24
ноябрь
2025
Сапарғали Ысқақұлы Бегалиннің туғанына 130 жыл
Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназияда қазақ балалар әдебиетінің негізін салушы, жазушы Сапарғали Ысқақұлы Бегалиннің туғанына 130 жыл толуына орай әдеби-танымдық көрме және тәрбиелік шара ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер беріліп, кітап көрмесі таныстырылды. Оқушылар Бегалиннің балаларға арналған шығармаларынан үзінділер оқып, өз ой-пікірлерімен бөлісті. Сонымен қатар, жазушы еңбектерінің тәрбиелік мәні мен жас ұрпаққа қалдырған әдеби мұрасы туралы пікірталас жүргізілді.
Бұл шара оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыруға, ұлттық құндылықтарды қастерлеуге және қазақ балалар әдебиетінің дамуындағы Сапарғали Бегалиннің орны мен еңбегін танып-білуге ықпал етті.
