государственное учреждение 'Средняя школа гимназия имени Кадыргали Косымулы Жалаири'
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Қ.Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72838) 2-01-16
Есепші бөлімі:
+7(72838) 2-01-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
декабрь
2025

«Жаңа жылдық мерекелер кезіндегі қауіпсіздік ережелері» тақырыбында түсіндіру жұмысы

Ата-аналар жиналысында өткен түсіндіру жұмысы туралы анықтама

Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясында ата-аналар жиналысы аясында ДТЖО Г.Кусманова «Жаңа жылдық мерекелер кезіндегі қауіпсіздік ережелері» тақырыбында түсіндіру жұмысын өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – ата-аналарды қысқы мереке күндері балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тұрмыстық, өрт және қоғамдық ортада сақталуы тиіс ережелермен таныстыру, алдын алу мәдениетін нығайту. Кеңес барысында келесі мәселелер талқыланды:

I. Жаңа жылдық шыршалар кезінде және көпшілік орындарда өзін-өзі ұстау ережелері

• Балалардың адам көп жиналатын орындарда (шырша кештері, сауда орталықтары, ойын-сауық алаңдары) ата-анасының бақылауында жүруі қажеттілігі.
 • Қауіпсіз кіріп-шығу жолдарын білу, төтенше жағдай кезіндегі эвакуациялық бағыттармен таныстыру.
 • Бөгде адамдармен сөйлеспеу, сыйлық немесе тәтті қабылдамау, тобынан бөлінбеу жөніндегі кеңестер.
 • Жалған костюмдерге байланысты жарақат алудың алдын алу шаралары (маска көруді шектемеуі, костюм қозғалысқа кедергі келтірмеуі).
 • Қоғамдық орында жүгірмеу, итеріс бастырмау, баспалдақтарда абай болу.

II. Жаңа жылдық мерекелер кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелері

• Үйдегі және мектептегі жаңа жылдық безендірулерді қауіпсіз қолдану (шыршаны жылу көздеріне жақын қоймау, электр гирляндаларын тек сертификатталған өнімнен таңдау).
 
• Отшашулар мен пиротехникалық бұйымдарды балаларға қолдануға рұқсат бермеу.
 • Үйдегі қосымша жылытқыштарды және электр құрылғыларын бақылаусыз қалдырмау.
 • Резеңке, қағаз, мақта сияқты тез тұтанғыш материалдарды ашық отпен жанастырмау.
 • Төтенше жағдайда 101 және 112 нөмірлеріне дереу хабарласу қажеттілігі.

Жиналыс соңында ата-аналарға қауіпсіздік жаднамалары таратылып, мереке күндері балаларды қараусыз қалдырмау жөнінде ескерту жасалды. Ата-аналар тақырыптың маңыздылығын атап өтіп, сұрақтар қойып, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ортақ жауапкершілікте екендерін білдірді.Іс-шара ата-аналардың қауіпсіздік мәдениетін арттыруға, алдын алу шараларын дұрыс ұйымдастыруға бағытталды.


https://www.instagram.com/p/DSFRVpEjCg5/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==


 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив