12-18 жастағы балалар арасында вакцинация жасау бойынша ата-аналар жиналысы өтті. » Коммунальное государственное учреждение 'Средняя школа гимназия имени Кадыргали Косымулы Жалаири'
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Қ.Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72838) 2-01-16
Есепші бөлімі:
+7(72838) 2-01-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 12-18 жастағы балалар арасында вакцинация жасау бойынша ата-аналар жиналысы өтті.
18
ноябрь
2021

12-18 жастағы балалар арасында вакцинация жасау бойынша ата-аналар жиналысы өтті.

Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп – гимназиясы бойынша   ата-аналар жиналысының

 хаттамасы

18 қараша   2021 жыл                                     

Қатысқандар:


1. Көксу аудандық білім бөлімінің басшысы Қ.Ж.Күзбаев

2.Көксу аудандық емханасының меңгерушісі С.С.Абдрахманова

3. Көксу ауданының санитариялық эпидемиялогиялық бақылау басқармасының бас маманы Б.Ж.Ақылбекова 

4.Мектеп-гимназия директоры М.Тулекенов

5. 9-11-сынып оқушыларының ата-аналары 

6.Мектеп-гимназия әкімшілігі, медбикесі,сынып жетекшілер


Күн тәртібі:

1.Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермау мақсатында 12-18 жас аралығындағы оқушылар арасында вакцинациялау жүргізу туралы.


1.Тыңдалды:

 Көксу аудандық емханасының  меңгерушісі С.С.Абдрахманова  12-18 жас аралығындағы  оқушыларға вакцинациялау туралы мәлімет берді: Қазақстанда 12 жастан асқан жасөспірімдерді вакцинациялау үшін комирнати (PFISER-BIONTECH) вакцинасы қолжетімді. Жасөспірімдерді Covid 19 ға қарсы вакцинациялау ерікті және тек ата-аналардың келісімімен ғана жүргізіледі. Комирнати-МРНҚ-ға негізделген вакцина. Оның құрамында тірі вирус жоқ. 21-28 күн аралықпен 2 дозадан тұрады. Covid 19 бен ауырып жазылған адамдарды вакцинациялауға сауыққаннан кейін 3 айдан соң жол беріледі. Жасөспірімдердің ата-аналары қалауы бойынша вакцинация жүргізу кезінде қатыса алады.

Ата-аналар не білу керек?

Вакцинациялау алдында препаратқа арналған нұсқаулықпен танысыңыз. Балаңызда қарыс көрсетілімдердің жоқ екендігіне көз жеткізіңіз. Ақпараттандырылған келісімге қол қойыңыз.

Қарсы көрсетілімдер: 12 жасқа дейін; вакцина компоненттеріне жоғарысезміталдық ( оның ішінде сырқатнамада полиэтиленгликольге ауыр аллергияның болуы;) инфекциялық аурудың болуы; созылмалы аурулардың асқынуы; иммунитетті басатын препаратты қабылдау. Вакцинациялау алдында коронавирусқа антиденелердің болуын тексеру қажет емес.

Келесі кезекте Көксу аудандық білім бөлімінің басшысы Қ.Ж.Күзбаев сөз алып, оқушыларды вакцинациялаудың маңызына тоқталды.

Келесі кезекте Көксу ауданының санитариялық эпидемиялогиялық бақылау басқармасының бас маманы Б.Ж.Ақылбекова сөз алып, вакцинация жасаудың маңыздылығына тоқталып, қалыпты өмірге оралудың жолы- топтық иммунитет қалыптастыру екендігін айтып, ата-аналарды осы науқанды ұйымдастыруға қолдау көрсетуге шақырды.



2. Сөйледі:


Мектеп-гимназия директоры М.Тулекенов бүгінгі күнге 5 оқушының ата-анасынан вакцинация жасауға келісім берілгенін айтып өтті.


3.Қаулы етті:


 1.Мектеп-гимназия ата-аналарыарасында  балаларға вакцинация жасау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, екпе алу мүмкіндігі қарастырылсын.





 Жиналыс төрағасы                                 М. Тулекенов


Хатшы                                                         Г.Ибраимова



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив