«ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП» ЖОБАСЫ » Страница 2 » Коммунальное государственное учреждение 'Средняя школа гимназия имени Кадыргали Косымулы Жалаири'
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Қ.Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72838) 2-01-16
Есепші бөлімі:
+7(72838) 2-01-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
сентябрь
2021

«ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП» ЖОБАСЫ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы












БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУДЕ ҚҰНДЫЛЫҚҚА БАҒЫТТАЛҒАН ТӘСІЛДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

БАҒДАРЛАМАСЫ


(1 бөлім)

















Нұр-Сұлтан 2021


 

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2021 жылғы 03 маусым №7 хаттама)



Білім алушыларды тәрбиелеуде құндылыққа бағытталған тәсілді жүзеге асыру бағдарламасы. Бағдарлама. – Нұр-Сұлтан: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2021. – 567 б.





Білім алушыларды тәрбиелеуде құндылыққа бағытталған тәсілді жүзеге асыру бағдарламасында 10 әдістемелік жоба әзірленіп, ұсынылды.

Бағдарлама мазмұны мектептегі тәрбие процесін ұйымдастыруда әдістемелік көмек беруге бағытталған.

Бағдарлама мектеп директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларына, әлеуметтік педагогтерге, психологтерге, сынып жетекшілеріне, әдіскерлерге, жалпы білім беретін мектептердің пән мұғалімдеріне, қосымша білім беру ұйымдарының, қоғамдық ұйымдардың отбасымен ынтымақтастықта жұмыс істейтін мамандарына арналған.




















© Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2021


 

КІРІСПЕ


ХХІ ғасыр – адамның қарым-қатынасы, мінез-құлқы менталитеті өзгеше мазмұн мен өзгеше тәсілдемені көздейтін білім беруді ізгілендіру ғасыры.

Бүгінгі таңда ғалымдар жаңа гуманистік парадигма жағдайында аксиологиялық (құндылықты) көзқарасты ажыратады. Өзін-өзі анықтау құндылықтары өмірдегі, қоғамдағы өз орнын анықтау, өзінің азаматтық, ұлттық, әлеуметтік және кәсіби мүдделерін іске асыру мүмкіндігі ретінде білім алушының жеке басын дамытудың танымдық, дүниетанымдық және әлеуметтік-мәдени аспектілерінде көрініс табуы керек. Құндылықтар білім беру процесінің барлық қатысушысын біріктіруі тиіс.

Педагогтің міндеті жеке тұлғаның сапалы білім алуын қамтамасыз ету, оның жеке қабілеттерін дамыту; қазақстандық қоғамның мәдени сан алуандығын тануға негізделген білім алушылардың азаматтық өзін-өзі тану, патриотизм сезімін тәрбиелеу; жеке, қоғамдық, рухани өмірде және кәсіби салада құндылық мұраттарын еркін, саналы, жауапты таңдауға қабілетті тұлғаның рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру болып табылады.

Білім алушылардың құндылық бағдарларын қалыптастыру көптеген факторларға байланысты күрделі, ұзақ процесс. Бұл жағдайда білім беру ұйымдарындағы тәрбиенің қазіргі жағдайына тән мазмұны әлеуметтік сұранысқа ие құндылықтар, мінез-құлық тәжірибесінің дәстүрлері тұрғысынан жаңартуға бағытталуы керек. Білім беру ұйымы – мәдениет әлеміммен модельденетін үй. Бұл үйге білім алушылар тек оқуға ғана емес, өмір сүруге, белгілі бір мәдени кеңістікті құруға, оны игеруге келеді.

Тәрбие мазмұнының негізінде жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар құруы тиіс.


 

1 БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТЫ, МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ НЕГІЗІ БАҒЫТТАРЫ

Қазақстан Республикасында Білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында мектепте, мәдениетте, мінез-құлықта және басқалармен қарым-қатынаста көрініс табатын құндылыққа бағдарланған тәсіл көрсетілген.

Құндылықтар білім беру ұйымдарындағы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайында тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері контекстінде оқу-тәрбие қызметінің негізгі бағыттары ретінде айқындалды.

Бүгінгі таңда Қазақстанда балалар мен жастарды тәрбиелеу жүйесін жетілдіру бойынша айтарлықтай жұмыс жүргізіліп жатыр, тәрбие жұмыстары басым бағыт ретінде айқындалды.

Сонымен қатар бірқатар өзекті мәселелерді шешу талап етіледі. Олардың арасында білім алушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша тәрбие жұмысын жетілдірудің маңыздылығына байланысты мәселелер, атап айтқанда:

  • білім алушылардың денсаулығын барлық аспектілерде (адамгершілік, дене, психикалық, әлеуметтік) жүйелі түрде төмендеуі;
  • алкогольді    пайдалану,    темекі     шегу,    жасөспірімдер    арасында нашақорлықтың болуы;
  • суицид жағдайларының көбеюі;
  • ерте жыныстық қатынасқа түсу; ерте ана болу және баланың некеден тыс туылуы;
  • отбасындағы балаларға қатысты зорлық-зомбылық, әлеуметтік жетімдік, балаларды жалғызбасты аналардың ғана емес, жалғызбасты әкелердің тәрбиелеуі және т. б.;
  • оқушылардың оқу сауаттылығының төмендігі;
  • білім алушылардың құқықтық сауаттылығының жеткіліксіздігі өзекті болып қалып отыр.

Бұл көрсеткіштерге әсер ететін факторлардың қатарына отбасы мен мектептегі тәрбиенің жеткіліксіздігі, интернеттегі теріс ақпараттың жаппай таралуы, қазіргі жаһандану дәуіріндегі жастарға көптеген міндеттің артылуы мен проблемалардың болуы жатады.

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранттық қаржыландыру аясында «Бақытты бала» ҚҚ жүргізген әлеуметтік зерттеу заманауи қауіп-қатерлер мен уақыт қойған міндеттерді ескере отырып, өскелең ұрпақтың отбасындағы тәрбиесін қалыптастыруда төмендегідей бірқатар мәселелерді анықтады:

  • қазіргі заманғы отбасы заманауи жаһандық проблемаларға (қаржылық қауіптер, әлеуметтік күйзелістер, әлеуметтік қақтығыстар) бағытталған, бұл отбасындағы баланың дамуына назар аудармайды;
  • ата-аналар мен аға буын туыстарының (әжелер, аталар) балалармен қарым-қатынас жасауына аз уақыт бөлінеді;
  • мәдениетті, отбасы құндылықтарын сіңіру арқылы ұлттық құндылықтарды сақтауға және өзін-өзі анықтауға жеткілікті көңіл

 

бөлінбейді;

  • ата-аналар балалармен бейресми жағдайда (табиғатта серуендеу, театрға, көрмелерге, концерттерге бару және т.б.) аз уақыт өткізеді;
  • білім беру жүйесінде «Отбасы» вакумы пайда болып, отбасылық тәрбие мәселелері бойынша педагогикалық қоғамдастықпен өзара ынтымақтастық процесінде отбасының рөлі әлсіреді.

Жоғарыда аталған мәселелерді шешу мақсатымен тәрбие жұмыстарында құндылыққа бағдарланған тәсілді іске асыру үшін он жобадан тұратын бағдарлама әзірленді:

Бағдарламаның мақсаты мектептердің білім беру ортасын, білім беру процесіндегі барлық қатысушының санасын трансформациялау, білім алушылардың дамуы үшін қолайлы орта құруды қамтамасыз ететін, бұл ретте моральдық және адамгершілік құндылықтарды арттыра отырып, академиялық артықшылыққа ұмтылуды ынталандыратын адамгершілік өмір салтын қалыптастыру болып табылады.

Бағдарламаның міндеттері:

  • білім алушылардың рухани-адамгершілік дамуын қамтамасыз ету;

-балаларды ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды қастерлеуге тәрбиелеу;

  • академиялық үлгерімді арттыру;
  • экологиялық мәдениетті, салауатты және қауіпсіз өмір салты мәдениетін ойдағыдай әлеуметтендіруге және кәсіптік бағдарлауға, қалыптастыруға көмек көрсету.

Бағдарламаның негізгі бағыттары төмендегі аталған жобаларды іске асыру болып табылады:

  1. «Отбасы – орта мектеп»
  2. «Оқуға құштар мектеп»
  3. «Дәстүр мен ғұрып»
  4. «Құқықтық сана – қауымға пана»
  5. «Еңбек – елдің мұраты»
  6. «Үнем – қоғам қуаты»
  7. «Экологиялық мәдениетті ерте жастан бастап қалыптастыру»
  8. «Қоғамға қызмет»
  9. «Психологиялық қызметті және мектептегі татуласу қызметтерін ұйымдастыру»
  10. «Мектеп өмірінің бір күні»

Осы жобаларды іске асыру білім алушылардың тәрбиелік, өмірлік кеңістігінің әлеуетін кеңейтуге, жеке тұлғаның өзекті қажеттіліктері мен қабілеттерін іске асыруға мүмкіндік береді.

Бағдарламаны білім беру ұйымы білім алушылардың отбасыларымен, басқа да әлеуметтендіру объектілері – білім беру ұйымының әлеуметтік серіктестерімен өзара тұрақты байланыста және тығыз ынтымақтастықта іске асырады.


 

«ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП» ЖОБАСЫ КІРІСПЕ

Қазіргі кездегі шындық қоғамның оқу мәдениеті мен оқу сауаттылығының дағдарысын көрсетіп отыр. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қарқынды дамуы жағдайында қазіргі қоғамның үнемі оқитын бөлігінің үлесі айтарлықтай төмендеді. Бұл проблема интернационалдық сипатқа ие болуда.

Мектеп оқушыларының оқу сауаттылығы сараланған халықаралық оқушылардың білім жетістіктерін зерттеу деректерінде балалар оқуының төмендегені немесе дағдарысы туралы айтылады.

Мектептегі оқытудың басты мақсаты – білім алушы тұлғаны қалыптастыру. Адамға рухани әсер ететін ерекше күштің иесі – «кітап» деп аталатын оқу құралы. Бірақ жас ұрпақтың оқуға деген қызығушылығының төмендеуі – қазіргі уақытқа тән белгіге айналуда. Көптеген дамыған елдер, соның ішінде Қазақстан да осы құбылысқа қарсы іс-қимыл жасау мақсатында белсенді түрде шаралар қабылдауда.

Белгілі бір мәдени ортаға мүмкіндігінше тез бейімделе отырып, әлеуметтік қатынастар жүйесінде білім, біліктер және дағдыларға негізделген адамның қабілеті ретінде анықталатын функционалды сауаттылық – білім беру нәтижелерін ұсыну деңгейлерінің бірі болып саналады.

Балалар оқуының әлеуметтанулық зерттеулерінің нәтижелері балалардың есейген сайын кітап оқуды азайту тенденциясы байқалатындығын көрсетеді.

Оқуға деген қызығушылықтың төмендеу себептері: (1) бұқаралық ақпарат құралдарының ықпалының артуы (кітап оқу компьютерде, ұялы телефондарда сағаттап отырумен ауыстырылады); (2) қоғамдық өмірдің күрт өзгеруі (ата-аналары бала тәрбиесіне онша қызығушылық танытпайтын отбасылар санының артуы); (3) бірінші сыныпқа барған балалармен бірге оқу іс-әрекетіне ересек адамның ұстанымының өзгеруі (ересек адамның балаға оқуы күрт қысқарады, осылайша оқудың алғашқы жылдарында әртүрлі кітаптармен жүйелі және толыққанды қарым-қатынас бұзылады); (4) оқушылардың оқу іс-әрекетін мақсатты қалыптастыру жүйесінің болмауы және т. б.

15 жастағы білім алушылардың білім жетістіктерін халықаралық PISA зерттеуі аясында оқушылардың функционалдық құзыреттіліктерін бірегей бағалау өлшемдерінің көмегімен мектептерде оқу сауаттылығын дамыту маңызды болып табылады.

Алайда қазақстандық білім алушылар халықаралық зерттеулердің нәтижелері бойынша оқу сауаттылығы бойынша төмен нәтижелер көрсетіп отыр. Мысалы, PISA-2018-дегі оқу сауаттылығы бойынша Қазақстанның орташа нәтижесі 387 балды құрады, бұл Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше (бұдан әрі – ЭЫДҰ) елдері бойынша орташа көрсеткіштерден айтарлықтай, яғни 487 балға төмен. Қазақстандық білім


 

алушылардың жартысынан астамы оқу сауаттылығының 2-ші ең төменгі деңгейіне жете алмады (64,2%).

Оқуға баулу, оқуға деген қызығушылықты жандандыру, мәдени және жеке құндылық ретінде оқудың беделін арттыру бүгінгі таңда білім беру және мәдени саясаттың жалпыұлттық міндеті болып табылады.

Жаңа ақпараттық қоғамдағы адамға қойылатын талаптар артып келеді. Қазіргі тез өзгеретін әлемде адам өмір бойы оқуға мәжбүр. Негізгі құзыреттерді жетілдіру өздігінен табысты білім алу шарттарының бірі болып табылады. Сонымен бірге, жаңа көзқарастың негізгі буыны әлі де оқу болып табылады, ол мамандардың пікірінше ақпараттық ғасырға апарар жолдың негізі болып саналады.

Оқуға деген қызығушылықтың төмендеуі елдің ұлттық дамуына және оның жаһандық әлемдік экономика мен саясатқа енуіне кедергі келтіретін білімнің, ақпараттың тапшылығына әкелді.

Оқу – тәрбиелеудің, білім берудің және мәдениетті дамытудың негізгі компоненті. Бұл жеке тұлғаны қалыптастыратын және дамытатын іс-әрекет, білім алу және мәдениетті тарату, адамның өмірде жетістікке жету құралы, маманның коммуникативті және кәсіби құзыреттілігін жетілдірудің дәлелі болады. Баланың қиялын дамытудағы, классикалық әдебиет тілін меңгерудегі, сөйлеуді дамытудағы, мәдениеттің жеке моделін құрудағы оқудың рөлі өте зор. Оқу әлеуметтік тәжірибенің үлкен мәдени ресурсы, білім алушының өзіндік тәжірибесін қалыптастырудың тиімді әдісі болып саналады. Білім беру мазмұны – танымдық, дүниетанымдық, адамгершілік, саяси және басқа да мәселелерді шешудің дидактикалық бейімделген әлеуметтік тәжірибесін ұсынады. Оқу білім беру контексіне әртүрлі әлеуметтік-мәдени дереккөздерді кіріктіру арқылы білім берудің мазмұнды дидактикалық әлеуетін кеңейтеді.


 
  • ОҚУ      ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН     АРТТЫРУ      БОЙЫНША ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖӘНЕ ОТАНДЫҚ ТӘЖІРИБЕ


Кітап оқу мәдениетінің маңызды элементі – азаматтық ұстанымды тәрбиелеу. Азаматтық дұрыс ұстанымы қалыптасқан адам – қоғамның белсенді мүшесі ретінде қоғамның кітап оқу ынтасын арттырып, «кітапқұмар қоғам», «ойшыл қоғам» ұғымдарының қалыптасуына әсер етеді. Соңғы жылдардағы белең алған кітап оқуға қызықпау үрдісі – кітаптың қоғамдағы ерекше рөлін, беделін, мәртебесін жоғалтуға әкеп тірейді.

Халық арасында «екінші сауатсыздық» деп аталатын кітапты ежіктеп әрең оқитын, сауатсыз жазатын кітап оқуға ықылас қоймайтын адамдар тобы көбейді. Кітап оқуға енжарлық дағдарысы индустриалды дамыған елдердің барлығында байқалады. Мысалы, бүгінгі таңда АҚШ-та 40-50 миллионға жуық адам, Германияда 3-4 миллиондай адам оқу дағдарысында екен. Ал Франция министрлігінің жұмыс тобы жұргізген талдау деректерінің нәтижесі әлемдегі әдебиетшілер елі болып саналатын Францияның өзінде де еңбекке жарамды халықтың 20%-ға жуығы оқу мен жазуға қиналатынын, яғни әрең оқитын және сауатсыз жазатын адамдар екенін анықтады.

Екінші сауатсыздық құбылысының пайда болуы бірқатар жағымсыз әлеуметтік-экономикалық салдарға әкеледі. Сондықтан, өткен ғасырдың 80- ші жылдарынан бастап бұл мәселеге ерекше назар аударылуда.

Әлемдік тәжірибеде оқу дағдарысының проблемаларын шешу бойынша үлкен тәжірибе жинақталған. Көптеген елдерде кітап оқуға ынталандыру, кітапты бағалауға, ұқыптап ұстауға байланысты әр түрлі іс-шаралар өткізіледі.   Солардың біразынан мысал келтірсек: небәрі 5 миллион халқы бар шағын ғана мемлекет Норвегияда 700-ге жуық балалар кітабы шығарылады екен.

Мемлекет балалардың, ата-аналардың, кітапханалардың, жазушылардың, баспагерлердің, балалардың кітап оқуы жөніндегі және т.б. мамандардың мүдделерін ескере отырып, баланың кітап оқуына әртүрлі тәсілдермен қолдау көрсетеді. Норвег тіліндегі және барлық аударма кітаптар кітапханаға тек мемлекет есебінен түседі. Бұндай саясат жазушыны да, баспаны да қолдайды.

Кітап оқуды енді бастаған балаларға, мүмкіндігі шектеулі балаларға, сондай-ақ Норвегияға жуырда қоныс аударып, тіл үйреніп жүрген балаларға арнап үлкен әріптермен жазылған, әдемі суреттермен безендендірілген және аз көлемді «оңай оқылатын кітаптар» сериясы барлық ірі баспаларда шығарылады. Бұл желісі мен кейіпкерлері бар, сапалы жұқа кітаптар. Балаларды жаңа кітаптармен таныстыру мақсатында көшеде жылжымалы көлік-кітапханалар да жүреді, кітапханашылар жылына бірнеше рет мектепке келеді, сонымен қатар олар міндетті түрде ата-аналар жиналыстарына қатысып, сөз сөйлейді. Бұл кездесулер ата-аналарға балалар әдебиетімен танысуға және балаларға арналған кітапты таңдауға мүмкіндік береді.


 

Норвегия ережесі бойынша әр бала кем дегенде жылына бір рет жазушымен кездесуге құқылы және бұл міндетті түрде орындалады. Жазушыны шақыру және оған тиісті ақы төлеу үшін муниципалитет мектепке бюджеттен қаражат бөледі. Мектептерде норвегиялық заманауи әдебиетті көп оқиды, жазушының мектепке келуіне қарсы емес және сыныптың барлық оқушылары оның шығармасын оқуға тырысады. Жазушы үшін бұл балалармен қарым-қатынас, олардың пікірін білу және қаржы табу тәсілі.

Балалар әдебиетіне арналған норвегиялық және скандинавиялық ірі конференциялар мезгіл-мезгіл өткізіліп тұрады. Оларға кітапханашылар, балалар оқуы бойынша мамандар, журналистер, жазушылар қатысады. Жазушылар жергілікті мектептерде сөйлейді, ал конференция барысында қала халқы балалар әдебиеті туралы барлық ақпаратты алу мүмкіндігіне ие болады. Қыркүйек айында Ослода екі жарым күн бойы қаланың барлық орталық алаңдарында балалар кітабының фестивалі өтеді. Ата-аналарға арналған ірі форумдарда олар өз балаларымен оқыған кітап туралы пікір алмасады. Сынға арналған кәсіби ресурстары бар, олардың ең танымалы

«Балалар әдебиетін сынау» деп аталады. Сонымен қатар, кітап туралы жазатын блогерлер саны да көп.

Жас және жасөспірім оқырмандардың дауыс беруіне негізделген бірнеше әдеби марапаттар бар. Мысалы, «Арк» кітап дүкендері желісі балаларға арналған ең жақсы кітап үшін қомақты сыйлық береді, соңғы дауыс беруге 10 000 мектеп оқушысы қатысты және олар Ибен Акерлидің кітабын таңдады. [1].

Өткен ғасырдың 80-90-шы жылдары Францияда Үкімет пен Мәдениет министрлігінің мен басым міндеті кітап оқу мәселесін шешу болды. Бұл салада қуатты ұлттық саясат жүргізілді. Автордың шығарманы жазып, басып шығарған сәтінен бастап оқырмандарға ұсынғанға дейінгі барлық «кітаптың жазылу жолын» ескеретін және осы мәселені шешу саясатын анықтайтын кітап және оқу басқармасы құрылды.

Жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде халыққа кітапханалық қызмет көрсетуде үлкен жетістіктерге қол жеткізілді, яғни кітапханалардың жаңа ғимараттары салынды, көпшілік кітапханалардың жағдайы жақсарды, әдетте кітапханаларға келмейтін тұрғындардың оқуын ұйымдастыру үшін қосымша аумақтар игерілді.

Сонымен қатар мәдениет, әділет, қорғаныс, ауыл шаруашылығы және басқа да министрліктер арасындағы әріптестік келісімдер жемісті дами бастады. Бұл оқу дағдарысын еңсеруде бірыңғай саясат жүргізуге мүмкіндік берді. Бұндай саясат әртүрлі мамандықтардың өкілдері, мысалы, мұғалімдер, әлеуметтік қызметкерлер мен кітапханашылар арасындағы жақындасу мен өзара түсіністікке қол жеткізуге және олардың тығыз ынтымақтастығына ықпал етті.

Францияда оқу саясаты жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен (облыстар, департаменттер, қалалар) күш-жігерді үйлестіру арқылы жүзеге асырылады. Елдің 22 облысының әрқайсысында облыстық мәдениет істері


 

жөніндегі басқарма, оның құрамында кітап және оқу мәселелері жөніндегі кеңесші жұмыс істейді. Жергілікті жерлерде кітап (әдебиет) оқу саласындағы қызметті қолдау үшін Мәдениет министрлігі жергілікті басқару органдарымен мәдени даму туралы келісімдер жасасады. Бұл келісімдер департаменттердің оқуға қатысты жоспарларын жүзеге асыруға немесе «қала

– кітап оқу» жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

«Қала – кітап оқу» ұғымы қаланың барлық күштерін біріктіретін ірі ауқымды жобаны іске асыру арқылы мәселелерді шешуге деген ұмтылысты көрсетеді. Алдымен кәсіпқойлар «оқуды диагностикалауды» жүргізеді, содан кейін олардың ұсыныстарына сәйкес әр түрлі жобалар жүзеге асырылады. Жобалар: кітапхананың жаңа филиалдарын құру, оқуды ұйымдастырудың жаңа аумақтарын дамыту, кітапханаларды, мектептерді, қауымдастықтарды, жеке баспалар мен кітап дүкендерінің өкілдерін кеңінен тарта отырып мәдени іс-шаралар өткізу; кітап мерекелерін, кітап көрмелерін ұйымдастыру және т. б. Соңғы жылдардағы науқандардың бірі – «Оқу үшін күресте жеңіске жетейік» конкурсы. Өткен ғасырдың 89-жылдарынан бастап Францияда кітап оқу мерекесі атап өтіледі және бұл мереке халық арасында өте танымал болып отыр.

«Қырым-2004» ХІ Халықаралық конференциясы аясында өткізілген

«Халықаралық оқу бағдарламалары» семинарында Мәскеудегі Франция Елшілігінің Француз мәдени орталығы кітапханасының директоры Натали Ферье өзінің баяндамасында Франциядағы оқуды дамыту шаралары туралы айтты. Н. Ферье өте әсерлі және қызықты үш мысал келтірді:

  1. Тыңдағысы келетіндерге көшеде кітап оқу. Бұл қозғалыстың бастамашысы – Марк Роже көптеген жылдар бойы елді мекендерге барып, балаларға дауыстап кітап оқиды.
  2. Емханаларда дәрігердің кабинетінің алдында кезек күтіп отырған балаларға арналған кітап оқу. Балалар тек тыңдап қана қоймайды, кітаптағы түрлі-түсті көп суреттерді тамашалайды, бұл олардың кітап оқуға деген ынтасын арттырады.
  3. Париж метросының вагондарында классикалық және заманауи авторлардың шығармаларынан үзінділер жазылған плакаттар ілінген. Уақыттарының белгілі бір бөлігін метрода өткізетін жолаушылар осылайша әдебиетке қосыла алады. Бұл бастама мемлекет тарапынан қаржыландырылады.

Осы іс-шараларды жүзеге асыру жолында бірлесіп жұмыс істеуге кітапханалармен қатар мектептер, емханалар және т. б. мекемелер тартылады. Осылайша, кітапханалардың жаңа міндеті – оқырмандар табу, оқырмандардың алдынан шығу міндеті айқындалған. Франциядағы мұндай кітапхана – «Қабырғадан тыс кітапхана» деп аталады [2].

Америка Құрама Штаттарындағы (бұдан әрі – АҚШ) кітап оқу саласындағы мәселе өткен ғасырдың 80-ші жылдарынан бері назарда болып отыр. АҚШ-тағы оқу дағдарысын еңсеру бойынша жұмыс ұзақ мерзімді және жүйелі сипатқа ие. Кітап оқу саясаты АҚШ Конгресі кітапханасының бөлігі болып табылатын үкіметтік агенттіктің өкілеттіктері бар, сонымен қатар заң


 

негізінде құрылған Кітап Орталығының көмегімен мақсатты түрде жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда Орталықтың бағдарламалары кітап, оқу, кітапхана және сауаттылықтың болашағына бей-жай қарамайтын адамдар құрған жеке салымдар мен үш қоғамдық қор есебінен қаржыландырылады.

Кітап орталығы ұлттық және халықаралық деңгейде кітап, оқу және кітапханаларды насихаттау бойынша «Жас оқырман жылы» (1989), «Бұл туралы көбірек оқыңыз» (1990), «Өмір бойы оқуға деген сүйіспеншілік» (1991), «Оқу жаңа әлемге жол ашады» (1992), «Кітап өмірді өзгертеді» (1993- 1994); «Болашағыңды жаса – оқы!» (1995-1996); «Оқырмандар ұлтын құру» (1997-2000); «Америка тарихын айту» (2001-2003) тәрізді жалпыұлттық тақырыптарды әзірлейді және ұсынады.

Кітап орталығының басты миссиясының ажырамас бөлігі – кітап, оқу және кітапхана тарихы саласындағы зерттеулерге қолдау көрсету болып табылады. Бұл мәселелер бойынша арнайы ғылыми бағдарлама да бар. Конгресс кітапханасында Кітап орталығы «Кітаптарда және олардан тыс жерлерде бар» жобасы аясында жазушылармен кездесулер, кітап әлемінде танымал адамдардың құрметіне көрмелер, іс-шаралар ұйымдастырады.

Аймақтық орталықтар барлық жастағы азаматтар үшін оқу мен сауаттылықтың маңыздылығын көрсететін жобаларды жүзеге асырады. АҚШ ең танымал екі жоба бар, біріншісі – әйгілі жазушылардың тұрғылықты жері мен кітаптары жазылған жерлері белгіленген әдеби карталар құру; екіншісі –

«Әдебиет туралы хаттар» жобасы деп аталатын студенттік эсселердің ұлттық байқауы, оның жеңімпаздары штаттың кітап орталығынан сыйлық алады [3].

Өткен ғасырдың 80-90-жылдарында Ұлыбританияда көпшілік үшін кітап оқу заман талабына сай емес және қызықты емес жұмыс ретінде қабылданды. Кітаптың дәстүрлі бейнесі оқшауланумен, ескірумен байланысты болды. Қазір қоғамдық бастамалар мен мемлекеттік бағдарламалардың дамуы арқасында бұл жағдай түбегейлі өзгерді.

1992 жылы «Кітап оқу және болашақ» конференциясы өтті, бұл кітап оқуды насихаттаудағы ұлы бетбұрыс болып саналады. Бұл конференция алғаш рет кітапханашылар, кітап шығарушылар мен кітап таратушылар, жазушылар, кәсіпкерлер, мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары (бұдан әрі – БАҚ) өкілдерін бір шаңырақтың астына жинады. Конференцияда бүкіл ел аумағында кітап оқуды насихаттау бойынша іс-шаралар жоспары қабылданды. Мысалы, әдеби жобаларды, сонымен қатар кітапханашылар мен баспагерлер арасындағы байланыс ретінде қызмет ететін жарнама агенттігін қолдау үшін гранттық қор құру туралы шешім қабылданды.

Ұлттық сауаттылық Стратегиясының міндеттерінің бірі 2002 жылы Ұлттық Бағдарламада көзделген, оның басты мақсаты 11 жастағы оқушылар арасында сауаттылық деңгейін 80%-ке жеткізу болып табылды.

1997 жылы Білім министрлігі Ұлттық Оқу жылы деп аталатын кітап оқу мен кітапты қолдауға арналған ұлттық науқанның басталғанын жариялады. Ұлттық оқу жылын іске асыру бойынша келесідей міндеттер анықталды:


 
  • кішкентай балалар арасында кітап оқуды насихаттау;
  • балалар мен жасөспірімдер арасында әдеби кітаптар оқуды насихаттау және тұрақты оқуға ынталандыру;
  • отбасылық оқу дәстүрін дамыту; ата-аналар арасында кітап оқуды насихаттау;
  • оқуды қызықты, сәнді және қуаныш сыйлайтын іс-шаралар ретінде ұсыну;
  • оқылған кітапты, әдебиетті, мақаланы талқылауға тарту.

Жоба бойынша үлкен жетістікке жету мақсатында мәдениет және білім министрліктері, кітапханалар, кітап бизнесі, БАҚ, жастар және қайырымдылық ұйымдары, тіпті қоғамдық пікірді қалыптастыруға әсер ететін спорт және шоу-бизнес жұлдыздары тартылды, яғни әртүрлі қауымдастықтар мен құрылымдардың өкілдерімен серіктестікте жүзеге асырылатын салааралық жоба мәртебесіне ие болды.

