Жедел анықтау тобы отырысының №1хаттамасы » Коммунальное государственное учреждение 'Средняя школа гимназия имени Кадыргали Косымулы Жалаири'
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Қ.Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72838) 2-01-16
Есепші бөлімі:
+7(72838) 2-01-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
сентябрь
2021

Жедел анықтау тобы отырысының №1хаттамасы

Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта  мектеп – гимназиясында 

жедел анықтау тобы отырысының

№1хаттамасы


2021 жылғы 17 қыркүйек

Қаралған мәселе:

1.Суицидтің алдын алу мақсатында жүргізілетін  іс-шаралар жоспарын жасау және бекіту.

2.«Сенім жәшігінің» жұмысын қатаң бақылау (түскен хаттармен жұмыс). «Сенім телефондары» арқылы   балаларға консультациялық, құқықтық және психологилық кеңес беру жұмысын жандандыру


Қатысты: Жедел анықтау тобының мүшелері, мектеп-гимназия   әкімшілігі, мектеп медбикесі Ж.Құрманғалиева, мектеп педагог- психологтары  Ғ.Белгібаева, М.Майкенова әлеуметтік педагог Д.Жунисов  


Бірінші мәселе ТІЖО  Г.Құсманова сөз алды. Мектеп-гимназия бойынша 7 адамнан тұратын жедел анықтау тобы №110 бұйрық бойынша құрылды.  Суицидтің алдын алу мақсатында жүргізілетін  іс-шаралар жоспары жасалып,бекітілді. Осы бағыт бойынша оқушылардың қорғалмаған бөлігі болып саналатын топтар анықталды. Оқушыларының әлеуметтік жағдайын анықтау  үшін көптеген жұмыстар жүргізді. «Мектепке жол» акция аясында сынып жетекшілер барлық оқушылардың тұрмыс жағдайымен танысты. Барлық оқушылардың тұрмыстық жағдайы жайында акт жасалды. Көмек қажет ететін оқушылардың ата-аналарынан өтініштер алынды. Мектеп-гимназия бойынша оқушылардың әлеуметтік жағдайы туралы сандық мәлімет алынып,тізімі тіркелді.Осы тізім Балпық би ауылдық округі әкімімен келісіліп, мектеп-гимназия директорымен бекітілді. 

Екінші мәселе бойынша мектеп-гимназия  педагог- психологы  Ғ.Белгібаева сөз алып  балалар мен жасөспірімдердің  өлімі, оның ішінде өзіне – өзі қол жұмсау әрекеттерінің жиілеп отырғаны қоғамда   алаңдаушылық тудыруда,- деп бастады. Осы   проблеманың алдын алу   мақсатында  денсаулық сақтау, ішкі  істер, еңбек және халықты  әлеуметтік қорғау органдары, прокуратура, білім беру ұйымдары, ата- аналар   бірлесіп жұмыс  жүргізу  керектігін айтты. Аталған проблема неден белең  алатынын, оған жетелейтін факторларға  тоқталды. 2020 жылдың 1 қыркүйегі күні  №110 бұйрығымен  мектеп-гимназияда  осы мәселе бойынша «жедел анықтау» тобы құрылды. Сауалнама нәтижесі бойынша суицидтік мінез-құлықты балалар болған жоқ.  Ата-аналар арасында суицидтің алдын алу бойынша жиналыстар өтіп, отбасы тәрбиесіндегі жасөспірімдердің суицидтік мінез-құлқына себепші болуы мүмкін қателіктер,  депрессияның алдын алу ғаламтордағы балалар өмірі үшін қауіпті сайттар туралы айтылды, кеңестер берілді. Мектепте «Сенім жәшігі»  жұмыс істейді.  Апта сайын     «Сенім жәшігі»  тексеріліп тұрады. Оқушылар мен ата-аналарға  «Сенім телефондары» берілген және әлеуметтік желілер мен мектеп сайтында жарияланған.

Ұсыныс:

1.Оқушылар мен ата-аналарға көмек ұйымдастылсын.

2.Оқушылардың бос уақытының тиімді  ұйымдастырылсын және  бақылауға алынсын.

3.«Сенім  жәшігінің»   жұмысы  күнделікті  бақылауға алынсын.


Топ басшысы:                ТЖО  Г.Құсманова


Хатшы :                          М.Майкенова

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив