Азаматтық-патриоттық тәрбие іс шаралары » Страница 17 » Коммунальное государственное учреждение 'Средняя школа гимназия имени Кадыргали Косымулы Жалаири'
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Қ.Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72838) 2-01-16
Есепші бөлімі:
+7(72838) 2-01-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Қазақ мәдениетінің антологиясы"
30
ноябрь
2020
"Қазақ мәдениетінің антологиясы"
"Рухани жаңғыру" аясында 7 "Ә" сыныбының оқушыларымен "Қазақ мәденитенің антологиясы" тақырыбында тәрбиелік іс шара өтті. Шара барысында 1990 жылы "Өнер" баспасынан шыққан 2 томдық "Қазақ әндерінің антологиясы"  жинағы таныстырылды. Жинақты құрастырған  Жәнібек Кәрменов  туралы мәлімет беріліп, жинаққа енген қазақ әндері туралы түсінік берілді. Сынып жетекшісі А.Жұмағұлова
"Елін сүйген Елбасы"
27
ноябрь
2020
"Елін сүйген Елбасы"
Мектеп-гимназияның 1-4-сыныптардың кезекші топтарында 1 желтоқсан-Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай  сынып сағаттары өтті.
"Бір ел-бір тағдыр" тақырыбында эссе байқауы өтті.
23
ноябрь
2020
"Бір ел-бір тағдыр" тақырыбында эссе байқауы өтті.
"Тәуелсіздіктің жеті қыры" циклының "Бір ел-бір тағдыр" тақырыбында 6-7-сынып оқушылары арасында эссе байқауы өтті.6-сынып оқушылары   Мұқтарқызы Аяжан І орын,  Алмабай Арлан, Оразбек Айғаным ІІ орын, Әлмақын Малика, Дарымбаева Айдана ІІІ орын,7-сынып оқушысы  Қасымжан Ерасыл ІІІ орын иеленіп, мақтау қағаздарымен марапатталды. Эссе байқауын қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.О.Ахметова ұйымдастырды.
"Мен және менің полицейім" акциясы өтті.
23
ноябрь
2020
"Мен және менің полицейім" акциясы өтті.
Мектеп-гимназия оқушылары арасында "Мен және менің полицейім" акциясы ұйымдастырылды. Акция аясында  "Мен және менің полицейім" тақырыбында  сағаттар өткізілді. Бастауыш сынып оқушылары сурет көрмесін безендірді.   Акция аясында 9 "Ә" сынып оқушысы Женисова Нұрай Көксу аудандық жергілікті полиция қызметінің ювеналдық тобының инспекторы, полиция капитаны Бекенов Дархан Сатайұлымен онлайн сұхбат өткізді.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған сынып сағаты өтті.
23
ноябрь
2020
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған сынып
5 "Б" сыныбында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған "Елін сүйген Елбасы "атты сынып сағаты өтті. Сынып сағаты қашықтықтан ұйымдастырылды. Шара барысында "Елін сүйген Елбасы" атты деректі фильм көрсетілді. Оқушылар Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев және Отанымыз-Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері жайлы әңгімеледі. Оқушылар өлеңдер оқыды,ойларымен бөлісті. Сынып жетекшісі Н.Мажен.
«Бала құқығы-адам құқығы» айлығы өтті.
20
ноябрь
2020
«Бала құқығы-адам құқығы» айлығы өтті.
  Мектеп-гимназия бойынша 20 қазан-20 қараша аралығында өткен «Бала құқығы-адам құқығы» Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар жоспары аясында 8-сыныптар арасында «Бала қауіпсіздігі және қоршаған орта» онлайн диалог ұйымдастырылды.  1-11-сынып ата-аналары арасында  «Әрбір бала үшін» баланың мектепке оралуы кезінде психикалық денсаулықты қолдау туралы онлайн ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысқа   педагог-психолог Ғ.Белгібаева қатысып, кеңес берді. 3-4-сынып оқушылары
«ҚАТЫГЕЗДІК ПЕН ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» ақпараттық науқаны өтті.
19
ноябрь
2020
«ҚАТЫГЕЗДІК ПЕН ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» ақпараттық науқаны
Мектеп-гимназия бойынша 9-20 қараша аралығында «ҚАТЫГЕЗДІК ПЕН ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» атты ақпараттық науқаны өткізілді. Жоспар бойынша  9 қарашада қазақ тілі пәнінің мұғалімдері А.Даутова мен Г.Ахметованың ұйымдастыруымен 7-11-сынып оқушылары арасында  «Зорлық-зомбылықсыз әлемді қалай құруға болады» атты үздік эссе   байқауы өтті. 10-13 қараша аралығында ата-аналар қауымы үшін «Зорлық-зомбылықтың алдын алу. Отбасы, мектеп, қоғам мәселесі» тақырыбы аясында онлайн семинар өтті. 10-15
І тоқсанда патриоттық бағытта  жүргізілген жұмыстар
05
ноябрь
2020
І тоқсанда патриоттық бағытта жүргізілген жұмыстар
Жаңа қазақстандық патриотизм мен   азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие бағытында І тоқсанда жүргізілген жұмыстар 2020 жылдың 1 қыркүйегімен мемлекеттік рәміздерді насихаттау жұмысын ұйымдастыру туралы №132 бұйрықпен комиссия құрылды. Іс-шаралар жоспары бекітілді. Жоспарға сай жұмыс жүргізілуде.   Мектеп-гимназия бойынша мемлекеттік рәміздер талапқа сай орналастырылған.    Қазақстан Республикасының білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлкеттік бағдарламасына сәйкес
"Мемлекеттік рәміздер"
29
октябрь
2020
"Мемлекеттік рәміздер"
8 "Ә" сынып оқушыларымен "Мемлекеттік рәміздер-ұлт мақтанышы" тақырыбында сынып сағаты өтті. Сынып жетекшісі Г.Ибраимова.