"Тұрмыстық зорлық-зомбылық және жыныстық тиіспеушілікті анықтау,оның алдын алу және азайту"
17 қарашада «Тұрмыстық зорлық-зомбылық және жыныстық тиіспеушілікті анықтау, оның алдын алу және азайту» бойынша оқушылар,ата-аналар мен педагогтарға арналған сауалнама өтті. Сауалнаманы ДТІЖО Г.Кусманова,педагог-психологтар М.Майкенова, А.Айтбекова, әлеуметтік педагог Р.Джауыншинова өткізді.
https://forms.gle/PuvEyFWGkbj2Qjd87
Сауалнама нәтижесі төмендегідей.
«Тұрмыстық зорлық-зомбылық және жыныстық тиіспеушілікті анықтау, оның алдын алу және азайту» бойынша оқушыларға арналған сауалнама.Сауалнамаға 128 оқушы қатысты.
1.Сіз тұрмыстық зорлық-зомбылық дегенді қалай түсінесіз?
oа) Адамға күш қолдану-55
oә) Қорқыту, қысым жасау-45
oб) Жеке құқықтарын бұзу-28
2.Мектепте немесе үйде өзіңізді қауіпсіз сезінесіз бе?
oа) Иә, әрқашан-123
oә) Кейде-
oб) Жоқ, жиі қауіп сезінемін-5
3.Егер зорлық-зомбылыққа куә болсаңыз, кімге хабарласар едіңіз?
oа) Мұғалімге-31
oә) Ата-анаға-91
oб) Достарыма-6
4.Жыныстық тиіспеушілікке қатысты ережелерді білесіз бе?
oа) Иә, толық білемін-115
oә) Аздап білемін-11
oб) Мүлде білмеймін-2
5.Сіздің ойыңызша, зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін мектепте қандай шаралар қажет?
oа) Арнайы сабақтар өткізу-80
oә) Психологпен кездесу-18
oб) Қауіпсіздік ережелерін түсіндіру-30
«Тұрмыстық зорлық-зомбылық және жыныстық тиіспеушілікті анықтау, оның алдын алу және азайту» бойынша ата-аналарға арналған сауалнама. Сауалнамаға 77 ата-аналар қатысты.
https://forms.gle/TRdCKNZm8VvZ7dfY8
1.Балаларыңызға тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы түсіндіріп көрдіңіз бе?
oа) Иә, жиі түсіндіремін-37
oә) Кейде айтамын-30
oб) Мүлде айтқан жоқпын-8
2.Үйде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қандай шаралар қолданасыз?
oа) Ашық сөйлесемін-47
oә) Үй ережелерін қадағалаймын-16
oб) Қауіпсіздік туралы айтпаймын-12
3.Жыныстық тиіспеушілік туралы балаңызбен ашық сөйлесе аласыз ба?
oа) Иә, ашық сөйлесемін-31
oә) Кейде сөйлесемін-32
oб) Қиындық көремін-12
4.Егер балаңыз зорлық-зомбылыққа тап болса, кімге хабарласасыз?
oа) Мектепке-10
oә) Құқық қорғау органдарына-63
oб) Туыстарға-2
5.Балаңыз мен өзіңіздің араңыздағы сенімділіктіқалай бағалайсыз?
oа) Жақсы-70
oә) Орташа-4
oб) Әлсіз-1
6.Сіздің ойыңызша, қоғамда зорлық-зомбылықты азайту үшін қандай жұмыстар атқарылуы керек?
oа) Түсіндіру жұмыстары-21
oә) Заңды күшейту-40
oб) Балаларды тәрбиелеуді жақсарту-14
«Тұрмыстық зорлық-зомбылық және жыныстық тиіспеушілікті анықтау, оның алдын алу және азайту» бойынша педагогтарға арналған сауалнама Сауалнамаға 30 педагог қатысты.
https://forms.gle/yTyLHndkdHod2MB58
1.Оқушылар арасында зорлық-зомбылық белгілерін қалай анықтайсыз?
oа) Мінез-құлқынан-25
oә) Сөйлеген сөзінен-5
oб) Сыртқы түрінен-1
2.Жыныстық тиіспеушілікке қатысты мектепте қандай ережелер бар?
oа) Арнайы нұсқаулықтар-14
oә) Педагогикалық әңгімелер-15
oб) Ережелер жоқ-1
3.Егер оқушы зорлық-зомбылыққа тап болса, қандай әрекет жасайсыз?
oа) Дереу ата-анасына хабарласамын-13
oә) Мектеп әкімшілігіне жеткіземін-14
oб) Психологқа бағыттаймын-3
4.Мектепте қауіпсіз орта қалыптастыру үшін қандай шаралар қолданасыз?
oа) Тәрбие сағаттарын өткіземін-11
oә) Оқушылармен жеке сөйлесемін-9
oб) Қауіпсіздік ережелерін түсіндіремін-10
5.Ата-аналармен бұл тақырыпта жұмыс істеу тәжірибеңіз бар ма?
oа) Иә, жиі-13
oә) Кейде-15
oб) Жоқ-2
6.Сіздің ойыңызша, педагогтар үшін қандай қосымша дайындық немесе тренингтер қажет?
oа) Психологиялық тренингтер-9
oә) Құқықтық білім беру-12
oб) Қауіпсіздік бойынша семинарлар-9
Талдау нәтижесі: Берілген сұрақтар бойыншаоқушылардың,ата-аналардың,педагогтардың түсіну деңгейі жақсы. Қауіпсіздік сезімі бойыша 5 оқушы қауіп сезінсе,12 ата-ана қауіпсіздік тақырыбына балаларымен сөйлеспейтіні анықталды. Барлық жауап берушілерді көмек сұрау арнасын біледі, зорлық-зомбылық куәсі болғанда кімнен көмек сұрауды біледі.Жыныстық тиіспеушілік бойынша 12 ата-ана балаларымен әңгімелесуде қиындық көретіні анықталды. Жыныстық тиіспеушілікке қатысты ережені мүлде білмеймін деп-2,аздап білемін деп-11 оқушы жауап берген. Бала мен ата-ана арасындағы сенімділік әлсіз деп-1 ата-ана белгілеген.
Ұсыныс:Талдау нәтижесіне сүйене отырып,мынандай қосымша шараларды өткізу ұсынылады.Оқушылар,ата-аналар арасында түсіндіру сабақтарын, тренингтер жоспарлау.