Суицидтік әрекеттердің алдын алу жөніндегі 2020 – 2023 жылдарға арналған кешенді іс-шаралар жоспар аясында 2021-2022 оқу жылында жүргізілген жұмыс тар » Коммунальное государственное учреждение 'Средняя школа гимназия имени Кадыргали Косымулы Жалаири'
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Қ.Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72838) 2-01-16
Есепші бөлімі:
+7(72838) 2-01-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Суицидтік әрекеттердің алдын алу жөніндегі 2020 – 2023 жылдарға арналған кешенді іс-шаралар жоспар аясында 2021-2022 оқу жылында жүргізілген жұмыс тар
24
декабрь
2021

Суицидтік әрекеттердің алдын алу жөніндегі 2020 – 2023 жылдарға арналған кешенді іс-шаралар жоспар аясында 2021-2022 оқу жылында жүргізілген жұмыс тар

Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы бойынша  балалардың құқықтарын қорғау, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл 

және жасөспірімдер арасындағы суицидтік әрекеттердің алдын алу жөніндегі 

2020 – 2023 жылдарға арналған кешенді іс-шаралар жоспар аясында

2021-2022 оқу жылында жүргізілген жұмыс туралы анықтама


Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназия  ғимараттары мен аумағында өткізу режимін, бөгде адамдардың болу тәртібін қамтитын білім алушылардың қауіпсіздігі шараларын күшейту,білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидаларына және жарғыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жұмысы бойынша 2020 жылғы 1 қыркүйекте № 70  бұйрықпен мектеп-гимназияны күзету, кіріп-шығу тәртібі мен ішкі тәртіп ережелері ұйымдастырылып, оқу ғимаратына келушілерге арналған ереже АПБ бастығы полиция подполковнигі А.А.Солодовниковпен келісілді.

Балалардың құқықтарын қорғау мәселелерін ұйымдастыру мақсатында оқу ғимаратының фойесінде білім басқармалары жанынан құрылған  колл-орталықтардың байланыс телефондары жазылған баннерлер мен плакатар орнатылды. Мектеп-гимназия сайтында балалар мен ата-аналар үшін сенім телефондары жарияланды.

http://zhalaiyri-balpyk.mektebi.kz/yty-trbie/87-senm-telefondary.html

Орта білім беру ұйымдарын бейнебақылау жүйелерімен жарақтандыруға қойылатын стандарттар мен талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 23 қаңтардағы № 49 бұйрығы және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 23 қаңтардағы № 32 бірлескен бұйрығы негізінде мектеп-гимназияда басты және қосалқы кіреберістерде 2018 жылы орналастырған 39   бейнебақылау камералары 

(17 ішкі, 22 сыртқы) бар. 8 камера мектеп-гимназияның сыртқы аумағын, 4 камера адамдардың көп топтасатын жерінде (акт залы,спорт залы, бассейн, гардероб), 1 камера негізгі кіре берісте, 16 камера қосалқы есіктерге орналастырылған. Камералардағы бейнежазба ақпараттары серверде 1 айға дейін сақталады. Бейнебақылау жүйесі аудандық ішкі істер органдарының жедел басқару орталығына қосылған. Төтенше жағдай кезінде мектеп қызметкерлері мен оқушылардың қауіпсіздігі үшін мектепті жедел басқару орталығына қосылған дабыл түймелермен қамтамасыз етілген. Білім беру ұйымдарын лицензияланған күзетпен қамту қажеттігіне сай Алматы облысының білім  басқармасының Көксу ауданы бойынша  білім бөлімі аудандық білім бөліміне сұраныс берілген.

2021 жылдың 1 қыркүйегінде №104 бұйрық негізінде «Оқыту,тәрбиелеу және демалыстың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» мақсатында жазатайым оқиғаларды зерттеу комиссиясы құрылып, оқушылардың жарақаттануы жағдайын зерттеу нұсқаулығы дайындалды. Мектеп-гимназия мұғалімдері арасында жазатайым оқиғалар кезіндегі алғашқы көмек көрсету бойынша оқыту ұйымдастырылды. Мектеп-гимназия оқушылары арасында оқыс оқиғалар мен жарақаттану деректерін тіркелген жоқ. Оқу күндері таңертеңгі және кешкі уақытта автомобиль көлігінің ағыны көп білім беру ұйымдарының жанында жаяу жүргіншілер өткелдерінде полиция қызметкерлерінің күнделікті кезекшілігін ұйымдастырылған.Оқу ғимараты алдында жол көлік полициясының қызметкерлері кезекшілік жүргізеді. 

Білім беру ұйымдарында татуласу (медиация) қызметін құру тәжірибесін зерделеу мақсатында Мектеп медиациясы құрылып, «Мектептегі медиация қызметін құру туралы» 01.09.2021 жылы №100/1 бұйрығы шығарылды. «Медиация қызметі туралы ереже», мектептік медиация қызметі мүшелері,   мектептегі медиация қызметінің жарғысы, Мектептегі  медиация қызметінің (ММҚ) жұмыс жоспары бекітілді.

Мүгедек балалар мен ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың білімге тең қол жеткізуін қамтамасыз етуге, оларға әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру, жұмыспен қамту саласында қызмет көрсету мақсатында мүгедек балаларды және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардың қажеттіліктеріне қарай мектеп-гимназияда пандустар, арнайы дәретханар бар. Мектеп-гимназия оқушылары арасында мүгедек немесе мүмкіндігі шектеулі балалар жоқ.

Білім беру ұйымдары ғимараттарын жылы дәретханалармен жабдықтау бойынша шаралар қабылдау бойынша мектеп-гимназия ғимаратында оқушылар үшін 12 дәретхана бөлмесінде 64 унитаз жұмыс жасайды. Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін1 дәретхана жабдықталған.Сонымен қатар бассейнде 2 дәретхана,стомотология кабинетінде 1, медкабинетте 1, дайындық сыныптарында 4 дәретхана  бөлмесінде 4 унитаз жұмыс жасайды.

Ақпараттық сүйемелдеу бағытында бала құқықтарын қорғау, балалар мен ата-аналарға құқықтық білім беру бойынша жүргізілген жұмыс туралы анықтамалар мектеп сайтында, әлеуметтік желілерде таратылды. ТІЖО Г.Мейрбекованың «Балаларға құқықтық білім беру-маңызды міндет» атты мақаласы аудандық «Нұрлы Көксу газетінде жарияланды.

http://zhalaiyri-balpyk.mektebi.kz/trbie-zhmysy/655-oushylara-yty-trbie-beru-mayzdy-mndet.html

Мектеп-гимназия сайтында оқушылар мен ұстаздарға және ата-аналарға құқықтық сауаттылық беру мақсатында заң актілерінің сілтемелері беріліп, әлеуметтік желідегі парақшаларда «Балалардың қауіпсіздігін сақтау» тақырыбында бейнероликтер жарияланды.

https://www.instagram.com/p/CWFH1uoqEQE/?utm_=share_sheet

Мектеп-гимназия сайтында оқушылар мен ұстаздарға және ата-аналарға құқықтық сауаттылық беру мақсатында заң актілерінің сілтемелері беріліп, әлеуметтік желідегі парақшаларда «Балалардың қауіпсіздігін сақтау» тақырыбында бейнероликтер жарияланды.

https://www.instagram.com/p/CWFH1uoqEQE/?utm_=share_sheet

Мектеп-гимназияда штат бойынша полиция инспекторы жоқ. АПБ бөлімімен бірлескен іс-шаралар негізінде полиция инспекторы Д.Бекеновпен бірлесіп алдын алу шаралары жүргізілді. 10 қараша күні АПБ инспекторы Д.Бекеновпен «Жасөспірімдердің заң алдындағы жауапкершілігі» атты   кездесу өткізіліп, оқушыларға құқықтық білім берілді. 8-сынып оқушылары арасында «Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы» тақырыбында сынып сағаттары өтті.

https://www.instagram.com/p/CWFuP1YL9X0/?utm_=share_sheet

https://www.instagram.com/p/CWVuAWxs-iZ/?utm_=share_sheet

Кәмелетке толмаған  балалардың құқықтарын қорғау және  кәмелетке толмағандар арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында 9-сынып оқушылары арасында  «Тұрмыстық зорлық зомбылықтың алдын алу» сынып сағаты өтіп, отбасындағы бала құқықтарының сақталуы туралы түсіндірілді.

https://www.instagram.com/p/CWLxYeWMoMZ/?utm_=copy_link

https://www.instagram.com/p/CWLxYeWMoMZ/?utm_=share_sheet

Жаяу жүргіншілерге арналған өтпе жолағы бар, жарықтандырылған. Мектеп-гимназия алдында «жылдамдық бәсеңдеткіш» жылдамдықты мәжбүрлі төмендету кедергісі бар, жылдамдық шектегіштер белгілер  орнатылған. 135 оқушысын екі ауысымда 3 бағыт бойынша мектеп-гимназияға тасымалдайтын автобус «Балалар» белгілерімен жасақталған, жүргізуші мен еріп   жүрушілер тасымал барысында оқушылардың    қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Мектеп-гимназияның ресми сайтының «Оқушыларды тасымалдау» және «Мектептегі тамақтандыру» бөлімдерінде мектеп автобусы мен ас мәзіріне сай дайындалған тамақтың фотолары орналастырылған.

http://zhalaiyri-balpyk.mektebi.kz/

«Назар аударыңыз, балалар!»,«Автобус»,«Қауіпсіз жол», «Түнгі қаладағы балалар», «Жасөспірім», «Сіріңке – бір өмірдің бағасы» және т. б.  жедел-профилактикалық іс-шаралар ұйымдастыру бойынша «Түнгі қаладағы балалар» бағытында түнгі уақытта профилактикалық рейдтер жүргізілді. Мектеп-гимназия оқушылары арасында кешкі уақытта қадағалаусыз жүрген оқушылар анықталған жоқ.

https://www.instagram.com/p/CWYfBL_skVm/?utm_=share_sheet

«Абайлаңыз, балалар!» акция аясында Көксу АПБ-нің аға мемлекеттік көлік автоинспекторы, полиция аға лейтенанты Нұрым Нұртілеуов және Көксу АПБ ЖПҚБ ЮПТ УПИ  полиция  лейтенанты Әділхан Маржан түсіндіру жұмысын жүргізді.

https://www.instagram.com/p/CTxHEFnsGZT/?utm_=copy_link

Жастар арасында   өз-өзіне қол жұмсауға қазіргі кезеңде ғаламтор да себепші болатыны анықталып отыр. Кибербуллингке тосқауыл болуға шақырған видероликті педагог-психолог Ғ.Белгібаева мен М.Майкенова ұсынады. «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» бағытында 5-8-сынып оқушылары арасында «Зорлықсыз балалық шақ» атты сынып сағаттары өткізілді. 5-8-сынып оқушылары арасында «Кибербуллингтен сақ болайық» тақырыбында сынып сағаты өтіп, суреттер көрмесі безендірілді. Әлеуметтік желідегі ақпаратпен жұмыс жасау ережесі   түсіндірілді.

https://www.instagram.com/tv/CV2hsiPFXcC/?utm_=copy_link

https://www.instagram.com/tv/CV0KuvcFp53/?utm_=copy_link

https://www.instagram.com/p/CWLxIqss5Uj/?utm_=copy_link

https://www.instagram.com/p/CWLxIqss5Uj/?utm_=share_sheet

https://www.instagram.com/p/CWLx9x8sBg3/?utm_=share_sheet

Жастар мен балалар арасында суицидтік мінез-құлықтың алдын алуға бағытталған іс-шаралар кешенін іске асыру ,бала тәрбиесінде жиі кездесетін қателіктердің алдын алу мақсатында педагог-психолог Ғ.Белгібаева мен М.Майкенова ата-аналарға видеоролик ұсынды.

https://www.instagram.com/tv/CV2iGhVlgpW/?utm_=copy_link

Жасөспірімдер арасында суицид көбеюіне байланысты жастарға кеңес беру,осы жолға жастарды бармайтындай етуге қоғам болып күресуге педагог-психолог Ғ.Белгібаева мен М.Майкенова ат салысуға шақырды. Жастар арасындағы суицид мәселесін зерттегенде анықталғаны: тұтастай алғанда көп жағдайларда жасөспірімдер ата-аналарының, мұғалімдердің назарын өз мәселелеріне аудару мақсатында өзіне өзі қол жұмсауға шешім қабылдайтыны және осындай келеңсіз түрде үлкендердің селқостығы, парықсыздық, арсыздық және қатыгездігіне қарсылықтарын білдіреді.Осы келеңсіз жағдайды болдырмау үшін жас педагогтарға оқушымен қарым-қатынасты қалай құру керектігін және алдын алуға байланысты кеңес беру жұмыстары жүргізілді.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1069077270497170&id=100021847221311

https://www.instagram.com/tv/CV2h5Y-FfoU/?utm_=copy_link

Педагог-психологтар  Ғ.Белгібаева мен М.Майкенова  оқушының өмірге деген құштарлығын арттыру, суицидтің алдын алу мәселесі бойынша 10-11 сынып оқушылары арасында З.Королеваның « Сенің  суицидке бейімділігің» әдістемесі алынды.Нәтижесінде оқушылар арасынан суицидке бейімді оқушы жоқ екені анықталды. Оқушылар арасында «Бопсалау, әлімжеттік,зиянды әдеттер»туралы сауалнама жүргізілді. Сауалнама қорытындысы бойынша бопсалау мен күш көрсету деректері анықталған жоқ.

23 қыркүйек ұлдар кеңесінің төрағасы  Т.Керімбеков   «Жасөспірімдер арасында буллинг» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.

https://www.instagram.com/p/CUKDrYML03q/?utm_=copy_link

10–қараша күні ата-аналардан оқушыларға күш көрсету,бопсалау тақырыбында «гугл форма» плотформасы арқылы сауалнама жүргізілді. Мектеп-гимназияның ресми сайтында  балалар құқығын қорғау, зорлық-зомбылықтың алдын алу т.б. бағытта жүргізілген іс-шаралар туралы ақпараттармен танысуға болады.

http://zhalaiyri-balpyk.mektebi.kz/

Ата-аналар арасында смартфондарда орнатылатын «Ата-ана бақылауы» тегін қосымшасын орнату және қолдану бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Порнографиялық сипаттағы материалдарды, балаларға  қатысты және олардың тарапынан қатыгездік туралы, экстремистік сипаттағы ақпаратты, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды немесе олардың прекурсорларын және Интернет желісінде тікелей және пайдалану арқылы жасалатын басқа да қылмыстарды  насихаттауды қамтитын әлеуметтік желілер мен Интернеттегі парақшаларды мониторингтеуді жүргізу және тосқауыл қою және олардың алдын-алу мақсатында 2021 жылғы 1 қыркүйекте №123 бұйрық негізінде  Ғаламтор желісі ресурстарына қолжетімділік саясатын реттейтін комиссия құрылды. Оқу жылы барысында Интернет желісінде тікелей және пайдалану арқылы жасалатын басқа да қылмыстарды  насихаттауды қамтитын әлеуметтік желілер мен Интернеттегі парақшаларды мониторингтеу жүргізілді. Мектеп-гимназия оқушылары арасында кері ықпалды сайттарға тіркелген оқушылар анықталған жоқ. АББ-не әр айдың 20 күні осы мәселе жөнінде ақпарат беріліп отырады. 

Отбасылық және ата-аналар клубтарын құру бойынша ата-аналар кеңесі, әжелер кеңесі, әкелер кеңесі, қамқоршылық кеңестері жұмыс жасайды. Ата-аналар кеңесі мектеп-гимназия өміріне белсене араласа отырып, отбасы құндылықтарын насихаттау бойынша жұмыстар өз дәрежесінде   жүргізілді.Жоғарыда аталған кеңес жоспарлары бар, істелінген жұмыс мектеп сайтына салынды. «Бақытты ана– бақытты бала – бақытты отбасы -  бақытты ел» бағыты бойынша жалпымектептік ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыста ата-аналар арасында жалпықұқықтық білім беру мақсатында Қазақстан Республикасының Конституциясы, БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ ТУРАЛЫ КОНВЕНЦИЯ, Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы N 345 Заңы, Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV Кодексі туралы түсінік берілді. Отбасындағы қалыпты жағдайдың бала психологиясына әсері жайлы тренинг ұйымдастырылды.

https://www.instagram.com/p/CWKkOeoNUuA/?utm_=share_sheet

Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда оқу орындарының ғимаратынан қауіпсіз көшіру бойынша білім беру объектілерінде практикалық жаттығуларды (оқу эвакуациясы) ұйымдастыру және өткізу бойынша азаматтық қорғаныс штабы құрылған. Штаб басшысы ОІО Б.Қасымова. Жоспарға сай қыркүйек, қараша айларында оқу-жаттығу өткізілді.




Дайындаған ТЖО                     Г.Кусманова

                                                                                                                                                                                                                           

Похожие публикации:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив