«Суицидтік мінез-құлықтың өзіндік психологиялық ерекшеліктері» » Коммунальное государственное учреждение 'Средняя школа гимназия имени Кадыргали Косымулы Жалаири'
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Қ.Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72838) 2-01-16
Есепші бөлімі:
+7(72838) 2-01-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
ноябрь
2021

«Суицидтік мінез-құлықтың өзіндік психологиялық ерекшеліктері»

19 қараша күні мектеп-гимназияның педагог-психологы Белгібаева Ғайнигүл Нуғарбекқызы «Суицидтік мінез-құлықтың өзіндік психологиялық ерекшеліктері» тақырыбында дәріс оқып,Қазақстандағы балалар арасындағы суицид жағдайларына тоқталды. Балалар арасындағы өз-өзіне қол жұмсау оқиғалары неге белең алып кетті? Расымен де, балалар суициді  ешкімді бей-жай қалдырмайтын және қоғамда үлкен үрей тудыратын тақырып. Соңғы жылдары әлем бойынша суицидтің айтарлықтай жасарғанын статистика растады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, жер бетінде жыл сайын 55 миллион бала қорлық көреді екен. Оның 44 миллионына түрлі сипатта күш күрсетілсе, 18 миллионы сексуалдық зорлықтан зардап шегеді. Психологтар кішкентайынан жәбір көріп, психикалық зақым алған бала суицидке ұзақ уақыт дайындалатынын айтады. Бала кемсітушілікке, қорлау, зорлауға тап болуы мүмкін. Ол балалық шақта ескерілмей, жасөспірім шақта ашыла бастайды. Мұндай деректердің жиілеуі, біздің алдыңғы қатарда тұрғанымыз, елімізде экономикалық-әлеуметтік мәселелердің тіптен қордаланып, күрделенгенін көрсетеді. Өкінішке қарай, статистика өте қорқынышты болып тұр. Жыл басынан бері елімізде 5 және 17 жас аралығындағы 134-тен астам жас өскін өз-өзіне қол салып, өмірімен ерте қош айтысса, осы мектеп жасындағы 294 бала суицид жасауға талпынған. Осылайша, Қазақстан өз еркімен ажал құшатын балалардың саны бойынша 7-ші орынға тұрақтады. Бұл тізімнің алғашқы ондығына Ресей, Латвия, Бельгия, Финляндия, Молдова және Украина тұр. Әйтседе, бұл мәселені әлі де жан-жақты зерттеп, мемлекет тарапынан нақты шараларға көшкен жөн деген байлам жасауға болады. Себебі, балалар арасында суицидтің көбеюі - осындай жағдайға ұшыраған қандай да бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның қайғысы.
       «Ата-ана мен бала арақатынасы» тақырыбында ата-аналарға арналған кеңес беру жұмысын жүргізді.Ата-аналарға «Баланың мінез-құлқын басқаруға көмектесетін құпиялар» атты жаднама таратылды.


https://www.instagram.com/p/CWhz1Q7othh/?utm_=copy_link 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив