"Қазақтың 100 әні" жобасы аясында байқау өтті.
"Қазақтың 100 әні" жобасы аясында ән байқауы өтті. Байқау шарты бойынша әннің шығу тарихы бойынша презентация, әннің мазмұны бойынша сахналық қойылым ұйымдастырып, әндер жанды дауыспен орындалды. Қорытындысында "Ғибрат","Мұрагер", "Астана"- "Үздік сахналық қойылым", "Асыл арман", "Патриот" шаңырақтары- "Үздік орындаушы, "Жас Алаш" шаңырағы- "Үздік би" номинациялары бойынша марапатталды.