Ұлттық Оқу жылы аясында мектептерде жүргізілген жұмыс түрлері:

  • «Жазушылар мектепте» – елдің 135 мектебінің 35 000 оқушысымен жыл бойы мектепте жазушылар жұмыс істеді, яғни жазушы нақты бір мектепте жыл бойы мектептің әр түрлі жастағы оқушыларымен жұмыс істеуі тиіс. Мақсаты: оқушылардың бойында әдеби шығармашылыққа және өз шығармашылығын дамыту арқылы кітап оқуға деген сүйіспеншілік тәрбиелеу. Жұмыс формасы – қысқа өлеңдер мен әңгімелер жазудан бастап, пьесалар мен олардың қойылымдарын ұжымдық (бірнеше адам топтасып) жазуға дейін болды. Британдықтар бұл жағдайда таланттарды анықтау міндетін қоймағандығын, дегенмен, көптеген балалар үшін бұл өз қабілеттерін ашуға тамаша мүмкіндік болғандығын айта кету қажет.

Қазіргі кезде Ұлыбританияда оқуға құштарлықты ояту бағытында келесі жұмыстар жүргізіледі:

  • «Барлығы үшін мүмкіндік ашу» бағыты ақпаратқа қол жеткізу барлығына тең болуы тиіс дегенді білдіреді; мектептердегі білім деңгейін арттыру, сондай-ақ «тәуекел тобына» жататын адамдармен (науқастар, қылмыскерлер және т. б.) жұмыс істеу қажет;
  • балаларға кітаптар тегін таратылады (кітаптармен бірге кітап стендтері, бетбелгілер, өлеңдер жазылған парақшалар және т. б. ұсынылады);
  • «Сенімді старт» бағдарламасы халықтың ең кедей топтарына арналған және ұлт денсаулығын жақсартуға және оның білім беру әлеуетін арттыруға бағытталған.
  • жасөспірімдерге арналған арнайы бағдарламалар, сондай-ақ «Жазға арналған оқу» бағдарламасы бар, онда жазға арналған тапсырмалар ойын түрінде ұсынылады, олардың нәтижелері бойынша жеңімпазға сыйлық беріледі [2].

2017 жылы Ресей Федерациясы Президентінің балалық шақтың онжылдығын жариялау туралы Жарлығы шықты және Ресей Федерациясының Үкіметі Ресей Федерациясында балалар мен жасөспірімдер оқуын қолдау бағдарламасының тұжырымдамасын бекітті. Аталған


 

құжаттардың мақсаты – Ресейде балалардың шығармашылық тұрғыдан дамуы, оқитын балалық шақ үшін белсенді орта құру.

«Кітап құмар мектеп» жобасы балалардың кітап оқуға ынтасы төмендеген қазіргі дағдарыстың басты мәселесі – «әлсіз оқу ортасы» мәселесін шешуге бағытталған. Баланың үйінде, тіпті кітапханалардағы балалар әдебиеті қорының сапасыздығы немесе баланың кітапқа қызықпайтын ересектер қауымында өсуі әлсіз оқу ортасын құрайды. Бұл мәселенің шешімі мектептің ата-анамен бірлескен күш-жігерінің арқасында жүзеге асырылады.

Қазіргі заманғы оқушының кітап оқу мәдениеті оқытудың барлық сатыларындағы негізгі білім беру нәтижелерінің бірі болып табылады. Федералды мемлекеттік білім беру стандарты жетістіктерінің бірі – білім беру процесінің барлық субъектілерінің мақсатты оқырмандық даму қажеттілігін түсіну және  мектептің  негізгі білім беру бағдарламасына

«Мағыналық оқылым негіздері және мәтінмен жұмыс» пәнаралық бағдарламасын жүзеге асырумен байланысты бөлімді қосу болып табылады. Алайда, қазіргі педагогикалық практиканың талдауы, әсіресе негізгі мектепке (5 – 9-сыныптар) қатысты осы бағдарламаның институционалдық мәртебесінің болмауы оны жүйелі іске асыруға кедергі болғанын көрсетеді.

«Кітап құмар мектеп» жобасының білім беру стратегиясы жалпыұлттық міндетті шешу үшін заманауи мектептің ресурстарын жандандыруға мүмкіндік беретін аспаптық механизмді – ойлайтын және ынталы оқырмандарды тәрбиелеуді ұсынады.

Сонымен қатар, Ресей Федерациясында ақпараттық қоғамды дамытудың 2017-2030 жылдарға арналған Стратегиясы бекітілген. Стратегияға сәйкес, білімнің ақпараттық кеңістігін қалыптастыру үшін білімге, қазіргі ғылым мен мәдениеттің жетістіктеріне қол жетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған білім беру жобаларын; дәстүрлі ресейлік рухани-адамгершілік құндылықтардың таралуына ықпал ететін ақпараттық ресурстарды танымал ету негізінде қауіпсіз ақпараттық орта қалыптастыруды; білім алмасу тетіктерін жетілдіруді жүзеге асыру қажет. Жалпы білім беру жүйесінде ақпараттық қоғам мен білім қоғамына қажетті – ақпараттық мәдениеттің негізі қаланады.

Қазіргі уақытта Ресейде «ақпараттық мәдениет» термині азаматтарды ақпараттық қоғамдағы өмірге ақпараттық даярлау саласындағы ең сыйымды интегративті тұжырымдама болып табылады. Оның құрамын медиа- ақпараттық сауаттылықты қамтитын және оны ақпараттық дүниетаным мен жеке тұлғаны ынталандыру тәрізді компоненттермен толықтыратын, ең бастысы, адамның ақпараттық дайындығын мәдениет әлеміне (мәдениет, кітапхана, кітап, электронды, экрандық мәдениет) енгізетін құжат десе болады. Бұл әсіресе «цифрлық мектеп» тақырыбына да қатысты.

Ресейлік мектеп оқушыларының ақпараттық мәдениетін қалыптастыру барысында кітап оқуға ерекше мән беріледі. Кез келген ақпаратпен жұмыс істеудің негізі – оқу: ауызша, жазбаша, дәстүрлі және электронды түрде жүреді. Оқу – бұл күрделі интеллектуалды процесс, оқусыз білім алу мүмкін


 

емес. Оқу – тұлғаны қалыптастыру мен дамытудың маңызды факторы болып саналады.

Ресей Федерациясындағы «Кітап оқитын мектеп» жобасының мақсаты: оқушылардың оқу мәдениетінің деңгейін және олардың оқу белсенділігін арттыру; оқушылар, педагогтер, кітапханашылар, ата-аналар арасында кітап оқуды танымал ету үшін жағдай жасау.

Жобаның негізгі идеясы «Кітап оқитын мектеп – табысты мектеп» моделі шеңберінде «мектеп-педагог-бала» желілік өзара іс-қимылды ұйымдастыру арқылы іске асырылатын болады.

Ресейдің жалпы білім беру мекемелерінде жоспарланған өзгерістер:

  • балалар мен жасөспірімдер оқуын ілгерілету бойынша білім беру ортасын (мекеме қабырғасында және одан тыс жерлерде білім беру кеңістігі) ұйымдастыру;
  • барлық педагогтердің сабақ және сабақтан тыс іс-әрекеттерінің өнімді педагогикалық әдістерін, техникалары мен технологияларын штаттық режимде таңдауы және пайдалануы;
  • кеңістікті сабақ және сабақтан тыс аймақтарға бөлу және рәсімдеу (кабинеттер, оқу аймақтары, кітапхана орталықтары және т. б.);
  • мақсатты және психологиялық ыңғайлы әдістер;
  • өнімді-белсенді (жобалық) технологиялар;
  • қызығушылықтың дамуын ынталандыратын әдістер (баланың жеке тәжірибесіне, «өмірден тыс» міндеттеріне бағытталған интерактивті, қол жетімді, ойын, оқудағы белсенділікті арттыру және әлеуметтену);
  • тәуелсіздік пен шығармашылықты көрсетуге мүмкіндік беретін балалардың іс-әрекет тәсілдерін ұйымдастыру.

Жобаны жүзеге асыру барысында Ресейдің білім беру мекемелерінің педагогикалық ұжымы сабақтың білім беру кеңістігін кеңейту технологияларын (сонымен бірге, мәдениет нысандарын пайдалану), бинарлық және кіріктірілген оқыту технологияларын, ынтымақтастық технологияларын, сыни ойлауды дамыту, оқу және жазу, мағыналық оқу дағдыларын қалыптастыру және мәтінмен жұмыс істеу бойынша тәсілдер мен техникаларды, сонымен қатар ақпаратпен жұмыс істеу кезінде білім беру процесінің барлық субъектілерінің қызметінде АКТ-технологияларды пайдаланады.

«Кітап оқитын мектеп» жобасы аясында жүзеге асырылатын іс-шаралар кешені білім алушылар, педагогтар, ата-аналар қауымдастығы деңгейлерінде топтастырылған.

Білім алушылар деңгейіндегі іс-шаралар:

-   мәтінмен жұмыс істеуге және мағыналық оқуға үйрету;

  • ақпаратпен жұмыс істеудің бірыңғай режимін енгізу;

-   оқушыларға арналған әдеби қонақ бөлмесін өткізу;

  • отбасылық жобалар фестивалін өткізу;

-   отбасылық оқырман клубтары;

  • тыныш оқу сағаттарын; 20 минуттық, 5 минуттық «ызыңды» оқу сәттерін өткізу;

 

-   жоба серіктестерін – жергілікті жердің мәдениет объектілерін тарту;

  • конкурстар, көрмелер, викториналар, пәндік онкүндіктер, жобалар, конференциялар, пікірсайыстар, олимпиадалар өткізу.

Педагогтер деңгейіндегі іс-шаралар:

-«Мәтін аумағы: мағыналық оқу білім сапасын арттыру ресурсы ретінде» тақырыбындағы педагогикалық кеңес өткізу;

  • мәтінмен жұмыс істеуді және мағыналық оқуды қалыптастыру мен дамыту бойынша технологияларды зерттеу және енгізу;
  • «Классиканы бірге оқимыз» атты тұрақты жұмыс істейтін семинар өткізу»;

-   педагогтерге арналған әдеби кештер өткізу;

  • «Мен кітапты ашамын. Мен әлемді танимын»; «Кітапханадағы демалыс» жазғы оқулары бағытында мектеп кітапханасы бағдарламаларын әзірлеу;
  • кітап оқуды дамытуға және қолдауға бағытталған федералдық, аймақтық және муниципалдық іс-шараларға қатысу;
  • мағыналық оқуды қалыптастыру үшін стратегиялар мен әдістерді қолдана отырып пәндік әдістемелік бірлестіктердің отырыстарын ұйымдастыру;
  • балалар мен жасөспірімдер оқуларын қолдау бағыты бойынша қызметкерлердің біліктілік деңгейін арттыру;
  • мектептің инновациялық қызметі туралы өзекті ақпараттарды мектептің сайтында орналастыру.

Ата-аналар қауымдастығы деңгейінде:

  • «Кітап оқитын мектеп – табысты мектеп» жобасы тақырыбы бойынша ата-аналар жиналысын өткізу»;
  • ата-аналарға арналған «Ата-аналарға көмек», «Балаға мағыналы оқуды үйренуге қалай көмектесуге болады», «Оқу сауаттылығын қалыптастырудың әдіс-тәсілдері» тақырыптарында оқыту семинар- практикумдарын өткізу;
  • «Оқитын ана – Оқитын отбасы» жобасын жүзеге асыру;
  • ата-аналарға арналған «Менің кітапханамның кітаптары» атты балалар кітаптарының презентациясы.

Кешенді тәсіл білім беру процесін ұйымдастырудың негізгі 5 компонентінің жандандырылуына байланысты жүзеге асырылады. Олар:

Сабақ жүйесі («Барлық пәндер арқылы кітап оқу»). Көпдеңгейлі білім беру ортасы («Еркін оқу кеңістігі»). Сабақтан тыс іс-шаралар («Оқу өзін-өзі тану тәсілі ретінде»).

Ата-аналар қауымдастығы («Заманауи отбасылық оқу дәстүрлері»,

«Оқитын Ана» жобалары»).

Әдістемелік банк («Кітап оқитын уақыт», «Кітап оқу – қазіргі кездің сәні!») [4].

Сонымен, әлемдік тәжірибе көрсеткендей, дамыған елдерде сауаттылық пен оқуды қолдау мемлекеттік және қоғамдық басымдықтардың қатарына кіреді; «оқитын адам» кез келген тарихи өзгерістер кезінде өзгеруге


 

ұшырамайтын құндылық, ал оқитын қоғам демократиялық қоғамның сөзсіз шарты болып қала береді.

Халықаралық тәжірибеде кітап оқуды қорғау және қолдау бойынша Норвегияның, Германияның, Ұлыбританияның, АҚШ-тың түрлі бағдарламаларды жүзеге асыруы бойынша қызықты тәжірибесін ерекше атауға болады, бүгінгі күні бұл елдерде өскелең ұрпақтың кітап оқуын дамыту жағдайы біздің елдегі жағдайға қарағанда әлдеқайда жақсы.

Әлемнің көптеген дамыған елдеріндегідей, Қазақстан да кітап оқуға байланысты жағымсыз құбылыстарға қарсы тұруға тырысады. Бұған кітап оқуға мемлекеттік қолдау көрсету мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім беру және мәдениет саясаты дәлел бола алады.

Қазақстанда 2010-2013 жылдары «Оқитын Қазақстан» бағдарламасы жұмыс істеді, оның мақсаты халықты ұлттың рухани және интеллектуалдық серпілісінің қажетті құралы ретінде оқуға тарту болды.

2007 жылдан бастап жыл сайын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасының және ҚР кітапхана қауымдастығының, Қазақстан оқу қауымдастығының және Қазақстан жастары Конгресінің бастамасы бойынша «Бір ел – бір кітап» акциясы өткізіледі.

Оқу адамзаттың жан-жақты да белсенді болуына ықпал ететінін және жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуындағы маңызды функцияны атқаратынын мойындай отырып, қоғамды дамытудағы басым міндеттердің бірі ретінде оқуды қолдауды қарастыра келе, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы «Бір ел – бір кітап» акциясын жыл сайын жүзеге асыруды ұсынады.

Жобаның мақсаты: оқу мәдениетін дамыту және қолдау, тарихи-мәдени және рухани мұрамызды сақтау, ана тілімізге деген қамқорлық қатынасты дамыту.

Жобаның   міндеттері:   ұлттық   әдебиеттерге   деген   оқырмандардың қызығушылығын                  арттыру    және                қолдау көрсету;   мемлекет                            және          қоғам қайраткерлерін, ғалымдарды, оқу ісіне қатысы бар басқа да мамандарды оқу мәселесіне тарту; ықтимал оқырмандарды тарту; баспагерлер ұйымының қазақстандық авторлар кітабын басып шығаруға деген қызығушылығын арттыру; әлемдік әдеби процеске қазақстандық авторларды да ықпалдастыру.

Жобаның мазмұны: бүкіл елдің бір кітапты бір мерзімде оқып шығуы және талқылауы. Осы кітапқа арнап, түрлі іс-шаралардың өткізілуі. Акцияны өткізуге арналған кітап ауызша сұрау, телефон арқылы сұрау немесе сауалнама жүргізу арқылы оқу орындарындағы, ұйымдардағы, мекемелердегі азаматтардың ұсыныстарын білу жолымен таңдалады [5].

Қазақстандық балалар Ресейде, Украинада, Беларусь Республикасында және Қазақстанда өтіп жатқан «Балаларға Ұлы Отан соғысы туралы оқимыз» халықаралық акциясына қатысты. Бұл акция барысында ұйымдастырушылар балаларға 1941-1945 жылдардағы оқиғаларды сипаттайтын шығармаларды дауыстап оқиды.


 

Білім алушыларды кітап оқуға тартумен қатар, қазіргі кезде ұлттық білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын маңызды сипаттама білім беру сапасы болып табылады. Білім беру сапасын қамтамасыз ету және бақылау міндеттері көптеген елдердің, соның ішінде Қазақстанның білім беру реформаларында басты орын алады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес, Білім және ғылым министрлігі

«Оқуға құштар мектеп» жобасын бекітті. Жоба аясында еліміздің аймақтарында көптеген іс-шаралар жүзеге асырылуда.


Қызылорда облысының тәжірибесінен

Іс-шаралар атауы

Мақсаты

«Кітапқа     құштар     ұрпақ     2021»

жылдық акциясы

Кітап оқу мәдениетін қалыптастыру.

«Бабалар Үні» акциясы

Эпостық жырларды насихаттау

«Оқуға құштар ұлан» акциясы

Ұландарға кітап оқу мәртебесін сіңіру

«Көңілді үзіліс» жобасы

Үзілістерде поэзия оқуды дамыту

«Тәлімгер    уақыты»,    «Жас                     Ұлан күнделігі» жобалары

Жергілікті         ақын-жазушылардың, кітаптарын оқу, насихаттау

Поэтикалық  марафон  –   шағын  алаңда   белгілі бір  ақынның  поэзиясын

бірнеше оқырманның кезектесіп мәнерлеп оқып шығуы

Әдеби аукцион әдеби ойын – ұсынылған сұраққа кімнің жауабы соңғы және

толық болса, сол жеңіске жетеді

Оқырман бенефисі – бір оқырманның құрметіне жасалған іс-шара

Флешбук – дәйексөз, сурет және басқа кітап туралы ақпарат арқылы қызықты

бір кітапқа тұсаукесер өткізу

«Вookсrossing» жобасы – мектеп бойынша қозғалыс, оқып болып басқаға бер. Белгілі бір қызықты кітапты «Вookсrossing» жобасы оқып болған соң, келесі

адаммен алмасу т.б.

Шымкен қаласының тәжірибесінен

Мұғалімдер арасында «20 минуттық кітап оқу» ұйымдастырылуда

«Бірге кітап оқимыз!» акциясы


«Оқырман мұғалімдер» клубы құрылды

«Оқырмандар отбасы» байқауы


«Оқы. Сыйла. Жалғастыр» акциясы


«Бір отбасы – бір кітап» викториналық ойындары

«Отырар» орталық кітапханасына саяхат және т.б.

Жамбыл облысының тәжірибесінен

Облыстық «Ең үздік кітап оқитын мектеп» атты онлайн байқауы төрт

номинация бойынша өткізіледі:

-      «Менің сүйікті кітабым» бейнеролик немесе презентация. Оқырманның өзін-өзі таныстыруы;

  • «Қара өлеңнің құлагері» М.Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына орай ақынның шығармаларын мәнерлеп жатқа оқу;
  • «Сөз маржанын терейік...» (жасырылған мақал-мәтелдерді табу);

 
  • «Ізден, талаптан, оқырман!» тақырыбында «Суретке қарап кітапты тап» ойыны (ұсынылған суреттерден кітаптың атын, авторын, кейіпкерін табу).

Қорытындылай келе, білім алушылардың оқуға қызығушылығын арттыру бойынша келесідей іс-шараларды жүзеге асыруды ұсынамыз:

  • мемлекет тарапынан жыл сайын баспалардан жаңа кітаптар сатып алу және оларды кітапханаларға (қоғамдық, мектеп) тарату;
  • кітапханаларға алынатын кітаптарды іріктейтін арнайы кеңес құру;
  • кеңестің құрамына жазушылар, сыншылар, кітапхана өкілдері, балалар оқуының сарапшыларын қамту;
  • оқуда қиындықтары бар немесе енді оқып бастайтын, Қазақстанға жуырда қоныс аударып, тіл үйреніп жүрген балаларға арналған, әдемі безендендірілген суреттері бар және үлкен әріптермен жазылған аз көлемді

«оңай оқылатын кітаптар» сериясын шығару;

  • әр кітапханаға айналасындағы мектептерді бекіту;
  • балаларды оқуға болатын жаңа кітаптармен таныстыру мақсатында, кітапханашылардың жылына бірнеше рет мектепке келуін және олардың міндетті түрде ата-аналар жиналыстарына қатысып, сөйлеуін ұйымдастыру;
  • жергілікті бюджет қаржыландыратын автобус-кітапханалар ұйымдастыру;
  • балалар кітабы институтын, онда жазушы курстарын, сыншыларға арналған курстар құру;
  • балалар кітабының фестивалін ұйымдастыру және өткізу;
  • тыңдағысы келетіндерге көшеде кітап оқу;
  • емханаларда дәрігердің кабинетінің алдында кезек күтіп отырған балаларға арналған кітап оқу;
  • балалар тек тыңдап қана қоймай, кітаптағы суреттерді тамашалауы үшін, түрлі-түсті суреттері көп, әдемі кітаптар оқу;
  • белгілі бір уақытты автобуста, поезда, метрода өткізетін жолаушылардың әдебиетке қосылуына жағдай жасау үшін автобустарда, поездарда, метрода классикалық және заманауи авторлардың шығармаларынан үзінділер жазылған плакаттар орналастыру.

 
  • ОҚУ     САУАТТЫЛЫҒЫ    БОЙЫНША    ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРГЕ ШОЛУ


ХХІ ғасырдың әлемдік экономикасындағы бәсекелестік экономикалық ортаға бейімделу қажеттілігін тудырған өзгерістер білім беру сапасының проблемаларын ушықтырды, өйткені халықтың «білім беру интеллектісі» мемлекеттің маңызды стратегиялық ресурсы болып саналады.

Қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудің жаңа параметрлерін белгіледі, білім беру мақсаттарын, нәтижелерін, оқытудың дәстүрлі әдістерін, қол жеткізілген нәтижелерді бағалау жүйелерін түбегейлі қайта қарауды талап етті. Білім беру нәтижелерін ұсыну деңгейлерінің бірі тұлғаның білімі, дағдысы және біліктілігі негізінде белгілі бір мәдени ортаға мүмкіндігінше тез бейімделе отырып, әлеуметтік қатынастар жүйесіндегі қабілеті ретінде анықталатын – функционалды сауаттылық болып табылады. «Функционалдық сауаттылық» ұғымы алғаш рет өткен ғасырдың 60-жылдарының соңында Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, Ғылым және Мәдениет жөніндегі Ұйымы United Nations Educational, Scientific and Cultural Organizationс (бұдан әрі – UNESCO) құжаттарында пайда болды және кейінірек зерттеушілердің зерттеу нысанына айналды.

ЮНЕСКО функционалдық сауаттылықты «әлеуметтік өмірдің әртүрлі салаларында қолданылатын, сондай-ақ жеке тұлғаның қоғамға бейімделуіне әсер ететін бағаланатын оқу, жазу және математикалық дағдылары» деп анықтайды. Сондықтан сауаттылық тек оқу мен жаза білуді ғана емес, сонымен қатар тиімді және нәтижелі әлеуметтік қызмет үшін қажетті дағдыларды меңгеруді де көздейді.

«Оқу сауаттылығы» ұғымына – білім алушылардың жазбаша мәтінді ұғына оқу және оған рефлексия жасау, олардың мазмұнын өз мақсаттарына қол жеткізу үшін қолдану, білімдері мен дағдыларын қоғамның белсенді өміріне араласуы үшін дамыту қабілеттілігі деген тұжырымдама, сонымен қатар, оқу сауаттылығын тексеру оқу техникасы немесе мәтіннің мазмұнын нақты түсінуін бағалау емес, оқу барысында меңгерген білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу ептіліктерін бағалауға, оқушыларды әлеуметтенуге және дербестеуге бағыттау, болашақ кәсіби қызметі саласын жауапты таңдауына дайындау деген тұжырымдама беруге болады [6].

Оқу сауаттылығын бағалау үшін көркем әдебиет, ғылыми танымал мәтіндер, ресми құжаттар, қоғамдық маңызды жағдайлар туралы мәліметтер, кестелер, графиктер, диаграммалар мен карталар, яғни әр түрлі форматта берілген материалдар қолданылады. Білім алушылардың осы материалдармен жұмыс істеу дағдыларын алты деңгейге бөлуге болады (1- кесте).


  1. кесте – Білім алушылардың оқу сауаттылығын меңгеру деңгейлері

 

Деңгей

Білім алушылар не істей алулары тиіс?

6 деңгей

Оқу дағдылары 6-деңгейге сәйкес келетін білім алушылар мәнмәтіндік ақпарат мәтінге терең енгізілген және тапсырмамен жанама түрде ғана байланысты болатын ауқымды (ұзын) және абстрактілі (дерексіз) мәтіндерді түсінеді. Олар бірнеше және бір-біріне қарама-қайшы көзқарастарды білдіретін ақпаратты салыстыра, теңестіре және біріктіре алады.

Ол үшін білім алушылардың осы ақпаратты пайдалану әдісін анықтау барысында бірнеше критерийлерді қолдану және ақпараттың қашықтағы бөліктері арқылы логикалық байланыс жасау қабілеттері бар. Олар мәтіндер арасындағы ақпаратты салыстыра және теңестіре, ақпарат көздері туралы қорытынды жасау арқылы мәтінаралық алшақтықтар мен қарама- қайшылықтарды анықтай және жоя алады.

6-деңгейдің міндеттері оқырманнан жан-жақты ойластырылған, бірнеше критерийді қамтитын жоспар құруды талап етеді. Бұл деңгейдің тапсырмалары бір немесе бірнеше күрделі және қарама-қайшы көзқарастарды қамтитын мәтіндерден тұрады. Мақсатты ақпарат мәтінге немесе мәтіндерге терең енетін және қарама-қайшы ақпаратпен жасырылатын мәліметтер түрінде болуы

мүмкін.

5 деңгей

5-деңгейдегі оқырмандар ауқымды (ұзын) мәтіндегі ақпараттың қайсысы маңызды екеніне қорытынды жасай отырып, түсіне алады. Олар мәтіннің кеңейтілген бөліктерін терең түсінуге негізделген себеп-салдарлық немесе басқа да пайымдау формаларын орындай алады. Сонымен қатар, сұрақ пен ақпараттың бір немесе бірнеше үзінділерінің арасындағы байланысты көрсете отырып жанама сұрақтарға жауап бере алады.

Рефлексивті тапсырмалар нақты ақпаратқа сүйене отырып, болжамдар әзірлеуді немесе сыни бағалауды қажет етеді. Оқырмандар мазмұны мен мақсаты арасындағы айырмашылықты анықтай, сонымен қатар мәтінде ұсынылған мәлімдемелердің немесе жалпылаулардың сенімділігіне қатысты қорытындылар жасай алады. Бұл деңгейдің міндеттері оқырманның ақпаратты

салыстыруы және сәйкестендіруі үшін бір мәтіннен екінші мәтінге ауыса отырып, бірнеше көлемді мәтінді өңдеуі қажет болуы мүмкін.

4 деңгей

4-деңгей білім алушылардың бір немесе бірнеше мәтінде берілген кеңейтілген үзінділерді түсіну дағдыларының болуын болжайды. Олар мәтінді тұтастай қарастыра отырып, мәтін бөлігіндегі тіл ерекшеліктерінің мағынасын түсіндіреді. Басқа түсіндіру тапсырмаларында білім алушылар арнайы санаттарды түсіну мен қолдану дағдыларын көрсетеді. Олар бірнеше дереккөздер негізінде болашақтағы жағдайды салыстыра және қорытынды жасай алады.

Білім алушылар алаңдаушылық тудыратын ықтимал факторлар болған жағдайда ақпараттың кіріктірілген бірнеше бөлігін іздей, таба және біріктіре алады. Олар мақсатты ақпараттың өзектілігін бағалау үшін міндет қою негізінде қорытынды жасай алады, бұрынғы (алдыңғы) міндеттердің мәнмәтінін есте сақтауды қажет ететін тапсырмаларды өңдеуді жүзеге асырады.

Сонымен қатар, осы деңгейдегі білім алушылар нақты мәлімдемелермен және адамның тақырып бойынша жалпы көзқарасы немесе тұжырымы арасындағы байланысты бағалай алады. Олар бірнеше мәтіндерде айтылған мәлімдемелерді салыстырып және өз көзқарастарын айта, сонымен қатар негізгі критерийлер негізінде дереккөздердің сенімділігін бағалай алады.

4-деңгейге арналған мәтіндер көлемді немесе күрделі болып келеді, ал олардың мазмұны немесе формасы стандартты болмауы мүмкін.

3 деңгей

3-деңгейдегі оқырмандар нақты мазмұн немесе ұйымдастырушылық


 


кеңестер болмаған кезде бір немесе бірнеше мәтіннің тура мағынасын ұсына, мазмұнды біріктіре алады, негізгі және күрделі тұжырымдар жасайды. Сонымен қатар, ақпарат бір бетте орналастырылған жағдайда мәтіннің негізгі идеясын анықтау үшін, сөздің немесе ұғымның мағынасын не олардың арасындағы байланысты түсіну үшін бірнеше үзінділерді біріктіре алады.

Жанама сұраныстарға сүйене отырып олар қажетті ақпаратты іздей, көрінетін жерде орналастырылмаған және /немесе алаңдатушы факторлардың болуы жағдайында келтірілген мақсатты ақпаратты таба алады. Кейбір жағдайларда бұл деңгейдің оқырмандары бірнеше критерийлер негізінде ақпараттың бірнеше бөліктерінің арасындағы өзара байланысты байқайды.

3-деңгейдің міндеттері оқырман ақпаратты салыстыру, сәйкестендіру немесе санаттау кезінде көптеген ерекшеліктерді ескеруін талап етеді. Қажетті ақпарат көбінесе көрінбейді немесе бәсекелес ақпараттың көп мөлшері болуы

мүмкін.

2 деңгей

2-деңгейдегі оқырмандар шағын мәтіннің үзіндісіндегі негізгі идеяны анықтай алады. Олар бірнеше жартылай жасырын критерийлерді ескере отырып, ақпараттың бір немесе бірнеше фрагменттерін таба алады.

2-деңгейдегі оқырмандар орташа/шағын көлемді мәтіндердегі жалпы мақсат немесе нақты мәліметтерді көрсете алады. Сонымен қатар олар қарапайым визуалды немесе типографиялық ерекшеліктерді де көрсете алады. Қысқа, айқын мәлімдемелер негізінде шағымдарды салыстырады және оларды негіздейтін себептерді бағалай алады. 2-деңгейдегі тапсырмалар мәтіндегі бір функцияға негізделген салыстырулар немесе қарама-қайшылықтарды қамтуы мүмкін. Бұл деңгейдегі типтік рефлексивті тапсырмалар оқырмандардан жеке тәжірибе мен көзқарастарға сүйене отырып, мәтін мен сыртқы білім

арасындағы салыстыруды немесе байланысты талап етеді.

1 деңгей

1-деңгейіндегі оқырмандар сөйлемдердің немесе қысқа үзінділердің тура мағынасын түсіне алады. Бұл деңгейдегі оқырмандар мәтіннің белгілі бір бөлігінде негізгі тақырыпты немесе автордың мақсатын таба алады және ақпараттың бірнеше бөліктері арасында немесе берілген ақпарат пен өз білімдері арасында қарапайым байланыс орнатады. Олар қарапайым кеңестер негізде шағын жиынтықтан тиісті бетті және қысқа мәтіндерден ақпараттың бір немесе бірнеше тәуелсіз үзінділерін таба алады.

Осы деңгейдегі тапсырмалардың көпшілігінде не істеу керек, оны қалай жасау керек және мәтінде/мәтіндерде оқырмандар назарын аударуы керек

екендігі туралы нақты нұсқаулар бар.

Дереккөз: Table I.B1.1, Table I.5.1 в OECD (2019) [1]. PISA 2018 Results (Volume I). Paris: OECD Publishing. doi:https://doi.org/10.1787/5f07


Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын бағауға бағытталған Programme for International Student Assessment (бұдан әрі – PISA), Trends in Mathematics and Science Study (бұдан әрі – TIMSS), Progress in International Reading Literacy Study (бұдан әрі – PIRLS) халықаралық зерттеулері бар.

PISA халықаралық зерттеуі білім алушылардың математика, жаратылыстану-ғылыми және тіл мен әдебиет білім салалары пәндерінен игерген білім жетістіктерін анықтауды, оқу барысында меңгерген білімдері мен біліктерін өмірлік жағдайларда қолдана білу дағдыларын бағалауды көздейді. Негізгі міндеті – білім беру саласындағы әлемдік басымдықтарды сипаттайтын зерттеу құралдарының негізінде объективті өлшеулер арқылы алынған айқын нәтижелерді талдау болып табылады.


 

PISA халықаралық зерттеуі білім алушылардың білім жетістіктерін бағалауды «математикалық сауаттылық», «жаратылыстану-ғылыми сауаттылығы» және «оқу сауаттылығы» деп үш бағытқа бөледі.

Оқу сауаттылығы – жазба мәтіндерді түсіну, өз мақсатына жету үшін оның мазмұнын қолдану, қоғам өміріне белсенді қатысу үшін білімі мен мүмкіншіліктерін дамыту қабілеті.

PISA-ның PIRLS-тен айырмашылығы бұл зерттеуге 15 жасар балалар қатысады.

PISA-2000, PISA-2009 және PISA-2018 зерттеулерінде оқуды бағалау негізгі бағыт болып анықталған. Зерттеу жүргізілген он сегіз жылда мәтін оқудың сапасы айтарлықтай өзгеріске ұшырағаны байқалады. Оның себебі технологиялардың таралуының қарқындылығымен байланысты. Мысалы, PISA оқырмандық сауаттылықты бағалау шеңбері алғаш әзірленген кезде (1997 ж.) интернетті әлем халқының тек 1,7%-і ғана пайдаланды, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының деректері бойынша 2014 жылы олардың саны 40,4%-ке жоғарылады, яғни үш млрд адамды құрады.

PISA-2018 зерттеуінде Қазақстандық білім алушылар оқу сауаттылығы бойынша орта есеппен 387 балл жинады. ЭЫДҰ бойынша орташа нәтижеден Қазақстан 100 балға, сонымен қатар Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (бұдан әрі – ТМД) елдерінен де айтарлықтай артта қалуы байқалады. Атап айтқанда, Қазақстан зерттеудің компьютерлік форматына қатысқан Беларусь Республикасынан 87 балл (474 балл) және Ресейден 92 балл (479 балл) артта қалып отыр. Барлық қатысушы елдер мен аумақтар арасында Қытайдың Пекин, Шанхай, Цзянсу және Чжэцзян тәрізді төрт провинциясының білім алушылары үздік нәтиже (555 балл) көрсетті. Келесі үш орында Сингапур (549 балл), Макао (525 балл), Гонконг (524 балл) тұр [7].

2018 жылғы PISA зерттеуінде мәтін оқудың мәтінмен жұмыс және есептерді шешу процестерін басқару тәрізді екі санат бағаланды. Қазақстандық білім алушылардың нәтижесі (387 балл) PISA-2009 (390 балл) зерттеуінің нәтижесімен салыстырғанда 3 балға төмен болды.

Оқу сауаттылығын бағалау бойынша PISA-2018 зерттеуінің «Сиыр сүті» деп аталатын тапсырмасын қарастырып көрелік [8].


Сиыр сүті

Кіріспені оқыңыз. Келесі бетке өту үшін Әрі қарай бағыттамасын басыңыз.

Кейбір жерлерде, мысалы Америка Құрама Штаттарында, көптеген адамдар сиыр сүтін ішеді.

Америка Құрама Штаттарында кофеханада үш оқушы (Анна, Кристофер және Сэм) отырғанын көз алдыңызға елестетіңіз. Кофехананың қожайыны жуырда есікке: «5- сәуірден кейін біз сиыр сүтін ұсынуды тоқтатамыз. Оның орнына біз майбұршақ алмастырғышын ұсынатын боламыз» деген хабарландыру іліп қойды.

Аннаны, Кристоферді және Сэмді неліктен кофехана сиыр сүтін беруді тоқтатаны қызықтырды, сондықтан Анна өзінің телефонының көмегімен интернеттен сиыр сүті туралы ақпарат іздестіре бастады. Олар іздеуден алынған бірінші нәтижені ашып, оны талқылайды.

Бірінші нәтижені оқу үшін бағыттаманы басыңыз.


 

1-сурет. «Сиыр сүті» 1-бөліміне кіріспе

Бұл бөлімде Америка Құрама Штаттарының үш оқушысы кофеханада бұдан былай сиыр сүті берілмейтінгі туралы хабарландыруға қызығушылықпен назар аударады (1-суретті қараңыз). Мәтіндегі жағдай тұлғаға қатысты жағдай ретінде қарастырылады, себебі мәтінді оқу арқылы үш адам (кофеханадағы оқушылар) жеке қызығушылықтарын қанағаттандырады.

Бұл бөлімнің  мәтіні  екі   веб-беттен  тұрады.   Бірінші   веб-бет   –

«Нарықтағы фермерлік сүт өнімдері» (1-қосымша). Бұл сүт өнімдерін, соның ішінде сиыр сүтін сататын компания. Екінші веб-бет денсаулық сақтау сайтындағы «Сиыр сүтіне «Жоқ» деп айтыңыз» атты мақала (2-қосымша). Құрама, тұтас және негізделген мәтін.

Алдымен, білім алушы «Нарықтағы фермерлік сүт өнімдері» веб-бетті ғана көреді. Ол осы веб-беттің мазмұнына негізделген бірнеше сұраққа жауап беруі қажет. Бұдан кейін жағдай өзгереді де, білім алушы екінші веб-бетке кіреді. Екінші веб-беттегі ақпаратты оқып, білім алушы тек осы веб-беттің мазмұнына қатысты бірқатар сұрақтарға жауап береді. Осыдан кейін білім алушы екі веб-беттегі ақпаратты жалпылауды қажет ететін сұрақтарға жауап беруі тиіс.

PISA-2018 зерттеуінде бұндай модель оқу сауаттылығын бағалау үшін әзірленген және бірнеше жаңа мәтіндік блокқа қолданылған. Бұл модель кездейсоқ таңдалған жоқ. Бұл білім алушыға, алдымен, бір мәтінге қатысты сұрақтарға жауап беру, содан кейін әртүрлі мәтіндердегі ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл мәтін құрылымының маңызды ерекшелігі, өйткені бір мәтінде берілген ақпаратты талдайтын және тіпті бір мәтіннен ақпаратты жинақтай алатын білім алушылар бар, бірақ бірнеше мәтіндегі ақпаратты жалпылау талап етілген кезде қиындықтар туындайды. Мұндай модель осы бөлімнің жеке тапсырмаларын орындау кезінде оқу сауаттылығы дағдыларының деңгейлері әртүрлі білім алушыларға өз шеберліктерін көрсетуге мүмкіндік береді.

«Сиыр сүті» бөлімі күрделілігі орташа тапсырмалар жиынтығы ретінде әзірленген. Бұл екі веб-бет (парақ) бір мәтінмен салыстырғанда бөлім ішінде жұмыс істеу үшін үлкен ақпарат береді. Сонымен қатар, білім алушы екі веб- парақтың арасындағы байланысты ескеруі тиіс, оқушыдан мәтіндердегі ақпарат бір-бірімен келісілген бе, жоқ па, қайшылық бар ма, жоқ па екенін түсінуді талап етеді. Мәтіндегі және жалпы бөлімдегі ақпаратпен өзара әрекеттесу бір мәтінмен жұмыс істеуден гөрі көп күш жұмсауды қажет етеді деп болжанады.


Сиыр сүті

№1 тапсырма

Сиыр сүті

Сұрақ 1/7

Оң       жақтағы             бағанда орналастырылған,

Нарықтағы фермерлік сүт өнімдері (1-қосымша)

«Сүттің тағамдық құндылығы: сансыз артықшылықтар!»

«Нарықтағы      фермерлік      сүт      өнімдері»      сауда маркасының сүт өнімдерінде кальций, ақуыздар, D дәрумені,


 

«Нарықтағы фермерлік сүт өнімдері»            мәтініндегі ақпаратты қолданыңыз. Сұраққа жауап беру үшін қажетті жауап нұсқасын белгілеңіз.


  • Сүтті және сүт өнімдерін қолдану адамды семіртеді.
  • Сүт – бұл қажетті дәрумендер                     мен минералдар көзі.
  • Сүттің құрамында минералдарға қарағанда дәрумендер көп.
  • Сүтті қолдану – остеопороздың негізгі себебі.

В12 дәрумені, рибофлавин, калий тәрізді негізгі қоректік заттар бар. Бұл дәрумендер мен минералдарды «Нарықтағы фермерлік сүт өнімдері» сауда маркасының сүт өнімдерін дұрыс тамақтанудың маңызды құрамдас бөлігі етеді.

«Нарықтағы фермерлік сүт өнімдері» сауда маркасының сүт өнімдерін күнделікті тұтыну денені барлық қажетті дәрумендермен және минералдармен қамтамасыз етудің тамаша тәсілі болып табылады.

«Нарықтағы фермерлік сүт өнімдері» сауда маркасының сүт өнімдерін пайдалану салмақ жоғалтуға ықпал етеді және дененің сау салмағын сақтауға көмектеседі. Сүт сүйектерді нығайтады және олардың тығыздығын арттырады. Ол тіпті жүрек-тамыр жүйесін нығайтады және қатерлі ісік ауруының алдын алуға көмектеседі. Бір стакан сүт дәрумендер мен минералдарға толы және денсаулыққа көп пайда әкеледі.

Медицина ғылымдарының докторы, Ирвайндағы Калифорния университетінің клиникалық педиатрия профессоры Билл Сирс сүттің құрамында көптеген маңызды қоректік заттар бар дейді. Сүт өнімдерін өндірушілердің халықаралық қауымдастығы (IDFA) бұл пікірді қолдайды. Сонымен қатар, халықаралық сүт өндірушілер қауымдастығы (IDFA) денсаулық сақтау саласының көптеген мамандары мен ұйымдары да осы пікірмен келіседі деп болжайды.

Сүт құрамында тоғыз маңызды қоректік заттардың толық жиынтығы бар. Сүт – бұл кальций мен О дәруменінің керемет көзі ғана емес, сонымен қатар оның құрамында А дәрумені, ақуыз және калийдің көп мөлшері бар. Дәрігерлер сүт өнімдерін тұтынуды ұсынады.

Дұрыс тамақтану қауымдастықтары мен ғылыми қауымдастықтар сүт өнімдерінің дұрыс тамақтанудағы рөлін ертеде мойындаған болатын. Бұл пікірді Ұлттық остеопороз институты, АҚШ-тың бас хирургі, Ұлттық денсаулық сақтау институттары, американдық медициналық ассоциацияның ғылыми мәселелер жөніндегі кеңесі және басқа да көптеген денсаулық сақтау ұйымдары қолдайды.

Сүт өнімдерін өндірушілердің халықаралық қауымдастығы, 2007 жылғы 27 қыркүйек.

  1. сурет. «Сиыр сүті» 1-бөлімінің 1-ашық тапсырмасы


Бөлім білім алушыдан Сүт өнімдерін өндірушілердің халықаралық қауымдастығы (IDFA) ұсынған ақпараттың мағынасын анықтауды талап ететін тапсырмадан басталады (2-сурет). Білім алушы қауымдастықтың (IDFA): «Денсаулық сақтау саласының көптеген мамандары және ұйымдары бұл пікірмен келіседі. Сүт құрамында тоғыз маңызды қоректік заттардың толық жиынтығы бар» деген және қауымдастықтың атап шыққан сүт құрамындағы дәрумендері туралы ақпаратты түсінуі тиіс. Білім алушы дұрыс жауап нұсқасын табу үшін, веб-бетте берілген мәтіннің мазмұны аясынан


 

тысқары кетпеуі тиіс, яғни дұрыс жауап (В) «Сүт – бұл қажетті дәрумендер мен минералдар көзі».

Тапсырма номері

1

Оқырмандық дағды

Тура мағынаны анықтау

Жауап формасы

Ұсынылған       төрт        жауаптан        дұрысын        таңдау

(компьютермен тексеріледі)

Болжамды деңгей


Сиыр сүті

№2 тапсырма

 

Сиыр сүті Сұрақ 2/7

Оң жақтағы бағанда орналастырылған, «Нарықтағы фермерлік сүт өнімдері» мәтініндегі ақпаратты қолданыңыз. Сұраққа жауап беру үшін қажетті жауап нұсқасын белгілеңіз.

Мәтіннің негізгі мақсаты қандай?

  • Сүт өнімдері салмақ тастауға ықпал ететіндігін мәлімдеу.
  • «Нарықтағы   фермерлік   сүт   өнімдері»   сауда   маркасының   сүт өнімдерін басқа маркалардың сүт өнімдерімен салыстыру.
  • Адамдарды жүрек ауруымен байланысты қатер туралы хабардар ету.
  • «Нарықтағы фермерлік сүт өнімдері» сауда маркасының өнімдерін пайдалануды қолдау.
  1. сурет. «Сиыр сүті» 1-бөлімінің 2-ашық тапсырмасы


Тапсырма номері

2

Оқырмандық дағды

Мәтіннің мазмұны мен формасын түсіну

Жауап формасы

Ұсынылған       төрт        жауаптан        дұрысын        таңдау

(компьютермен тексеріледі)

Болжамды деңгей

2


Бұл тапсырмада білім алушы ұсынылған мәтіннің (веб-беттің) негізгі мақсатын анықтауы тиіс (3-сурет). Бұл тапсырмада білім алушыдан мәтіннің негізгі идеясын анықтау сұралмайтындығына назар аударыңыздар. Білім алушы веб-беттегі ақпараттың мағынасын түсінуі, содан кейін оның не үшін орналастырылғанын және жазылғанын талдауы, сонымен қатар мәтіннің мазмұны мен формасы туралы ойлануы тиіс.

Дұрыс жауап – (D) «Нарықтағы фермерлік сүт өнімдері» сауда маркасының өнімдерін пайдалануды қолдау».

Сиыр сүті Жағдайды өзгерту


Сиыр сүті

Ақпаратты оқыңыз. Келесі бетке өту үшін Әрі қарай бағыттамасын басыңыз.

Анна, Кристофер және Сэм кофехана қожайынының сиыр сүтін сатпау туралы шешімін талқылап отыр. «Сиыр сүті өте қымбаттап бара жатқан шығар» - дейді Сэм. Кристофер өз телефонына қарап отырып: «Мүмкін, мен де интернеттен сиыр сүті туралы ақпарат іздедім. Мен сендерге жуырдағы мақаланың сілтемесін жіберемін, мүмкін осы

мақала бізге барлығын түсіндірер».


 

 

Анна мен Сэм сілтеме бойынша «Сиыр сүтіне «Жоқ» деңіз» атты мақаланы ашып, оқиды.

Екінші дереккөзді оқу үшін, бағыттаманы басыңыз.

  1. сурет. «Сиыр сүті» 1-бөліміндегі жағдайдың өзгеруі

Тапсырманың бұл бөлігінде білім алушылар ұсынылған жағдайда болған өзгерістермен танысады. Өзгерістердің мәні – үш оқушының бірі (Кристофер) интернеттен сиыр сүті туралы басқа мақала табады және оның сілтемесін достарына береді. Мақала «Сиыр сүтіне «Жоқ» деңіз!» деп аталады. Мақаланың атауының өзі өнім туралы теріс ақпараттың бар екенін көрсетеді.

PISA халықаралық зерттеуінің тапсырмаларын электронды нұсқада орындауды жалғастыру және мәтінді толығымен көру үшін білім алушы айналдыру жолағын пайдалануы тиіс.



 

Сиыр сүті Сұрақ 3/7

Оң жақ бағанда орналастырылған

«Сиыр сүтіне «Жоқ» деңіз!» мәтініндегі ақпаратты қолданыңыз.

Сұраққа жауап беру үшін қажетті жауап нұсқасын белгілеңіз.


 




Гарза


 

Денсаулық туралы мақалалар

«Сиыр сүтіне «Жоқ» деңіз!»


Денсаулық сақтау тілшісі, доктор Р.



Сиыр        сүті         Америка        Құрама


 


Келесі тұжырымдар доктор Гарзаның мақаланы жазу мақсаты бола ала ма?


Әр      тұжырымның     жанындағы

«Иә» немесе «Жоқ» нұсқасын белгілеңіз.


Бұл       тұжырым

мақаланың          жазылу мақсаты бола ала ма?

Иә

Жоқ

Денсаулықтың жалпы  жағдайы   үшін сүт                     өнімдерінің пайдасына             күмән

келтіру



Сиыр         сүтіне

жүргізілген             түрлі зерттеулердің

нәтижелерін талқылау



Сүт     және     сүт

өнімдері          жеткілікті

зерттелмегеніне     назар аудару




 

Штаттарындағы көптеген адамдардың өмірінде үлкен рөл атқарады. Сәбилер сүтті кішкентай бөтелкеден ішеді. Балалар жүгері қауызына сүт қосып жейді. Тіпті ересектер де ара-тұра бір стақан салқын сүт ішіп отырады. Иә, сиыр сүті бүкіл әлемде адамдардың тамақтануында маңызды орын алады. Алайда, американдық танымал жарнамаларда айтылғандай көптеген зерттеулер сиыр сүті

«адам ағзасына ешбір жақсылық әкелмейтін де шығар» деген тұжырымдама шығарады.

АҚШ ауыл шаруашылығы министрлігі, Сүт өнімдері жөніндегі Америка кеңесі, Сүт өнімдері қоғамдастығы және басқа да ұйымдар сүтті пайдалануды насихаттау үшін көп жылдар бойы тынымсыз еңбек етті. Олар ересек адамдарды күніне кем дегенде үш стақан сүт ішуге шақырады. Алайда соңғы он жылда жүргізілген кейбір зерттеулер сүттің сүйектерді нығайту қабілетіне, сондай-ақ сүттің пайдасы туралы басқа да мәлімдемелерге күмән келтірді. Зерттеу нәтижелері сізді таң қалдыруы мүмкін. Сиыр сүтін ішудің әсері туралы ең заманауи және маңызды зерттеулердің бірі 2014 жылдың қазан айында «Британдық медициналық журналда» (British Medical Journal) жарық көрді. Бұл зерттеудің нәтижелері сүтті пайдалану туралы бірқатар қорытынды


 

жасауға мүмкіндік берді. Осы зерттеу аясында Швецияда 100000-нан астам адам 20-30 жыл бойы бақылауда болды. Зерттеушілер сүт ішетін әйелдердің сүйек сынуынан жиі зардап шегетінін анықтады. Сонымен қатар, сүт ішкен ер адамдар да, әйел адамдар да жүрек пен қан тамырлары және рак ауруларына шалдыққыш келеді екен. Бұл таңқаларлық нәтижелер басқа зерттеулердің нәтижелерімен ұқсас болып шыққан.

Жауапты медицина бойынша дәрігерлер комитеті (PCRM-the Physicians Committee for Responsible Medicine) сүтті тұтынумен байланысты денсаулық мәселелері туралы өз пікірін білдірді. Олар сүт және сүт өнімдері

«сүйекке не аз ғана пайда әкеледі, не мүлдем пайдасы жоқ» деп пайымдайды. Жауапты медицина бойынша дәрігерлер комитеті (PCRM) сүтті пайдалануға байланысты нақты мәселелерді «Сүт өнімдеріндегі сүт протеиндері, сүт қанты, майлар мен қаныққан майлар балаларға қауіп төндіреді және семіздіктің дамуына, қант диабеті мен жүрек ауруларының пайда болуына ықпал етеді» деп сипаттайды.

Бұл маңызды мәлімдеме. Бұл мәлімдемені растау үшін қосымша зерттеулер қажет. Алайда, сүтті тұтыну біздің ағзамызға бұрын айтылғандарға қарағанда, онша пайдалы емес екендігі туралы көп дәлелдер бар. Егер бұл мәлімдемелер сөзсіз фактілерге айналса, онда сиыр сүтіне «жоқ» деп айтатын уақыт келуі мүмкін.

  1. сурет. «Сиыр сүті» 1-бөлімінің 3-ашық тапсырмасы


Сиыр сүті

№3 тапсырма

Бұл тапсырмада білім алушы әр сұрақтың жанындағы «иә» немесе

«жоқ» жауабын таңдап, кестені толтыруы керек. Ол автордың (доктор Гарзаның) осы мақаланы қандай мақсатта жазғанын анықтауы керек. Алдымен мақаланың жалпы мағынасын түсіну, мәтіннің мазмұны мен формасын талдау маңызды. Содан кейін білім алушы кестедегі қандай мәлімдемелер доктор Гарзаны бұл мақаланы жазуға итермелеген мақсатқа, жоспарға сәйкес келетінін бағалауы тиіс. Осы тапсырма бойынша ұпай алу үшін барлық үш мәлімдеменің тұсына қажетті жауапты дұрыс белгілеу керек.

Дұрыс жауаптар (жоғарыдан төменге): Иә, Иә, Жоқ.

Тапсырма номері

3

Оқырмандық дағды

Мәтіннің мазмұны мен формасын түсіну

Жауап формасы

Күрделі бірнеше таңдауы бар (компьютермен тексеріледі)

Болжамды деңгей

3


 

Сиыр сүті

№4 тапсырма

 

Сиыр сүті Сұрақ 4/7

Оң жақ бағанда орналастырылған «Сиыр сүтіне «Жоқ» деңіз!» мәтініндегі ақпаратты қолданыңыз.

Сұраққа жауап беру үшін қажетті нұсқаны белгілеңіз.

Доктор Гарза зерттеудің «оқырмандарды таң қалдыруы» мүмкін нәтижелерін сипаттайды Олардың біреуін көрсетіңіз.

  1. сурет. «Сиыр сүті» 1-бөлімінің 4-ашық тапсырмасы


Бұл тапсырмада (6-сурет) білім алушылар доктор Гарзаның мақаласында сиыр сүтінің адамға әсерін зерттеу нәтижелері туралы қай жерде айтылатынын тауып, осы нәтижелердің біріне мысал келтіруі керек. Тапсырмада мақаладан алынған ақпараттың тура мағынасын ұсыну, яғни мәтіннен зерттеу нәтижелерінің біреуін тауып, оны жазып алу керек. Ашық тапсырмалар нұсқаулығында тек екі нәтиже болды, олар дұрыс жауап ретінде есептелді, өйткені мәтіннің өзінде тек екі тәуелсіз зерттеу нәтижелері сипатталған.


Тапсырма номері

4

Оқырмандық дағды

Тура мағынаны анықтау

Жауап формасы

Толық жауабы бар тапсырма (эксперттік

тексеру)

Болжамды деңгей

3


Төменде ашық тапсырмаларды бағалау бойынша нұсқаулық берілген. Жауап толығымен қабылданады

  1. код:    Мәтінде    көрсетілген    келесі    зерттеу    нәтижелерінің    бірі келтірілген немесе өзгертіліп берілген.
  2. Сүт   ішетін   әйелдердің   сүйек   сынуынан   жиі   зардап   шегетіні анықталды.
  3. Сүт ішкен ер адамдар да, әйел адамдар да жүрек пен қан тамырлары және рак ауруларына шалдыққыш келеді екен:
  4. Сүт   ішетін   әйелдердің   сүйек   сынуынан   жиі   зардап   шегетіні анықталды.
  5. Сүт ішкен адамдар жүрек пен қан тамырлары және рак ауруларына шалдыққыш келеді.


Сиыр сүті

№5 тапсырма

 

Сиыр сүті Сұрақ 5/7


Қосымша парақтар арасында ауысу арқылы оң жақта орналастырылған екі мәтіннен де ақпаратты пайдаланыңыз.

Сұраққа жауап беру үшін қажетті нұсқаны белгілеңіз.


 


Сүт туралы екі мәтіннің ақпаратын қолдана отырып, төмендегі кестеде келтірілген мәлімдемелер факті ме немесе пікір ме екенін анықтаңыз. Әр мәлімдеме үшін «Факт» немесе «Пікір» дөңгелегін бояңыз

Бұр мәлімдеме факті ме немесе пікір ме?

Факт

Пікір

Сүттің пайдасы туралы жуырдағы зерттреулер таң қалдырады.



Зерттеулер сүтті пайдалану денсаулыққа кері әсер ететінін көрсетті.



Кейбір зерттеулер сүттің сүйекті қатайту қабілетіне күмән келтіреді.



Сүтті және басқа да сүт өнімдерін пайдалану – бұл артық салмақ

тастаудың жақсы тәсілі




  1. сурет. «Сиыр сүті» 1-бөлімінің 5-ашық тапсырмасы


Бұл тапсырмада (7-сурет) білім алушылар екі веб-бетте ұсынылған ақпаратты қорытындылап, кестеде келтірілген мәлімдемелердің қайсысы факт, қайсысы пікір екенін анықтаулары тиіс. Егер білім алушы барлық төрт тұжырымға дұрыс жауап таңдаса, осы тапсырма үшін ең жоғары балл алады. Егер білім алушы төрт тұжырымның үшеуіне дұрыс жауап таңдаса, оның жауабы ішінара дұрыс деп саналады.

Дұрыс жауаптар (жоғарыдан төменге): пікір, факт, факт, пікір.


Тапсырма номері

5

Оқырмандық дағды

Бірнеше дереккөздердің негізінде қорытындылау және

тұжырымдар құрастыру

Жауап формасы

Күрделі бірнеше таңдауы бар (компьютермен тексеріледі)

Болжамды деңгей

5


Сиыр сүті

№6 тапсырма

 

Сиыр сүті Сұрақ 6/7


Қосымша парақтар арасында ауысу арқылы оң жақта орналастырылған екі мәтіннен де ақпаратты пайдаланыңыз.

Сұраққа жауап беру үшін қажетті нұсқаны белгілеңіз.


Бұл екі мәтінде күнделікті тамақтанудағы сүттің ролі туралы авторлардың пікірлері бір- бірінен ерекшеленеді.


Авторлар бір-бірімен қандай негізгі сұрақ бойынша келіспейді?

  • Сүттің денсаулыққа әсері және адамның тамақтануындағы сүттің рөлі.
  • Сүттің құрамындағы дәрумендер мен минералдардың саны.
  • Күнделікті тұтынуға арналған сүт өнімдерінің ең жақсы түрі.

○       Сүтпен байланысты мәселелерде қандай ұйым жетекші сарапшы болып табылады.

  1. сурет. «Сиыр сүті» 1-бөлімінің 6-ашық тапсырмасы

 

Бұл тапсырмада білім алушылардан екі веб-парақта күнделікті тамақтану рационында сүттің рөлі қалай сипатталатынын түсінуі талап етіледі.

Олар авторлардың пікірлері бір-біріне сәйкес келмейтін негізгі мәселені анықтаулары тиіс. Бұл тапсырма қарама-қайшылықтарды анықтау және жоюға бағытталған, бірақ ол PISA-2018 зерттеуінің ашық тапсырмаларының мысалдарында ұсынылған көптеген басқа тапсырмаларға қарағанда жеңіл, өйткені оның тұжырымдамасында қарама-қайшылықтың болуы туралы айтылған.

Мұндай тапсырмалардың күрделілігі білім алушылар алдымен қарама- қайшылықтың бар-жоғын анықтап, содан кейін оны тауып, содан кейін бұл қарама-қайшылықты қалай жоюға болатындығын анықтаған кезде неғұрлым жоғары болады деп саналады.

Бұл тапсырмада дұрыс жауап А – «Сүттің денсаулыққа әсері және адамның тамақтануындағы сүттің рөлі».

Тапсырма номері

6

Оқырмандық дағды

Қарама-қайшылықты табу және жою

Жауап формасы

Ұсынылған       төрт        жауаптан        дұрысын        таңдау

(компьютермен тексеріледі)

Болжамды деңгей

2


Сиыр сүті

№7 тапсырма

Сиыр сүті Сұрақ 7/7


Әр қосымша парақты басу арқылы, оң жақта орналастырылған екі мәтіннің ақпаратын пайдаланыңыз.

Сұраққа жауап беру үшін қажетті нұсқаны белгілеңіз, содан соң түсініктеме жазыңыз.

Анна, Кристофер және Сэм екі мәтінді талқылап отыр.

Кристофер: Кофехананың қожайыны не істеп жатқаны маңызды емес, мен күнде сүт ішуімді жалғастыра беремін. Ол мен үшін шын мәнісінде пайдалы.

Анна: Ал мен – жоқ! Оның мен үшін пайдасы онша болмаса, мен бұрынғыдан гөрі сүтті айтарлықтай аз ішетін боламын.

Сэм: Мен білмеймін. Менің ойымша қорытынды шығармас бұрын, біз көбірек біліп алуымыз керек.

Сіз кіммен келісесіз?

  • Кристофермен.
  • Аннамен.
  • Сэммен.



  1. сурет. «Сиыр сүті» 1-бөлімінің 7-ашық тапсырмасы


Бұл тапсырмада (9-сурет) оқушылар өздері оқыған екі мақаладан сүтті тұтыну туралы пікірлермен танысады. Кристофер сүт ішуді жалғастыра


 

беретінін айтады. Анна тамақтану рационынан сүттің мөлшерін азайту дұрыс болады деп санайды. Сэм байыпты тұжырымдар мен шешімдер қабылдау үшін көбірек ақпарат қажет екеніне сенімді.

Білім алушылар үш пікірдің кез-келгенін таңдай алады, бірақ бұл пікірдің олар үшін неліктен ең сенімді болып көрінетінін түсіндірулері тиіс. Өздерінің түсіндірмелерін ұсынылған екі немесе ең болмағанда бір мәтіннен алынған ақпаратпен дәлелдеулері қажет.

Төменде осы тапсырманы бағалау бойынша нұсқаулық берілген, онда білім алушы үш нұсқаның әрқайсысы үшін өз таңдауын негіздей алатын дәлелдер келтірілген.

Бұл тапсырма негізінен қарама-қайшылықты анықтауға емес, оны жоюға бағытталған. Ұсынылған пікірлердің біреуімен келісе және жауабын дәлелдеу үшін тапсырмадағы мәтіндерді қолдана отырып, білім алушы әр түрлі дереккөздерден алынған ақпараттардың арасындағы қарама- қайшылықтарды шешуді қаншалықты жүзеге асыра алатынын көрсетеді.

Мұғалімдер бұндай тапсырмалар әзірлеген немесе білім алушыларға ұсынған кезде бұл тапсырма ашық типті және оны кодтау күрделі екеніне назар аударулары тиіс.

Тапсырма номері

7

Оқырмандық дағды

Қарама-қайшылықты табу және жою

Жауап формасы

Толық жауабы бар тапсырма (эксперттік

тексеру)

Болжамды деңгей

3

Дереккөз: https://krippo.ru/files/PISA/task.pdf.


PISA-2018 халықаралық зерттеуін ұйымдастырушыларының және тапсырмаларды әзірлеушілердің қорытындысы бойынша бұл тапсырманы бағалау күрделі, алайда зерттеуге енгізіліп отыр, себебі қарама- қайшылықтарды анықтауға және жоюға егжей-тегжейлі жауап бере отырып, тапсырмалардың ерекшеліктерін жақсы суреттейді (Дереккөз: Figure 2.2. в OECD, 2019).

Оқу сауаттылығын бағалау бойынша халықаралық зерттеудің тағы бір түрі – PIRLS жобасы – мектеп оқушыларының қалай оқи алатынын және түсінетінін тексереді. Зерттеуге бастауыш мектепті бітіретін балалар, яғни біздің елдің 4-сынып білім алушылары қатысады. Дәл осы кезде білім алушылардың мәтінді оқу және мәтінмен жұмыс істеу дағдылары жақсы қалыптасады, сонымен қатар негізгі орта және жалпы орта мектепте оқудың базасы болып табылады деп саналады.

PIRLS зерттеуі бес жылда бір рет өткізіледі. PIRLS оқудың екі түрін:

  • оқырмандық әдеби тәжірибе алу үшін оқуды;
  • ақпаратты игеру және пайдалану үшін оқуды бағалайды.

Оқу сауаттылығының жоғарыда аталған екі түрін тексеру үшін білім алушыларға танымал ғылыми (ақпараттық) және көркем шығармалардан екі мәтін беріледі.


 

Оқығаннан кейін балалар әрқайсысы бойынша алдын-ала әзірленген бірнеше сұрақтарға жауап беруі тиіс. Мәтін сұрақтары келесідей төрт дағдыны бағалайды:

  • ақпаратты табу;
  • нәтижелерді тұжырымдау;
  • ақпаратты түсіндіру және қорыту;
  • мәтіннің мазмұнын, тілдік ерекшеліктері мен құрылымын талдау және бағалау.

Әр елдің өзіне тән білім беру жүйесі және мектеп бағдарламасы бар екені белгілі. Сондықтан, мұндай зерттеулерді ұйымдастырушылардың басты міндеті – тапсырмаларды әртүрлі елдердегі нәтижелерді бір-бірімен салыстыруға болатындай етіп жасау болып табылады.

Халықаралық сарапшылар білім алушыларды одан әрі оқытудың табыстылығының негізі бастауыш мектепте қаланады деп пайымдайды. PIRLS зерттеуінің нәтижелері оқушының оқуы мен дамуының табыстылығына әсер ететін факторларға (мектеп пен отбасының білім беру ресурстары, балалардың оқу мәдениетін қалыптастыруға ата-аналардың қатысуы және т.б.) регрессиялық талдау жүргізуге мүмкіндік береді. 2001, 2006 және 2011-жылдары өткен PIRLS зерттеуінде Гонконг (571), Ресей Федерациясы (568), Финляндия (568) және Сингапур (567) сияқты елдер алдыңғы қатарда болды.

Қазақстан бұл жобаға алғаш рет 2016 жылды қатысты және қатысушылар саны 10 256 адамды құрады, оның ішінде 4 925 оқушы, 4- сынып білім алушыларының 4 925 ата-анасы, 234 бастауыш сынып мұғалімі,

172 мектеп директоры. PIRLS зерттеуіне қатысу бастауыш сынып білім алушыларының оқу дағдыларының қалыптасу деңгейі туралы тәуелсіз объективті баға алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, қазақстандық білім берудің ашықтығы мен жетекші білім беру жүйелерінің халықаралық қоғамдастығына кірігуін қамтамасыз етеді.

«Мәтінді оқу және түсіну сапасын зерттеу» бойынша халықаралық PIRLS мониторингтік зерттеуі бастауыш мектеп білім алушыларының мәтінді оқу және түсіну деңгейі мен сапасын салыстырумен қатар, ұлттық білім беру жүйесіндегі айырмашылықтарды анықтайды.

Өзінің құрамына сапалы және сандық бағалауды біріктіретін орындалған жұмыстарды бағалаудың ойластырылған жүйесі PIRLS зерттеуінің ерекшелігі болып табылады.

PIRLS зерттеуі тапсырмаларының орындалуы келесі жолмен бағаланады:

  • ұсынылған төрт нұсқадан жауап таңдау тапсырмалары – 1 балл;
  • оқиғалардың реттілігін анықтауға арналған тапсырмалар – 1 балл;
  • еркін құрастырылған жауабы бар тапсырмалар, тапсырманың күрделілігіне және жауаптың дәлдігі мен толықтығына байланысты – 1-ден 3 баллға дейін;
  • еркін құрастырылатын жауабы бар тапсырмаларды әр тапсырманың орындалуын бағалаудың бір немесе басқа балл қойылатын жалпы тәсілдері

 

мен білім алушылардың жауаптарының нақты мысалдарын қамтитын тапсырмаларды бағалау жөніндегі халықаралық Нұсқаулық ұсынған талаптарға сәйкес сарапшылар тексереді.

PIRLS зерттеуінде оқу сауаттылығының өте жоғары, жоғары, орта, төмен және ең төмен (деңгей төмен деңгейге жетпеген оқырмандарды даярлаудың сипаттамасы ретінде қолданылады), яғни бес деңгейі анықталған және сипатталған. Оқу сауаттылығының белгілі бір деңгейіне жеткен оқырмандардың мәтінді қалай түсінетіні, оқығанын түсіну үшін не істеу керектігін үйренгендері туралы ақпарат жалпы түрде 2-кестеде келтірілген.


  1. кесте – Мәтінді түсінудің әр деңгейіндегі оқу мүмкіндіктерінің сипаттамасы









625

Мәтінді түсінудің өте жоғары деңгейі

Өте жоғары деңгейдегі оқырмандар мәтінді біртұтас қабылдайды, сонымен қатар мәтіннің жеке бірліктерін және олардың өзара байланыстарын

түсінеді; автордың көзқарасы бойынша өздерінің түсіндірмелерін негіздеу үшін мәтінге сүйенеді.

Білім алушылар көркем мәтіндерді оқи отырып:

  • автордың    жалпы    идеяларын    түсіну    үшін    мәтін    бөлшектерін байланыстыра;
  • кейіпкерлердің сезімдерін, уәждерін, мақсаттары мен мінез-құлық ерекшеліктерін түсіну үшін оқиғалар мен әрекеттерді түсіндіре;
  • бүкіл мәтіннің  мазмұндық  және     жанама  элементтеріне  сүйене

отырып, олардың түсіндірмелерін негіздей алады.

Білім алушылар ақпараттық мәтіндерді оқи отырып:

  • мәтіннің әртүрлі бөліктерінен алынған күрделі ақпаратты түсіндіре және мәтіннің барлық хабарламаларына сүйенумен өздерінің түсіндірулерін негіздей;
  • мәтін хабарламасының мағынасын түсіндіру және мәтінде сипатталған хабарламалар тізбегін ретімен құру үшін бүкіл мәтіннен ақпарат бірліктерін байланыстыра;
  • мәтін хабарламаларын түсіну үшін визуалды және ауызша элементтердің мағынасын бағалай және түсіндіре алады.











550

Мәтінді түсінудің жоғары деңгейі

Жоғары деңгейдегі оқырмандар мәтіннің маңызды хабарламаларын түсінеді, мәтінге негізделген өз тұжырымдарын жасай алады, мәтіннің мазмұнын да, формасын да бағалайды, мәтіннің кейбір тілдік ерекшеліктеріне

назар аударады.

Білім алушылар көркем мәтіндерді оқи отырып:

  • мәтіннің әр түрлі бөліктеріңде жасырылған маңызды бөлшектерді таба және анықтай;
  • мәтін оқиғалары, кейіпкерлерінің сезімдері, ниеттері мен әрекеттері арасындағы байланысты түсіндіру үшін тұжырымдар жасай және мәтін арқылы өз тұжырымдарын негіздей;
  • кейіпкерлердің мәтіннің әртүрлі бөліктерінде сипатталған оқиғаларын, әрекеттері мен мінез-құлқын байланыстыра және түсіндіре;
  • мәтін хабарламасын түсіну үшін тарих оқиғаларын және кейіпкерлердің іс-әрекеттерінің маңыздылығын бағалай;
  • тілдік кейбір сипаттамалардың (метафора, екпін, бейне) мағынасын

 


түсіне алады.

Білім алушылар ақпараттық мәтіндерді оқи отырып:

  • тұтас мәтіннің немесе күрделі кестенің ішінен қажетті ақпаратты таба және анықтай;
  • өз  пікірлерін  негіздеу  үшін     мәтіннің  жеке    хабарламаларының логикалық байланыстары туралы қорытынды жасай;
  • мәтін идеялары арасындағы байланысты негіздеу үшін ауызша және визуалды ақпаратты байланыстыра;
  • мәтіннің негізгі идеяларын жалпылау кезінде мазмұны мен формасын

бағалай алады.








475

Мәтінді түсінудің орта деңгейі

Орта деңгейдегі оқырмандар мәтіннен ақпаратты таба алады, оның

негізінде мәтіннің формасы мен тілінің кейбір ерекшеліктерін қолдана отырып қорытынды жасай алады.

Білім алушылар көркем мәтіндерді оқи отырып:

  • нақты түрде сипатталған кейіпкерлердің оқиғаларын, әрекеттері мен сезімдерін оқи;
  • негізгі кейіпкерлердің қасиеттері, сезімдері мен уәждері туралы қорытынды жасай;
  • кейіпкерлердің іс-әрекетінің айқын негіздерін түсіндіре, қарапайым түсініктемелер бере;
  • мәтіннің жеке тілдік және стилистикалық ерекшеліктерін бағалай

алады.

Білім алушылар ақпараттық мәтіндерді оқи отырып:

  • мәтіннен екі-үш ақпарат бірлігін таба және шығара;
  • қажетті      ақпаратты     қамтитын     мәтін      бөлігін      табу     үшін тақырыпшаларды, иллюстрациялар мен ақпаратты қолдана алады.



400

Мәтінді түсінудің төмен деңгейі

Төмен деңгейдегі оқырмандар мәтіннен анық түрде хабарланатын және

оқшаулау жеңіл болатын ақпаратты оқи алады.

Білім алушылар көркем мәтіндерді оқи отырып:

  • мәтіннен нақты сипатталған бөлшекті таба және шығара алады.

Білім алушылар ақпараттық мәтіндерді оқи отырып:

  • мәтіннің басында анық түрде хабарланатын ақпаратты таба және шығара алады.


Оқырманның мәтіннен тауып оқи алатын өмір суретінің толымсыздығы, фрагменттілігі бұл – мәтінді түсінудің жоғары және төмен деңгейі арасындағы негізгі айырмашылық болып табылады. «Мәтінді түсінудің әр деңгейіндегі оқу мүмкіндіктерінің сипаттамасы» кестесіндегі берілген анықтамалардан әр деңгей арасындағы айырмашылық айқын көрінеді, яғни оқырманның оқу сауаттылығы өте жоғары деңгейде болса, ол мәтін бөлшектерін байланыстыра да, мәтіндегі оқиғаларды кейіпкердің ерекшеліктерін ескере отырып түсіндіре де, мәтіннің мазмұнын әңгімелеп қана қоймай, мәтіндегі оқиғалардың неліктен олай болғанын негіздей де алады. Ал төмен деңгейдегі оқырмандар мәтіндегі нақты сипатталған бөлшектерді тауып оқи алады.


 

PIRLS-2016 зерттеуінің «Антарктида: Мұзды құрлық» деп аталатын ғылыми-көпшілік мәтінін және осы мәтінге берілген тапсырмаларға талдау жасап көрелік.

Антарктидамен танысу (суретте материктің картасы берілген). Антарктида дегеніміз не?

Антарктида – планетаның нақ оңтүстігінде орналасқан континент. Егер сен глобустан Антарктиданы таппақ болсаң, онда Антарктиданың глобустың төменгі жағында орналасқанын көресің.

Антарктида Жер бетінің оннан бір бөлігін алады. Ол мұз қабатымен жабылған, оның қалыңдығы кейде 1500 метрге немесе одан да көпке жетеді. Оңтүстік полюс Антарктиканың дәл орталығында орналасқан. Антарктида – біздің планетамыздың ең суық, ең құрғақ, ең биік және аса желді континенті. Антарктидада жыл бойы өмір сүретін адамдар саны өте аз. Ғалымдар арнайы салынған зерттеу станцияларында қысқа ғана уақыт аралығында тұрады. Антарктидада қазан айынан наурыз айы арлағында жаз болады. Бұл уақытта үнемі жарық болады. Қыста, сәуірден қыркүйекке дейін, керісінше: Антарктида алты ай бойы тұрақты қараңғылыққа оранады.

Антарктидадағы ауа райы

Антарктидада тіпті жазда да, сен ойлағаннан әлдеқайда суық! Оңтүстік полюс – Антарктиканың ең суық бөлігі болып табылады. Жаздың ортасы болып саналатын қаңтардағы орташа температура минус 28 градус (–280 C). Минус дегеніміз – судың қату температурасынан (ол 00 С-қа тең) төмен температура. Қыста, сәуірден қыркүйекке дейін Оңтүстік полюсте орташа температура –890 С дейін төмендейді.

Мұндай суық күндері, жаңа ғана қайнаған суды ашық ауада ыдыстан жерге төксе, ол су жердің бетін басып жатқан мұзға жетпестен қатып қалады. Кейде ғалымдар қатып қалмас үшін үлгілерді тоңазытқышта сақтауға мәжбүр болады!

Антарктидадағы пингвиндер

Антарктидада басқа құстарға қарағанда пингвиндер көп.

Пингвиндер ұша алмайды, бірақ қысқа қанаттарын жүзбеқанаттар ретінде пайдаланады. Олар керемет жүзушілер, бірақ құрлықта теңселе басып жүреді немесе қысқа секірулермен қозғалады.

Пингвиндердің бір-біріне жапсарлас орналасқан қауырсындары көп. Қауырсындар өте жылы түбітпен және қалың май қабатымен бірге құстарды суық ауадан, желден және судан қорғайды. Жақсы жылыну үшін пингвиндер топтарға бірігіп, үйеме-жүйеме болып тұрады.

Антарктидадан келген хат

Сара Вебер басқа ғалымдармен бірге Антарктидада жұмыс істейді. Жиеніне жазған хатын оқып, сен оның Антарктидадағы өмірі туралы біле аласың.


Антарктида

Жұма, 9-желтоқсан

 
 
 

 

Қымбатты Даниэл!

Міне, саған жазуға уәде берген хат және фотосурет. Көптеген танымал зерттеушілерден кейін осында болғаныма қалай қуанатынымды елестетіп көр. Мұндағы өмір мен үйренген өмірден мүлдем өзгеше.

Мұнда жаңа азық-түліктер, дүкендер жоқ, сондықтан біз құрғақ, консервіленген немесе мұздатылған тағамдарды жеуге мәжбүрміз (оларды тоңазытқышта сақтаудың қажеті жоқ – жай ғана сыртта қалдыруға болады). Біз асты кішкентай газ плиткаларында пісіреміз, тағам әзірлеу үйге қарағанда көп уақыт алады. Мен кеше қызанақ тұздығы мен консервіленген көкөністер қосылған кеспе, содан кейін десертке – дәмі картонға ұқсайтын кептірілген құлпынай әзірледім.

Мен балғын алма мен апельсинді сағындым – сенің оларды маған жібере алмайтының өкінішті!


Сүйіспеншілікпен, Сара.

Дереккөз: http://window.edu.ru/resource/352/60352/files/Report_PIRLS2006.pdf


Сонымен, бастауыш мектептің соңғы сыныбында оқитын білім алушыларға арналған «Антарктида: Мұзды құрлық» мәтіні «Антарктидамен танысу» және «Антарктидадан келген хат» деп аталатын екі блоктан тұрады. Сонымен қатар «Антарктидамен танысу» блогы «Антарктида дегеніміз не?»,

«Антарктидадағы ауа райы», «Антарктидадағы пингвиндер» деп аталатын шағын-шағын үш тақырыпшаны қамтиды.

«Антарктида: Мұзды континент» мәтінінің сұрақтары:

  1. Антарктиданы глобустың қай бөлігінен табуға болады?



  1. Антарктида   –   Жер   бетіндегі   ең   суық   орын.  Ол   тағы   немен

ерекшеленеді.

А) ең құрғақ және ең бұлтты жер Б) ең ылғалды және ең желді жер В) ең желді және ең құрғақ жер Г) ең бұлтты және ең биік жер.

  1. Антарктиканың қай бөлігі ең суық болып табылады?



  1. Антарктида мақаласында не туралы айтылғанын ойла. Антарктидаға

келген адамдардың көпшілігінің сәуір айынан бастап қыркүйек айына дейін оны неліктен жасамайтындығының екі себебін келтір.

1.




2.

                                                 _                                                              


 

 



  1. Мақалада «жаңа ғана қайнаған суды ашық ауада ыдыстан жерге төксе, ол су жердің бетін басып жатқан мұзға жетпестен қатып қалады» мәлімдемесі не үшін айтылған?

А) Антарктидадағы су қандай ыстық екені туралы айту Б) Антарктидада не ішетінін көрсету

В) Антарктидадағы ғалымдардың жұмысы туралы айту Г) Антарктидада қаншалықты суық екенін көрсету.

  1. Мақалада пингвиндер қанаттарын не үшін пайдаланатыны туралы не айтылған?

А) ұшу үшін Б) жүзу үшін

В) балапандарын жылыту үшін Г) бойын тік ұстап жүру үшін.

  1. Пингвиндердің Антарктидада қатып қалмауына не көмектеседі? Үш мысал келтір.

1.


2.


3.


  1. Сараның хатынан Антарктидадағы тағамдық азық-түлік туралы не

білдің? Екі мысал келтір.

1.


2.


  1. Сенің Антарктидада болғың келер ме еді, сол туралы ойлан. Ол

жақта не үшін болғың келеді немесе болғың келмейтінің туралы түсіндір. Ол үшін «Антарктидамен танысу» және «Антарктидадан келген хат» бөлімдерінде оқығандарыңды пайдалан.



  1. Антарктидағы мұздың қалыңдығы туралы мақаланың қай бөлімде

айтылады?

А) Антарктида дегеніміз не? Б) Антарктидадағы ауа райы

В) Антарктидадағы пингвиндер Г) Антарктидадан келген хат

  1. Бұл мақалада Антарктида туралы мәліметтерді ұсынудың екі түрлі тәсілі келтірілген:
  2. Антарктидамен танысу

 
  • Антарктидадан келген хат

Саған ұсынудың осы әдістерінің қайсысы неғұрлым қызықты болып көрінеді? Неге олай ойлайтыныңды түсіндір.

PIRLS-2016 халықаралық зерттеуінің оқу деңгейін ақпаратты игеру және пайдалану мақсатында тексеретін мәтіндері еліміздің жалпы білім беру ұйымдарының бастауыш білім беру деңгейі үшін айтарлықтай ерекше болып саналады, себебі тапсырма бойынша білім алушылар әр түрлі формада, мысалы, мәтінде, суретте, план-схемада ұсынылған ақпаратты оқулары тиіс. Сонымен қатар әрдайым дерлік мәтіндер тұтас емес, бірнеше фрагменттерден тұратын мәтіндер, мәтіндердің көлемі 430 сөзден 700 сөзге дейінгі көлемді қамтиды. Әр мәтінге 11-ден 15-ке дейінгі тапсырмалар ұсынылған.

Қарастырылып отырған «Антарктида: Мұзды құрлық» мәтіні зерттеу құралының құрамына енетін ақпараттық мәтіндердің ерекшелігі туралы көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ зерттеу мәтіндерінің ішінде құмырсқалармен, есекқұрттармен және жауын құрттарымен жүргізілген эксперименттерді сипаттайтын, 39 түрлі эксперименттің әрқайсысының сипаттамасы барысында эксперимент дайындау үшін не істеу қажет екенін және қандай ретпен орындау қажеттігін таныстыратын мәтіндер де бар.

Біздің оқу бағдарламалары бойынша бұндай тапсырмалар қарастырылмағандығын айта кету қажет.

«Антарктида: Мұзды құрлық» мәтінінің әр тапсырмасы және ақпараттық мәтіндерді түсіну ерекшеліктері туралы ақпарат төмендегі кестеде берілген (3-кесте).


  1. кесте – «Антарктида» мәтініндегі тапсырмаларды орындау туралы ақпарат


Бағаланатын дағдылар тобы

Тапсырманың формасы және ең жоғары мүмкін

балл

Халықаралық шкала бойынша күрделілік

деңгейі

1

Анық         түрде         берілген

ақпаратты табу

Еркін жауап: 1 балл

Төмен

2

Анық         түрде         берілген

ақпаратты табу

4 нұсқадан дұрыс жауап

таңдау: 1 балл

Жоғарырақ

3

Анық         түрде         берілген

ақпаратты табу

Еркін жауап: 1 балл

Орташа

4

Ақпаратты    түсіндіру     және

қорытындылау

Еркін жауап: 2 балл

Төмен

Жоғары

5

Қорытындылар құрастыру

4 нұсқадан дұрыс жауап

таңдау: 1 балл

Орташа

6

Анық         түрде         берілген ақпаратты табу

4 нұсқадан дұрыс жауап таңдау: 1 балл

Төмен

7

Қорытындылар құрастыру

Еркін жауап: 3 балл

Төмен

Орташа

Жоғарырақ

8

Анық         түрде         берілген

Еркін жауап: 2 балл

Төмен


 


ақпаратты табу


Орташа

9

Ақпаратты    түсіндіру     және қорытындылау

Еркін жауап: 2 балл

Төмен

Орташа

10

Мазмұнды,       тілдік       және

құрылымдық ерекшеліктерді талдау және бағалау

4 нұсқадан дұрыс жауап таңдау: 1 балл

Жоғарырақ

11

Мазмұнды,       тілдік       және құрылымдық ерекшеліктерді

талдау және бағалау

Еркін жауап: 1 балл

Жоғарырақ

Дереккөз: http://window.edu.ru/resource/352/60352/files/Report_PIRLS2006.pdf


Мысалы, №3 сұрақ. Антарктиканың қай бөлігі ең суық болып табылады? Жауабы: Антарктиданың ең суық бөлігі Оңтүстік полюс болып табылады немесе Антарктиданың орталығы – бұл жауап та дұрыс жауап ретінде қабылданады.

Мәтінде солтүстікте суық, ал оңтүстікте әрдайым жылы күнделікті тұрмыстық көзқарастардың болуы, тұрмыстық көзқарастардың басымдық алуына жол беруі мүмкін, яғни әдеби мәтіндерді талдау барысында білім алушылар мәтіннен алған білімінен өзінің күнделікті тәжірибесіне қарай бұрылып кетулері ықтимал.

«Антарктида: Мұзды құрлық» мәтінінің №4 сұрағы оқырманның мәтін құрамындағы ақпаратты түсіну дағдысын, яғни білім алушы мәтіннің хабарламаларынан Антарктиданың табиғи ерекшеліктері туралы қарапайым қорытынды жасай алады деп болжайды.

Максималды балл алу үшін мақалада айтылған: 1) өте суық; 2) тұрақты қараңғылық деген екі себепті де көрсету қажет, сонымен қатар бұл кезде Антарктидада қыс мезгілі деп қарапайым жауап беру жеткіліксіз болып саналады; қатты суық және қыс бойы қараңғы болып тұратынын айту міндетті болып табылады.

Бастауыш сыныпта оқитын оқырмандардың көпшілігі мәтінде берілген екі жауаптың біреуін ғана келтіреді. Сонымен қатар, солтүстік жарты шарда (қоңыржай, шөл, шөлейтті аймақтарда) өмір сүретін балалар үшін Антарктидада сәуір айынан қыркүйек айына дейін қыс болатыны эмоционалдық қатты әсер етуі, сондықтан да негізделген жауап бере алмаулары мүмкін. Сонымен қатар, мысалы: 1. Бұл уақытта өте суық. 2. Бұл кезде Антарктидадағы ауа температурасы –890С тәрізді келтірілген фактілердің әртүрлі немесе бір-бірін қайталайтындығын ажырату қиындық себептерінің бірі болып саналады.

№5 тапсырма. Мақалада «жаңа ғана қайнаған суды ашық ауада ыдыстан жерге төксе, ол су жердің бетін басып жатқан мұзға жетпестен қатып қалады» мәлімдемесі не үшін айтылған?

Бұл тапсырмада білім алушылар мәтінде тікелей айтылмаған, бірақ себебін түсіндіретін мәлімдеме болып табылатын фактіні ажырата алулары тиіс.

№6 тапсырма.


 

Білім алушылар сұраққа жауап беру барысында ұсынылған мәтінге қарамай, «балапандарын жылыту үшін» тәрізді өздерінің көзқарасын пайдаланулары, бұған кітаптардан, журналдардан балапандарын қанаттарының астына алған тауықтардың көптеген суреттері себеп болуы мүмкін.

Сонымен, бұрын алынған білімнің және күнделікті тұрмыста қалыптасқан көзқарастар негізіндегі ақпарат, бұл әрдайым күрделі және динамикалық процесс. Әрине, алдыңғы тәжірибе мәтінді қабылдауға көмектесері сөзсіз. Бірақ ол мәтіндегі ақпаратқа қайшы келсе, ол сол ақпаратты қабылдауға кедергі келтіруі мүмкін. Бұл бастауыш сынып білім алушыларының көпшіліге тән қиындық деп айтуға болады, яғни жас оқырмандар бұндай жағдайда бұрыннан қалыптасқан көзқарастан алшақ кете алмайды және ұсынылған мәтіндегі ақпаратты қолданбай назардан тыс қалдырады [9].

Осыдан шығатын қорытынды:

  • білім алушыларды мәтінге берілген тапсырмаларды түсініп оқуға, нақты қабылдауға;
  • жауап беру немесе жауап жазу барысында тапсырманың барлық құрамдас бөліктерін назардан тыс қалдырмауға;
  • екі мысал келтіруді қажет ететін тапсырманың талабын аяғына дейін орындауға (бір мысал келтірумен шектелмеуге);
  • мысал келтірумен қатар өз пікірін айтуды/жазуды немесе дәлелдеуді талап ететін тапсырмалардың екінші бөлігін ұмытпай орындауға;
  • мәтіннің әр түрлі бөліктерінде (мысалы, мәтіннің басында және аяғында) берілген ақпаратты жинақтап қорытындылауға;
  • жауап   нұсқаларынан   бір   мәлімдемені   таңдап   қана   қоймай,   өз таңдауын дәлелдейтін мысалдар келтіре білуге;
  • ғылыми-көпшілік мәтіндегі ақпаратпен жұмыс істеу барысында қажетті фрагментті мұқият қайталап оқуға үйрету.

Қорытындылай келе, білім алушылардың оқу сауаттылығы деңгейінің қалыптасуына білім алушылардың кітап оқуға деген қызығушылығы, ынтасы; өз оқу жетістіктерін бағалауы; сабақтарда мәтінмен жұмысты ұйымдастыру; білім алушылардың бос уақытында кітап оқуға бөлетін уақыты; білім алушылардың оқу сауаттылығын дамытудағы отбасының рөлі (ата-аналардың білімі; үйдегі кітаптар саны; ата-аналардың оқуға деген көзқарасы; мектепке түскенге дейін оқу дағдыларын қалыптастыру бойынша ата-аналардың балаларымен сабақ оқуы) тәрізді факторлардың әсер ететіндігін айта кету қажет.

Білім алушылардың оқу сауаттылығын қалыптастыру жұмыстарында PISA, PIRLS халықаралық зерттеулерінің тапсырмаларын; аталған зерттеулердің тапсырмалары негізінде Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА әзірленген: «TIMSS және PISA халықаралық зерттеулерге оқушыларды дайындауға арналған есептер жинағы»; «PISA-2015 халықаралық зерттеуге дайындықты әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету» әдістемелік құралдарын қолдануды ұсынамыз.


 

Білім берудегі кітап оқуға үйрету мәселелері әрдайым маңызды болғанымен, оқу сауаттылығын дамыту тапсырмасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім беру стандартын жүзеге асыратын заманауи мектеп үшін жаңа сала болып табылады. Оқу сауаттылығы қазіргі қоғамдағы өмірге дайындық үшін ең маңызды көрсеткіштерінің бірі ретінде қарастырылады. Оқу мәдениеті білім алушылардың нақты және жаратылыстану ғылымдарын, еңбекке үйрету және дене шынықтыру, сондай- ақ басқа да пәндерді табысты оқып білу үшін міндетті ме? Жауабы анық. Әрине, иә. «Оқу мәдениеті – өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі тәрбиелеу дағдыларын қалыптастыру факторы» деген түйін сөз бекер айтылмайды. Оқуды дамытуда әдістемелік әдістерді жүйелі және мақсатты түрде қолданған жағдайда білім алушының дербес оқуын қалыптастыруға үлес қосады.


