А.Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл
2022 жылы 2 ақпанында сынып жетекшілер Ф.Бидайбекова,Ж.Абишева мектеп кітапханашысы Э.Калибаевамен бірлесе отырып А.Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай оның өмір жолы мен шығармашылығына арналған тәрбиелік іс-шаралар өткізді. Іс-шара барысында Ахмет Байтұрсынұлының тек қазақ ақыны ғана емес, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері екеніне тоқталды .Ахмет Байтұрсынұлының әдебиет майданындағы есімі әр жас ұрпақ жүрегінде сақталу себебі оның әдеби мұрасы, тарихтағы орны ғалымдық, ақындық, публицистік, қайраткерлік істері аса жоғары бағаланған. Өз уақытының аласапыран құбылыстарын бағалау болашақ алыс өрістерді көруге келгенде алмағайып ағыстарға малтығып, қалың тұманда адаспай Ахмет Байтұрсынұлының әуелі тарихтағы орнына тоқталып, қазақ тіл білімінің ана тіліміздегі іргетас қалаудағы зор еңбегі туралы сөз болды.
https://www.instagram.com/tv/CZgN6-1I3EZ/?utm_=copy_link
https://www.instagram.com/p/CZerjaVtkVY/?utm_=copy_link