Ақпарат » Страница 2 » Коммунальное государственное учреждение 'Средняя школа гимназия имени Кадыргали Косымулы Жалаири'
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Қ.Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72838) 2-01-16
Есепші бөлімі:
+7(72838) 2-01-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
Оқушылар арасында жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы және жәбірлеудің (буллингтің) алдын алу мәселелері бойынша   ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілді.
01
апрель
2024
Оқушылар арасында жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы және
2024 жылдың 1 сәуір күні  күні  оқушылар арасында жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы және жәбірлеудің (буллингтің) алдын алу мәселелері бойынша   ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілді. 5-11-сынып оқушыларына тақырып бойынша бейнефильм көрсетілді. ТІЖО Г.Мейрбекова «Буллинг және кибербуллинг» тақырыбы аясында мәлімет беріп,жасөспірімдердің құқықтық жауапкершілігі туралы айтты. Оқушылар арасында «Буллинг» тақырыбында презентация көрсетілді. 
"Наурызнама" онкүндігі аясында өткізілген іс-шаралар
20
март
2024
"Наурызнама" онкүндігі аясында өткізілген іс-шаралар
              Наурыз мерекесіне орай  мерекелік іс- шаралар жоспары құрылып, бекітілді. 11 наурыз күні «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні» аясында «Тұсау кесер» рәсімі ұйымдастырылды. 12 наурыз күні «Шаңырақ» күні аясында «Қазақ отбасындағы ұл мен қыз тәрбиесі» тақырыбында тәрбиелік шара өтті. 14 наурыз күні –Көрісу күніне арналған сахыналық қойылым ұйымдастырылды. 15 наурыз күні «Жаздық жодама-2024» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып,  10 оқушыға аудандық білім бөлімінен жазғы лагерге
Мерекелік концерт өтті.
07
март
2024
Мерекелік концерт өтті.
8 наурыз мерекесі қарсаңында Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясында "Жас Ұлан" Балалар ұйымы мен мектеп Парламентінің мүшелерінің ұйымдастыруымен мерекелік концерт ұйымдастырылды. Сыныптарда "Бәрі де,Ана, өзіңнен басталады" тақырыбында сынып сағаттары өтті. ​https://www.instagram.com/reel/C4NZg_viP_Y/?utm_source=ig_web_copy_link​​​ 
8 наурыз мерекесіне орай іс-шаралар ұйымдастырылды.
07
март
2024
8 наурыз мерекесіне орай іс-шаралар ұйымдастырылды.
8 Наурыз мерекесіне орай  іс-шаралар жоспары жасалып, бекітілді.  Жоспар аясында жұмыс жүргізілді. 4 наурыз күні «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының» кезекті сабақтары   өткізілді. «Жеңгелер мектебінің» кезекті сабағы өткізілді. 5 наурыз күні   «Қазақтың 100 әні» жобасы аясында «Ана туралы жыр» әні орындалды. 1-2-сынып оқушылары «8 наурыз – аналар мерекесі» тақырыбында  суреттер көрмесін ұйымдастырды. 3-4-сынып оқушылары «Анама өлең арнаймын!» тақырыбында  өлеңдер мәнерлеп
"Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының" 6-сабағы өтті.
04
март
2024
"Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының" 6-сабағы өтті.
2024 жылдың 4 наурыз  күні «Ата-аналар мектебі» жобасы аясында  1-4 -cынып оқушыларының ата-аналарымен   «Сенім арту – жетістік кепілі. Қиын жағдайда баланы қалай қолдаймыз?»  тақырыбында алтыншы сабағы өтті. Сабақты "Адамның үйлесімді дамуы" институтының " Ата-аналарды педагогика-психологиялық ағартудың ғылыми-әдістемелік негіздері" тақырыбындағы курсының сертификат иегері, Ж.Айкенова және  2 Ә сынып жетекшісі    А.Абдильданова    өткізді.  5-9 -сынып оқушыларының ата-аналарымен  6-сабақ 
Оқу-жаттығу өткізілді.
01
март
2024
Оқу-жаттығу өткізілді.
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті Көксу ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі» Республикалық мемлекеттік мекемесінің хатына сәйкес 2024 жылдың 1 наурыз күні сағат 10.30 да оқу- жаттығу өткізілді. Дабыл естілген кезде мектеп-гимназия мұғалімдері, кіші қызметкерлері мен оқушылары мекеме ғимаратынан қауіпсіз орынға шығарылды. Жаттығуға 60 мұғалім, 20 кіші қызметкер, 770 оқушы қатысты.