22
январь
2025
Мектеп-гимназияда ата-аналарға арналған «Жол-көлік оқиғалар кезіндегі алғашқы көмек көрсету» тақырыбында дәріс ұйымдастырылып, өткізілді. Іс-шараны мектеп-гимназияның медбикесі З. Жакешова жүргізді. Дәрістің мақсаты – ата-аналарға жол-көлік оқиғалары
Мектеп-гимназияда ата-аналарға арналған «Жол-көлік оқиғалар кезіндегі алғашқы көмек көрсету» тақырыбында дәріс ұйымдастырылып, өткізілді. Іс-шараны мектеп-гимназияның медбикесі З. Жакешова жүргізді. Дәрістің мақсаты – ата-аналарға жол-көлік оқиғалары кезінде зардап шеккен адамдарға алғашқы медициналық көмек көрсетудің негізгі тәсілдерін үйрету, төтенше жағдайда дұрыс әрі шұғыл әрекет ету дағдыларын қалыптастыру.
Дәріс барысында келесі мәселелер қамтылды:
– жол-көлік оқиғасы кезіндегі алғашқы әрекеттер алгоритмі;
– жарақат алған адамға алғашқы көмек көрсету тәртібі;
– қан кету, есінен тану, сыну жағдайларында көрсетілетін жедел көмек;
– жедел жәрдем қызметін шақыру ережелері;
– қауіпсіздік шараларын сақтау жолдары.
Медбике З. Жакешова теориялық мәліметтермен қатар практикалық кеңестер беріп, нақты жағдайлар бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Ата-аналар тарапынан сұрақтар қойылып, ашық пікір алмасу өтті. Іс-шара ата-аналардың қауіпсіздік мәдениетін арттыруға, балалардың өмірі мен денсаулығын қорғаудағы жауапкершілікті күшейтуге бағытталды және өз мақсатына толықтай жетті.