«Мен және менің ережелерім» тақырыбында викториналық ойын өтті
2026 жылы 13 қаңтарда 1–4- сынып оқушыларының қатысуымен «Мен және менің ережелерім» тақырыбында викториналық ойын ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға жеке қауіпсіздік ережелерін түсіндіру, жол қозғалысы ережелері, мектептегі тәртіп, төтенше жағдайларда дұрыс әрекет жасау туралы білімдерін арттыру және қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.
Шара барысында оқушылар «Дұрыс немесе бұрыс?», «Суреттен тап», «Менің ережем» және «Жылдам жауап» сияқты ойындарға қатысты. Ойындар арқылы балалар қауіпсіздік ережелерін танып, дұрыс шешім қабылдауды, өзара сыйластықты, тәртіп пен жауапкершілікті дамытуға үйренді.
Іс-шара соңында сынып жетекшілері балаларға қауіпсіздік – әрқайсымыздың борышымыз екенін еске салып, ережелерді сақтау арқылы өзімізді және достарымызды қорғаудың маңыздылығын түсіндірді. https://www.instagram.com/reel/DTcwdwEjP3L/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==