«Қазақтың күйші қызы-Дина» » Коммунальное государственное учреждение 'Средняя школа гимназия имени Кадыргали Косымулы Жалаири'
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Қ.Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72838) 2-01-16
Есепші бөлімі:
+7(72838) 2-01-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
январь
2022

«Қазақтың күйші қызы-Дина»

«Қазақтың күйші қызы-Дина»


   2022 жылы 21 қаңтарда 5ә сынып оқушыларына сынып жетекшісі  Ж.Райымбек    «Қазақтың күйші қызы-Дина» атты видеоролик көрсетті. Нәтижесінде оқушылар Дина Нүрпеисованың өмір және еңбек жолымен, оның шығармаларымен танысты.

Күй өнері – қазақ халқының ең құнды, бағалы мұраларының бірі. Қаны мен жанында күй ойнаған ұлтымыз тума таланттарға кенде емес. Сондай дарын иелерінің бірі – қазақ өнерінде өзінің өшпес ізін қалдырған күйші-  Дина Нұрпейісова

Дина Нұрпейісова  Бөкей ордасы, Нарынның Бекетай құмы жерінде қарапайым шаруа отбасында дүниеге келген. Әкесі Кенже еркесін домбыра үнімен әлдилесе, анасы Жәниха қызын бесік жырымен тербеткен. Дина бес жасында әкесінің домбырада тартқан күй саздарын пернелерге дұрыс түсіруге әуестене бастайды. Тоғыз жасында әкесінен үйренген әндер мен күйлерді меңгеріп, домбырада еркін ойнай  бастаған Динаны айналасындағылар «домбырашы қыз» деп атап кетеді.

Күй өнерінде есімі қастерлі Құрманғазы осы ауылға ат басын бұрып,сол сапарында Динаның домбырада ойнауын байқап, әкесіне болашақта қызынан жақсы күйші шығатынын айтады.

Ашаршылық жылдары Динаның отбасы Каспий теңізі жағалауына көшіп, Астрахан облысы Марфин ауданы Козлово ауылында тұрақтайды. 1937 жылы Ахмет Жұбановтың тапсырмасымен домбырашы Смағұл Көшекбаев Динаны Алматыға алып кетеді. Сол жылдың күзінде Алматы қаласында ұлт дарындары бас қосқан екінші республикалық жиында Дина өзінің «Бұлбұл», Құрманғазының «Төремұрат»  пен    «Қайран шешем» атты күйлерін шебер орындағаны үшін ең алғашқы сыйлығын алады. Осыдан кейін Дина Қазақ филармониясына жұмысқа алынып, оған «Еңбек сіңірген өнер қайраткері» атағы берілді.1939 жылы Мәскеуде өткен Бүкілодақтық ұлттық аспапта орындаушылар байқауында бірінші орынды иеленеді. 1944 жылы 83 жастағы Дина Ташкентте өткен Орта Азия республикалары музыкасының 3-ші онкүндігінде өнер көрсетіп, сол жылы ол «Қазақ ССР-інің халық әртісі» атағын алады.

Д.Нұрпейісова ғұмырының соңғы кезінде шығарған «Той бастар», «Домалатпай», «Науысқы» («Науаи»), «Әсемқоңыр», «Жігер» сынды аса айшықты шығармаларымен өнерсүйер қауымның жүрегінде қалды.Қазақтың күйші қызы Дина халық алдына соңғы рет 1952 жылы 91 жасында шықты. Ал 1955 жылдың 31 қаңтарында күйші Алматы қаласында дүниеден өтті.

https://www.instagram.com/tv/CZD8KqmPJBe/?utm_=copy_link

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив