Дұрыс тамақтанудың ережелері » Коммунальное государственное учреждение 'Средняя школа гимназия имени Кадыргали Косымулы Жалаири'
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Қ.Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72838) 2-01-16
Есепші бөлімі:
+7(72838) 2-01-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
февраль
2022

Дұрыс тамақтанудың ережелері

11.02.2022 күні Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп гимназиясының медбикесі А.Сатай оқушылар арасында «Дұрыс тамақтанудың ережелері» тақырыбында түсіндірме жұмысын өткізді.
Мақсаты: Оқушыларды дұрыс тамақтану мәдениетімен, әдебімен таныстыру, пайдалы және пайдасыз тамақ туралы түсінік беру, дастархан басында сақталатын рәсімдермен ырымдармен таныстыру;
оқушылардың сөздік қорларын дамыту;
оқушыларды дәстүрді сақтауға, тамақтану мәдениетін сақтауға тәрбиелеу.
Барысы:
Медбике: Адамның ең үлкен байлығы – денсаулық. Ал денсаулықты ағзаның күшін нығайтудың басты кепілі-дұрыс тамақтану. Адам ағзасы сыртқы ортаның кері әсеріне үнемі қарсы тұруға тырысады. Тамақтану- адам ағзасы үшін аса маңызды қажеттілік. Біздің денсаулығымыз көбінесе қалай тамақтануымызға байланысты. Дұрыс тамақтану-денсаулық негізі. Ой еңбегіне, іс-әрекетке де күніне көп күш-қуат жұмсалады. Ол қуатты, ағзаға қажетті қоректік заттарды біз ішер астан аламыз.
Тамақтану мәдениеті
  1. Дұрыс тамақтану үшін тамақтанудың гигиеналық ережелерін сақтау керек. Тамақ ішер алдында қолды жуу керек.
  2. Тамақты жие қабылдау, майлы, тәтті, тұзды тағамдарды пайдалану зиянды әдеттерге жатады. Тамақтың жақсы сіңуіне тағамның сыртқы түрі, иісі де әсер етеді.
3.Тамақ жеп отырғанда өзіңді жақсы ұста. Тамақ ішкен кезде сөйлеме, тамақты жақсылап шайнап асықпай, әдептілік сақтап іш.
Тамақтану ережесі
Денсаулығын жақсы болу үшін тамақтану ережесін сақтау керек. Тамақта әртүрлі тағам өнімдерін пайдаланған тиімді.
Тамақтану режімін сақта.
Тамақ ішер алдында қолыңды сабындап жу.
Тамақ әртүрлі жаңа өнімдер мен жеміс-жидектерден тұруы тиіс.
Қант пен тәтті тағамдарды аз пайдалан.
Ащы тағамдарды көп жеме.
Тамақты асықпай жақсылап шайнап жеу керек.
Тамақтанып отырған кезде қатты сөйлеме, қолыңды сермеп жаныңдағыларды алаңдатарлықтай әңгіме айтпа, теледидар қарап, газет оқыма.
Тамақ ішіп болған соң міндетті түрде рахмет айт.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив