«Жасампаздық туа біте ме, әлде қалыптаса ма?» тақырыбында ұйымдастырылған дебат » Коммунальное государственное учреждение 'Средняя школа гимназия имени Кадыргали Косымулы Жалаири'
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Қ.Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72838) 2-01-16
Есепші бөлімі:
+7(72838) 2-01-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жасампаздық туа біте ме, әлде қалыптаса ма?» тақырыбында ұйымдастырылған дебат
24
февраль
2026

«Жасампаздық туа біте ме, әлде қалыптаса ма?» тақырыбында ұйымдастырылған дебат

Мектеп-гимназияда оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастыру және өз пікірін еркін, дәлелді түрде жеткізе білу дағдыларын арттыру мақсатында «Жасампаздық туа біте ме, әлде қалыптаса ма?» тақырыбында дебат ойыны өткізілді.

Дебат ойыны барысында оқушылар екі топқа бөлініп, берілген тақырып аясында өз көзқарастарын білдіріп, дәлелдер келтіріп, пікір алмасты. Бір топ жасампаздық адамның бойына туа біте берілетін қасиет екенін дәлелдеуге тырысса, екінші топ жасампаздық адамның білім алуы, еңбекқорлығы мен тәжірибесі арқылы қалыптасатынын айтып, өз ұстанымдарын қорғады.

Оқушылар дебат ережесін сақтай отырып, бір-бірінің пікіріне құрметпен қарап, мәдениетті түрде талқылау жүргізді. Қатысушылар өз ойларын нақты мысалдармен дәлелдеп, қарсы тараптың сұрақтарына жауап беріп, логикалық тұрғыда ой қорыта білді.

Іс-шара барысында оқушылардың шешендік қабілеті, талдау және салыстыру дағдылары, топпен жұмыс жасау қабілеттері дамыды. Сонымен қатар, олардың қоғамдық мәселелерге бейжай қарамай, өз көзқарасын ашық айтуына мүмкіндік берілді.

Дебат ойыны өте тартымды әрі мазмұнды өтіп, оқушылардың белсенді қатысуымен өз мақсатына жетті. 

https://www.instagram.com/p/DVs4rmVDMAT/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив