Алматы облысына 90 жыл » Коммунальное государственное учреждение 'Средняя школа гимназия имени Кадыргали Косымулы Жалаири'
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Қ.Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72838) 2-01-16
Есепші бөлімі:
+7(72838) 2-01-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
февраль
2022

Алматы облысына 90 жыл

Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы бойынша Алматы облысының 90 жылдығына орай Алматы облысының 90 жылдығына арналған кітап көрмесін кітапханашылар С.Нұрланова, Э.Калибаева ұйымдастырып, оқушыларды облыс тарихымен   таныстырды.

18 ақпан күні 5а сынып жетекшісі Ұ.Әдібаева «Алматы облысына 90 жыл» атты  тәрбиелік іс-шара өтті. Биыл 90 жыл толған Алматы облысы отандық және әлемдік тарихқа Жетісу атымен белгілі. Қазақ халқының сан ғасырлық тарихында Жетісу аймағының алатын орны ерекше. Жер жаннаты атанған бұл өлке өзінің сұлу табиғаты, бай тарихы, қойнауы қазынаға толған шұрайлы жері, берекесі мен бірлігі жарасып, тату-тәтті ғұмыр сүріп жатқан тұрғындарымен алтын бесікке айналған.

1924 жылы Орта Азияда жүргізілген ұлттық-территориялық межелеу нәтижесінде Жетісу облысының аудандары Қазақ АКСР-іне енді. 1929-1932 жылдары Алматы округі аталып, құрамында Лепсі, Талғар, Шелек, Жаркент, Қарғалы, Сөгеті, Балқаш, Алтынемел, Қордай, Іле, Қаратал, Қоңырөлең, Қарқара, Шоқпар, Бөрібаев, Бүйен, Ақсу, Сарқан, Герасимов, Шу, Қастек және Алакөл сияқты 21 аудан болды. 1929 жылы Түрксіб құрылысының аяқталуы және Алматыға теміржолдың келуі өнеркәсіптің дамуына игілікті әсер етті.

Бұл жағдай қала мен облысты екі әкімшілік құрылымға бөліп басқарудың қажеттілігін туындатты. Сонымен, 1932 жылдың 10 наурызында Алматы облысы болып қайта құрылды. Облыс орталығы сол кездегі астанамыз Алматы қаласына орналасты. Астанамыз Алматы қаласының экономикалық өсуі облыстың да қарқынды дамуына түрткі болды. Экономиканың өсуі, тұрғындар санының артуы, тағы да басқа себептерге байланысты 1944 жылғы 16 наурызда Алматы облысынан Талдықорған облысы бөлініп шықты. Оның орталығы Талдықорған қаласы болып бекітілді. Алайда Талдықорған облысы 1959-1967 жылдары Алматы облысы құрамына қайта еніп, 1967 жылғы 23 желтоқсанда қайта бөлінді. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы жылдардағы тоқырау мезгілінде, яғни, 1997 жылғы 22 сәуірде Талдықорған облысы таратылып, оның аудандары Алматы облысына қосылды.

Соңғы жиырма жыл бедерінде Алматы облысының өсіп-өркендеуі, бейнелі тілмен айтқанда, ұшқан құстай алға ілгеріледі. Қай салада болсын өсіп-өркендеудің, даму мен кемелденудің айқын бағдары қалыптасты. Бүгінде облыс 17 аудан мен үш қалалық әкімшілік құрылымға бөлініп, Қазақстанның жарқын келешегін орнату ауқымды жоспарларын орындау жолында еңбек етуде.Облыс орталығы Талдықорған қаласына көшіп келгеннен бергі жиырма жылда қала адам танымастай өзгерді. Құрылыс саласы дамып, әлеуметтің әлеуеті өсті. Түрлі саладағы жетістіктер жұрт көңілін қуантты. Қатар-қатар бой көтерген жаңа тұрғын үйлер қаланың сәнін ашса, жаңадан салынған театр, Салтанат сарайы, көпсалалы аурухана, теннис орталығы, Достық үйі, «Жастар» спорт сарайы, «Жастар» саябағы, Жастарға қызмет көрсету орталығы, Студенттер үйі, Оқушылар сарайы, еңселі «Koktem Grand» қонақүйі, тағы да басқа әлеуметтік нысандар көз қуантады. Талдықорған қаласында республикада бірінші болып бой көтерген Тіл сарайы мемлекеттік тілге деген жетісулықтардың құрметін білдірсе, биыл қолданысқа берілген Орталық Азияда баламасы жоқ жүзу бассейні қалалықтардың спортпен айналысуына үлкен мүмкіндік ашты. Бір сөзбен айтқанда, Талдықорған жастар үшін бар жағдай жасалған ертегі қалаға айналды.

Ерекше жетістіктерімен еліміздің экономикасын өркендетіп, ғылымы мен білімін жетілдіріп, басқа салалардағы табыстарымен де ерекшеленіп келе жатқан облыстың тоқсан жылда жеткен биігі әлі де зерделеніп, талай жаңалық жұртқа жетіп, талай азаматтың болмысы айқындалатыны анық. Ал алдағы уақытта облысымыздың елімізбен бірге өсіп, жетіле беретініне сеніміміз нық.

https://www.instagram.com/tv/CaXjb8ujhg5/?utm_=copy_link


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив