«Діни экстремизм мен терроризм» » Коммунальное государственное учреждение 'Средняя школа гимназия имени Кадыргали Косымулы Жалаири'
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Қ.Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72838) 2-01-16
Есепші бөлімі:
+7(72838) 2-01-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
январь
2024

«Діни экстремизм мен терроризм»

2024 жылдың 11 қаңтар күні мектеп-гимназия мәжіліс залында «Діни экстремизм мен терроризм» тақырыбында    кездесу   өтті.

Шараға Жетісу облысының дін саласындағы мәселелерді зерттеу және оңалту орталығының дінтанушысы Бердібек Нұқтарұлы, мектеп-гимназия мұғалімдері және 8-11-сынып оқушылары қатысты. Іс-шараға барлығы 15 мұғалім және 8-11-сынып оқушыларының 155 оқушысы қатысты.

Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназияның ТІЖО Г.Мейрбекова  кіріспе сөз сөйлеп, қазіргі қоғамдағы экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселесінің өзектілігіне тоқталды. Өткізіліп отырған кездесудің мақсаты мен міндеттерін түсіндірді.

Жетісу облысының дін саласындағы мәселелерді зерттеу және оңалту орталығының дінтанушысы  Бердібек Нұқтарұлы «Діни экстремизм мен терроризм» тақырыбында толық мәлімет берді. 

Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназияның құқықтану пәнінің мұғалімі Б.Төлеубай «Діни экстремизм-әлемге төнген қауіп» тақырыбында баяндама оқып, қосымша мәлімет берді және  оқушыларға экстремизм мен терроризм әрекеттеріне барғаны үшін құқықтық жауапкершілік жайлы заңнамаларды түсіндірді.

Шара барысында «Діни экстремизм мен терроризм» тақырыбында презентация және бейнефильмдер көрсетілімі ұйымдастырылды.

Кездесу соңында оқушылар дінтанушы Бердібек Нұқтарұлына өздерінің сұрақтарын қойып, тақырып аясында өз ойларын ортаға салды.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив