20
ноябрь
2020
"Дұрыс тамақтану деген не?" сынып сағаттары өтті.
"Дұрыс тамақтану деген не?" тақырыбы аясында кезекші сыныптарда сынып сағаттары өтіп, дұрыс тамақтанудың маңызы жайлы мәлімет берілді. Оқушыларға бала денсаулығына кері әсерін тигізетін факторлар туралы айтылды. Сонымен бірге, пайдалы азық-түлік және күн тәртібіне байланысты тамақтану режимі жайлы балалардың білімдерін кеңейтуге бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізілді.