Оқу-тәрбиелік жұмыс » Страница 52 » Коммунальное государственное учреждение 'Средняя школа гимназия имени Кадыргали Косымулы Жалаири'
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Қ.Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72838) 2-01-16
Есепші бөлімі:
+7(72838) 2-01-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
Жолда жүру ережелері туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
17
январь
2023
Жолда жүру ережелері туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп -гимназиясы бойынша 2Б -сынып оқушыларын Көксу АПБ ЖПҚБ ЮПТ полиция капитаны Тасболатова Айдана Тасболатқызы, Асильбекова Асем Қадыргалиевна, полиция қатарындағы Мұнатбек Қалия жолда жүру ережесімен таныстырып, жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің белгілерімен жүре білуге үйретті.Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға шақырды. ​https://www.instagram.com/p/CngPQ0Jq3GM/?utm_source=ig_web_copy_link​​​ 
«Құрал мен құндылық»
17
январь
2023
«Құрал мен құндылық»
Ата-аналар арасында педагог-психологтар «Құрал мен құндылық» тақырыбында кеңес беру жұмысын жүргізді. Негізгі мақсаты: білім мен тәрбие оған кімдер жауапты екендігін түсіндіру.Бала бойындағы құндылықтарды қалыптастыру ата-ананың басты міндеті екендігі,мектеп адамның интелектісін дамытатындығы туралы айтты.Осы мәселеге байланысты ата –аналармен пікірлесті,ойын-жаттығулар жүргізді. ​https://www.instagram.com/p/Cng6_tnLnkn/?utm_source=ig_web_copy_link​​​
"Оқуға құштар мектеп"
16
январь
2023
"Оқуға құштар мектеп"
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп -гимназиясының 2012-2022 жылғы түлектері мектеп-гимназия кітапханасының сұранысына сәйкес көптеген кітаптарды сыйға тартты. https://www.instagram.com/p/CneQqt_siL0/?utm_source=ig_web_copy_link
Кәсіби бағдар берілді.
16
январь
2023
Кәсіби бағдар берілді.
Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп -гимназиясында оқушыларды мамандығын таңдауда жүйелі көзқарас қалыптастыруға, кәсіби мамандыққа деген қызығушылығын арттыруға, сол жолда тиянақты да, саналы білім алуға деген ұмтылысты оятуға бағыт беру мақсатында жоғары оқу орындарында белгілі бір мамандықта білім алып жатқан студент жастармен кездесу өтті. Кездесу барысында мектебімізден түлеп ұшқан түлектер қазіргі таңдағы оқу орнының ерекшеліктерімен таныстырып өтті.
"Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі" тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
13
январь
2023
"Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі" тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Қыздар кеңесінің жетекшісі Г.Шайзаның ұйымдастыруымен 8-11-сынып қыздары арасында "Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шараға Көксу ауданының сот төрағасы Тынысбекова Гаухар Кәрімқызы, соттың бас маманы Құттыбекова Айнагүл Қанатбекқызы, Қамқоршылық кеңестің төрағасы Үскенова Салтанат Әзімжанқызы, Әжелер алқасының мүшесі Балабекова Аңсабала Асылбекқызы, мектеп медбикесі А.Сатай, ТІЖО Г.Мейрбекова Г.Құсманова, педагог-ұйымдастырушы А.Жұмабек қатысты.
"Ауылым-алтын бесігім"
13
январь
2023
"Ауылым-алтын бесігім"
"Нұрлы Көксу" газетінде 10 Ә сынып оқушысы Қуатқызы Зеренің "Ауылым-алтын бесігім" атты мақаласы жарияланды. ​https://www.instagram.com/p/CnW4J-TrAVc/?utm_source=ig_web_copy_link​​​ 
"Денсаулық-зор байлық"
12
январь
2023
"Денсаулық-зор байлық"
"Денсаулық-зор байлық" тақырыбында медицина қызметкерлерімен кездесу өтті. ​https://www.instagram.com/p/CnThR78InLQ/?utm_source=ig_web_copy_link​​​ 
Өрт қауіпсіздігі жөнінде кездесу өтті.
11
январь
2023
Өрт қауіпсіздігі жөнінде кездесу өтті.
Төтенше жағдайлар бөлімі азаматтық қорғау капитаны Е.Қуанышұлы мен Д.Айдарұлы мектеп оқушыларымен өрт қауіпсіздігі жөнінде кездесу өткізді. Мектеп оқушыларына сала мамандары үйдегі электр құралдарының, пештердің, газдың қауіпсіздігі, сіріңкені қолданудың қауіптілігі, зардаптары туралы түсіндіріп, арнайы парақша таратты. https://www.instagram.com/p/CnSC8XHsJ24/?utm_source=ig_web_copy_link