«Өрт – тілсіз жау» (5-сынып оқушыларына арналған түсіндіру жұмысы)
2025 жылғы 5 желтоқсан күні «Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясында» 5-сынып оқушыларымен «Өрт – тілсіз жау» тақырыбында түсіндіру жұмысы өткізілді. Іс-шараны Хусаинова Анель жүргізді. Сабақ барысында оқушыларға өрттің шығу себептері, оның қауіптілігі, төтенше жағдай кезіндегі әрекет ету тәртібі түсіндірілді. Жиналған оқушыларға өрт қауіпсіздігі туралы бейнеролик көрсетіліп, өрттің тез таралатыны, балалар жиі жіберетін жат қылықтар және қауіпсіздік ережелері нақты мысалдармен берілді.Сабақ барысында оқушылар топтық тапсырмалар орындап, өрт кезінде дұрыс әрекет ету жолдарын рөлдік көрініс арқылы көрсетті.
Іс-шара оқушылардың:
– өрт қауіпсіздігі туралы түсінігін кеңейтуге;
– төтенше жағдайда дұрыс шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыруға;
– қауіпсіздік мәдениетін арттыруға ықпал етті.
https://www.instagram.com/p/DSG7-AfgpmI/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==