Экологиялық тәрбие
Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы бойынша 1-8-сынып оқушылары арасында экологиялық тәрбие қалыптастыру бағытындағы жүргізілген жұмыстар
2021-2022 оқу жылы
Мектеп-гимназиясы бойынша экологиялық тәрбие қалыптастыру бойынша тәрбие жұмысының жоспары жасалып, бекітілді. Жоспар аясында жұмыс жүргізілді. Экологиялық тәрбие бағыт экологиялық тәрбие қалыптастыру басты назарға алынды. 1-11 сынып жетекшілері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жанындағы республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының сынып жетекшілерге көмек ретінде әзірлеген 1-11 сынып оқушыларына арналған экологиялық білім беру бойынша сынып сағаттарының бағдарламасын өз тәрбие жоспарларына енгізіп, оқушыларға экологиялық білім беру үрдісі жалғастыруда. Аталған бағдарламаның мақсатына сай оқыту мен тәрбиелеудің әртүрлі кезеңдеріндегі оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерін ескере отырып, мектепте экологиялық білім беру мен тәрбиелеудің интеграцияланған жүйесін қалыптастыру жұмыс жүргізіліп келеді. Бұл бағдарлама тек экологиялық білімді қалыптастыру міндеттерін қойып, ең алдымен, тірі табиғатқа деген сүйіспеншілік пен қамқорлықты, сондай-ақ адам сияқты өмір сүруге құқығы бар әрбір тірі жанға қамқорлық жасау, баланы сүюге үйрету бірінші (1-4 сынып), екінші (5-8 сынып), үшінші (9-11 сынып) оқу сатысына сәйкес келетін үш толық және өзара байланысты блоктарды қамтиды. Әр блокта әр түрлі жастағы білім алушылар түсінетін экологиялық білім кешені көрсетілген.
1-11 сыныптарда сынып сағаттары бағдарламасы 9 сағатты (1сынып –«Экологияға алғашқы қадамдар», 2 сынып – «Мен табиғатты танимын», 3 сынып –Экология әлеміне саяхат», 4 сынып – «Танымдық экология», 5 сынып- «Жер - біздің ортақ үйіміз», 6 сынып – «Табиғат - керемет әлем», 7 сынып – «Экология – үй туралы ғылым», 8 сынып – «Біз көкжиектерді ашамыз») құрайды және бағдарламаның мақсаты, міндеттері және күтілетін нәтижелері, күнтізбелік жоспары және бағдарламаны оқытудың интерактивті формалары көрсетілген.
13 қыркүйек 8 «Ә» жетекшісі Ардақ Жұмағұлова өткізген «Қоғамға қызмет етемін» тәрбиелік шара барысында әр оқушы өз ауласы мен көшелерін тазалауға ат салысып, жасыл желектер отырғызды.
20 қыркүйекте 2 «Б» сыныбында Абдрахманова Әсел Қалымбекқызы «Табиғатты аялайық» тәрбиелік шарасын өткізді. Шара барысында оқушылар табиғатқа қатысты адамның мінез-құлық ережелерімен танысты. Осыған орай оқушының жеке басының қоршаған ортаға сай мінез-құлқын қалыптастыру, оқушы бойында табиғатқа деген сүйіспеншілікті, қоршаған ортаға құрметпен қарауға тәрбиелеу, балаларды табиғаттағы негізгі ережені сақтауға үйрету: «Зиян келтірме!» ұранымен жұмыс жасауға тәрбие жұмысын жүргізді.
22 қазанда 5-8- сынып оқушыларымен өткен «Табиғат қателікті кешірмейді» сынып сағаттарында адамның табиғатқа қарсы істеп жатқан іс-әрекеттері туралы сөз болып,оның нәтижелеріне тоқталды. Табиғатты сақтамаған жағдайдағы нәтижелерге тоқталып, қоршаған ортаны қорғау бойынша белсенді экологиялық ұстанымды қалыптастыру, өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды пайдаға асыру жолдары айтылды.
25 қазанда 1-11-сыныптарда «Эко-десант» акциясы өтті. Осы акция аясында мектеп ауласы мен ауласының сыртындағы аумақты тазалау бойынша экодесант ұйымдастырды және өткізді.Осы акцияның жалғасы әр оқушының үйі мен ауласында да «Таза аула» акциясы атымен жалғасын тапты. Оқушылар аулаларын тазалап, жасыл желектер мен ағаштарды қысқы мерзімге дайындық жұмысын жүргізіп,аулаға ағаш егу жұмыстарын қолға алды.
12 қараша 1-4-сынып жетекшілері «Туған өлкенің табиғаты» атты сынып сағаттарын өткізді.Осы өткізген іс-шараларда қазіргі таңда зауыт, фабрика, көліктерден келетін экологиялық мәселелер туралы айтылды. Ауаны ластайтын түтіндер және оның адамға келтіретін зияны туралы және осы экологиялық зиянды мәселелерді адамның өзі жасап алатыны оқушыларға жеткізілді, қоқысты арнайы жәшіктерге емес, кез-келген жерге тастай салады. Ал ол қоқыс кейіннен табиғатқа зиянын алып келеді. Сол себепті әр адам тазалықты өзінен бастап, экологияға зиянын емес, керісінше пайдасын тигізу қажеттігі туралы сөз болды.
18 қараша 3 «А» сыныбында Гаухар Суюнова өткізген «Адам өміріндегі судың орны» тәрбиелік шарада судың маңызы, тұщы су мәселесі мен оны үнемдеу туралы айтылды.Әр оқушы өздері суды үнемдеу жолдарын ұсынды.
6 желтоқсанда 3 «Ә» сыныбының жетекшісі Дүрия Сагиева өткізген «Таза планета менен басталады» тәрбиелік шарада оқушылардың санасына қоршаған ортаға туған өлке табиғатына деген сүйіспеншілікті, туған жерді, қоршаған ортаны сүюге, қорғай білуге тәрбиелеуге бағытталды.
14 қаңтарда 1-4-сынып жетекшілері өткізген «Су-өмір негізі» сынып сағаттарында оқушыларға табиғаттағы судың тіршіліктегі маңызын, пайдасын, судың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беріліп, экологиялық тәрбие беріліп,суын ішіп отырған табиғат ананы қорғап, аялауға үйретті.Сынып сағаттарында түрлі тіршілік иелерінің құрмындағы су мөлшерлері көрсетіліп, айтылып,су туралы мақал – мәтелдер жатқа айтылды. Оқушыларды су қоймаларын қорғау туралы заңмен таныстырып, табиғат аясында демалған кезде суды ластамауға шақырды. Осы күні 5-8-сынып жетекшілері өткізген «Адам-табиғаттың бір бөлшегі» сынып сағаттарында қазақ халқының табиғатты құрметтей және сақтай білу мәдениеті айтылды. Табиғат нашарлап, ластануда соның салдарынан адам өміріне келетін жағдайлар қарастырып,оны сақтап қалу жолдары жеткізілді.
27 қаңтарда 1 «Б» сынып жетекшіс Динара Айтахунованың ұйымдастыруымен «Туған жер табиғаты» аппликациялар көрмесін ұйымдастырды. Мектептің жас оқушылары туған жердің табиғатын, ғимараттар мен ескерткіштерді қолдарынан қиып жасаған жапсырмалар арқылы көрсетті.
3 ақпанда «Бәйтерек» шаңырағына кіретін 4 «Б» жетекшісі Орынбасар Жексенбаева мен 8 «Б» жетекшісі Жадыра Тулендинова ұйымдастыруымен «Қоғамға қызмет етемін» жобасын қорғады. Жоба бойынша бос шөлмектерді жинау және оны пайдаға асыру бойынша істеген істерінің есебі беріліп, оқушылар пласмасса бөтелкелерден күнделікті тұрмысқа қажетті заттарды жасап, тұрмыстық қалдықтардың зиянды жақтарына тоқталды.
4 ақпан 9-11- сынып жетекшілері «Қызыл кітап туралы не білеміз?» сынып сағаттарда осы кітапқа енген Қазақстанде мекен ететін жан-жануарлар мен өсімдік әлемімен оқушыларды таныстырды.Осы кітапқа енген байлығымызды сақтап қалу жолдары қарастырылды.
8 ақпан «Ұлытау» шаңырағына кіретін 5 «Б» жетекшісі Жадыра Абишева мен 11 «А» жетекшісі Алия Тоқан ұйымдастыруымен «Ерте жастан бастап экологиялық мәдениет» жобасы қорғалды. Жобаны қорғау барысында қоршаған ортаның өзгеру қарқынының жоғарылауымен адамзат дамуының қазіргі кезеңінде қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттесу аспектілері мен көптеген жаһандық проблемалардың ішінде қоршаған ортаны қорғау, оны болашақ ұрпақ үшін сақтау проблемасы қарастырылды. Күнделікті тұрмыста экологиялық мәдениетті бұзбау, табиғатты қорғау және дұрыс шешім қабылдау туралы айтылды.
15 ақпан 8 «Б» сыныбында жетекшісі Жадыра Тулендинова ұйымдастырған «Экологиялық мәселелерді шешу жолдары» тәрбиелік шарада оқушылар қазіргі Қазақстандағы экологиялық мәселерге тоқталып,оны шешу жолдарын ұсынды.
23 ақпанда 5-сыныптар арасында өткен «Табиғат күні» тәрбиелік шарада оқушылар табиғат туралы мақал-мәтелдер мен өлең жолдарын, «Туған жердің табиғаты» атты суреттер көрмесін ұсынды. «Табиғатты сақтап қаламыз» атты шығармалар жазып,өз ойларымен бөлісті.