Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында онкүндік өтті. » Коммунальное государственное учреждение 'Средняя школа гимназия имени Кадыргали Косымулы Жалаири'
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Қ.Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72838) 2-01-16
Есепші бөлімі:
+7(72838) 2-01-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында онкүндік өтті.
24
январь
2024

Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында онкүндік өтті.

Көксу ауданы бойынша білім бөлімінің 2024 жылғы 4 қаңтардағы №3-н бұйрығына сәйкес онкүндіктің іс-шаралар жоспары жасалып, бекітілді. Жоспарға сай жұмыс жүргізілуде. 

Мектеп-гимназия оқушыларының  ата-аналары арасында лаңкестік  қаупі  туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 5-11-сынып оқушылары арасында апталық жиын өткізіліп, «Экстремистік іс-әрекетке барғаны үшін құқықтық жауапкершілікке тарту» туралы Көксу АПБ ЖПҚБ ЮПТ УПИ полиция капитаны А.Тасболатқызымен кездесу өтті. 

https://www.instagram.com/p/C1_tz7EiJrx/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA

2024 жылдың 11 қаңтар күні мектеп-гимназия мәжіліс залында «Діни экстремизм мен терроризм» тақырыбында   кездесу   өтті.

Шараға Жетісу облысының дін саласындағы мәселелерді зерттеу және оңалту орталығының дінтанушысы Бердібек Нұқтарұлы, мектеп-гимназия мұғалімдері және 8-11-сынып оқушылары қатысты. Іс-шараға барлығы 15 мұғалім және 8-11-сынып оқушыларының 155 оқушысы қатысты.

Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназияның ТІЖО Г.Мейрбекова  кіріспе сөз сөйлеп, қазіргі қоғамдағы экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселесінің өзектілігіне тоқталды. Өткізіліп отырған кездесудің мақсаты мен міндеттерін түсіндірді.

Жетісу облысының дін саласындағы мәселелерді зерттеу және оңалту орталығының дінтанушысы  Бердібек Нұқтарұлы «Діни экстремизм мен терроризм» тақырыбында толық мәлімет берді. 

Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназияның құқықтану пәнінің мұғалімі Б.Төлеубай «Діни экстремизм-әлемге төнген қауіп» тақырыбында баяндама оқып, қосымша мәлімет берді және  оқушыларға экстремизм мен терроризм әрекеттеріне барғаны үшін құқықтық жауапкершілік жайлы заңнамаларды түсіндірді.

Шара барысында «Діни экстремизм мен терроризм» тақырыбында презентация және бейнефильмдер көрсетілімі ұйымдастырылды.

Кездесу соңында оқушылар дінтанушы Бердібек Нұқтарұлына өздерінің сұрақтарын қойып, тақырып аясында өз ойларын ортаға салды.

http://zhalaiyri-balpyk.koksu.edu.kz/main/1741-dni-jekstremizm-men-terrorizm.html

https://www.instagram.com/p/C19GfJoC717/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

https://www.instagram.com/reel/C19GKAPCCs4/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

18 қаңтар күні оқушылар арасында  «Діни экстремизм мен терроризм деген не?» бейнефильмдер көрсетілімі ұйымдастырылып, түсіндіру жұмысы жүргізілді.

https://www.instagram.com/p/C2Orwt-i7aO/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

https://www.instagram.com/p/C2Oq6Pyi9ZU/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Әр аптаның жұма күндері ауылдық мешіттке кезекшілік ұйымдастырылып, оқушылардың сабақта болуы қадағаланды.

Кесте бойынша кезекшілік жүргізілді. Мектеп-гимназия оқушылары сабақ уақытында мешітке бармайды. 

22 қаңтар күні діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша онкүндігі аясында оқушылар арасында лаңкестік қаупі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Тақырыпқа сай бейнефильм көрсетілді.

https://www.instagram.com/p/C2ZC8siiqRO/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA

24 қаңтар күні «Дін туралы көзқарасым» тақырыбында сауалнама алынды. Сауалнамаға 7-11-сыныптардың  212  оқушысы қатысты.

Сауалнамаға қатысқан оқушылардың   75 % оқушылар дін туралы түсінікті ата-аналарынан алатынын атап өткен. Сабақ уақытында мешітке бармайды. Кері ықпалды сайттар мен теріс ағымдағы діни ағымдағы әдебиеттерге қызығушылығы жоқ.

Мектеп-гимназия ғимаратына бөгде адамдар мен автокөліктердің кіру тәртібін бақылау қадағалауға алынған, бөгде адамдардың оқу ғимаратында бақылаусыз қалуына жол берілмейді.

«Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша онкүндік аясындағы іс-шаралар жоспарға сай жалғасатын болады.




Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив