жедел анықтау тобы отырысының №3 хаттамасы » Коммунальное государственное учреждение 'Средняя школа гимназия имени Кадыргали Косымулы Жалаири'
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Қ.Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72838) 2-01-16
Есепші бөлімі:
+7(72838) 2-01-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
ноябрь
2021

жедел анықтау тобы отырысының №3 хаттамасы

Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта  мектеп – гимназиясында 

жедел анықтау тобы отырысының

№3 хаттамасы

19 қаңтар 2022 жыл


Қаралған мәселе:


1.Істелінген жұмыстар есебі.

2.Мектеп психологтарының ата-аналармен жұмыстары

3.Түрлі мәселелер

Қатысты: Жедел анықтау тобының мүшелері, мектеп-гимназия   әкімшілігі, мектеп медбикесі Ж.Құрманғалиева, мектеп педагог- психологтары  Ғ.Белгібаева, М.Майкенова 


Мектеп-гимназия   ТЖО Г.Құсманова ІІ тоқсанда істелген іс-шараларға тоқталды.Мектеп-гимназия бойынша олқылықтарды жою бойынша жұмыс жоспары жасалып,қосымша сабақтар ұйымдастырылды. Ата-аналарға мектеп  психологы   Ғ.Белгібаева «Суицидтік мінез-құлықтың өзіндік психологиялық ерекшеліктері»  ата-аналарға арналған лекция оқып,  ата-аналарға психологиялық  ақыл-кеңестер берді. Пән мұғалімдеріне балалар мен ата-аналардың өзара түсінісу дәрежесін көтеріп, балалардың көңіл-күйін әрдайым бақылап отыруды ұсынды. 1-4- сыныптардың жетекшілері «Өмір ғажап!»   суреттер байқауын өткізді.  Мектеп педагог- психологтары  Ғ.Белгібаева мен  М.Майкенова  5-7 сынып оқушыларымен қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға арналған тренинг  өткізді.

Мектеп  психологы   Ғ.Белгібаевакелеңсіз жағдайдың алдын алуға байланысты жұмыс жоспарына сай диагностикалық, коррекциялық, профилактикалық жұмыстар жоспарына сай іс-шаралар өтті. 5-сынып оқушыларымен «Кактус» проективті тесті алынды. Тест нәтижесі бойынша агресивті, суицидті мінез құлықты оқушылар анықталмады. Оқушылар мен ата-аналарға әлеуметтік желілер арқылы төмендегі тақырыпта «Жаман дағдыға берілмеу үшін не істеу керек?», «Мотивация таусылғанда жігерлендіру», «Миды қалай позитивті ойлатамыз?», «Эмоцияны басқаруда СТОП техникасы» кенестер берілді.

М.Майкенова: Суицид деген аты жаман дерттің алдын алу үшін әрбір ата-ана баласының өміріне қызу араласып, жұмысбастылықты алға тартпай, бала болашағын ойлау керек және балалардың бос уақытын дұрыс ұйымдастыруға көңіл бөлу керек - деген ойын айтты. Мектеп оқушылары арасында бұндай мазмұндағы трагедиялық  жағдайларды болдырмау және алдын алуға байланысты жұмыстар жүйесін жандандыру қажеттілігі туралы ұсыныс  жасады.


Ұсыныс:

1.Оқушылар  арасында трагедиялық  жағдайлардың  болдырмау және алдын алуға  әр ата-ана мұғалімдермен бірдей жауапты болсын.

2.Оқушылардың бос уақытының тиімді, пайдалу  ұйымдастыруға  ата- аналар   да, мектеп тарапынан да  аса назар аударылсын, бақылауға алынсын.

3.«Сенім  жәшігінің»   жұмысы  күнделікті  бақылауға алынсын.


Топ басшысы:                ТЖО  Г.Құсманова


Хатшы :                          М.Майкенова

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив