"Қауіпсіз терезе" акциясы өтті. » Коммунальное государственное учреждение 'Средняя школа гимназия имени Кадыргали Косымулы Жалаири'
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Қ.Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72838) 2-01-16
Есепші бөлімі:
+7(72838) 2-01-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
апрель
2023

"Қауіпсіз терезе" акциясы өтті.

.

2023 жылдың 3-14 сәуір аралығындағы «Қауіпсіз терезелер» республикалық ақпараттық науқанын өткізу мақсатында іс-шаралар жоспары жасалып,бекітілді. Жоспарға сай жұмыс жүргізілді.

1-11-сынып оқушылары арасында тақырыптық семинарлар, сынып сағаттары, флеш-мобтар өткізілді.

https://www.instagram.com/p/Cq91vqsNhVz/?utm_source=ig_web_copy_link


https://www.instagram.com/p/Cq91qwWNkXa/?utm_source=ig_web_copy_link


Жоспарға сай балалар өмірінің қауіпсіздігіне байланысты ата – аналар арасында семинарлар, құқықтық  жалпыға бірдей оқыту ұйымдастырылды.

Оқушылар арасында қауіпсіздік ережесін сақтау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

«Бала өмірінің қауіпсіздігіндегі ата-ана ролі» тақырыбында семинар өткізілді.

Пеадгог-психолог Ғ.Белгібаева ата-аналар арасында «Балалар қауіпсіздігі ата-аналар жауапкершілігінде» атты психологиялық тренингтер өткізді.

https://www.instagram.com/p/Cq91bJut2jO/?utm_source=ig_web_copy_link


Балалар ұйымының мүшелері «Өз балаңыздың өмірін сақтаңыз»  жоғары қабатта орналасқан сынып бөлмелерінің және көпқабатты тұрғын үйлердегі терезелерге қауіпсіздік торы мен терезе құлпыларын қою туралы жадынама таратып, «Балаларды аялап, қорғаңдар» атты челендж ұйымдастырды.

Мектеп-гимназиядағы  бейнебақылау камераларының тиімді жұмыс істеуі үнемі  қадағалауға алынған: «Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарын бейнебақылау жүйелерімен жарақтандыруға қойылатын стандарттар мен талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 23 қаңтардағы № 49 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 23 қаңтардағы № 32 бірлескен бұйрығына сай    мектеп-гимназиясында 2018 жылдан бері 39 бейнебақылау камералар орналастырылған. Бейнебақылау камераларының рұқсат ету қабілеті 720-1200 пиксель аралығында.Оның 17 ішкі, маркасы Hikvision DS-2CD1121-I6, 22 сыртқы маркасы Hikvision DS-2CD2043GO-I  камералар. 2022 жылдың 29 желтоқсанында IPC модельді сауда маркасы «UNV» 12 бейнебақылау камерасы орнатылды. Орнатылған 12 камера да ішкі бақылауға арналған, мектеп холына орналастырылды. Видеорегистратор моделі –Milesight NVR MS-N7032-UPH. Бейнебақылау жүйесі мектеп-гимназияның кіреберісінде күзет бөлмесінде жинақталған.Бейнебақылау жүйесі жұмысты автоматтандырылған режимде қамтамасыз етеді және жедел басқару орталықтарының ақпараттық жүйелеріне қосылған және аудандық полиция органдарының кезекші бөлімдеріне беру мүмкінді бар. Бейнебақылау жүйесі мектеп-гимназияның ішкі дәліздері мен сыртқы есіктерді және оған іргелес аумақтардағы ахуалға бақылау жүргізуге,жағдайды бағалауға,сондай-ақ мектеп-гимназияға рұқсатсыз ену фактісін көзбен шолып растауға мүмкіндік береді. Ақпаратты сақтау мерзімі 30 тәулік. Құрылғы параметрлеріне қорғалған қол жеткізу және мұрағатты жоюдан және редакциялаудан қорғауды қамтамасыз ету және нейрондық желілер негізінде құрылған тұлғаларды тану жүйелерімен, көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерімен және басқа да талдамалық функциялармен интеграциялау мүмкіндік  функциясы жоқ. Пайдаланушылардың жүйе ресурстарына, жедел және мұрағаттық бейнеақпарат, камераларды басқару қол жеткізу құқығы мектеп-гимназия директоры М.Тулекенов арқылы  жүзеге асады.Сыртқы негізгі есік,қосалқы есіктердің бәрінде бейнекамера бар. Адамдар көп жиналатын жерлерде-3(гардероб-1,спорт зал-1,акт залы-1), мектептің сыртқы аумаған көрсететін-14, холл мен дәліздерде-13,негізгі және қосалқы есіктерде-21 камера жұмыс жасайды.

Әлеуметтік желілерде  «Ашық терезе балаға қауіпті» атты  бейнероликтер орналастырылып, «Абайлаңыз, ашық терезе»тақырыбында  ата –аналармен профилактикалық  іс-шаралар   өткізілді.

https://www.instagram.com/reel/CqwidrFuVeJ/?utm_source=ig_web_copy_link


https://www.instagram.com/reel/CqsZL8yAOpP/?utm_source=ig_web_copy_link


https://www.instagram.com/reel/CqsZGVks63X/?utm_source=ig_web_copy_link


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив