31 мамыр-саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні.
Мектеп-гимназия бойынша 31 мамыр –саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнін атап өту мақсатында іс-шаралар жоспары жасалып, жоспарға сай жұмыс жүргізілді: 9-сынып оқушылары арасында «Алаштың Ақмешіті» көрмелер мен естелік экспозициялары. Тарихи мұражайларға онлайн саяхат-сабақтар ұйымдастырылды.
1-4-сынып оқушылары арасында «Зұлмат жылдар қасіреті» тақырыбында сынып сағаттар өтіп, оқушыларға 31 мамыр-ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні туралы мәлімет берілді.
7-сынып оқушылары арасында «Ұрпақ жадында жаңғырар есім». «Алаш қайраткері» атты тақырыптық бейнероликтер дайындалып,әлеуметтік желілерде жарияланды. 8-сынып оқушылары арасында «Тарих пен тағдыр»тақырыбында суреттер көрмесі безендірілді.
6-сынып оқушылары арасында «Қайғылы жолдың тарихы» тақырыбында сынып сағаттар өтті.
5-сынып оқушылары арасында «ХХ ғасырдың 30-жылдары Қазақстандағы ашаршылық және саяси репрессиялар» атты танымдық сабақтар ұйымдастырылды.
«Жас Ұлан» балалар ұйымының мүшелері «Саяси зұлмат кезеңі» тақырыбы аясында бейнероликтер дайындап, әлеуметтік желілерде жариялады.
31 мамыр –саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған іс-шаралар қашықтықтан ұйымдастырылды.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=967978730607025&id=100021847221311&sfnsn=mo
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=967951217276443&id=100021847221311&sfnsn=mo
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=967381170666781&id=100021847221311&sfnsn=mo
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=967380887333476&id=100021847221311&sfnsn=mo
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=967380810666817&id=100021847221311&sfnsn=mo