«Құқықтық тәртіп және әлеуметтік жауапкершілік» тақырыбында сынып сағаттары өтті
17 ақпан күні Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп – гимназиясының 1-11-сыныптары арасында «Құқықтық тәртіп және әлеуметтік жауапкершілік» тақырыбында сынып сағаттар өтті.
Бұл шара оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын сақтау маңыздылығын түсіндіру және әлеуметтік жауапкершілікті дамыту мақсатында ұйымдастырылды.
Сынып сағаттары барысында оқушылар құқық, міндет, жауапкершілік ұғымдарымен танысып, Қазақстан Республикасының заңдары мен ережелері жайлы мәліметтер алды. Әр жас ерекшелігіне сәйкес түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, бейнероликтер көрсетілді, құқық бұзушылықтың алдын алу және өз құқығын қорғау жолдары талқыланды.
Жоғары сынып оқушылары (9-11 сынып) құқықтық мәдениетті қалыптастыру, киберқауіпсіздік, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу тақырыптарында пікірталастарға қатысты. Ал, бастауыш сынып оқушылары (1-4 сынып) ойын түріндегі жаттығулар мен бейнероликтер арқылы өз құқықтары мен міндеттері туралы ақпарат алды.
Іс-шара соңында оқушылар алған білімдерін бекіту мақсатында викториналарға қатысып, сұрақ-жауап арқылы құқықтық сауаттылықтарын тексерді. Бұл сынып сағаттары оқушылардың заңға деген құрметін арттырып, олардың саналы азамат болып қалыптасуына ықпал етті.
📌 Құқықтық тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілі!
Сынып сағаттары туралы анықтама әлеуметтік желілерде жарияланды