Ақпарат » Страница 66 » Коммунальное государственное учреждение 'Средняя школа гимназия имени Кадыргали Косымулы Жалаири'
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Қ.Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72838) 2-01-16
Есепші бөлімі:
+7(72838) 2-01-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Денсаулық-зор байлық" атты кездесу өтті.
03
октябрь
2022
"Денсаулық-зор байлық" атты кездесу өтті.
Мектеп-гимназияның 8-11-сынып оқушылары арасында "Денсаулық-зор байлық" атты кездесу өтті. Кездесуге Көксу аудандық емханасының гинеколог маманы Гүлзира Жұмаханқызы қатысты. Шара барысында қыздардың жеке бас гигиенасы және жыныстық тәрбие бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, ерте жастан жүктіліктің  қыздардың ағзасына кері әсері туралы да терең мәлімет берілді. Ұйымдастырған: педагог-ұйымдастырушы А.Жұмабек және  қыздар кеңесінің жетекшісі Г.Шайза
Ұлдар жиналысы өтті.
28
сентябрь
2022
Ұлдар жиналысы өтті.
Көксу аудандық прокуратурасының хаттамалық шешіміне сәйкес Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп -гимназиясының 5-11 -сынып ұлдары арасында жиналыс өтті. Шара барысында жасөспірімдер арасындағы зиянды әдеттер, буллинг, бопсалау және құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жасөспірімдердің құқықтық жауапкершілігі туралы түсінік берілді. Ұйымдастырған :ТІЖО Г.Мейрбекова,Г.Құсманова,АӘД пәнінің мұғалімі Д.Темірбеков  
Қамқоршылық кеңестің отырысы туралы хабарландыру
24
сентябрь
2022
Қамқоршылық кеңестің отырысы туралы хабарландыру
Хабарландыру 2022 жылғы 30 қыркүйекте сағат 15.00 де Қадырғали Қосымұлы Жалайыри орта мектеп-гимнзиясы бойынша қамқоршылық кеңестің  отырысы өтеді. Күн тәртібінде:  «2022-2023 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру туралы» әдістемелік нұсқау хат пен танысу  «Мектепке жол» республикалық акциясы туралы Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясының қамқоршылық кеңесінің  2022-2023 оқу жылына жұмыс жоспарын бекіту.   Кеңес
Мәншүк Маметоваға 100 жыл
23
сентябрь
2022
Мәншүк Маметоваға 100 жыл
3 Ә сынып оқушылары арасында қазақтың батыр қызы Мәншүк Маметованың 100 жылдығына арналған сынып сағат өтті.Сынып жетекшісі Б.Қапанова
Әскери техникалық мектеп мұражайына саяхат
23
сентябрь
2022
Әскери техникалық мектеп мұражайына саяхат
Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназияның 10 А сынып оқушылары алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Д.Темірбековтың басшылығымен Талдықорған қаласындағы Әскери техникалық мектепке танымдық саяхатқа барып қайтты. Әскери Қарулы Күштерінің ардагері Байсаков Билібек Қадырұлы оқушыларға әскери мектеп туралы мәлімет беріп, әскери мұражайымен таныстырды. Оқушыларға Қазақстан Қарулы Күштері туралы терең мәлімет берілді, кәсіби бағдар жасалды. Сынып жетекшісі А.Иманбаева