«Ақылың болса арыңды сақта» атты дөңгелек үстел » Коммунальное государственное учреждение 'Средняя школа гимназия имени Кадыргали Косымулы Жалаири'
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Қ.Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72838) 2-01-16
Есепші бөлімі:
+7(72838) 2-01-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
октябрь
2021

«Ақылың болса арыңды сақта» атты дөңгелек үстел

Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясында  2021 жылдың 15 қазанында қыздар арасында  «Ақылың болса арыңды жасыңнан сақта» атты кездесу өтті. Кездесуді қыздар кеңесінің жетекшісі Г.Шайза ұйымдастырды. Кездесуге мектеп медбикесі Ж.Құрманғалиева, педагог-психологы  М.Майкенова және  8-11- сынып оқушылары қатысты.Кездесу барысында жасөспірімдер арасындағы кездейсоқ жүктілік туралы сөз болды.

Шайза Гүлина, қыздар кеңесінің жетекшісі:

Ата-бабалары­мыз қызды қонақ деп есептеп, барған жерде бағының ашылуын үйде отырып қамдаған. Барынша ізетті, сыпайы, мейірімді де ісмер, қылықты да қырмызы болуын үнемі қадағалап отыр­ған. Еркін ұстаған, бірақ тым еркінсітпеген. «Қыз – өріс, ұл – қоныс» деп білгендіктен, өрісін кеңейтер қыз балаға айрықша көңіл бөлген. «Қыз мінезді келсін, ұл өнерлі келсін» дей отырып, «қызға қырық үйден тыйым» жасайды. Ата-ана қызынан еш нәрсені аямайды. Оның ешнәрседен мұқтажсыз, бұла өсуін қадағалайды. Өйткені «қызға бергенді қызыр өтейді» деп біледі. Сонымен бірге, қызды бетімен де жібер­мейді. «Қызды қымтап ұстаған ұялмайды» дей отырып, оларды «қанаттыға қақтырмай, тұмсық­тыға шоқтырмай» өсіруді парыз санайды. Олардың ар-ұятының сақшысы бәріне жауапты екенін еш уақыт ұмытпаған. Жаһандану заманында қыз баланы тәрбиелеуде ұлттық тәрбие, ұлттық педагогика негіздерінен алшақтап кеткенбіз. Енді қазіргі кезде осы ұстанымдар ескірген деп жаңа заманға еліктеу көбейді. Қыздар арасында жағымсыз жағдайлар кездесетін болды. Соның бір белгісі қыздардың «оң жақта» отырып балалы болуы. Бүгін сол тақырып маңында сөз қозғасақ.

Ж.Құрманғалиева, мектеп медбикесі:

 Кездейсоқ жүктілік – қазіргі біздің қоғамдағы ең бір түйткілді мәселелердің бірі. Дәрігерлердің  деректеріне сүйенсек жылына елімізде 130 мыңға жуық жасанды түсік жасалады екен. Түсік жасатқандардың ең жасы 13-14 жастағы жасөспірім қыздар. Бүгінде 14 жастағы жасөспірімдердің 10 пайызы, 15-17 жастағы қыздардың  21 пайызы жыныстық қатынас тәжірибесіне ие. Қазақстанда жасөспірім қыздар арасындағы жасанды түсік Еуропамен салыстырғанда 3-4 есе көп. Сондай-ақ елімізде 21 мың АҚТҚ дертін жұқтырған адам болса, соның 40 пайызы 15-29 жас аралығындағы жастар. Ойнап жүріп от басқан жас қыздарымыздың көпшілігі кездейсоқ жүктілікке ұрынып, оның соңы жасанды түсікке немес сәбилерін бөбектер үйіне өткізуге әкеп соғып жатады. Бұл ең алдымен, қыз баланың денсаулығына зиян келтіріп, болашақ өміріне балта шабатын белгілі. Жоспарланбаған жүктілік әйел затын психологиялық күйзеліске ұшыратады. Егер біз қоғам болып ұлт болашағын ойласақ, қыз бала денсаулығы мен тәрбиесіне аса мұқият болғанымыз жөн. 

Майкенова Марал, педагог-психологы:

– Біз балаларымызбен жыныстық тақырыпта сөйлесуге, олардың сұрақтарына жауап беруге ыңғайсызданамыз. Алайда қазіргі ақпараттық заманда балаларымыз тез есеюде. Ақпараттар ағымының қарқыны соншалық, балаларымызға қажетті, қажетсіз ақпараттарды екшеу мүмкін емес. Сондықтан осы жыныстық тақырыпты балаларымыз өздігімен әр жерден бір іздемесін десек, мектептерде арнайы тәрбие сағатын енгізудің еш зияны жоқ. Әр отбасындағыи менталитет әртүрлі, сондықтан кейбір ата-ана бұл тақырыпты баласына түсіндіре алмай жатады. Негізінен ата-ананың міндеті баласының әр нәрсеге қызығушылығын қадағалап, дұрыс бағыт беріп отыру. Ал мектепте жыныстық тәрбие сағатын психолог, дәрігер маманның қатысуымен өткізген дұрыс.
 
Кездесуге барысында презентациялар көрсетіліп, қыздар өздерін толғандырған көптеген сұрақтарға мамандардан   жауап алды.
 
 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив