"Бала құқығы-адам құқығы" айлығы өтті. » Коммунальное государственное учреждение 'Средняя школа гимназия имени Кадыргали Косымулы Жалаири'
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Қ.Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72838) 2-01-16
Есепші бөлімі:
+7(72838) 2-01-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
ноябрь
2021

"Бала құқығы-адам құқығы" айлығы өтті.

Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы бойынша 20 қазан-20 қараша аралығындағы  «Бала құқығы-адам құқығы» республикалық айлығы аясында  өткізілген іс-шаралар  

«Бақытты ана– бақытты бала – бақытты отбасы -  бақытты ел» бағыты бойынша жалпымектептік ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыста ата-аналар арасында жалпықұқықтық білім беру мақсатында Қазақстан Республикасының Конституциясы, БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ ТУРАЛЫ КОНВЕНЦИЯ, Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы N 345 Заңы, Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV Кодексі туралы түсінік берілді. Отбасындағы қалыпты жағдайдың бала психологиясына әсері жайлы тренинг ұйымдастырылды.

https://www.instagram.com/p/CWKkOeoNUuA/?utm_=share_sheet


18 қараша күні 12-18 жас аралығындағы балаларға вакцинация жасау туралы ата-аналар жиналысы өтіп, коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында топтық иммунитет қалыптастыруда екпе алудың маңыздылығы жайлы ақпараттық-насихат жұмыстары жүргізілді.

http://zhalaiyri-balpyk.mektebi.kz/trbie-zhmysy/synyp-zhetekshlermen-zhmys/


«Тәуелсіз елдің ұрпағы» бағытында педагог-ұйымдастырушы 

А.Жасузакованың бастауымен «Тәуелсіздікке 30 жыл» сурет көрмесі безендірілді.

«Тәуелсіздік-елімнің ерлік жолы» атты аудандық «Нахичивань» әзірбайжан этно-мәдени бірлестігінің форумына 10 ә сынып оқушысы Шалканова Томирис қатысып, Қазақстан республикасының тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнап салған  «Әлеммен тілдесу», «Бабалар аңсаған тәуелсіздік» тақырыбындағы жұмыстарын көпшілік назарына ұсынып, мақтау қағазымен марапатталды. https://www.instagram.com/p/CWP9CSALK84/?utm_=share_sheet


 Осы форумда 10 ә сынып оқушысы Қалияс Нұрай «Қазақстан республикасының мемлекеттік рәміздерінің тарихы» тақырыбында дайындаған презентацияны таныстырып, мақтау қағазбен марапатталды.

https://www.instagram.com/p/CWSlpvXrCuS/?utm_=share_sheet


21 қазанда тарихы пәнінің мұғалімі М.Көбееваның ұйымдастыруымен «Бала құқығы-адам құқығы» тақырыбында пікірсайыс  өтті.

30 қазанда «Жас Ұлан» балалар ұйымының бастауымен «Ұлы дала мұрагерлері» атты тәрбиелік шара өткізліп, бейнероликтер дайындалды.

«Құқығым бар» бағытында 1-4-сынып оқушылары арасында «Оқушының құқықтары мен міндеттері», «Бала құқығы деген не?» тақырыптарында  сынып сағаттары өткізілді.

10 қараша күні АПБ инспекторы Д.Бекеновпен «Жасөспірімдердің заң алдындағы жауапкершілігі» атты  кездесу өткізіліп, оқушыларға құқықтық білім берілді.

https://www.instagram.com/p/CWFuP1YL9X0/?utm_=share_sheet


12 қараша күні 6-сынып оқушылары арасында «Жемқорлық-қоғам дерті» тақырыбында тәрбиелік шара өткізілді.

«Балалық шақты бірге қорғайық» бағытында оқушылар арасында «Бопсалау, әлімжеттік, зиянды әдеттер» туралы сауалнама жүргізілді. Сауалнама қорытындысы бойынша бопсалау мен күш көрсету деректері анықталған жоқ. 

«Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» бағытында 5-8-сынып оқушылары арасында «Зорлықсыз балалық шақ» атты сынып сағаттары өткізілді.5-сынып оқушылары арасында «Кибербуллингтен сақ болайық» тақырыбында сынып сағаты өтіп, суреттер көрмесі безендірілді.

https://www.instagram.com/p/CWLxIqss5Uj/?utm_=share_sheet


8 ә сынып оқушылары арасында «Кибербуллингтен сақ болайық» тақырыбында сынып сағаты өтіп,әлеуметтік желідегі ақпаратпен жұмыс жасау ережесі  түсіндірілді.

https://www.instagram.com/p/CWLx9x8sBg3/?utm_=share_sheet


8-сынып оқушылары арасында «Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы» тақырыбында сынып сағаттары өтті.

https://www.instagram.com/p/CWVuAWxs-iZ/?utm_=share_sheet

9-сынып оқушылары арасында «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында сынып сағаты өтіп, отбасындағы бала құқықтарының сақталуы туралы түсіндірілді.

https://www.instagram.com/p/CWLxYeWMoMZ/?utm_=share_sheet

30 қазанда Құқық кеңесінің кезекті   отырысы өтті.

«Түнгі қаладағы балалар» бағытында Түнгі уақытта профилактикалық рейдтер жүргізілді. Мектеп-гимназия оқушылары арасында кешкі уақытта қадағалаусыз жүрген оқушылар анықталған жоқ.

https://www.instagram.com/p/CWYfBL_skVm/?utm_=share_sheet


Ақпараттық сүйемелдеу бағытында бала құқықтарын қорғау, балалар мен ата-аналарға құқықтық білім беру бойынша жүргізілген жұмыс туралы анықтамалар мектеп сайтында, әлеуметтік желілерде таратылды. ТІЖО Г.Мейрбекованың «Балаларға құқықтық білім беру-маңызды міндет» атты мақаласы аудандық «Нұрлы Көксу газетінде жарияланды.

http://zhalaiyri-balpyk.mektebi.kz/trbie-zhmysy/655-oushylara-yty-trbie-beru-mayzdy-mndet.html

Мектеп-гимназия сайтында оқушылар мен ұстаздарға және ата-аналарға құқықтық сауаттылық беру мақсатында заң актілерінің сілтемелері беріліп, әлеуметтік желідегі парақшаларда «Балалардың қауіпсіздігін сақтау» тақырыбында бейнероликтер жарияланды.

https://www.instagram.com/p/CWFH1uoqEQE/?utm_=share_sheet



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив