Рухани-адамгершілік тәрбие іс-шаралары » Страница 12 » Коммунальное государственное учреждение 'Средняя школа гимназия имени Кадыргали Косымулы Жалаири'
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Қ.Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72838) 2-01-16
Есепші бөлімі:
+7(72838) 2-01-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
20 қараша-Дүниежүзілік балалар күні
14
ноябрь
2024
20 қараша-Дүниежүзілік балалар күні
Қазақстан Республикасының БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы Конвенциясын қабылдағанына 35 жыл, ратификацияланғанына 30 жыл  және Дүниежүзілік балалар күні жарияланғанына 70 жыл (20 қараша) толуын мерекелеуге арналған іс-шаралар   жоспары жасалып, бекітілді. Жоспарға сай жұмыс жүргізілді. 5-сынып оқушылары 20 қараша -Дүниежүзілік балалар күнімен құттықтап, бейнеролик дайындады.  Сынып жетекшісі А.Иманбаева
Бейімбет Майлиннің 130 жылдығы
14
ноябрь
2024
Бейімбет Майлиннің 130 жылдығы
Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп -гимназиясының кітапханасында 8 “А” сынып оқушыларымен бірлесе отырып қазақ классигі, драматург Бейімбет Майлиннің 130 жылдығына орай кітапхана қызметкерлері Ж.Самажанова мен Э.Калибаева кітап көрмесін ұйымдастырса , ал сынып жетекшісі Н.Мәжен тәрбиелік шара өткізді.  
"Зорлық-зомбылыққа жол жоқ"
11
ноябрь
2024
"Зорлық-зомбылыққа жол жоқ"
5 -7-сынып оқушылары арасында "Зорлық-зомбылыққа жол жоқ" тақырыбында сынып сағаты өтті. Сынып сағатына педагог-психолог Ғ.Белгібаева қатысты. ​https://www.instagram.com/reel/DCOXemlC1eR/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​ 
"Оқуға құштар мектеп"
06
ноябрь
2024
"Оқуға құштар мектеп"
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында 1 Ә сынып оқушылары кітап оқып, сөздік диктанттар жазуда. Белсенді оқушыларға сыйлықтар тапсыру жолға қойылған. Сынып жетекшісі Б.Қапанова
"Құрмет пен сенім: оқушы мен мұғалімнің арасындағы алтын көпірі!" тақырыбында кейс- стади
30
октябрь
2024
"Құрмет пен сенім: оқушы мен мұғалімнің арасындағы алтын көпірі!"
Сынып жетекшілер мен оқушылардың арасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында педагог-психологтар ДТІЖО,әлеуметтік педагог,сынып жетекшілері арасында "Құрмет пен сенім: оқушы мен мұғалімнің арасындағы алтын көпірі!" тақырыбында кейс- стади жүргізді. ​https://www.instagram.com/reel/DBvSJGGChU5/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​ 
"Нашақорлық-қоғам дерті" тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті
21
октябрь
2024
"Нашақорлық-қоғам дерті" тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті
21 қазан күні «Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын» іске асыру мақсатында  ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа мектеп-гимназия әкімшілігі,ментор С.А.Нүсіпжанов,педагог-психолог Ғ.Белгібаева,медбике З.Жакешова, 1-11-сыныптардың  ата-аналар кеңесінің төрағалары қатысты. Күн тәртібінде  Балалар мен жасөспірімдер арасында нашақорлықтың алдын алу  шараларын  өзектендіру мәселесі қаралды.