«Жұмысшы мамандықтар – еліміздің тірегі» » Коммунальное государственное учреждение 'Средняя школа гимназия имени Кадыргали Косымулы Жалаири'
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Қ.Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72838) 2-01-16
Есепші бөлімі:
+7(72838) 2-01-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
сентябрь
2025

«Жұмысшы мамандықтар – еліміздің тірегі»

22 қыркүйек  күні «Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта  мектеп – гимназия» КММ  2,4,6-11-сыныптары арасында  «Еңбектің қадірін біл!», «Жұмысшы мамандықтар – еліміздің тірегі»    тақырыбында сынып сағаттар өтті.

 Іс-шараның мақсаты — оқушыларға еңбекке деген құрмет пен жұмысшы мамандықтарының қоғамдағы маңыздылығын түсіндіру, сондай-ақ әр мамандықтың еліміздің экономикалық және әлеуметтік дамуына қосар үлесін насихаттау болды.

Сынып сағаттары барысында оқушыларға еңбек жолының қадірі мен оның қоғамдағы алатын орны туралы мағлұматтар берілді. Әсіресе, жұмысшы мамандықтарының қажеттілігі мен олардың еліміздің тұрақты дамуына ықпалы кеңінен талқыланды. Оқушылар арасында бұл тақырыпқа қатысты пікірталастар ұйымдастырылып, әр мамандықтың жауапкершілігі мен ауыртпалығы туралы ойлар ортаға салынды.

Шара барысында оқушылар еңбекқорлық, адалдық және кәсібилік туралы түсініктерін тереңдетіп, жұмысшы мамандықтарының еліміз үшін қаншалықты маңызды екендігін ұғынды. Бұл сынып сағаттары балаларды еңбекке баулып, өз болашақтарын құрметпен қарауға, әр мамандықтың қадірін түсінуге тәрбиелейді.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив