Компьютерге тәуелділік және кибербуллинг
Тақырыбы:Компьютерге тәуелділік және кибербуллинг
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың интернет туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу,оқушылар өз ойларын тиянақты жете айта білуге және зиянды жақтарын түсінуге тәрбиелеу.
Кіріспе: Қазақстанда интернет пайдаланушылар саны 3,16 миллионға жетті, бұл жалпы халық санының 19,8% құрайды. Бұл туралы ICT-Marketing тәуелсіз зерттеу компаниясы анықтаған. Әрине, қуантарлық жағдай.Интернет адамзаттың ойлап тапқан ұлы құбылыстарының бірі деп айтсақ артық болмас Қазіргі кезде интернет пайдаланушылар саны күн сайын өсіп келеді.Уақыт талабына сай ақпараттық технологияларды пайдаланған өте дұрыс. Ғаламторды өз мақсаттарында қолдануға халыққа ешкім тыйым салмақ емес, керісінше «заманауи адам» болуды барлығымыз-ақ құптаймыз. Бірақ заманыңнан қалыспау ғаламтордың «тұтқыны» болу деген сөз емес.
(Оқушылар 3 топқа бөлінеді)
І топқа: Интернет туралы түсіндіріп өту. (постермен жұмыс)
Интернет бүкіл ғаламдық тор. Ол бүкіл әлемдегі миллиондаған компьютерлік желілерді бір-бірімен байланыстыратын орасан зор компьютерлік желі.Интернет ұғымы ХХ ғасырдың аяғында пайда болса да, жүрдек пойыздың жылдамдығын еске салатындай жедел қарқынмен кең қанат жайып келеді.Оның өзі шығу тарихы да қызық. «1957 жылы Кеңестер Одағы жасанды жер серігін ғарышқа ұшырған соң, АҚШ Қорғаныс министрлігі «егер соғыс бола қалған жағдайда Америкаға сенімді ақпарат алмасу жүйесі керек болады» деп есептеген. Ондай жүйені АҚШ-тың Орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан деседі. Бұл мақсатта Лос-Анджелес, Юта және Калифорния штаттарындағы университеттерге және Стэнфорд зерттеу орталығына компьютерлерді бір-бірімен жалғайтын желі жасау тапсырылады.ARPANET деп аталатын жоба 1969 жылы 29 қазанда төрт мекеменің компьютерлерін телефон арқылы байланыстырады.
Содан соң ARPANET дамып-жетіліп, оны түрлі сала ғалымдары пайдалана бастайды. 1983 жылы бұл атау «Интернет» деген ұғыммен алмастырылды».Бұл күнде Интернетті тұрақты пайдаланушылар саны бүкіл әлем бойынша 2,5 млрд адамнан асыпты. Бұл - жер шарын мекендейтін халықтың үштен бір бөлігі ғаламтор игілігін өз кәдесіне жаратуда деген сөз.
ІІ топқа: Интернеттің пайдасын түсіндіру(постермен жұмыс)
Интернеттің жеке-дара қожайыны жоқ. Оны ешкім бір жерден басқара да алмайды. Интернетте көптеген пайдалы да қажетті ақпараттарды табуға болады
1.Алысты жақындату
2.Қоғамға (адамға) байланысты мүмкіншіліктерді арттыру.
3.Сана-сезімді жоғарылату.
4.Ізденіс талпынысқа қашықтықтан оқу бағдарламаларына сұранысты арттыру.
5.Қажеттілікті толығымен қанағаттандыру.
6.Дамыған мемлекеттермен тең дәрежеде бәсекелесу.
7.Әлемде болып жатқан жаңалықтардан сол сәтте хабардар болу.
8.Халықтарға түрлі жолдармен көмек көрсету.
9. Интернет арқылы мәтінді, хабарламаны, құжаттарды, фото, аудио, видео материалдарды
қабылдап алуға не керісінше жіберуге болады;
10.Күн сайын емес, сағат сайын, сәт сайын бүкіл әлем жаңалықтарымен танысып отыруға;
- Кез келген тақырыпқа қатысты материалдар, анықтамалар алуға;
- Қашықтықтан оқуға, яғни үйде отырып білім алуға;
- Қызмет түрлерін ұсынуға, тауар сатып алуға не сатуға;
- Қаржылық операциялар жасауға;
- «Maіl.Ru Агент», «Facebook», «Skype» т.б. арқылы реалды уақытта тіл қатысуға да, бейнебайланыс орнатуға да болады.
Интернеттен көптеген жапа шегеміз деп қол қусырып отыра берсек, оның мүмкіндіктеріне шектеу қойсақ,әрине алға баспаймыз.Керісінше біртіндеп құлдырай береміз.Оданда ондай қиыншылықтармен күресе отырып, алға ұмтылу жолдарын қарастырғанымыз жөн.Иинтернетке кіру үшін компьютерде отыру керек.Компьютерде отыру денсаулыққа зиян.Алдымен денсаулықты сақтауымыз керек деп жатырсыздар.Әрине бұл орынды ол үшін алдымен әр бала компьтерде жұмыс жасап отырғанда техника қауіпсіздік ережесін сақтау керек. Ережелер талапқа сай орындалса денсаулыққа зиян тимейді. Көзге жаттығулар жасалады, әр 20-25 минут сайын, көзбен компьютердің ара қашықтығы 60-70 см болу керек. Жұмыс кезінде ақ халат кисек, ультра күлгін сәулесін сақталады. Ал көзді сақтау үшін компьютердің алдына кактус гүлін қою керек. Гүл бойына компьютерден бөлінген сәулені тартып алады. Осы айтылған ережелер орындалса денсаулығымызды сақтай аламыз. Интернеттің пайдасы көп.Интернет арқылы біз басқа қаладағы болсын, басқа елдегі болсын алыстағы достарымызбен сөйлесе аламыз. Мысалға, ұстаздар берген реферат, мәнжазба, солардың бәрін мен интернет арқылы таба аламын. Кітапханаға барып жүрмей мен үйдегі интернеттен іздеймін.Интернеттің пайдасы мен үшін өте зор.Интернет - тиімді байланыс құралы. Көптеген мәліметтер жинақталған. Балама ақпарат көзін табуға болады. Мысалы: үкіметтік емес сайттар мен үкіметтік сайттар, ақпарат агенттігінің мәліметтері мен тәуелсіз басылым мәліметтері. Электронды пошта қызметі жылдам хабарласуға мүмкіндік береді.. Далада, күннің астында азып тозып асық, футбол, волейбол ойнағанша, интернет арқылы әр түрлі қызықты ойындар ойнауға болады. Біздің өміріміз күнде бір жаңалықпен толығып отырады. Интернетті сол жаңалықтың ішіндегі ең озығы деуге де болар. Себебі, бір өзіне соншама ақпарды сиғызып, жан-жаққа лезде таратып тұру, әлемнің бір шетіндегі кісіні екіншісімен байланыстыру, керек болса, көзбе-көз әңгімелестіріп, бейнесін көрсету қандай жетістік десеңізші. Асыл тастан, өнер жастан-демекші, осылай жас-ұрпаққа интернетпен жұмыс жасауға, қажет мәселерін алуға жағдай жасалып отыр. Сондықтан қазіргі техника қарқынды дамыған заманда, дені сау білімді,интернеттен юар керек мағұлматын жинап, Қазақстанға өз үлесін қосатын сауаты мол ұрпақ керек! Сондықтан интернет кімге де болсын өте қажет,оның пайдасы өте зор.!
ІІІ топқа: Интернеттің зиянын түсіндіру(постермен жұмыс)
Қазіргі таңда интернет әлемдік қауымдастықтың негізгі ақпараттық-коммуникациялық құралына айналып отыр.Бұл тұрғыда қарапайым халықтың күнделікті өмірдегі байланысқа деген қажеттілігі туралы айтпасақ та болады. Дегенмен де интернеттің жақсылықтарымен бірге келеңсіз жақтары да барын естен шығармағанымыз жөн.Интернетке қосылу үшін әрине бізге компьютер керек. Ал, әр күнін компьютер алдында өткізу денсаулыққа зиян екенін білесіздер ме? Ол адам ағзасына қауіп төндірумен қатар, сананы улаумен шектесетіні белгілі.Компьютер алдында ұзақ отырса адамның көзі, жотасы ауырады және қимыл-қозғалысына,адам психологиясына да әсер етеді.Сезімдік нерв жүйесі ауруларына шалдығады.Интернетке жүгініп,үйреніп кеткен бала, яғни интернет арқылы хат алысып, сөйлесу-баланың айналасындағы адамдармен бетпе-бет сөйлесуіне де әсер етеді, сөйлеу мәдениетінен айырылады.Компьютерден бөлінетін ультра-күлгін сәулесі көзге кері әсер етеді. Ал одан сорақысы- ұлттық, адами қасиеттерге нұқсан келтіретін материалдардың интернет бетінен орын алуы.Қазірде шығарма, эссе жаза алмайтын оқушылар бар. Бұның бәрі көп уақытын кітап оқумен емес, интернетке кіріп түрлі ойындар ойнап,уақытын тиімсіз өткізудің зардабы. Ендігі бір мәселе - Интернетке тәуелділік. Сағаттап, тіпті таңды-таңға ұрып, Интернетті қызықтайтындар да кездеседі. Бұл да бір есірткіқұмарлық, нашаға тәуелділік сияқты нышанды байқатады. Адамның психикасына, денсаулығына кері әсер етеді.. Осындай келеңсіз, жаныңды түршіктіретін ақпараттар интернетте орын алып жатса, оның жұртшылыққа пайдасынан гөрі зияны көп емес пе? Демек, Интернетті қажетіне қарай, шамамен пайдалана білу мәдениетін қалыптастыру да көп ойланатын дүние.Енді компьютерлік ойындарға келсек, олардың қаншалықты зиянды екенін айта кетейік. Интернеттегі онлайн ойындары атыс-шабыс, тағы басқа қантөгу, жауыздық тақырыбында болады. Осы ойындарды бала ойнап, оның психологиясына қандай жаман әсер беретінін өздерімізде білесіздер. Ұдайы ойнаған баланың миында ойынның мазмұны, әдіс-тәсілдері еніп, жаман қылық, тіпті қылмысқа да баратын болады. Қалалы жерде ақша табу үшін компьютерлік ойындарды жарнамалап, оқушы балаларды өздеріне тарта бастап, жаман қылықтарға бағыттайды. Интернет ойындарынан басқа да өзіміздің ұлттық ойындарымыз бар, соны неге ойнамасқа?Асық ойнау, күрес, қол күресі, волейбол, футбол сияқты көп ойындар бар.Біз бөлмеде тығылып компьютерлік ойынды ойнағанша, далада таза ауа жұтып, көпшілікпен көңіл көтеріп, денемізді шынықтырып, сау болғанымызға не жетсін.
Әрине қазір заман ауқымы, талабы әр үйде компьютер, интернет желісі бар. Жаңағы өздерің айтқандай компьютерге қол жеткізбесе де ұялы телефон арқылы интернетке де шығуға болады дейсіңдер.Міне, сол арқылы не бір ұятсыз көріністер көреді, интернет арқылы танысады.Мектеп жасындағы баланың сабаққа дайындалғаннан гөрі көп уақытын ұялы телефонына үңілумен өткізеді.Ол неге үңіле береді десең, әрине ол ішіне сабағын жазып алған жоқ.Небір түрлі қырғын атыс-шабыс ойынын, өзгелермен танысу,ұятты көріністер қарайды.Міне, содан барып, ол баланың өмірге көз-қарасы психологиясы өзгереді. Ұрлық-зорлық көбейеді.Жас бала еліктегіш келеді. Әр жаман затты көрген сайын, естіген сайын оның бір ұшқыны адам бойында ұялап қалмай ма? Технологияның дамуы мен интернет желісінің қолжетімділігі адамдардың «маған барлығы рұқсат етілген» деген пайымын одан сайын нықтай түсті. Қолданушылар белгісіз аккаунт ашып, бейтаныс адамның суретін қоя алады. Мұның қауіптілігі сол, жүзіқаралар осы интернет желісі, жалған аккаунт арқылы балалармен танысып, олардың сеніміне кіретінді шығарды. Сеніміне кіріп алған соң қорқыту, бопсалау, оғаш қылық жасауға итермелеу сынды заң бұзушылықтарға баратын болыпты.Деректер елімізде ай сайын әр бесінші бала осы кибербуллингтің қатысушысы немесе зиян шегушісі екенін айғақтап отыр. Бір қызығы, зерттеушілер кибербуллингке бел буғанның да, одан жапа шеккеннің де болашақта психикалық ауытқушылыққа шалдығатынын анықтапты. Өкініштісі сол, бұл жат әдет интернеттегі қазақ тілді аудитория арасына да дендеп барады.. Өкініштісі сол, ата-аналар балаға смартфон мен планшетті үйренсін, айналасын танысын деп емес, өзіне көбірек уақыт қалсын, мазалай бермесін деп береді. Үй тұрмақ, көлікте отырсақ та, мейрамханаға барсақ та балаға гаджет ұстатамыз. Ол – дұрыс емес. Оның соңы жақсылыққа апармайды.Осы күні ғаламторда баланың өз-өзіне, жақындарына, туыстарына қол жұмсауына итермелейтін ойындар да аз емес. Бұдан бірнеше жыл бұрын кибербуллингтердің жемісі саналатын «Көк кит», «Тыныш үй», «Мені сағат 04:20-да оят», «Қызыл жапалақ», «Киттер мұхиты», «Құс жолы», «NaN», «F57» сынды ойындар дүние жүзін дүрліктіргені белгілі. Енді алаңдап отырғанымыз, осындай қауіпті ойындар қазақ тілінде де пайда бола бастапты. Мысал ретінде «Жұмаққа бастар 5 қадам» ойынын айтуға болар еді.Мұндай ойындардың жолы жабылып, аккаунт иелері әшкереленіп жатқанымен, біржола келмеске кетті деп айтуға тағы болмайды. Мәселен, біз атаған «Көк кит» ойыны түрленіп «Жаңа жол» деген атаумен тарағанын естідік.
Мұғалім: Бала тәрбиесін ата-әжеге емес, әлеуметтік желіге, интернетке табыстаудың зардабын ең алдымен ата-ана тартады. Заманауи технологияның мүмкіндігі күн санап түрленіп жатқан ХХІ ғасырда осы мәселеге мән беретін кез келген сыңайлы. Бауыр етіміз бассыздыққа бармасын, ала жіптен аттамасын десек алдымен өзіміз үлгі болуымыз қажет. Заң күшеюін күшейеді ғой, бұдан бұрын балаға барынша көп көңіл бөлу де артық етпейді. Ол енді – өз қолымызда! Әр нәрсе өз нормасынан асқан соң, жаманға айналады. «Сақтансаң сақтайды, сақтанбасаң сені құдай не қылады», демекші Шәкәрім атамыздың мына сөзіне тоқтала кетуді жөн көрдім:
Сақтық-деген әрқашан байқап жүрмек,
Пайда не залал ма ескерілмек,
Көргенің естігенін есепке алса,
Сонда оңай әрбір істі ойлап білмек.
Сондықтан интернетті меңгеруіміз керек деп, интернетті білмеген заман көшінен қалды деп,таңертеннен қара кешке дейін заман техникасымен шұғылдана бергеніміздің адамзат өміріне тигізетін өзіндік пайдасымен қатар зияны да баршылық.