 

3   «ОҚУҒА  ҚҰШТАР   МЕКТЕП»  ЖОБАСЫН  ІСКЕ   АСЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ

Теледидардың және компьютердің пайда болғанынан бері, ақпарат ағыны бұрын-соңды болмаған күшпен келіп, балалар компьютерді және оның пернетақтасын басуды кітаптың тақырыбын оқудан бұрын меңгеріп бастады. Нәтижесінде әдебиет оқу мультфильм тамашалаумен немесе компьютерде ойын ойнаумен және т.б. алмасты.

Оқуға деген қызығушылықтың болуы немесе болмауы баланың кітапқа деген көзқарасының негізгі факторы және оны бағалау критерийі болып табылады. Кітапқа деген қызығушылық пен сүйіспеншілікті тәрбиелеу, онымен қарым-қатынас жасауға ұмтылу, көркем мәтінді тыңдау және түсіну, көркем мәдениетті дамыту балаларды көркем әдебиетпен таныстырудың негізгі міндеті болып саналады.

Балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын тудыру және арттыру үшін оқылатын әдебиетті таңдаудың әдістемелік қағидаларын ұстану қажет.

Біріншіден, кітап таңдау барысында тәрбиелік мақсаттарды жетекшілікке алу қажет.

Екіншіден, жанрлық және тақырыптық әртүрлілік қажет: проза және өлең; көркем және ғылыми-танымдық әдебиет; бүгінгі және өткен күндер туралы, яғни тарихи кітап; заманауи авторлардың және классик жазушылардың шығармалары; фольклор – ертегілер, жұмбақтар; кітаптар мен журналдар, газеттер, қазақ, орыс және басқа ұлт авторларының шығармалары және аудармалары.

Үшіншіден, қолжетімділік қағидаларын, балалардың жас ерекшеліктерін ескеру қажет. Бастауыш сыныпта Отан, еңбек, адам өмірі, жануарлар мен өсімдіктер сынды балаларға қолжетімді тақырыптарға ертегілер, әңгімелер, өлеңдер ұсынылады. Көлемі бойынша (мағыналы және әдемі көрнекіліктерге, үлкен әріптерге ие) балаларға арналған шағын кітаптар.

Жоғары сыныптарда тарихи повестер мен әңгімелер, автобиографиялық, құжаттық, очерктік әдебиеттер, қызық оқиғалы кітаптар, мәдениет және өнер туралы кітаптар есебінен оқырмандардың дүниетанымын кеңейту.

Балаларға арналған кітаптарды таңдаудың төртінші принципі – жеке қызығушылық принципі, білім алушының кітап таңдаудағы тәуелсіздігі.

Бесiншi қағида: балаларға жоғары көркемдiк қасиеттерiмен ерекшеленетін, түпнұсқалық көркемдік, бейнелі кiтаптарды ұсыну қажет (уақыт сынағынан өткендер).

Осы қағидаларға сүйену, білім алушылардың оқуға деген қызығушылықтарын арттыруға және дүниетанымын кеңейтуге ықпал етеді [10].

Мектепке дейінгі жастағы баланың кітапқа деген қызығушылығын бұзбай оқуға үйретудің жолдарын айтпас бұрын, баланың психологиялық дайындығын қалай білуге болатынын қарастырайық:


 
  • бала сөйлемдермен еркін сөйлейді және айтылғанның мағынасын түсінеді;
  • бала дыбыстарды ажыратады, яғни бұны логопедтер дамыған фонемалық есту деп атайды. Қарапайым сөзбен айтқанда, атаулары арқылы заттарды ажырата алады;
  • бала барлық дыбыстарды айтады және оның сөйлеуінде логопедтік проблемалары жоқ;
  • бала оңға-солға, жоғары-төмен бағыттарын түсінеді (бұл жерде оңға және солға бағыттарын кейде тіпті ересектердің өздері шатастыратынын ескере кету қажет). Кітап оқуға үйрету барысында, баланың мәтін бойынша солдан оңға және жоғарыдан төменге қарай қадағалап отыруы маңызды болып табылады.

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының және отбасының маңызды міндеттерінің бірі – кітап оқуға деген қызығушылықты ояту, дамыту және қолдау. Кітап сөйлеуді игеруге көмектеседі – қоршаған әлемді, табиғатты, заттарды, адами қатынастарды білудің кілті. Ерте жастағы балаларға әдеби мәтіндерді жиі оқу, оның өмірлік бақылауларымен және іс-әрекетінің түрлерімен шебер үйлесуі баланың айналасындағы әлемді түсінуге ықпал етеді, оны сұлулықты түсінуге және сүюге үйретеді.

Балалардың бойында кітап оқуға деген қызығушылықты қалыптастыру тиімдірек болуы үшін келесі педагогикалық шарттарды ескерген жөн:

  • балалардың көркем әдебиетке деген қызығушылығын қалыптастырудың бірізділігін (кезеңділігін) белгілеу;
  • балалардың кітапқа және оны оқуға деген қызығушылығын қалыптастыру жұмыстарын мектепке дейінгі ұйымның және ата-аналардың, отбасының бірлесіп жүргізуі.

Отбасы дегеніміз – әлеуметтік институт. Отбасы мүшелерінің арасындағы сүйіспеншілік, бірін-бірі түсінуі оның негізі болып табылады. Сондықтан, баланың оқу қабілетін дамытудағы отбасының алар орны ерекше болып саналады. Бала өсе келе, бірлескен оқу мәдениеті баланы мәдениет әлеміне жетелеп, кітапқа деген махаббатын оятады, оқырманға тән қасиеттерді меңгертеді. Анасымен, әкесімен, әжесімен, атасымен бірге оқу ересек адам мен баланы жақындата түседі, оқыған шығармаға көзқарасын сезінуге көмектеседі.

Бала бақшаның, мектеп пен отбасының бірлескен еңбегі арқасында ғана баланың кітапты сүюіне қол жеткізуге болады. Кітап оқуды оның мұқабасын тамашалаудан бастау керек. Отбасылық кітапхана таныстармен, жолдастармен кітап алмасуға мүмкіндік береді. Бұл кітап оқуға деген қызығушылықты арттыра түседі [10].

Ата-анасы не тәрбиешісі кітап оқыған кезде тыңдайтын баланы оқырман деп айтуға болады. Алайда, баланың оқырмандық тағдыры негізінен қолына кітап алып жазушы мен тыңдаушының (оқырманның) арасында делдал болатын ересектерге байланысты болады. Баланы кітапқа тарту үшін ересек адам әдебиетті өзі жақсы көруі, оны өнер ретінде ұнатуы, бейнеленген оқиғаларды, сюжеттерді түсінуі, кітап кейіпкерлері түсетін оқиғалар мен


 

жағдайларға шын жүректен араласуы, өз сезімдері мен тәжірибелерін балаларға жеткізе білуі тиіс.

Мектепке дейінгі жас баланы оқырмандық әрекетке тартуға арналған ең белсенді мезгіл деп айтуға болады. Осы кезде бала қоршаған орта туралы алғашқы білім алады, дағдылары, әдеттері мен мінез-құлқы дамиды. Баланың бойында кітапқа деген қызығушылық қалыптасады, жан-жақты оқу іс- әрекетінің негізі қаланады. Мектепке дейінгі жастағы оқырманды қалыптастыру процесі екі кезеңнен тұрады:

  • бала ересектер оқыған шығармалардың тыңдаушысы болған кездегі пассивті кезең;
  • бала кітапқа қызығушылық танытқан кез, яғни ересектерден үнемі оқуды сұрайтын, әріптерді оңай үйренетін, өзі оқи бастайтын белсенді кезең.

Ең бастысы – ересек адам балаға оқуға байланысты қандай да бір жағымды нәрселерді, яғни өзінің оқи немесе басқалардың оқуын тыңдай алатынын, шығармаларды оқып, оның оқиғаларын ойнай алатынын және т. б. көрсете алуы тиіс.

Балалардың бойында оқу дағдыларын қалыптастыру өте күрделі және уақытты қажет ететін процесс. Сондықтан бала бақшада басталған жұмыс жалпы білім беретін мектептің бастауыш сыныптарында жалғасын табуы тиіс.

Оқу – бұл білім берудің, тәрбиелеудің және ақыл-ой, тіл, адамгершілік, мәдени, эстетикалық, ақпараттық тұрғыдан дамытудың қуатты құралы.

Оқуды меңгеру – бұл бала үшін көп уақыт пен күш жұмсауды талап ететін ұзақ та күрделі процесс. Бала шапшаң және мағынасын түсініп оқуды, оқу кезінде ойлануды және кейіпкерлеріне жанашырлық танытуды үйренгенге дейін, бұл процесс оған айтарлықтай қуаныш пен рахат әкеле қоймайды.

Оқу – бұл білімді меңгерудегі ең қажетті жалпы дағды болғандықтан, уақытылы қалыптастырылмаған оқу дағдысы барлық пәндер бойынша сәтті оқуға кедергі келтірері сөзсіз. Кейде мұғалім мен ата-ананың әртүрлі тәсілдермен де баланы оқылғанын түсінуіне үйретулері, сондай-ақ оқуға деген тұрақты қызығушылығын оятулары және тәуелсіз оқуға деген қажеттілікті дамытулары өте қиынға соғады. Ал бұл тәрізді шешілмеген мәселе – мектептегі үлгермеушілікке апаратын тікелей жол деп айтуға болады.

Бүгінгі таңда білім алушылардың кітап оқу құзыреттілігін қалыптастыру өте маңызды міндет болып табылады. Осыған орай, білім алушының әдеби салада қандай құзыреті болуы керек? – деген сұрақ туындайды.

  1. Жалпы мәдени-әдеби құзыреттілік – әдебиетті ұлттық мәдениеттің ажырамас бөлігі ретінде қабылдау.
  2. Әлемдік құндылықтар құзыреттілігі – әдебиетте бейнеленген осы құндылықтарға деген көзқарастарын анықтау және нақтылау мүмкіндігі, құндылықтарды түсіну.

 
  1. Оқырман құзыреттілігі – шығармашылық, «автор-оқырман» диалогына қосыла білуі, кейіпкерлермен толғана білу, көркем туындының тіл ерекшеліктерін түсіну.
  2. Сөйлеу құзіреттілігі – әдеби тіл нормаларын білу; сөйлеу қызметінің негізгі түрлерін меңгеру.
  3. Әртүрлі жанрда әдеби шығармашылық жұмыстар жаза білу қабілеті.

Бастауыш мектептің маңызды міндеттерінің бірі – әр білім алушының бойында толыққанды және мұқият оқу дағдысын қалыптастыру, бұл өмір бойы білім алудың негізі және барлық пәндерді меңгеру мүмкіндігі.

Жалпы білім беретін мектептердің бастауыш білім беру деңгейінде балалардың функционалды сауаттылығының негізі қаланады, сонымен қатар білім алушыларды қазақ алфавитіндегі әріптермен таныстыру; әріптен буын, буыннан сөз, сөзден сөйлем құрап оқуға және жазуға дағдыландыру; дұрыс, мәнерлеп, шапшаң және түсініп оқу дағдысын қалыптастыру және жетілдіру; кітап оқуға қызығушылығын тәрбиелеу; сөздік қорын байыту және белсендендіру, байланыстыра сөйлеу тілін дамыту және басқа да міндеттер жүзеге асырылады.

Әліппеге дейінгі және әліппе кезеңдерінде білім алушылардың оқу әрекетіне деген қызығушылықтарын; дыбыс, буын, сөз, сөйлем туралы алғашқы ұғымдары мен түсініктерін қалыптастыру; ойлау, есте сақтау, елестету, қабылдау қабілеттерін және тұрақты зейінін дамыту мұғалімнің басты міндеттерінің бірі болып табылады. [11].

Мектеп оқушысы, әсіресе бастауыш сынып білім алушысы үшін мәтін, әңгіме, кітап оқу процесі – бұл күрделі, өте қиын процесс. Баланың қабылдау, есте сақтау, ойлау және сөйлеу сияқты маңызды танымдық процестерін дамыту – оқытудағы сәттіліктің іргетасы болып табылады.

Іс-әрекеттің ерекше түрі ретінде, оқу білім алушылардың ақыл-ой, эстетикалық және сөйлеу қабілеттерін дамыту үшін үлкен мүмкіндіктер ұсынады. Оқу дағдыларын дамыту және жетілдіру үшін жүйелі және мақсатты жұмыс қажет. Білім алушылардың бойында оқу дағдысын қалыптастыру, кітаппен жұмыс істеу құзыреттілігін қалыптастыру бастауыш және негізгі орта білім деңгейінің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.

Кітаппен, мәтінмен жұмыс істеу оқытудың ең маңызды әдістерінің бірі болып табылады. Білім алушы өзіне ыңғайлы жылдамдықта және уақыт ұзақтығында мәтіндегі ақпаратты бірнеше рет қайта өңдеу мүмкіндігі – бұл әдістің басты артықшылығы болып саналады. Оқулықтар оқыту, дамыту, тәрбиелеу, ынталандыру, бақылау, түзету тәрізді функцияларды жүзеге асырады. Оқу бағдарламасына сәйкес арнайы әзірленген оқулықтарды қолдану барысында бақылау, түзету, білімді диагностикау, дағды мәселелері тиімді шешіледі.

Қайта қарау, жеке тарауларды оқу, сұрақтарға жауап іздеу, материалды зерттеу, мәтін немесе бүкіл кітаптың нақты үзінділеріне сілтемелер, міндеттерді шешу, бақылау тесттерін орындау, яғни оқулықпен жұмыс істеу күрделі әдісі болып табылады. Халықаралық зерттеулердің нәтижелері мектеп оқушыларының басым бөлігінің оқи отырып, не оқығанын түсіне


 

бермейтіндіктерін көрсетті. Сондықтан, мектеп білім алушыны кітаппен өздігінен жұмыс істеуге дайындауы тиіс.

Осы әдістің тиімділігін анықтайтын факторлардың ішіндегі ең маңыздысы: мәтінді еркін оқу және түсіну мүмкіндігі; зерттелетін материалдағы басты нәрсені ерекшелеу мүмкіндігі; құрылымдық және логикалық схемалар (тірек жазбалар) жазу мүмкіндігі; оқылатын пән бойынша әдебиеттерді таңдау мүмкіндігі. Бұл дағдылар білім алушылардың бойында мектепте болған алғашқы күннен бастап біртіндеп және мақсатты түрде қалыптастырылып бастауы тиіс.

Мұғалімнің басшылығымен сабақта және сабақтан тыс алынған білімді өз бетінше біріктіру және молайту мақсатында үйде оқу кітаппен жұмыс істеудің ең жиі қолданылатын түрлері болып табылады. Білім алушыларды кітаппен жұмыс істеуге дайындау барысында мұғалім бұрын оқылған материалдарды жаңа оқу материалдарымен салыстыру немесе біріктіруі керек екенін көрсетеді. Егер жұмыс сабақта жүргізілсе, онда кітап оқып- үйренудің бүкіл процесі бөлек бөліктерге бөлінеді, оны жүзеге асыру бақыланады. Мәтіннің үзіндісін оқығаннан кейін, мұғалімнің тапсырмасы бойынша түсіну, есте сақтау, салыстыру, талдау және т.б. оқу әрекеттерін жүзеге асырады [10]. Яғни, әр мұғалім қоғам дамуының қазіргі кезеңінде оқыту мазмұнын жаңартуға және өз сабақтарына заманауи технологияларының элементтерін қосуға тырысады. Бұл уақыт талабы.

Балаларды оқыту, тәрбиелеу және дамытудағы кітап оқудың маңыздылығын ескере отырып, сабақтарда және сабақтан тыс уақытта оқу сапасын арттыру жолдарын жетілдіру мақсатында бастауыш сынып мұғалімдері «Жылдам оқуға үйрен» жаттықтыру кешенін әзірлей алады. Бұл құралды оқу дағдысын дамыту және жетілдіру үшін «Әліппе», «Ана тілі»,

«Әдебиеттік оқу», «Қазақ тілі» пәндерінің сабақтарымен қатар, сабақтан тыс уақытта да қолдануға болады.

Бұндай жаттықтыру кешенін әр мұғалім білім алушыларының жас және психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып өздігінен әзірлей алады. Жаттықтыру кешені алфавиттің бір әрпіне немесе әріптер тобына, буындап оқуға арналып құрастырылады. Мысалы:


а

ш

ш

а

ас

са

ал

ла

аз

за


қа

ла

қо

ла

қа

ра

қо

ра


а



на

ма

та

ай

ша

ба



ла


Әр жаттықтыру парағы баланың тілдік аппаратын жүйелі жаттықтыруға, әр түрлі буын құрылымындағы сөздерді тез және дұрыс оқу


 

қабілетін дамытуға, сөйлеу тіліндегі кемістіктерін ерте анықтауға, сондай-ақ толық сөздермен оқу дағдысын дамытуға бағытталған жаттығулардан тұрады.

Оқу техникасы әсіресе 1-сыныпта мұқият бақыланады, алайда бірінші жартыжылдықта оқу жылдамдығы тексерілмейді. Осы кезеңде оқу меңгеру нысаны ретінде әрекет етеді. Екінші жартыжылдықтың соңында бірінші сынып білім алушыларының оқу дағдысының қалыптасу нормасы минутына 25-30 және одан артық сөзді құрайды, сонымен қатар шылау, одағай, еліктеу сөздер, қос сөздер жеке сөз ретінде саналады.

1-сынып білім алушылары:

  • 2-6 сөзден тұратын сөйлемдерді буындық тәсілмен тұтас оқу;
  • 4-8 сөйлемнен тұратын қысқаша мәтіндерді буындық тәсілмен тұтас

 

оқу;


 
  • сөйлем, шағын мәтіндер (3-4 сөйлем) құрастырып жазу;
  • есту, есте сақтау арқылы сөздерді (3-7 сөз) жатқа жазу;
  • жай сөйлемдерді (1-2 сөйлем) жатқа жазу;
  • баспа әріптерімен берілген мәтінді (10-15 сөз) көшіріп жазу;
  • күрделі, айтылуы мен жазылуы әртүрлі сөздерді тыңдау арқылы жазу

 

(8-10 сөз);

  • сөйлемдерді (3-4 сөзден тұратын), шағын мәтіндерді (10-15 сөз) тыңдау арқылы жазу;
  • белгілі бір тақырыпқа сөйлемдер құрастыру және жазу (2-4 сөйлем) жұмыстарын орындай алуы керек [12].

Оқу жылдамдығын тексеру үшін балаға таныс емес мәтінді алдын-ала дайындау қажет. Мәтіндегі сөйлемдер қарапайым және қысқа болуы, сонымен қатар білім алушы алаңдамауы үшін суреттер болмауы тиіс. Баланы жылдам және түсініп оқуға бейімдеу маңызды болып табылады.

Оқу барысында бірінші сынып білім алушысы жолды жоғалтпау үшін мәтінді саусақпен көрсетіп отыруы тиіс. Бала оқи бастаған кезде, егер ол сөз айтуда немесе екпін қоюда қателессе де оны тоқтатпау керек. Оқығаннан кейін мәтінді түсінуін тексеру үшін балаға мәтін бойынша бірнеше сұрақтар қоюға болады. Оқу дағдылары мен негіздері балаларға 1-сыныпта беріледі. Сондықтан, осы кезеңде балалардың мектептегі жетістіктеріне ерекше назар аудару, оларға уақтылы көмек көрсету қажет.

Оқу дәстүрін қалыптастыруда үйде оқудың өзіндік рөлі бар. Оқуға бейім балалар көп жағдайда ата-аналары мен балалары кітапты дауыстап оқуды, бірге талқылау мен қолдау көрсетуді дәстүрге айналдырған отбасынан болып табылады. Осыған байланысты сауат ашу барысында, әр аптада 15-20 минут сыныптан тыс оқу жүзеге асырылады, себебі, аталған кезеңде білім алушылардың бойында балалар кітаптарына деген қызығушылық қалыптасады.

Жеке жұмыс үшін өздігінен кітап оқу гигиенасы нормаларына сәйкес келетін 8-30 бет көлеміндегі стандартты дизайнда таңдап алынады, оның ішінде оқушылар жеке-жеке (өздігінен), мұғалімнің қадағалауымен,


 

шығармашылық немесе ғылыми-шығармашылық еңбектерді 60-тан 400 сөзге дейін оқиды.

Сыныптан тыс оқу сабақтарында ұжымдық жұмыс үшін арнайы форматтағы балалар кітаптары таңдап алынады, мұғалім балаларға 500-ден 1500 сөзге дейін ертегілерді, өлеңдерді, жұмбақтарды оқиды [10].

Әдебиеттің әр сабағы – шығарма авторымен кездесу сәті болып саналады. Бұл кездесу ерекше, есте қалатындай қызықты да пайдалы болуы тиіс. Баланы әріп танып, өздігінен оқуға үйрету жеткіліксіз. Баланы дұрыс, тиімді, пайдалы оқуға үйрету – мұғалім мен ата-ананың басты міндеті, оқығанды түсіну мен қабылдауда жоғары нәтижелерге қол жеткізу – сәттіліктің негізі болып табылады.

Оқу дағдысы мағыналық және техникалық оқу деп аталатын екі жақтан тұрады. Мағыналық жағы оқығанды түсінуді, меңгеруді, есте сақтауды қамтамасыз етеді. Техникалық – оқу тәсілін, оқу шапшаңдығын, қатесіз оқуды, дауыс ырғағын қамтиды.

Мағыналық оқылым – оқырманның мәтіннің мазмұнын және мағынасын түсінуге бағытталған оқу түрі. Мағынасын түсіну үшін мәтінді оқумен қатар, ақпаратты бағалау, мазмұнына пікір беру немесе мазмұнын айтып беру қажет.

Мағыналық оқылым – жалпы орта білім беру бағдарламасын игерудің метапәндік нәтижесі, сонымен қатар әмбебап оқу әрекеті болып табылады. Мағыналық оқудың құрамдас бөліктері барлық әмбебап оқу әрекеттерінің құрылымына кіреді, яғни:

  • тұлғалық оқу іс-әрекеттері – кітап оқу уәждемесі, оқу уәждері, өзіне және мектепке деген көзқарастары;
  • реттеуші оқу іс-әрекеттері – білім алушының оқу міндетін қабылдауы, қызметті еркін реттеуі;
  • танымдық оқу іс-әрекеттері – логикалық және дерексіз ойлау, жедел жад, шығармашылық қиял, зейіннің шоғырлануы, сөздік көлемі;
  • коммуникативті оқу іс-әрекеттері – мұғаліммен және құрдастарымен ынтымақтастықты және кооперациясын (латынша cooperatіo – ынтымақтастық, яғни жеке тұлғалардың ұжымдық кәсіпкерлігі, ұжымда жұмыс істеу білігі) ұйымдастыру және жүзеге асыру, ақпаратты барабар беру, сөйлеудегі пәндік мазмұн мен қызмет жағдайларын көрсету мүмкіндігі [13].

Көркем мәтінді, шығарманы толық игеру оқу мәдениетін меңгеруді қарастырады. «Оқу техникасы», «оқу шапшаңдығы» ұғымдары тыныш, мағыналы оқуды білдіруі керек. Жақсы оқи алмайтын және оқығанының мағынасын тұсінбейтін бала басқа пәндер бойынша әртүрлі тапсырмаларды орындау кезінде үлкен қиындықтарға тап болады.

Оқу іс-әрекетінің қалыптасуы көбінесе мұғалімнің білім алушыны кітаптар әлеміне енгізуге пайдаланатын құралдарды таңдауына байланысты болады. Осыған байланысты білім алушылардың оқу іс-әрекетін қалыптастырудың келесі кезеңдерін атап айтуға болады (4-кесте).


 
  1. кесте – Оқу іс-әрекетінің кезеңдері


Оқу іс-әрекетінің

компоненттері

Кезеңдер

Оқуға дейінгі

Оқу процесіндегі

Оқығаннан кейінгі

Мақсаты

шығармалардың тақырыбын, сипатын, саны мен ерекшелігін болжау

кітапты,            пайда болған суреттер мен көріністерді бағалау негізінде      оқудың

нақты мақсатын қою

мағынаны түсінуге қол жеткізу, барлық пайдалы ақпаратты алу

Оқу       іс-әрекетінің

мазмұнның    сыртқы

- есте сақтау;

- жалпылау;

тәсілдері

көрсеткіштері

-                 суреттерді

- бағалау;


бойынша        болжау

елестету;

- мәнерлеп оқу;


(мәтіндік             және

- талдау;

-       шығармашылық


мәтіндік               емес

- қайта оқу;

тапсырмалар;


ақпарат    құралдары:

-       шығармашылық

-     жаңа     кітаптарға


атауы,

түсіндіру;

үндеу;


тақырыпшалардың

-       көркем       сөзді

-жобалық қызмет


атауы,                  алғы

(сөйлеуді)



сөзі/кіріспе,

қабылдау);



қорытынды,

-     мағыналық     оқу



мазмұны,

(таныстыру,    іріктеп



иллюстрациялар)

оқу)



Оқу қабілеті – білімді сәтті меңгеруге ықпал ететін маңызды дағдылардың бірі болып саналады. Білім берудің бастапқы деңгейінде оқу техникасына көп көңіл бөлінеді. Бұл таңқаларлық құбылыс емес, өйткені дәл осы кезеңде оқу қарқыны қалыптасады [14].

Ғылыми әдебиеттерде «мағыналық оқу стратегиясы» білім алушылар графикалық түрде жасалған мәтіндік ақпаратты қабылдау және оны коммуникативті-танымдық міндетке сәйкес жеке мағыналық көзқарастарды өңдеу үшін қолданатын әдістердің түрі ретінде түсіндіріледі. Мағыналық оқылым өзінің құрамына оқудың мақсаттары мен міндеттерін түсінуді, әртүрлі мәтіндерден ақпаратты табу және алу, көркем, ғылыми-танымал, ресми мәтіндермен жұмыс істеу, мәтіндегі ақпаратты түсіну және дұрыс бағалау мүмкіндігін қамтиды.

Психологтардың көзқарасы бойынша, мәтінді түсінуге бағытталған процесте оқырманның назары мен есте сақтау қабілеті, қиялы мен ойлау қабілеті, эмоциялары мен ерік-жігері, қызығушылықтары мен көзқарастары біріктіріледі. Сондықтан, мәтінмен жұмыс жасау кезінде білім алушының психикалық процестерін белсендіру, мағынасын түсініп оқуға үйретудің негізгі психологиялық міндеттерінің бірі болып табылады.

Күнделікті өмірде бізді қызықтыратын құбылыс немесе оқиға туралы егжей-тегжейлі ақпарат алу біз үшін маңызды, бұл мазмұнды толық түсіну (зерделеп, тұжырымдамалап оқу) арқылы оқуды қажет етеді. Әдетте, осылайша біз көркем әдебиетті (әңгімелер, өлеңдер, ертегілер және т. б.), ғылыми-көпшілік мақалаларды, нұсқаулықтарды, рецепттерді, хаттарды және т. б. оқимыз. Бұл жалпы білім беретін мектептердің негізгі орта және


 

жалпы орта білім беру деңгейлерінде оқырман өзін қызықтыратын үзінділерде тоқтап, оларды қайта оқып, талдай алады, қорытынды жасай алады деп болжайды, сонымен қатар бұл деңгейлерде әдеби шығарма ақын- жазушы шығармашылығының, өмірді эстетика тұрғысынан қабылдаудың нәтижесі ретінде оқытылады. Әдебиетке сөз өнері ретінде қарау мәтінді қабылдау мен түсінуді, автордың поэтикасын дамытуды қамтиды. Сөйлеу мәдениеті, ойлау және қарым-қатынас мәдениеті тәрбиеленеді, эмоционалды елгезектік, қайырымдылық қалыптасады.

Кітап оқу – білім мен рухани құндылықтарды беру мен меңгерудің бір түрі ретінде, тұлғаны тәрбиелеу және білім беру адамның қоғамда табысты болуына және бәсекеге қабілеттілігінің жалпы деңгейіне әсер етеді.

Кітап оқу – адамзат ойлап тапқан ең ғажайып құбылыстардың бірі. Рухани жан дүниеге демеу беріп, адамның адами қасиетін арттыратын да осы кітап. Тәрбиеміздің бастауы ертегі, жыр, дастандарымыз да бүгінгі ұрпаққа кітап болып жетті [10].

Қазіргі әлемде салауатты өмір салтын ұстану, яғни дұрыс тамақтану, зиянды әрекеттерден бас тарту, спортпен шұғылдану немесе жаттығу жасау сәнге айналды. Осыдан, ақыл-ойға қажетті жаттығулар қайда деген сұрақ туындайды?! Өйткені, кез келген адам үшін өзінің ақыл-ойын жаттықтыру, денесін жаттықтыру сияқты маңызды болып табылады. Ақыл-ойды және денені жаттықтыру бірінсіз-бірі үйлесімді дами алмайтындығын да ұмытпаған дұрыс.

Кітап оқу – ақыл-ойды дамытып, табысты және білімді болу үшін қажет екені сөзсіз түсінікті. Бірақ, қазіргі кезде, барлығы дәлелдеме талап ететін жағдайда, мұндай тұжырым жеткіліксіз. Сондықтан, білім алушыларға пән сабақтарында және сынып сағаттарында, ата-аналарға ата-аналар жиналыстарында оқудың қажет екенін дәлелдейтін тұжырымдарды ұсынуға болады, олар:

Оқу шығармашылық ойлауды дамытады. Әр түрлі кітаптарды оқи отырып, адам шығарманың сюжетімен және стилімен танысумен қатар, кейіпкерлердің мекендеген ерекше, өзіндік дара әлемін елестете алады. Жазушы қаншалықты талантты болса да, ол басқа адамның қиялында өзі суреттеген пейзаждар, сәулет өнерінің туындылары немесе кітап кейіпкерлері туралы өз көзқарасын қалыптастыра алмайды. Кез келген адамның қиялы қаншалықты алысқа ұшатыны оның ақыл-ойының жаттығуларына, яғни сол адамның қаншалықты көп оқуына байланысты болады.

Ой өрісті кеңейтеді. Қарым-қатынас жасау қабілеті (тіпті қазіргі әлемде де) маңызды дағдылардың бірі болып қала береді. Себебі, қызықты әңгімелесуші болу – әртүрлі салалардан хабардар болу, өз пікірін дәлелдей білу, кітаптардан мысалдар келтіре білу дегенді білдіреді.

Зияткерлікті дамытады. Бұл оқудың не үшін қажет екенін айқындайтын басты себеп. Ақпаратты тек мектепке арналған оқулықтардан ғана оқымай, басқа да қосымша кітаптардан оқыған дұрыс, себебі оларда ақпарат неғұрлым қызықты және кең көлемде берілуі мүмкін.


 

Бос уақытты ұйымдастыруға көмектеседі. Бос уақытта немен айналысуға болады? Әрине кітап оқу керек, себебі бұл физикалық және рухани демалудың ең оңай және ең қызықты жолы. Сонымен қатар, ол үлкен қаржылық шығындарды, арнайы дайындықты немесе физикалық белсенділікті қажет етпейді. Оның барлық сүйкімділігі қарапайымдылығында.

Денсаулық жағдайының жақсаруына әсер етеді. Дәрігерлер кітап оқу жүрек соғысын бәсеңдетіп, бұлшықеттерді босаңсытатынын дәлелдеген.

Күйзелістің (стрестің) азаюына әсер етеді. Психологтар кітап оқу күйзеліс деңгейін 60% төмендетуге ықпал ететіндігі туралы айтады. Егер адам бұл әдісті басқалармен салыстырса, онда таңқаларлықтай нәтижелерді көреді. Сонымен, кітап оқу күйзеліске қарсы тұруда – музыкадан гөрі 68%, жүруден 100%, компьютерлік ойындарынан 300% тиімді екені дәлелденген.

Эмпатияны дамытады (грек тілінен ἐν + πάθος – «сезім» – өзге адамдардың жан дүниесін түсіну мен жай-күйін ұғыну қабілеттілігі). Басқаларға жанашырлық таныту, олардың көңіл-күйі мен эмоционалды жағдайын түсіну қабілеті көптеген адамдарға туғаннан бастап беріледі, ал кейбіреулер бұл қабілетті өз бетінше дамытулары керек. Осындай жағдайда кітап ең жақсы көмекшіге айналады. Өйткені, шығарманың беттерін аудара отырып, оқырман кейіпкерлерге жанашырлық танытады, олардың сезімдері мен эмоцияларының әлеміне енеді.

Мансапта алға жылжуға әсер етеді. Кітапты көп оқыған және кітап оқығанды жақсы көретін қызметкерлер ғана болашақта көшбасшы бола алады деген пікір бар. Бұл мағынасыз айтылған сөз емес. Өйткені, әдебиет жеке тұлғаның қалыптасуына тікелей әсер етеді, көптеген мысалдарда оқиғалардың даму нұсқаларын көрсетеді. Егер өзінің өмірлік тәжірибесі жеткіліксіз болса, оны әдебиеттен алуына болады.

Сәнді болу ниеті қалыптасады Бүкіл әлемде кітап оқу сәнге айналуда.

Мысалы, Канадада халықтың 61%-і белсенді оқырмандар болып табылады.

Өзін-өзі дамытуға деген ұмтылыс пайда болады. Кітаптар бізді ынталандырады, өз-өзімізді жетілдіруге бағыттайды, біздің ішкі әлемімізді тереңірек білуге, белгісіз әлеуетті ашуға көмектеседі.

Сауаттылықты жетілдіруге әсер етеді. Мұнда бәрі анық: оқу адамның бойында саналы түрде кез келген сөздің қалай жазылатыны туралы ақпарат қалдырады. Кітап оқитын адам жазу кезінде, барлық ережелерді білетін, бірақ кітапты ішінара ғана оқитын адамға қарағанда қателерді аз жібереді.

Дикцияны жақсартады. Мәнерлеп дауыстап оқу сөздің соңын жұту, тез және шатастырып сөйлеу, сөзді анық айтпау, интонацияны шатастыру сияқты мәселелерден арылуға көмектеседі [15].

Сондықтан, оқырман сауаттылығын дамыту үшін мұғалім білім алушыға оқулықты, көркем әдебиетті және басқа да ақпарат көздерін жүйелі түрде қолдануды үйретуі тиіс. Кітап оқуды үйрету – бұл оқырманның кітап оқуды дәйекті, қызықты, тұрақты және өз бетінше оқып шығуын үйретуді білдіреді.


 

Әрбір азаматтың тұлғалық жеке қалыптасуы мен өзін-өзі шығармашылық тұрғыдан көрсетуі үшін жағдай жасау жаңа мыңжылдықтың басында оқуды дамытудың стратегиялық жалпы мемлекеттік міндеті болып табылады. «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру, ең алдымен, «өмір бойы оқуға» қабілетті ұрпақ қалыптастыруға бағытталған.

Оқылғанды толық және терең қабылдауы мен меңгеруі мақсатында оқу тақырыбын саналы түрде таңдауы оқушының білімі, дағдылары мен сезімдерінің жиынтығын білдіретін жеке тұлғаның жалпы мәдениетінің құрамдас бөлігінің жүйелілігін қамтиды.

Оқырман мәдениеті келесі компоненттерді қарастырады:

  • жалпы білгірлік (әдеби эрудиция), әдебиеттен алынған нақты білім (әдебиет теориясы мен тарихын білу, шығармаларды талдау логикасын игеру) оқырман мәдениетінің оқу-мазмұндық аспектісінің құрамдас бөлігі болып табылады;
  • әдебиетті таңдау, оны өңдеу, түсіндіру, белгілі бір әдеби құбылыс туралы өз ойларын ауызша және жазбаша түрде білдіру практикалық іс- әрекетте оқырман мәдениетінің болуы мен дәрежесін көрсетеді, бұл кітап оқу қажеттілігіне, тәуелсіз оқуды игеруге әкеледі;
  • нақты бір көркем шығармаларды қабылдау, өз сезімдері негізінде бұл шығармаларды бағалау қабілеті, оқырмандық жеке қызығушылықтары, эстетикалық талғамы жалпы оқырман мәдениетінің құндылыққа бағытталған аспектісін құрайды [16].

Білім алушылардың оқу іс-әрекетін дамыту оқырманның білімін, біліктілігін және сезімін дамыту үрдісіне сүйене отырып, технологиялық тәсіл негізінде құрылады. Бұл ойды дамыта отырып, қазіргі ғылымда оқу процесі танымдық-коммуникативтік іс-әрекеттің бір түрі ретінде қарастырылады деп айтуға болады.

Оқу процесіне қатысты оқу іс-әрекетінің өзіндік ерекшелігі болады. Сондықтан көркем әдебиетті оқу барысында осы процестің сипатын анықтайтын зияткерлік (білімнің белгілі бір мөлшерін игеру); эстетикалық (сезімдерді, оқу әсерлерін сезіну); тұлғалық (оқу арқылы өзін-өзі тану, өзінің оқырмандық қажеттіліктерін, қызығушылықтарын, талғамдарын тәрбиелеу); практикалық (алған білімдерін іске асыру, оқырман білігі мен дағдыларын игеру) тәрізді факторларға көңіл аудару қажет

Көркем әдебиетті қабылдау психологиясы күрделі құрылым болып табылады және әртүрлі, бірақ өзара байланысты бейнелі-эмоционалды және дерексіз-логикалық деңгейде жүреді. Жалпы білім беретін мектеп білім алушыларының көркем әдебиетті қабылдау процесінде оқудың үш кезеңін бөліп көрсетуге болады:

  1. Тікелей қабылдау, яғни мәтінге «ену», әдеби шығарманың бейнесін елестету және бастан кешіру (бұл кезеңде қиялға басымдық беріледі, оның іс- әрекеті барысында бейненің сөздік-түсініктік формасының бейнелі-сезімдік түрге айналуы болады, бейнелі жалпылау пайда болады), демек бейнелі- эмоционалды қабылдау жүзеге асырылады.

 
  1. Оқығанды түсіну және жалпы бағалау (бұл кезеңде кері процесс, яғни бейнелі-сезімдік қабылдаудың ұғымдар тіліне ауысуы жүреді, жетекші рөл ойлауға беріледі, бірақ ол эмоционалды қабылдауды теңестірмейді, керісінше оны тереңдетеді; оқылғанды тікелей қабылдау және ойлау процестерімен қатар, шығарманы эстетикалық бағалау жүзеге асырылады), демек бұл жерде қабылдаудың дерексіз-логикалық деңгейі туралы айтылған.
  2. Шығарманы оқығаннан кейінгі көркем әдебиеттің оқырмандардың жеке басына әсері [17].

Білім алушылар «Қазақ әдебиеті» пәнінде әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдай; әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдай; кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдері тұрғысынан анықтай; үзінділерді жатқа айта алады.

Шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салыстырады; эпикалық, поэзиялық, драмалық шығармадағы автор бейнесі; шығармадағы көркемдегіш құралдары: символ, эпифора (өлең тармақтарының соңында бір сөздің тіркесінің бірнеше қайталанып келуі), анафора (сөйлеудің әр параллельді элементінің бастапқы сөзін қайталаудан құралатын сөйлеу пішін), риторикалық (риторика – сөйлеу өнерінің жалпы атауы) сұрақ қолданады; шығармадағы оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазады. Сонымен қатар, кейіпкерлердің іс-әрекеті мен автор берген портреттік мінездемесі, тарихи және көркемдік құндылығын; әдеби жанр түрлерінің даму барысы, жаңашылдығы; шығарманың ұлттық, эстетикалық құндылығы туралы сыни шолу, әдеби эссе жазады. Аталған жұмыс түрлері пән сабақтарында жүзеге асырылады, сонымен қатар сабақтан тыс іс-шаралар барысында жалғасын табуы тиіс.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Оқуға құштар мектеп» жобасын бекітті. Ұлттың рухани және интеллектуалды ілгерілеуінің құралы ретіндегі оқылым іс-әрекетіне балаларды және жастарды тартуда «Оқуға құштар мектеп» жобасының үлесі маңызды болмақ.

Жоба төрт стратегиялық бағытты қамтиды.

Бірінші бағыт – білім алушылардың ақпаратты іріктеулеріне, ұғынуларына, және оны сәтті қолдануларына мүмкіндік беретін білім мен дағдының бірігуі деп ұғынылатын кітап оқу біліктілігін арттыру.

Екінші бағыт – ата-аналарды «Мектеп – Кітапхана – Отбасы» бірыңғай кітап оқу қауымдастығын құру жобасын іске асыру жөніндегі іс-шараларға тарту.

Үшінші бағыт – мәдениет мекемелерімен өзара іс-қимыл жасау, әлеуметтік серіктестік және контенттің өзге де түрлері арқылы білім алушылардың кітап оқу мәдениетінің және кітап оқу белсенділігінің деңгейін арттыру (қамту және қарқындылық).

Төртінші бағыт – кітап оқу инфрақұрылымын дамыту үшін кадрларды дайындау жүйесін жетілдіру.


 

Кітап оқу – білім мен рухани құндылықтарды беру мен меңгерудің бір түрі ретінде, тұлғаны тәрбиелеу және білім беру адамның қоғамда табысты болуына және бәсекеге қабілеттілігінің жалпы деңгейіне әсер ететіні айқын.

«Кітап оқуға құштар мектеп» жобасының мақсаты: білім алушылардың кітап оқу мәдениетінің және кітап оқу белсенділігінің деңгейін арттыру, оқушылар, педагогтер және ата-аналар арасында кітап оқуды танымалдандыруға жағдай жасау.

Жобаның міндеттері:

  • білім алушылардың оқу құзыреттілігін арттыру;
  • білім алушылардың кітап оқу мәдениетінің және кітап оқу белсенділігінің деңгейін арттыру;
  • білім алушылардың сабақ әрекетіндегі оқу проблемасына қызығушылығын қалыптастыру бойынша педагогикалық іс-әрекет жолдарын әзірлеу;
  • мектеп оқушыларының оқырмандық белсенділігін ұйымдастыру және оқушылардың сабақтан тыс іс-әрекетіндегі оқырмандық қалауын ескере отырып, отбасылық оқуды насихаттау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу;
  • мәдениет мекемелерімен өзара іс-қимыл және әлеуметтік әріптестік арқылы окшылардың оқу мәдениеті мен оқу белсенділігінің деңгейін арттыру;
  • мектеп жобасын іске асыру үшін іс-шараларға ата-аналарды тарту;
  • ата-аналарды бірыңғай кітап оқу қауымдастығын құру жобасын іске асыру жөніндегі іс-шараларға тарту;
  • балаларды оқуға тарту бойынша әдістемелік материалдар банкін құру.
  • балалар мен жасөспірімдер арасында әдеби кітаптар оқуды насихаттау және тұрақты оқуға ынталандыру;
  • оқылған кітапты, әдебиетті, мақаланы талқылауға тарту.

Аталған жоба білім алушылардың кітап оқуға деген қызығушылығының төмендеу мәселесін шешу, яғни кітап оқуды жандандыпу, насихаттау, танымалды ету мақсатында жүзеге асырылады.

Мәдениет мекемелері (кітапханалар, мұражайлар, театрлар және т.б.) жобаны жүзеге асырудың әлеуметтік серіктестері болып табылады

Жоба негізінен жалпы білім беру ұйымдарының білім алушыларына, олардың ата-аналарына және педагогтерге бағытталған.


Жобаны жүзеге асыру механизмдері

  • Облыстық   және    қалалық   білім    басқармалары   деңгейінде жүргізілетін жұмыс түрлері:
  • жобаны іске асыру мерзімдерін белгілеу;
  • жобаны іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу;
  • облыстық деңгейде өткізілетін сайыстардың ережелерін әзірлеу;
  • әзірленген ережелерді аудандық/қалалық білім бөлімдеріне жіберу;
    • педагогтердің   кітап    оқу    беделін    арттыру    туралы,    білім алушылардың кітап оқуын ұйымдастыру туралы және ата-аналардың өздерін

 

кітап оқуға тарту жөніндегі жеке жұмысты өткізу туралы жария сөз сөйлеулері;

  • педагогтердің балалардың кітап оқуын қолдауға бағытталған біліктілік деңгейін арттыру бойынша оқыту курстарының бағдарламаларын әзірлеу;
  • мұғалімдердің    онлайн-олимпиадаларға,    байқауларға,     оқу мәдениетін арттыру жобаларына қатысуын ұйымдастыру.


  • Аудандық/қалалық   білім    бөлімдері   деңгейінде    жүргізілетін жұмыс түрлері:
  • облыстық      білім       басқармасының       ережелеріне       сәйкес аудандық/қалалық білім бөлімдерінің іс-шаралар жоспарын әзірлеу;
  • аудандық/қалалық  деңгейде   өткізілетін  сайыстардың  ережелерін әзірлеу;
  • «Ұғынып оқу және мәтінмен жұмыс істеу негіздері» бағдарламасын әзірлеу;

·«Мектеп    оқушысының   ақпараттық    мәдениетінің    негіздері» әдістемелік оқыту бағдарламаларын әзірлеу;

  • жобаны іске асыру бойынша іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын әзірлеу (5-кесте).


  1. кесте – «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру бойынша іс- шаралардың күнтізбелік жоспарының үлгісі


Жүргізілетін жұмыс

түрлері

Орындаушылар

Мерзімі

Нәтиже

1-кезең – Дайындық кезеңі (үлгілеуші) – 2021 ж. мамыр-желтоқсан

1

Бағдарламаны              жүзеге асыруды бастау (старт)


Мамыр, 2021

Педагогикалық кеңесте                     мектептің кітап оқуды

қолдау

бағдарламасын бекіту

2

Пән сабақтарында кітап оқу бойынша                  келесідей әдістемелер енгізу:

  • «Бес минуттық оқу» (барлық пән сабақтарында;
  • Үзілістерде поэзия минуттарын ұйымдастыру;

-                 Пәннің сабақ тақырыптарына            сәйкес поэзия          минуттарын ұйымдастыру;

-                                       «Оқырман күнделігін жүргізу» атты көру диктанттарын жүргізу;

-        Дыбыстық бағдар бойынша оқу (Кушнир

Пән мұғалімдері

Жыл бойы

Оқу сапасын арттыру








 


А.М. әдісімен)




3

  1. Жас ата-ана мектебі.
  2. Балалар мен жасөспірімдердің кітап оқу мәселелері бойынша ата-

аналар                        жиналыстарын өткізу.

Шығармашылық топ

(1-4-

сыныптар)

Қаңтар- наурыз, 2022 ж.

Ата-аналарды «Оқуға құштар           мектеп» жобасымен, жүзеге асыру жолдарымен таныстыру

4

Білім беру ұйымының сайтында жобаны іске асыру және кітап оқуға қолдау көрсету бөлімін құру


Жыл бойы

Білім       алушыларды және    олардың    ата- аналарын         мектеп кітапханасында (аудандық/қалалық кітапханаларда) өткізілетін               іс- шаралар           туралы

неғұрлым          толық ақпараттандыру

5

Аудандық/қалалық, ауылдық кітапханалармен әлеуметтік серіктестік                                      туралы келісімшарт жасау

Директордың тәрбие ісі жөнінен

орынбасары, кітапханашы

Қыркүйе к, 2021 ж.

Ең жақсы кітаптарды насихаттау.


Кітапхана         қорын толықтырып отыру.

6

Кітап оқуды насихаттау бойынша                 кітапхана- библиографиялық жүйе құру және енгізу

Директордың тәрбие ісі жөнінен

орынбасары, кітапханашы

Үнемі

Сауатты қолданушы қалыптастыру

7

Білім беру ұйымы білім алушыларының арасында кітап оқуды танымал етуге бағытталған           әлеуметтік жарнама конкурсы

Директордың тәрбие ісі жөнінен орынбасары, кітапханашы, сынып

жетекшілері

Наурыз. 2022 ж.

Кітап оқуды өмір салты               ретінде насихаттау

8

«Оқитын                    отбасы» фотосуреттер көрмесі

Директордың тәрбие ісі жөнінен орынбасары, кітапханашы,

сынып жетекшілері

Сәуір, 2022 ж.

Кітап                            оқуға ынталандыру.

Әртүрлі                         тарихи дәуірлердегі кітап оқудың әлеуметтік

дәрежесін насихаттау.

9

Балалар кітабы апталығы:

  • әдеби конкурстар;
  • мәнерлеп       оқу конкурстары;

-                                                     жақсы

оқырмандарды                және

олардың             ата-аналарын марапаттау

Кітапханашы, сынып жетекшілері, шығармашылық топ

Наурыз. 2022 ж.

Оқуды ынталандыру және

балалардың ой-өрісін кеңейту.

Отбасылық

оқуға                қолдау көрсету.

10

«Сүйікті кітаптарым» атты

көрме

Кітапханашы

Мамыр,

2022 ж.

Әртүрлі            тарихи

дәуірлердегі        кітап


 


1-6-сыныптарға

арналған    кітаптарға    шолу жұмысын ұйымдастыру



оқудың      әлеуметтік

дәрежесін насихаттау.

11

«Жас      оқырман      клубын»

ұйымдастыру

Кітапханашы

Мамыр,

2022 ж.

Оқу        белсенділігін

арттыру.

12

«Менің кітапханам» акциясы

Кітапханашы, сынып

жетекшілері

Жыл сайын

Кітапханадағы еңбек десанты

13

«Назар аударыңыз, жазылу басталды!» акциясы

Кітапханашы, сынып

жетекшілері

Сәуір- мамыр


2-кезең – Практикалық (эксперименттік) – 2021 – 2022 ж.ж.

1

«Мектеп                   кітапханасына кітап                 сыйлайық»        ата-

аналарға арналған акция

Сынып жетекшілері

Қыркүйе к, 2021,

2022 ж.ж.

Кітапхана         қорын толықтыру

2

Ата-аналар                           жиналыстары марафоны

Директордың тәрбие ісі жөнінен орынбасары, кітапханашы,

сынып жетекшілері

Қазан- қараша 2021,

2022 ж.ж.

Ата-аналар                         активін қалыптастыру

3

Айлық тақырыбына сәйкес мәнерлеп оқу сайысы (ай сайын)

Директорд ың тәрбие ісі

жөнінен орынбасары, кітапханашы, сынып

жетекшілері

Ай сайын


4

«Кітап оқу – қазіргі заманның сәні» атты үнемі жұмыс істейтін көрме ұйымдастыру

Кітапханашы, сынып жетекшілері

Үнемі

Әдебиеттегі заманауи                      бағыттар мен               заманауи авторларға   арналған ұсынымдық тізімдері

бар               буклеттер шығару

5

Еске алу әдеби кештері

Сынып жетекшілері

Жыл сайын

Жаңа       авторлармен және              олардың шығармаларымен танысу.

Көркем            мәтінді талдау

6

«Ана (әке) маған кітап оқышы» жобасы;

-                                       ата-аналар жиналыстарында балалар кітабын оқуды насихаттау;

  • кітап оқу бойынша сауалнамалар жүргізу;

-       «Оқитын отбасы»,

«Ең  көп  оқитын  сынып»,

«Жыл                    оқырманы»

Директордың тәрбие ісі жөнінен орынбасары, кітапханашы, сынып жетекшілері, ата- аналар, шығармашылық

топ

Жыл сайын

Отбасылық                           оқуды насихаттау


 


конкурстары




7

«Оқитын отбасы», «Ең көп оқитын сынып», «Жыл оқырманы» конкурстарының жеңімпаздарын мараппау

Комиссия мүшелері, шығармашылық топ

Жыл сайын мамыр айы.

Үздіктер шеруі

Отбасылық       оқуды насихаттау

8

Халықаралық балалар кітабы

күні (2-сәуір) - мереке

Пән мұғалімдері,

кітапханашы

Жоспар

бойынша

Кітап                 оқуды

насихаттау

9

«Кітап суретін саламыз» көркем шығармашылық конкурсы

Пән мұғалімдері, сынып жетекшілері,

кітапханашы

Жоспар бойынша

Кітап    оқуды    және балалар шығармашылығын

насихаттау

10

«Әдеби           шығармаларды экрандау»   атты    киноклуб. Киноның    әдеби     мәтіндер авторларының туындыларының     идеясына

сәйкестік сапасын талқылау

Әдебиет пәнінің мұғалімдері, сынып жетекшілері, кітапханашы

Жоспар бойынша

Білім    алушылардың ақпараттық мәдениетін насихаттау

11

Аудандық/қалалалық, ауылдық      кітапханалармен серіктестік:

  • «Кітапхана     және

оның                       айналасы» (экскурсиялық тур);

  • «Кадрдағы    кітап»

атты                 буктрейлерлер конкурсы;

-                             «Поэтикалық сәттер» жобасы;

  • Үй     кітапханасы байқау-сайысы;
  • «Барлық    уақытқа арналған    кітап»    -     біздің

отбасының сүйікті кітабы

Директордың тәрбие ісі жөнінен орынбасары, кітапханашы, сынып жетекшілері, ата- аналар, шығармашылық топ

Жоспар бойынша

Кітап                 оқуды

насихаттау.        Кітап

оқуға                            деген сүйіспеншілікті қалыптастыру

3-кезең – Талдамалық-қорытындылау – 2022 ж.

1

Жобаның жүзеге асырылуы бойынша есеп

Директордың тәрбие ісі жөнінен орынбасары,

кітапханашы

Мамыр, 2022 ж.

Педагогикалық кеңестің шешімі

2

Жоба туралы кәсіби қауымдастықты хабардар етіп отыру

Директордың тәрбие ісі жөнінен

орынбасары, кітапханашы

Сәуір, 2022 ж.

Әдістемелік бірлестіктерде, семинарларда сөйлеу

3

Виртуалдық            кеңістікте

жобаны                 ақпараттық сүйемелдеу

Директордың тәрбие ісі жөнінен орынбасары,

сынып жетекшілері,

Үнемі

Білім алушылар және олардың                ата- аналарының ақпараттылығы


 



кітапханашы,

шығармашылық топ



4

Мектеп оқушыларының кітап оқуын дамытудағы мектеп кітапханасының рөлі: ата-аналар                              арасындағы

сауалнама, пікірлер жинау

Шығармашылық топ

2021,

2022 ж.ж.

Сауалнамалардың талдауы,                ата- аналардың пікірі

5

Жобаны іске асыру бойынша нәтижелерді қорытындылау

Директордың тәрбие ісі жөнінен орынбасары, сынып

жетекшілері, кітапханашы

2022 ж.

Жоба            бойынша жұмыс тәжірибесін жинақтау             және тарату


  • «Мектеп    оқушысының    ақпараттық     мәдениетінің     негіздері» әдістемелік оқыту бағдарламаларын әзірлеу.
  • Мектептегі «Мен туған өлкемді сүйемін» атты шығармалар, эсселер, өлеңдер байқауының ережесін әзірлеу.

Мысалы:

  1. Жалпы ережелер.
    1. «Мен   туған   өлкемді   сүйемін»   шығармалар  байқауына   білім алушылар өздерінің туындыларын ұсынады.
    2. Байқаудың мақсаты және міндеттері.

Халық мәдениетіне деген қызығушылықты арттыру, өз халқының дәстүрлері туралы білімді кеңейту.

Дарынды балаларды анықтау, қолдау және ынталандыру, балалардың көркем шығармашылығын дамыту.

Шығармашылық қызмет процесінде балалар мен аға буын арасындағы байланысты дамыту.

  1. Ұйымдастырушылар


 


 
  1. Қатысушылар:

Байқауға                                                            

алушылары шақырылады.


 

мектептерінің      білім


 

Байқау 1-11 сынып білім алушыларының арасында өткізіледі. Жас топтары:

I топ – 1-2 сыныптар; II топ – 3-4 сыныптар; III топ – 5-6 сыныптар; IV топ – 7-8 сыныптар; V топ – 9-11 сыныптар.

  1. Байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі.
    1. Байқауға қатысуға шығарма, эссе, өлең номинациялары бойынша бір қатысушыдан бір жұмыс қабылданады.

 

Шығарма мен эссе көлемі: 1 беттен кем емес және 2 беттен артық емес болуы тиіс, 14 шрифтпен Times New Roman басылған мәтін.

  1. Байқаудың кезеңдері:
  2. жұмыстарды қабылдау мерзімі
  3. сарапшылар тобының жұмысы
  4. жеңімпаздар мен жүлдегерлердің аттарын жариялау.
  5. Жұмыстарды бағалау критерийлері:
  6. Шығарманың бірегейлігі.
  7. Жанрдың өзіндік ерекшелігі, автордың жеке стилі.
  8. Автордың өз эмоцияларын шынайы жеткізе білуі.
  9. Тақырыптың толық ашылуы.
  10. Стилистикалық,   грамматикалық,   сөйлеу,   орфографиялық  және пунктуациялық қателердің болмауы, яғни әдеби тіл нормаларының сақталуы.
  11. Мәлімделген жанрға сәйкестік.
  12. Жұмыс көлемі.

IІІ. Байқауға ұсынылатын жұмыстарға қойылатын талаптар:

  1. Білім алушының Т.А.Ә.
  2. Сыныбы, білім беру ұйымының толық атауы.
  3. Жұмыстың атауы.
  4. Байланыс үшін эл.пошта адресі.

3.5.    Көрсетілген    мерзімнен     кеш     түскен     жұмыстар     қарауға қабылданбайды.

5.6. Байқауға қатысушы осы Ереженің барлық тармақтарымен келіседі.

ІV.   «Мен   туған   өлкемді   сүйемін»   шығармалар,  эсселер,   өлеңдер байқауының жеңімпаздарын марапаттау.

  1. Жеңімпаздар   әділқазылар  алқасының   сарапшылық  бағасымен анықталады.
  2. Жеңімпаздар   дипломдармен,   қатысушылар   –    қатысушылар дипломдарымен марапатталады.
  3. Байқауға   келіп   түскен   жұмыстарды  сараптау комиссиясының мүшелері тексереді және жеңімпаздарды анықтайды.
  4. Сарапшылардың шешімі талқыланбайды.


Білім алушылардың психологиялық және жас ерекшеліктерін, оқыту тілін ескере отырып жалпы білім беретін мектептерде жүргізілетін іс- шаралар:

  • мектеп директоры және директордың оқу-тәрбие ісі жөнінен орынбасарлары үшін:
  • білім алушыларды кітап оқуға тарту мәселесі жөніндегі ата- аналар жиналыстарын өткізуге арналған әдістемелік ұсыныстарды әзірлеу.

Ата-аналар жиналысының мақсаты – отбасылық оқудың мәнін ашу. Міндеттері:

  • өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік қалыптасуындағы отбасылық оқудың рөлін көрсету;

 
  • ата-аналардың   назарын   отбасылық   оқу   проблемасына   аудару, эмоционалды көзқарас қалыптастыру, оларды отбасылық оқуға тарту;
  • кітап арқылы отандық мәдениетке құрметпен қарауды тәрбиелеу;
  • ата-аналардың отбасылық дәстүрлерді сақтауға деген ұмтылысын дамыту.

Ата-аналарды      балалардың      арасында      алдын-ала      жүргізілген жұмыстардың (сауалнаманың, шығарманың) нәтижелерімен таныстыру.

Сауалнама сұрақтары:

  1. Сіздің үйде кітаптар бар ма?
  2. Сен оқығанды ұнатасың ба?
  3. Саған ата-анаң кітап оқыған кезде тыңдағанды ұнатасың ба?
  4. Сен ата-анаңмен бірге кітап оқисың ба?
  5. Оқылған кітапты ата-анаңмен бірге талқылайсың ба?
  6. Оқылған шығарма туралы сенің пікірің ата-анаңның пікірімен сәйкес келе ме?

·«Ата-анамның сүйікті кітабы» тақырыбындағы шығармалардан үзінділер оқу және балалардың ата-аналарына шын жүректен сенетінін, кітап

  • ұрпақтар арасында рухани туыстықтың бар екендігін дәлелдейтін, ұрпақтарды байланыстырушы құрал екенін, сондықтан отбасылық оқу мүмкіндігін жіберіп алмау қажет екенін айта кету.

Отбасы ортасында кітап оқу – бұл дамып келе жатқан орта, өйткені:

  • отбасылық оқу бастапқыда баланы кітап мәдениеті әлеміне енгізеді, бұл адамды тәрбиелеудің ең көне және дәлелденген тәсілі;
  • отбасылық оқу зейінді оятады және тереңдетеді, оқу қажеттілігін қалыптастырады;
  • отбасылық оқу ана тілін ерте және дұрыс меңгеруге ықпал етеді;
  • отбасылық    оқу    кітаптың     эмоционалды    және     эстетикалық қабылдануын қалыптастырады;
  • отбасылық   оқу   көркем   образдарды  қабылдауға   негіз   болатын қабілеттерді дамытады;
  • отбасылық оқу – өсіп келе жатқан адамды әлеуметтендірудің тиімді тәсілі;
  • отбасылық оқу баланың рухани дамуын байқауға және оған тәлім- тәрбие беруге мүмкіндік береді.

·Білім алушыларға арналған әңгімелесу сағаттарының тақырыптарын әзірлеу (6-кесте).


  1. кесте     –    Білім    алушыларға    арналған    әңгімелесу    сағаттары тақырыптарының үлгісі


Мерзімі

Бастауыш білім беру

деңгейі

Негізгі орта білім беру

деңгейі

Жалпы орта білім

беру деңгейі

1-тоқсан

Оқырман                болу дегеніміз не?

Ертегілер:   оларды                  қай уақытқа                  дейін                  оқыған

ұят емес...

Қазіргі     кезде     қандай кітап оқыған сәнді?


 

2-тоқсан

Ең жақсы сыйлық – бұл кітап

Сүйікті кітап күні

Қазіргі әдебиеттің және

өмірдің кейіпкері – ол кім?

3-тоқсан

Көп қызықты кітапты жылдам    оқуға                  қалай

үйренуге болады?

Ақпараттық       әдебиет: Интернет       пе       әлде

энциклопедия ма?

Классика   қазіргі кезде сәнді ме? (пікірталас)

4-тоқсан

«Менің досым – кітап» атты                  оқырман күнделігінің

презентациясы

Ақпараттық әлемдегі кітаптың рөлі

Кітап оқитын адам – қазіргі                          қоғамның көшбасшысы?!


·Ата-аналарға        арналған        әңгімелесу        сағаттары/ата-аналар жиналыстары тақырыптарын әзірлеу (7-кесте).


  1. кесте – Ата-аналар жиналыстары тақырыптарының үлгісі


Бастауыш білім беру деңгейі

Негізгі орта білім беру

деңгейі

Жалпы орта білім беру

деңгейі

Ересектерге арналған құпия немесе кітап оқитын баланың ата-анасы болу

үшін не істеу қажет?

Біздің       балаларымыз       не оқиды?

Кітап немесе компьютер: қатынастарды үйлестіру

Оқуға қызығушылығы жоқ

немесе    бала    неге    оқуды ұнатпайды?

Компьютер      және                          кітап. Кітап оқу ескірген бе?

Әдеби талғамның дамуы

Оқуға деген сүйіспеншілікті қалай дарытуға болады?

Жасөспірім     және     ересек: кітап туралы күрделі

диалог

Сенімге оқу арқылы

Отбасылық кітап оқу – бұл өте керемет!

Көп   оқу    –    сәтті    оқудың шарты

Жетістікке жетудің жолы – көп оқу

Кітап    оқу    –    зияткерлікті

дамытудың бірден-бір көзі

Сүйікті      кітап      күні      –

отбасылық дәстүр


Отбасылық         кітапхананы

қалай құруға болады

Білім алушының кітап оқу

мәдениетін қалыптастыру


Сауаттылық       –       барлық

отбасы мүшелерінің ісі

Әр жасқа – өз әдебиеті


Оқырман                     күнделігі:          оны қалай       дұрыс       жүргізуге

болады

Оқырман                 күнделігі: оқығаны туралы әңгімелесу


Оқитын ата-ана     – оқитын

бала



Дереккөз: https://humara.kchr.eduru.ru/media/2018/07/19/1239560552/Programma_Chitayushhaya_shkola.pdf

·Отбасылық оқырмандар клубы жұмысы жоспарын әзірлеу (8- кесте).


  1. кесте – Отбасылық оқырмандар клубы жұмысы жоспарының үлгісі



Тақырыптар



Білім    алушылар    арасында    «Мен    кітап    оқығанды    ұнатамын»



 


сауалнамасын өткізу…



Ата-аналар арасында «Біз балалық шақта ... оқыдық», «Сіз не туралы оқығанды ұнатасыз», «Бүгінгі таңдағы ең қызықты кітап» атты

шағын сауалнама жүргізу



Отбасылық оқу үшін «Отбасымен бірге оқимыз» айдарымен оқитын

әдебиеттер тізімінен дайындау



«Менің алтын сөрем» атты дөңгелек үстел жұмысы (ата-аналардың

бала кезіндегі сүйікті кітаптары, біздің балалар қазір не оқиды?)



Әдеби мереке



«Оқуға кеңес береміз» виртуалды байқауы. Білім алушылар және

олардың ата-аналары мектеп сайтына оқуға кеңес беретін көркем немесе танымал ғылыми кітаптың тұсаукесерін орналастырады



Поэзия кеші



Оқырмандар конференциясы



«Бірге оқимыз» (дәріс)



  • Пән мұғалімдері мен сынып жетекшілері үшін 1) Бастауыш білім беру деңгейінде:
  • Кітап оқуға деген қызығушылықты қалыптастыруда ойын әдістері де маңызды рөл атқарады. Мысалы, жазушы-ақындардың шығармаларын оқығанда келесі әдістерді қолдануға болады:
    • «поэтикалық эстафета»: ересек адам алғашқы жолдарды айтады, ал балалар (немесе бір бала) өлеңді жалғастырады;
    • «көңілді рифма»: өлеңдер оқылады, бала сөзді болжайтын жерде үзіліс жасалады.

·Мектепке дейінгі балалардың және бастауыш білім беру деңгейіндегі білім алушылардың бойында оқуға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру үшін:

  • жазушының немесе ақынның шығармашылығына арналған ертеңгіліктер, ертегі кештерін, жұмбақтар кештерін;
  • тәрбиешінің/мұғалімнің балалар арасындағы кітап оқуын;
  • халық және жеке авторлардың ертегілері апталығын;
  • кітап көрмелерін немесе кітап бұрышын;
  • балалар мен ата-аналардың ертегілер жазуын және оқуын;
  • «Баланың өміріндегі оқу», «Баланы өз бетінше оқуға қалай үйретуге болады?», «Кітапқа деген қызығушылықты қалай оятуға болады?» және т.б. тақырыптардағы ата-аналар жиналыстарын ұйымдастыру қажет.
  • Балалардың оқуға деген қызығушылығын арттыруға арналған

«Ертегілерді өзіміз  құрастырамыз»,  «Алдымен  не,   содан   кейін   не?»,

«Кейіпкерлер адасып қалды» тәрізді дидактикалық ойындар, ертегі пазлдарын, лотолар, фольклорлық және авторлық туындыларға негізделген доминолар құрастыруға болады.

  • Бастауыш сынып білім алушыларының оқуға деген қызығушылығын, оқу сауаттылығын қалыптастыру, яғни әріптерді үйрету барысында, біріншіден, әріптердің суреті салынған үлеспе қағаздарды, кубик,

 

магнитті әліппе, түрлі плакаттар мен жапсырма қағаздарды қолдануға болады.

Екіншіден, ата-аналарының балаларымен бірге қағазға, тақтаға, жерге әріптің суретін салуы әріптерді жылдам жаттауға көмектеседі.

Үшіншіден, үйде кездесетін ұсақ заттардан (мысалы, түймелерден) әріптер құрастыру, әріптерді жаттауға ғана емес, ұсақ моториканы дамытуға да көмектеседі.

  • Ескерілуі тиіс ең негізгі ереже – алфавитті бір әріптен үйрету керек.
  • Баланы қинап, күштеп әріп үйренуге мәжбүрлеудің қажеті жоқ. Ол баланың қызығушылығы мен ниетіне кері әсер етеді және нәтижесінде балаға әріптерді жаттау ауыр соғады.
  • Саналы оқу дағдыларын сәтті игеру үшін мұғалім сыныпта белгілі бір жұмыс режимін, яғни:
  • оқу жаттығуларының күнделікті болуын;
  • оқуға арналған мәтіндерді іріктеудің кездейсоқ болмауын, балалардың психологиялық ерекшеліктері мен мәтіндердің әдеби ерекшеліктерінің ескерілуін;
  • қате оқудың алдын алу бойынша жұмыстың жүйелі жүргізілуін;
  • оқу барысында жіберілген қателерді түзету жұмысында мақсатты жүйенің қолданылуын;
  • сыбырлап оқу, оқылатынды дыбыссыз артикуляциялау, «дыбыссыз оқу» (іштен оқу) тәрізді оқудың бірнеше сатысын болжайтын іштен оқуға үйретуді арнайы ұйымдастыруды қамтамасыз етуі тиіс.
  • Оқу пәндеріндегі берілетін мәтінді, тапсырманы, жаттығуды, ережені және т.б. оқу үшін дұрыс және мағынасын түсініп оқу, сондықтан оны қалыптастырғанда дұрыс оқу (дыбыстар мен әріптерді сәйкестендіру, буындар құрау, буындардан сөз құрау);

түсініп оқу (оқылған сөздің, сөйлемнің мағынасын түсіну және түсіндіру);

шапшаң (сөздерді және сөйлемдерді дұрыс және түсініп оқу). Оқу кезінде мәнерлеп оқуға мән берудің қажеті жоқ. Бір мезгілде бірін бірі жоққа шығаратын екі бірдей міндетті атқаруға болмайды. Бұл жаттығу тек артикуляциялық аппаратты дамытуға ғана арналған. Сөздердің соңғы буындарына дейін айқын, анық шығуына байланысты талап жоғары болады, яғни білім алушы буындарды жұтып қоймай аяғына дейін оқулары тиіс. Сондықтан оқудың мәнерлілігіне байланысты талап қойылмайды [10];

мәнерлеп оқу (дұрыс, түсініп және шапшаң оқумен қатар дауыс ырғағын келтіріп оқу) дағдыларын қалыптастыру қажет.

  • Бастауыш сынып білім алушыларының оқу дағдыларын қалыптастырумен қатар, мұғалімдердің алдында бастауыш білім беру деңгейінде жүзеге асыратын басқа да міндеттер бар, олар:
    • сөз бен сөз тіркестерін тұтас оқу;
    • оқылған мәтіннің (дауыстап және іштей оқығанда) мазмұнын түсіну;

 
  • өлеңдер және шығармалар мәтінін оқу кезінде тыныс белгілеріне сәйкес кідіріс жасау, интонациясын (дауыс ырғағын) келтіру;
  • шығарманы іштей көз жүгіртіп оқу;
  • оқылған мәтінге сұрақтар қоя білу;
  • оқылған шығармадан қажетті ақпаратты табу;
  • сын тұрғысынан бағалай алу біліктерін қалыптастыру.
  • Білім алушының оқу құзыретін қалыптастыру үшін әдеби оқу басымдық болып табылады. Оқуға үйретудің біршама тиімді резервтерін атап айтуға болады.
  • Ұзақтығы емес, жаттығу жұмыстарының жиілігі маңызды.

Бірінші сынып оқушысын кітапты ұзақ уақыт бойы соңына дейін оқуға отырғызып қоюға болмайды. Біріншіден, баланы шаршатып жалықтырады, екіншіден, оның оқуға деген ынтасын жояды. Онан да 5 минуттан бірнеше бөліп оқытса, әлдеқайда тиімді. Осындай жаттығулардың тиімділігі бір сағаттық жаттығуларға қарағанда әлдеқайда жоғары.

  1. Ызыңдап оқу. Ызыңдап оқу дегеніміз – бұл бір мезгілде сыныптастарына кедергі келтірмес үшін күбірлеп, әрқайсысы өз жылдамдығымен біреуі жылдам, біреуі баяу барлық білім алушылардың оқуы. Әрбір баламен 2 минуттай жұмыс жасай алады.
  2. Ұйықтар алдындағы оқу. Бұл жақсы нәтиже береді. Өйткені соңғы оқиғалар эмоционалды есте сақталып қалады, яғни адам ұйықтағанда, 8 сағат бойы сол әсерде болады.
  3. Аялауыш тәртіптегі оқу (егер бала оқуды ұнатпаса). Бала бір-екі жолды оқиды және содан кейін қысқа мерзімге демалады. Мұндай режим бала диафильм қарап отырса қиындықсыз орындалады. Бала кадрдың астындағы 1-2 жолды оқып, суретті көреді де демалады. Содан соң келесі кадрды, солай үзіп-үзіп оқу тиімді. Балалары оқығысы келмейтін ата- аналарға осы тренингті ұсынуға болады. Көптеген эксперименттер көрсеткендей, оқуды ұнатпайтын жоғары сынып білім алушысы да аялауыш оқу арқылы әдебиет оқуға үйренген [10].
  4. «Білім ағашы» тәсілі. Сабақта тақырыпты зерделегеннен кейін оқулықтың материалы бойынша бақылау сұрақтарын құрастыру тапсырмасы беріледі. Әр білім алушы өз сұрағын «білім ағашына» жапсырады. Келесі сабақта білім алушылар «білім ағашындағы» сұрақтарды оқып, оларға жауап береді (әр оқушы өз сұрағына немесе сыныптасының сұрағына жауап беруіне болады).
  5. «Дұрыс немесе дұрыс емес мәлімдемелер» тәсілі. Математика пәнінде «бұрыш» ұғымын таныстыру барысында қолдануға болады. Мұғалім балалардан сабақта алынған ақпаратты қолдана отырып, мәлімдемелердің дұрыстығын бағалауды сұрайды. Мысалы:

доғал бұрыш – доғал қарындашпен сызылған бұрыш; бұрыш – бұл геометрикалық фигура;

бұрыштар тапқыр және мылқау болады; тік бұрыштар болады;

сүйір бұрыш – ол тік бұрыштан кіші болады;


 

доғал бұрыш – тік емес бұрыштың бір түрі.

  • «Сәйкестікті тап» тәсілі. Балалар есептің мәтінін оқиды. Одан кейін білім алушыларға сандар, атаулар, жыл мезгілдері, түстер және т.б. ауыстырылған мәтін беріледі. Білім алушылар қателерді тауып, кестені толтырады немесе диаграмма салады. Бұл сабақ барысында білім алушыларды қолда бар дереккөздерді қолдану арқылы ақпаратты табуға үйретудің бір жолы.

«Сауат ашу», «Қазақ тілі», «Әдебиеттік оқу» пәндерінде:

  • «Жасырын әріптер» тәсілі

Білім алушылардың сөздерді болжау қабілетін дамыту оқу техникасын жақсартуға ықпал етеді. Бұл үшін келесідей тапсырмалар ұсынуға болады:

дақтары бар сөздер – текшеде сөз жазылған, оның бір бөлігі (бір буыны) дақпен жабылған (құ                         ;                 шан);

әріптері түсіп қалған сөздер – текшеде бірнеше әріпі жоқ сөз жазылған (мысалы: ба лар; оқ ы);

кесілген сөз – сөз жазылған текшені екі бөліп қияды, балаларға сөзді жоғарғы немесе төменгі бөлігіне қарап оқу ұсынылады (текшені қайшымен қимай, жоғары немесе төмен жағын сызғышпен жабуға да болады);

бұл жаттығудың неғұрлым күрделі түрі – жетіспейтін сөзді болжау. Ол үшін қанатты сөздер, мақал-мәтелдер, ертегілердің немесе тақпақтардың белгілі үзінділерін қолдануға болады (мысалы: Оқу білім                         .).

  • «Найзағай» тәсілі

Білім алушыларға өте қысқа уақыт аралығына (2-3 секундқа) сөз көрсетіледі, балалар сөзді оқып үлгерулері тиіс. Бұл жаттығу үшін сөздер жазылған текшелер немесе арнайы презентация әзірлеуге болады.

  • Халықаралық зерттеулерде оқу сауаттылығын тексеруде кездесетін «Серуенде» деп аталатын тапсырма түрі:

1-тапсырма. Мәтінді оқып шық.

Жексенбі күні Кәрімовтер отбасы қалалық саябаққа серуенге барды. Кіреберістегі ақпараттық қалқанда саябақта 250 терек, 150 емен және 300 қарағай өседі делінген.

а) осы деректерге сүйене отырып төмендегі кестені толтыр





Ағаштың атауы

Ағаштардың саны









 


жаз.


 

ә) Тапсырманы орындау барысында қолданған әрекеттеріңді ретімен


  1. Саябақта өсетін ағаштар туралы ақпаратты оқыдым.

2.


 


 


 

3.



б) Кестеді деректерді қолдана отырып дұрыс пайымдауларды таңда және белгіле.

  • Саябақта өсетін жапырақты және қылқанды ағаштардың саны бірдей.
  • Саябақта өсетін жапырақты ағаштардың саны қылқандыға қарағанда

 

көп.


 
  • Саябақта өсетін жапырақты ағаштардың саны – 700.
  • Еменге қарағанда теректің саны 100 ағашқа артық.

 


В) Әсел Кәрімова кестенің деректері негізінде диаграмма құрастыра бастады. Ағаштардың санын ол тік төртбұрыш ретінде бейнеледі. Тік төртбұрыштың ұзындығы бір немесе басқа ағаш түрінің санын білдіреді: екі тор – 50 ағаш. Диаграмманы сал.


Маңызды! Диаграмма – бірнеше өлшемнің арақатынасын жылдам бағалауға мүмкіндік беретін, сандық деректерді ұсыну тәсілі. Диаграмма нүктелі, сызықты, кесінді, геометриялық фигуралар түрінде болуы мүмкін.

 
 


Мәтіннің ең басты мағынасын белгілеуге бағытталған тапсырма үлгісі:

Бақшада

Тапсырма. Мәтінді оқып шық.

Айымның анасы бақшаның жүйектеріне бірнеше көкөніс түрлерін септі. Ол интернеттен тұқымдардың көктеуіне қажетті температуралар туралы ақпарат тапты және бір аптаға арналған ауа райы болжамын қарады.

Суреттерді мұқият қара.

Тұқымдардың көктеуінің минималды температурасы


 

+15... +170 С – қарбыз, қауын

+13...+150 С – баялды (баклажан)

+8...+120 С – қияр, қызанақ, кәдіш

+7...+100 С – жүгері

+4...+50 С – қызылша, сәбіз

+3...+40 С – түйебұршақ, ақжелкен

+2...+30 С – орамжапырақ, пияз, аскөк

+1...+20 С – бұршақ, қымыздық тұқымы көктейді

  1. мамыр мен 13-мамыр аралығындағы ауа райы болжамы


7

8

9

10

11

12

13

 

+30

+10

 

+50

00

 

+90

+10

 

+110

-20

 

+110

+30

 

+50

00

 

+30

+20


 

ә) Айымның анасы қандай қорытынды жасауы мүмкін екенін анықта.

Тиісті торға «+» белгісін қой.

  • Осы аптада баялды көктеп шығуы ықтимал.
  • Осы апта қызылша мен сәбіздің көктеуіне қолайлы.
  • Осы апта қарбыз бен қауынның көктеуіне қолайлы.
  • Бұл уақыт түйебұршақ пен ақжелкеннің көктеуі үшін өте қолайсыз.

Оқу - семантикалық оқудың бір түрі, онда мақсатқа байланысты толық және нақты ақпаратты іздеу және оны одан әрі түсіндіру жүзеге асырылады;

  • Рефлексивті оқу түріне арналған жаттығу үлгісі:


Орманда

1-тапсырма. Жер планетасында биік таулар, терең көлдер, ыстық шөлдер тәрізді көптеген таңғажайып қызықтар жетерлік. Бірақ, солардың ішіндегі ең негізгі ғажайып – бұл орман! Картаға зер салсақ, әсіресе еліміздің шығысы мен солтүстігін жасыл теңіз тәрізді ормандар алқабының алып жатқанын көруге болады. Алайда, Қазақстанның әр бұрышындағы ормандар

  • әртүрлі.

Ойлан, ол неге байланысты және «Қандай ормандар болады?» кластерін толтыр.



Орман


 








2) Бастауыш және негізгі орта білім беру деңгейінде

  • Білім алушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын ауызша, көрнекілік және практикалық әдістерді қолдана отырып сабақ барысында жүзеге асыруға болады. Бұл үшін келесідей тәсілдер қолданылады:

Мазмұндау. Бұл әдіс білім алушының мәтінді тәуелсіз және саналы түрде оқуын қарастырады. Оқырманның тәуелсіздігі оқуға деген қызығушылық критерийлерінің бірі болғандықтан, мазмұндау немесе әңгімелеу оқырман қызығушылығын арттырады деп айтуға болады.

Суреттер (иллюстрациялар) құрастыру. Мысалы, білім алушыға шығармадағы ең есте қалған сәттің суретін салуды ұсыну. Білім алушы шығарманы өз бетінше оқып шығады, ал оған ең жарқын әсер қалдырған оқиғаларды өз суреттерінде бейнелейді. Бұл әдіс бала бойында оқырманның тәуелсіздігін және кітапқа эмоционалды-құндылық қатынасын дамытады, бұл өз кезегінде білім алушының оқу қызығушылығын арттыру туралы айтуға мүмкіндік береді.

Бағалау және пайымдау. Білім алушыға шығарма кейіпкерлерінің әрекеттеріне баға беру және жағымды немесе жағымсыз кейіпкер туралы


 

қорытынды жасау ұсынылады. Бұл тәсілді қолдану барысында баланың бойында көркем шығармаға деген эмоционалды-құндылықтық көзқарасы дамиды, яғни оқырмандық қызығушылығы артады.

Салыстыру. Мысалы, бір көркем шығарманың бірнеше кейіпкерін салыстыруға болады. Салыстыру үшін білім алушы кейіпкерлердің іс- әрекеттері мен мінез-құлқын бағалауы керек. Бұл әдіс те баланың кітапқа деген эмоционалды-құндылықтық қатынасы мен оқырмандық қызығушылығын арттырады.

Ойын-викторина. Көркем шығарманы оқымас бұрын білім алушыларға: «Мәтінді оқығаннан кейін біз оның мазмұны туралы шағын викторина өткіземіз» тәрізді оқуға бағыттайтын нұсқаулық беріледі. Бұл әдіс білім алушыларды ден қойып, мұқият оқуға итермелейді, олардың оқу тәуелсіздігі деңгейін және нәтижесінде оқырмандық қызығушылығын арттырады.

Қасқыр, түлкі, қоян тәрізді әдеттегі ертегі жануарларын қарастырып, олардың бойынан адамның қандай мінез-құлықтарымен ұқсастықтар бар екенін анықтау туралы тапсырма беруге болады. Бұл тәсілді жүзеге асыру барысында балалардың шығармаға деген эмоционалды-құндылықты көзқарасының деңгейі артады, себебі білім алушы ертегі жануарларының мінез-құлқына талдау жасайды және олардың ерекшеліктерін бөліп көрсетеді, содан кейін оларды адамның мінез-құлқымен салыстырады. Мысалы: қоян тәрізді қорқақ, қасқыр тәрізді өжет, түлкі тәрізді қу [18].

Иллюстрациялар жасау, бағалау және пайымдау, салыстыру, ойын- викторина тәсілдері балалардың бойында кітапқа деген қызығушылықты оятуға жағдай жасайды.

  • «Математика» оқу пәнінде мағыналық оқу дағдыларын қалыптастыру жолдары:

№1 есеп

Тапсырманы орындау барысында сен, модельдеудің көмегімен ақпаратты өңдеуді, теңдеу құрастыруды және теңдеудің көмегімен есеп шығаруды үйренесің.

Ең бірінші теңдеуді кім және қашан ойлап тапқан? ... есімді алғашқы ана, ... мүмкін оның есімі болмаған да шығар. Ол өзінің төрт баласына тең бөліп беру үшін, алма ағашынан 12 алма жұлып алды. Ол 12-ге дейін санамақ түгіл, 4-ке дейін де санай алмауы ықтимал., сонымен қатар бір санды екінші санға бөле алмағандығы сөзсіз. Егер ол алмаларды барлық балаларына тең бөліп бергісі келсе былай істеуі мүмкін: алдымен ол балаларына бір алмадан беріп шығады, содан кейін екінші алмадан, осы ретпен алмасы біткенге дейін жалғастыра береді. Ең соңында алманы тең бөліп бергенін байқайды.

Егер бұр оқиғаны математика тілімен жазатын болсақ былай болады. Х

  • әр балаға берілген алма саны. Балалар саны – 4, ендеше жалпы алмалар саны – 4х. Шарт бойынша бұл сан 12-ні құрайды, осыдан 4х = 12. Демек, х = 3.

 

Яғни, ана ешқандай цифрсыз, әріпсіз және белгілерсіз-ақ теңдеу құрастыру бойынша есепті шығара алды. Демек, ең бірінші теңдеуді кім, қашан және қайда ойлап тапқаны белгісіз.

Тапсырмалар:

  1. Алғашқы ананың балаларының арасында алмаларды бөлуі жағдайы моделінің суретін салыңдар.
  2. Теңдеуді қалай құрастыруға болады? Мәтіндегі деректерді қолдану арқылы кестені толтырыңдар.


Барлық алмалар саны



Төртеу

Әр балаға неше алмадан беру керек?


Теңдеудің жалпы түрі


Теңдеуді шешу



Үш алма


  1. Ерте заманғы осындай есепті ойша (ауызша) шешіңдер. Жалпы саны және оның төрттен бір бөлігі бірге 15 санына тең. Жалпы санын табу.


2) Бастауыш және негізгі білім беру деңгейлерінде

  • Бастауыш және негізгі білім беру деңгейлерінде оқу сауаттылығын қалыптастыра отырып білім алушылардың оқуға деген қызығушылықтарын арттыру бойынша жүргізілетін жұмыс түрлері өте көп, 4-кестеде «Мәтінге дейінгі» алдын ала жүргізілетін жұмыс түрлерін, мәтінмен алғашқы танысу кезеңіндегі іс-әрекет түрлерін; оқылған шығарманы қорытындылау кезеңіндегі іс-әрекет түрлерін ұсынып отырмыз, әрине бұл кестені мұғалім өзінің қалауынша әлі де ірілендіріп, толықтыра алады.

4-кесте – Бастауыш сынып білім алушыларының оқуға деген қызығушылықтарын арттыру жолдары



Әдіс-тәсілдер, іс-шаралар

Әліппеге дейінгі кезең


Алфавиттің    бір    әрпіне    немесе    әріптер    тобына,    буындап    оқуға    арналып

құрастырылған жаттықтыру кешені


Оқу қызығушылығын арттырудың ауызша, көрнекілік және практикалық әдістері:

мазмұндау;    суреттер    (иллюстрациялар)    құрастыру;    бағалау   және    пайымдау; салыстыру.

«Мәтінге дейінгі» алдын ала жүргізілетін жұмыс түрлері


Әдеби шығарманы оқудың аудиожазбасын тыңдау


Шығарма тақырыбы бойынша бейнетізбегін қарау (сипатталған оқиғалар өтетін уақыт туралы деректі кадрлар, әдеби шығарма тақырыбы бойынша көркем фильмдер мен мультфильмдерден үзінділер, шығарма авторының өмірі туралы

фильм және т.б.)


Кітап         көрмесін         (автор         немесе         тақырып         бойынша)         қарау,

мұғалімнің/кітапханашының көрме туралы әңгімесін тыңдау


Сабақ тақырыбы бойынша мұғалімнің немесе білім алушылардың алдын ала


 


дайындалған әңгімесін тыңдау (автордың өмірбаяны, автордың бұрын оқыған

шығармаларынан үзінділер және т.б.)


Сөздік жұмыс (мәтінде кездесетін түсініксіз сөздерді түсіндіру)


Оқу немесе түсіну үшін күрделі сөздерді оқу (мұғалім мәтіннен алдын ала жазып

алады)


Артикуляциялық жаттығуларды орындау, жаңылтпаштар айту


Жұмбақтар шешу, шығарма тақырыбы бойынша мақал-мәтелдерді талқылау


Кітаптағы иллюстрациялар бойынша шығарманың мазмұнын болжау

Мәтінмен алғашқы танысу кезеңіндегі іс-әрекет түрлері


Әдеби шығарманың мәтінін ішінен оқу


Мәтінді дауыстап оқу


Мәтінді сыбырлап оқу


Мәтінді жұпта кезекпен оқу


Мәтінді сөйлем немесе абзац бойынша тізбекпен оқу


Тоқтап-тоқтап оқу. «Болжау» әдісі – бұдан кейін не болады деп ойлайсың?


«Бинарлық» оқу – 2 білім алушы бір уақытта оқиды

Мәтінмен егжей-тегжейлі жұмыс кезеңіндегі іс-әрекет түрлері

1

Мәтінді оқу барысында түсініксіз сөздерді белгілеп отыру

2

Мәтінді оқу барысында көнерген сөздерді табу

3

Мәтінді оқу барысында түсініктемелер беру

4

Үйде алдын-ала дайындалып мәтінді мәнерлеп оқу

5

Мәтінді қысқартып оқу (білім алушылар қалдырып кетуге болатын сөйлемдерді

немесе сөздерді оқымайды). Қысқаша мазмұнын айтуға дайындық

6

Мәтіндегі ең әдемі (ұнайтын) жерді (сөйлемді, абзацты, үзіндіні) оқу

7

Мұғалімнің тапсырмасы бойынша әдеби шығарманың үзінділерін іріктеп оқу

8

Мұғалім немесе білім алушының айтқан сөйлемінің немесе үзіндісінің басындағы

немесе соңындағы сөйлемді, үзіндіні тауып оқу

9

«Қоса отырып оқу». Балалар мәтіннің бейтаныс үзіндісін дәл бір минут оқиды, өздері аяқтаған жеріне белгі қояды. Мәтінмен жұмыс жасағаннан кейін, сабақтың соңында олар мәтіннің сол үзіндісін бір минут ішінде оқып, жаңа белгі қояды.

«Қосылған» сөздердің санын есептейді

10

Мәтіннен мақалға сәйкес келетін үзіндісін оқу

11

Сөйлемдерді әр түрлі интонациямен оқу

12

«Дауыстар». Мәтінді әр түрлі дауыстармен (әженің, ағаның, кішкентай баланың,

мысықтың, аюдың және т.б.) оқу

13

Мәтінді оқу және кестені мәтіннен алынған сөздермен толтыру (мысалы, белгілі бір

талаптарға сәйкес келетін зат есімдерді, сын есімдерді, етістіктерді жазу)

14

Мәтінді оқу және «кейіпкердің қозғалу картасын» жасау (ол болған барлық

жерлерді жазу)

15

Шығарманың басты кейіпкерінің басқа кейіпкерлермен байланысын сипаттайтын

сызба жасай отырып, мәтінді оқу

16

Шығарманың кейіпкері жақсы     қарым-қатынаста  болған  кейіпкерлерді қызыл

сызықпен, ал ұнатпайтын адамдарды – көк сызықпен белгілеу

17

Мәтіндегі иллюстрацияны сипаттайтын үзіндіні табу

18

Шығарманың дәйексөзін көрсете отырып, әдеби шығармаға иллюстрация жасау

19

Әдеби шығарманы оқу және кітаптың мұқабасын салу

20

Мәтінді оқу және мұғалім ұсынған суреттерді жұмыста сипатталған оқиғалардың

тәртібімен байланыстыру

21

Оқылған әдеби шығарманың мазмұны бойынша сұрақтар құрастыру

22

Оқылған әдеби шығарманың кейіпкеріне сұрақ қою

23

Мәтіннен қойылған сұрақтың жауабы болып табылатын үзінді тауып оқу


 

24

Мәтінді рөлдерге бөліп оқу (автор сөзі, әдеби шығарма кейіпкерлерінің диалогы)

25

Қатал, қуанышты, көңілді, қайғылы, жалбарыну, ашулану, мазақ ету және т. б. көңіл-күймен оқуға болатын үзінділерді тауып, сол көңіл-күйді келтіріп оқу. Кез

келген шығарманы кейіпкердің дауысымен оқу

26

Мәтіндегі тыныс белгілерді сақтап оқу (леп белгісі, сұрақ белгісі, үтір, нүкте)

27

Оқығанды әр түрлі қимылдар және мимика арқылы түсіндіру

28

«Жанды сурет» (бір білім алушы мәтінді оқиды, екіншісі естігеніне мимикамен

жауап береді)

29

Мәтіндегі дауыстап, тыныш, тез немесе баяу оқу керек сөздерді, сөйлемдерді табу

және оқу

30

Тақпақ оқу, әр білім алушы кідіріс жасайтын жерде аяқтайды, келесі білім алушы

жалғастырады. Тақпақты жатқа мәнерлеп оқу

31

Оқылған шығарманың қысқаша немесе егжей-тегжейлі толық мазмұндау

32

Мәтіннен сөз тіркестерін табу және оқу (зат есім және сын есім; зат есім және

етістік; есімдік және етістік)

33

Мәтіннен бір түбірлі сөздерді, синонимдерді, антонимдерді және т.б. табу

34

Ұнаған кейіпкермен сұхбат жүргізу

35

Әдеби шығармадағы  кейіпкерлердің  санатын  анықтау (жағымды;  жағымсыз;

бейтарап; көмекші кейіпкерлер)

36

«Мен шығарманы ... атар едім». Білім алушы шығармаға өз атауын береді және

неліктен олай атағанын дәлелдейді

Оқылған шығарманы қорытындылау кезеңіндегі іс-әрекет түрлері


Әдеби шығарманың мәтіні бойынша құрастырылған тест жұмысын орындау


Әдеби шығарманы оқу, сюжеттің жалғасын немесе кіріспесін ойлап табу


Көркем шығарма негізінде өз мәтінін құру (ұқсастық бойынша мәтін)


Әдеби шығарманың басты оқиғасы болған жерден репортаж жасау


Оқылған әдеби шығарма негізінде сөзжұмбақ, викторина құрастыру


Кластер құрастыру.  Парақтың  ортасына  шеңберге  тақырып  жазылады,   одан

сәулелер кетеді – мағыналық ірі бірліктер, яғни тақырыптың мазмұнына сәйкес терминдер мен ұғымдар жазылады


Сонымен, білім алушы мектептегі алғашқы жылдардың өзінде-ақ оқылған мәтіннің мағынасын түсінуі және оны саналы қабылдай алуы; мәтіннің құрылымын, ондағы оқиғалар тізбегін айыра білуі; мәтінді мазмұндық бөліктерге бөлуі; мәтіннің схемалық немесе суреттік жоспарын құрастыра алуы; кейіпкерлерге сипаттама бере білуі; қойылған сұраққа жауап таба алуы; мазмұнды әрі қарай өрбіте, болжай алуы тиіс.

  • Әр сабақ сайын бес минуттық оқу. Бұл әдіс Моңғолия мектептерінде орыс тіліне оқыту барысында қолданылған және тәжірибе жүргізген мұғалімдер тобы моңғол балалары орыс тілін жақсы меңгергенін айтады. Мұнда айрықша әдіс жоқ, әр баланың алдында кітап жатады. Әр сабақтағы бес минуттық оқу кез келген сабақта – әдебиеттік оқу, қазақ тілі, математика, биология, география, көркем еңбек т.б. пәндерде балалар бес минут оқиды. Сабақ қосымша кітапты немесе арнайы дайындалған кестелерді ызыңдап оқу режимінде бес минут оқудан басталады, сосын сабақ ары қарай өз қалпымен жүргізіледі [10]. Мысалы, әр сабақта бес минут, әр күні 4 сабақ, аптасына 5 күн бар. Бір апталық жаттығу 100 минут көлемінде болады. Дәстүрлі әдістермен 2-3 минутты салыңыз. Жаттығу уақытының

 

бірнеше есеге артқаны көрінеді. Мұның бәрі де әдістемелік айласыз жүзеге асады.

  • Оқудың түрлері:
  • ақпаратты іздеу – белгілі бір ақпаратты немесе фактіні іздеуге бағытталған мағыналық оқу түрі. Мағыналық оқудың бұл түрі «Қазақ тілі»,

«Ана тілі» пәндерімен қатар «Математика» оқу пәнінің тапсырмаларын орындау барысында қажет;

  • таныстырылымдық оқу – мәтіннен негізгі мағынаны, негізгі ақпаратты анықтауға бағытталған мағыналық оқу түрі;
  • зерттеуші – мақсатқа байланысты толық және нақты ақпаратты іздейтін және оны әрі қарай түсіндіретін мағыналық оқу түрі. Мәтіннің ең басты мағынасы белгіленеді;
  • рефлексивті – мазмұнына ден қойып, мұқият оқу. Мұндай процесс кезінде оқырман тақырыпты оқу немесе мәтінді оқу барысында болашақ оқиғаларды болжайды [14].

Оқудың тағы бір түрі – мәтінге түсініктеме беру, талқылау және болжау түрінде жүргізілетін түсіндіріп оқу.

Түсіндіріп оқыту негізінен мәтінді қайта оқу кезінде пайдаланылады. Бұл «автормен сұхбат» қалай болатынын, оқырманды «ойға қалдыруға» кепілдік беру үшін болуы мүмкін. Сөйлем немесе фрагменттің соңына дейін оқымай мәтіннен қажетті жерін ғана түсіндіру. Сондықтан, кез келген уақытта баланың оқуын тоқтатуға болады.

Оқудың келесі түрі – таңдап оқу. Таңдап оқу барысында білім алушы кейбір нақты ақпаратты (мысалы, статистикалық деректерді, кейбір оқиғаның сипаттамасын және т.б.) немесе жаңадан берілген мәліметті іздейді. Бұл жағдайда білім алушы мәтіндегі жаңа, маңызды және пайдалы мәліметтерді түсінуі жеткілікті. Айта кету керек, бұл ресми іс-қағаз, публицистикалық, көркемдік, ғылыми стильді мәтіндер болуы мүмкін. Білім алушылар өзіне қажетті аспектілерге ғана назар аударады.

Зерделеп оқу мұғалімнің жетелеуімен білім алушының:

  • Мен терең әрі мағыналы оқығаннан кейін, жұмысымның неге сәтті болғанын түсінуге тырыстым ба?
  • Оқу барысында мәселелер туындады ма?
  • Бұл мәселелердің сипаты қандай?
  • Мен оларды түзете аламын ба, әлде оқуға беріліп ұмытып кетемін бе? тәрізді өзіне-өзі қойған сұрағынан басталады [10].

Мағыналық оқу дағдыларын қалыптастыру барысында ақпаратты оқу және өңдеу жұмыстарының әдістері мен тәсілдерін қиындата отырып жүйелі жүргізу қажет. Сонымен қатар оқу шапшаңдығы, түсініп және дауыс ырғағын келтіріп оқу тәрізді оқу дағдыларының сапасын да ескеру керек.

Оқу дағдыларын қалыптастырудың кезеңдері тұжырымдамалық, синтетикалық, автоматтандырылған деп бөлінеді.

Тұжырымдамалық оқудың мақсаты – автордың тақырыпқа немесе құбылысқа қатынасын түсіну және осы көзқарасқа әсер ететін факторларды анықтау болып табылады.


 

Кітап оқуға үйретудің айту, қабылдау және түсіну тәрізді үш құрамдас бөлігі негізінен сауаттылыққа үйретудің буындап оқу кезеңінде бір-бірінен бөлшектенеді.

Синтетикалық оқудың мақсаты – автордың осы мәтінде қандай міндеттер қойғанын және оларды қалай шешкенін анықтау болып табылады.

Бұл кезеңде бала сөздерді толық оқып бастайды және оқу кезінде интонацияның болуы синтетикалық кезеңге өтудің басты белгісі болып табылады. Негізінен бұл бастауыш мектепте оқудың екінші жылында болады.

Бұл кезеңде балалардың оқылған шығармаға өзіндік эмоционалды көзқарасы, мұғалімнің қосымша сұрақтарынсыз өз әсерлерімен бөлісу, оқығанын өз бетінше талқылау ниеттері болады.

Жүзеге асыру тәсілдері:

  • міндетті түрде күнделікті кітап оқу жаттығулары;
  • жеке, мәтіндерді баланың психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып таңдау;
  • балалардың оқу барысында жіберген қателіктерінің алдын алу және оларды түзету бойынша мұғалімнің жүйелі жұмысы [14].

Ішінен (сыбырлап, дыбыссыз) оқу бойынша арнайы ұйымдастырылған жұмысты үшінші сыныптан бастауға болады, өйткені бұл көру анализаторына мүлдем басқаша берілетін ақпарат.

Сонымен қатар, мұғалім көрнекі қабылдауды жақсартатын арнайы жаттығуларды қолдануы, артикуляциялық аппаратты дамыту, тыныс алуды реттеу тәрізді дұрыс және жылдам оқуға әсер ететін жұмыстарды да жүргізуі тиіс.

  • Мәтінмен жұмыс істеу кезеңдері келесідей болып бөлінеді: 1-кезең. Оқуға дейінгі мәтінмен жұмыс.

Мәтіннің мағыналық, тақырыптық, эмоционалды бағыты, шығарманың атауына, автордың аты, негізгі сөздері, мәтінге берілген суреттер бойынша оның кейіпкерлерін анықтауды, мәтіннің мазмұнын болжауды, алдын ала анықтауды қамтиды.

Білім алушы өзінің болжамдарын тексеру үшін мәтінді өз бетінше оқып шығуға деген ықыласы пайда болады, нәтижесінде оның оқырмандық қызығушылығы артады. Мысалы, келесідей тапсырмалар қолдануға болады: шығарманың атауымен жұмыс, яғни атауы бойынша шығарманың мазмұнын болжау; автордың атымен байланысты ассоциацияларды қолдану (Балалар, шығарманың авторының атына назар аударыңдаршы. Сендерге оның аты таныс па? Бұл автордың шығармаларын бұрын кездестірген бе едіңдер? Бұл автор не туралы жазатынын білесіңдер ме? және т.б.) [19].

  1. кезең. Оқу барысындағы мәтінмен жүргізілетін жұмыс.
  2. Мәтінді бастапқы оқу. Мәтіннің ерекшеліктеріне, білім алушылардың жас және жеке мүмкіндіктеріне сәйкес сыныпта өз бетінше оқу немесе оқу-тыңдау немесе аралас оқу (мұғалімнің таңдауы бойынша). Бастапқы қабылдауды анықтау. Білім алушылардың бастапқы

 

болжамдарының оқылған мәтіннің мазмұнымен, эмоционалды-сезімдік қабылдауларымен сәйкестігін анықтау.

  1. Мәтінді қайта оқу. Бүкіл мәтінді немесе оның жеке бөліктерін баяу,

«ойланып» қайта оқу.

  1. Мәтінді талдау (әдістер: мәтін арқылы автормен диалог, түсініктеме беріп оқу, оқылған бойынша әңгімелесу, негізгі сөздерді, сөйлемдерді, абзацтарды, мағыналық бөліктерді және т.б. бөлу). Әр мағыналық бөлікке нақтылау сұрақтарын қою.
  2. Мәтіннің мазмұны туралы әңгімелесу. Оқуды жалпылау. Мәтінге жалпылама сұрақтар қою. Қажет болған жағдайда мәтіннің жеке фрагменттеріне жүгіну.
  3. Мәнерлеп оқу. Мәтінді, оның мазмұнын тыңдаушыға әсерлі етіп жеткізу үшін, ондағы сөздердің дыбыстық үйлесімін, екпінін, дауыс ырғағын, әуенін сақтап оқу.
  4. кезең. Оқудан кейінгі мәтінмен жұмыс.
  5. Мәтін бойынша тұжырымдамалық (мағыналық) әңгімелесу. Оқығанды ұжымдық талқылау, пікірталас. Шығарманы оқырмандық интерпретациялаудың (түсіндірудің, бағалаудың) авторлық ұстаныммен арақатынасы. Мәтіннің негізгі идеясын немесе оның негізгі мағыналарының жиынтығын анықтау және тұжырымдау.
  6. Жазушымен танысу. Жазушы туралы әңгіме. Жазушының тұлғасы туралы әңгіме. Оқулық материалдарымен, қосымша дереккөздермен жұмыс.
  7. Тақырыптың атауымен, суреттермен жұмыс. Тақырыптың мағынасын талқылау. Білім алушылардың дайын суреттерге жүгінулері. Суретшінің көзқарасын оқырман көзқарасымен байланыстыруы.
  8. Білім алушылардың оқу іс-әрекетінің кез-келген саласына негізделген шығармашылық тапсырмалар (көркемдік форма бойынша қиялдау, мазмұнды түсіну).

Мағыналық оқылым мәтінді оқу мақсатын түсіну; оқу түрін оның мақсатына (қалай? қалайша?) қарай таңдай білу; негізгі және қосалқы ақпаратты анықтау білігі; әр түрлі стильдегі мәтіндерде еркін бағдарлану және қабылдау мүмкіндігі; мәтіннен алынған ақпаратты дұрыс бағалау мүмкіндігі тәрізді бөліктерден тұратын әмбебап оқу әрекеті кешенін білдіреді.

  • Мағыналық оқуды дамытудың әдістемелік тәсілдерін «Жіңішке» және «жуан» сұрақтар»; «Мәтінге сұрақтар құрастыру»; «Оқимыз және сұраймыз»; «Қысқаша жазба жасау»; «Қос жазбалар күнделігі»; «Таңбалап оқу. Инсерт»; «Блум түймедағы»; «Қысқа және күрделі сұрақтарды қабылдау»; «Дұрыс және дұрыс емес пікірлер»; «Кідіріс жасап оқу»;

«Білемін. Білгім келеді. Қолымнан келеді кестесі»; «Болжау ағашы» деп аталатын тәсілдер түрінде жүргізуге болады [14].

«Жіңішке» және «жуан» сұрақтар» тәсілі.

Бұл типтегі сұрақтар сабақ барысында пайда болады. «Жіңішке» сұрақтар – қарапайым, қысқа жауапты, «жуан» сұрақтар – толық, егжей- тегжейлі жауапты қажет ететін сұрақтар. Бұл тәсіл сұрақ құрастыру және


 

ұғымдарды өзара байланыстыру қабілетін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Тақырыпты оқып болғаннан кейін білім алушыларға өтілген материалға байланысты үш «жіңішке» және үш «жуан» сұрақ құрастыру ұсынылады. Содан кейін олар «жіңішке» және «жуан» сұрақтар кестесін пайдаланып бір- бірімен сұхбаттасады.


«Жіңішке» сұрақтар

«Жуан» сұрақтар

Кім? Не? Қашан?

Келісесің бе?

Дұрыс па? Неге екенін түсіндір? Неліктен олай ойлайсың?

Айырмашылығы неде деп ойлайсың? Ұқсастықтары неде деп ойлайсың?

Ұқсастығына 3 дәлел келтір


  • «Қысқаша жазба жасау» тәсілін қолдану барысында білім алушылардың бойында оқу мәтінін мақсатты түрде оқу, проблемалық сұрақтар қою, топта пікірталас жүргізу қабілеті қалыптасады.
  • «Мәтінге сұрақтар құрастыру» тәсілін қолдану барысында білім алушылар мәтінде берілген ақпаратты талдайды, мәтіндегі сөйлемдер бойынша сұрақтар құрастырады, құрастырылған сұрақтарға жауап біру үшін мәтінді және басқа да қосымша деректерді пайдаланады, мәтінде пайдаланылмаған деректер қалады.

Бұл тәсіл басылым деректерімен өздігінше жұмыс істеу, сұрақтар құрастыру, жұпта жұмыс істеу білігін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

  • «Әр түрлі сұрақтар қоюды үйренеміз» – «Блум түймедағы» тәсілі. Түймедағының алты күлшесі – алты түрлі сұрақтар.

Қарапайым сұрақтарға жауап беру барысында қандай да бір фактілерді айту, қажетті ақпаратты еске түсіру қажет, яғни мәтін туралы білімді тексереді. Жауап мәтінде қамтылған ақпараттың қысқа және дәл көшірмесі болуы керек. Мысалы: Басты кейіпкердің аты кім? Жайық өзені қайда құяды? Нақтылау сұрақтары мәтінді түсіну деңгейіне шығарады. Бұл «иә» –

«жоқ» жауаптарын талап ететін және мәтіндік ақпараттың шынайылығын тексеретін ойландыратын сұрақтар, мысалы «бұл рас па...», «Егер мен дұрыс түсінсем, онда...».

Мұндай сұрақтар пікірталас дағдыларын қалыптастыруға айтарлықтай үлес қосады. Дұрыс және әсірелемей, нақты сұрақ қоюға үйрету керек.

  • Мағынаны пайымдау (түсіндірме) сұрақтар мәтіндік ақпаратты талдау үшін қолданылады. Кейбір жағдайларда сұрақтың бұл түрі ақтауға мәжбүрлеу ретінде теріс қабылдануы да мүмкін. Олар негізінен «неліктен?» деген сұрақтан басталады және себеп-салдарлық байланыстарын анықтауға бағытталады. Мысалы, «Ағаштардың жапырақтары неліктен күзде сарғаяды?». Мұндай сұрақтың жауабы мәтінде дайын түрде болмауы маңызды, әйтпесе ол қарапайым санатқа енеді, сонымен қатар бала сұрақтың жауабын білетін болса да қарапайым санатқа енеді.

 
  • Шығармашылық сұрақтар алынған ақпараттағы мағлұматтарды біртұтас құбылыс ретінде жинақтап зерттеуді білдіреді. Олар әрқашан «егер

...» сөзімен жалғастырылатын немесе болашақ уақытты білдіретін сұрақ, ал тұжырымдаманың құрамында болжам немесе қиял элементі болады. Мысалы, «Егер ..., не болар еді?».

  • Бағалау сұрақтары құбылыстарды, оқиғаларды, фактілерді бағалау критерийлерін анықтауға бағытталған. «Сіз ... қалай ойлайсыз?»,

«Дұрыс істеді ме?» тәрізді сұрақтар.

  • Практикалық сұрақтар қолдануға, теория мен тәжірибе арасындағы байланысты іздеуге бағытталған. Мысалы, «Кейіпкердің орнында болсаң, не істер едің?», «Есеп шығару дағдысы саған не үшін қажет болады?» тәрізді сұрақтар [20].

Оларға жауап бере отырып, кейбір фактілерді атау, есте сақтау керек, сонымен қатар кейбір ақпаратты көбейту керек. Олар көбінесе сынақ, терминологиялық диктант кезінде басқа да дәстүрлі бақылау формаларында тұжырымдалады.

Нақтылаушы сұрақтар әдетте «Яғни сен ... деп ойлайсың?», «Егер мен дұрыс түсінсем, онда ... ?», «Менің қателесуім мүмкін, бірақ, сен ... туралы айттың?» тәрізді сұрақтардан тұрады. Бұл сұрақтардың мақсаты – сұхбаттаушы адамға не айтқаны туралы кері байланыс беру болып табылады. Кейде олар хабарламада жоқ, бірақ болжанатын ақпарат алу үшін сұралады. Сұрақ қою барысында бет әлпетінде жағымсыз мимиканың болмауы өте маңызды.

  • «Инсерт» тәсілі – бұл оқу барысында мәтінді таңбалап немесе белгілеп отыру тәсілі. Ол негізінен мұқият оқуды ынталандыру және оқуды қызықты саяхатқа айналдыру үшін қолданылады [21].
  • Оқу барысында білім алушы мәтінде келесідей белгілер қойып отырады:

V – бұрын білгенмін;

+ –жаңа;

– – басқаша ойлағам;

? – түсінген жоқпын, сұрақтарым бар.

  • Мәтінді екінші рет оқи отырып және материалды жүйеге келтіре отырып кесте толтырады.

Бұрын білгенмін (V) Жаңа ұғым білдім (+) Басқаша ойлағам (–) Сұрақтарым бар (?)

Негізгі сөздерден, фразалардан тұратын қысқа жазбалар жасайды. Кестені толтырғаннан кейін балалардың қолында қысқаша конспект пайда болады, сондай-ақ білім алушылармен әңгіме режимінде жұмыс нәтижелерін қорытындылауға болады. Егер білім алушыларда сұрақтар туындаса, онда мұғалім білім алушылардың бірі туындаған сұраққа жауап бере ала ма, жоқ па екенін алдын ала біле отырып, сұрақтарға өзі жауап береді. Бұл әдіс білім


 

алушылардың жаңа ақпаратты жіктеу, жүйелеу, жаңасын бөлу қабілетін дамытуға ықпал етеді.

  • «Кластер» тәсілі материалды құрылымдау және жүйелеу үшін қолданылады. Кластер – оқу материалын графикалық ұйымдастырудың тәсілі, оның мәні парақтың ортасында негізгі сөз (идея, тақырып) жазылады немесе сызылады, ал оның екі жағында онымен байланысты идеялар (сөздер, суреттер) жазылады [22].
  • Мұғалім балаларға оқылған материалды қайта оқып, сабақтың тақырыбы шеңберіндегі негізгі ұғымдарды, өрнектерді, формулаларды жазуды ұсынуына болады. Содан кейін әңгіме немесе жұптағы, топтардағы жұмыс барысында, осы негізгі ұғымдарды, өрнектерді, формулаларды қажетті ақпаратпен толықтырады.

«Негізгі сөздер» тәсілін қолдану арқылы әңгіме құрастыруға немесе кейбір ұғымдарды анықтауға болады.

«Дұрыс және дұрыс емес пікірлер» тәсілі – білім алушылардың білімін өзектендіруге және олардың ойлау қызметін белсендендіруге ықпал ететін әмбебап тәсіл. Бұл әдіс балаларды ақыл-ой белсенділігіне тез қосуға және сабақтың тақырыбын зерттеуге логикалық түрде көшуге мүмкіндік береді. Стратегия жағдайды немесе фактілерді бағалау, ақпаратты талдау, өз пікірін білдіру қабілетін қалыптастырады. Балалар ереже бойынша пікірлерге өз көзқарастарын дұрыс болса «+», дұрыс емес болса «–» белгілерін қою арқылы білдіреді.

  • Мағыналық оқу әмбебап әрекет ретінде мұғалімнің:
  • проблемалық оқыту технологиясын;
  • интерактивті технологияларды;
  • сыни   ойлау технологиясын  және   басқа   да жұмыс  формаларын қолдануының арқасында қалыптасады.
    • Оқудың заманауи тәсілдерін ескере отырып, мұғалімдерге келесі жолдарды ұсынуға болады:
  • білім алушылардың жаңа материалды игеруі үшін оқудың ең ұтымды түрлерін таңдау;
  • мәтінмен жұмыс істеудің стандартты емес түрлері мен әдістерін енгізу арқылы білім алушылардың бойында оқуға деген қызығушылық қалыптастыру;
  • оқулықпен жұмыс істеу кезінде білім алушылардың әртүрлі топтары қызметінің сипатын анықтау.

Оқулықтардың ақпараттары үлкен тиімділігімен ерекшеленеді, себебі олардың құрамында сабақ тақырыбына қатысты көптеген ақпараттар болады. Олармен жұмыс істеу барысында білім алушылар тапсырма алады, сол тапсырмаларда қарастырылған жұмыстарды орындайды.

Оқулықтарда көлемді апараттар қысқартылып беріледі, қосымша ақпарат алу, яғни білімді тереңдету үшін білім алушылар қажетті ақпаратты басқа дереккөздерден іздейді, оқиды. Оқулықтарда оқу материалын көбірек

«жинақтау»  үшін  мәтіннен  басқа   қорытынды  кестелер,  диаграммалар,


 

графиктер және т.б. беріледі Сондықтан, мұғалімдер оқулықтағы ақпаратты талдауға назар аударулары тиіс [10 ];

  • оқу іс-әрекетінің белгілі бір түрлерінде білім алушыларға қиындықтар тудыруы мүмкін жағдайларды алдын-ала болжау;
  • білім алушылардың білуге ұмтылысына, алға жылжуына қарай оқудағы дербестік деңгейін арттыру;
  • білім алушылардың шығармашылық ойлауын дамыту мақсатында сабақ барысындағы іс-әрекеттерді түрлендіру;
  • әр түрлі қызмет түрлерінде өзін-өзі бақылау мен өзін-өзі ұйымдастыруға үйрету.

Жоғарыда аталған жұмыс әдістерін бастауыш және негізгі білім беру деңгейлерінің білім алушыларының (мәтіннің, әңгіменің, есептің, тапсырманың) мағынаны түсініп оқуын дамыту үшін кеңінен қолдануға болатындығы анық. Әдебиеттік оқу сабақтарында білім алушылардың оқу шеберлігі мен көркем шығарма әлеміне «ену» қабілетін, сонымен қатар көркем әдебиет оқуға деген қызығушылығын қалыптастыру үшін жағдай жасау қажет.


  1. Жалпы білім беретін мектептерінің барлық пәндері арқылы, яғни сабақ жүйесінде


  • дыбыс шығармай оқу

бұл іс-әрекет түрлері сабақтың басында (барлық пән сабақтарында) ұйымдастырылуы тиіс (ұзақтығы 5 минут). Бұл тәсіл барлық балалардың бір мезгілде оқуын қарастырады және білім алушылар бір-біріне кедергі жасамаулары тиіс. Әр бала өзінің қарқынымен оқиды. 5 минуттан кейін оқу тоқтатылады, одан әрі пән сабағы жүргізіледі. Білім алушылардың партасында қосымша оқуға арналған әдебиеттер болуы тиіс (әдебиетті балалар өздерімен әкеледі, яғни әр білім алушы өзіне

ұнайтын шығарманы оқиды);

  • ыңылдап немесе сыбырлап оқу


  1. Негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейлерінде
    • «Физика» және «Математика» оқу пәндерінде:

Семей қаласы №32 жалпы орта білім беретін мектебінің математика пәні мұғалімі Сабиханова Гаухар Ғазезовна мен физика пәні мұғалімі Сығаева Ләзат Заманбекқызының Республикалық ғылыми-әдістемелік

«Математика және физика» журналынының 2021 жылғы №1 санында жарияланған «Абай мен Шәкәрім мұраларын математика және физика пәндерімен байланыстыру» атты мақаласында ұсынылған үлгілері мысал бола алады.

«Абай мен Шәкәрім мұраларын математика және физика пәндерімен байланыстыру»


 

Ұлы ақынның өлең жолдарын жалпы білім беретін мектептің 9- сыныбындағы «Физика» оқу пәніндегі «Жарықтың сынуы. Жарықтың сыну заңы», «Энергияның сақталу заңы» тақырыптарында қолдану.


Ш.Құдайбердіұлының «Тау басындағы ой» өлеңінен үзінді

...Күннен неге түсіп тұр мұнша жарық, Сегіз минут шерікте жерге барып Әншейін құр жарқырап тұрып алмай, Жылулық нұрмен бірге жүр қозғалып. Бұл дүние жылу жоқ нұрсыз болса, Әлемнен кім жүре алар пайдаланып?

«Дүние атаулы теп-тегіс мөлдір болса Көлеңке орнығады қайда барып ...

Шымды жерде көресіз қара топырақ Шіріген шөп, тозаңнан болған құрақ. Егер оған дым тиіп, күн жылытса, Жан кіріп, шөп шығады гүл-жапырақ. Өлген шөптің көлі еді тозған тозаң Онан тағы не шықты, байқа, бірақ.

Әлемде жоғалатын ешбір зат жоқ Өзгертіп, түрленеді, ойла, шырақ.

Бұл соңғы шөп — өлген шөп емес дерсің, Шөп-жанынан білдің, бе оны сұрап?

Дене — киім сияқты, күнде ауысар, Жан ауысты деуіңіз қиынырақ!


  • «Математика» оқу пәнінде

«Геометриялық фигуралар туралы түсінік» тақырыбын зерделеу барысында «Дұрыс немесе дұрыс емес мәлімдемелер», «Сенесіңдер ме?» тәсілін сабақтың басында қолдануға болады. Негізгі ақпаратпен танысқаннан кейін (параграфтың мәтінін оқығаннан кейін немесе мұғалімнің түсіндірмесін тыңдағаннан кейін) келесі мәліметтердің дұрыс немесе дұрыс еместігін анықтау ұсынылады:

  • Доғал бұрыш – бұл ұшы жоқ қарындашпен салынған бұрыш.
  • Бұрыш – бұл геометриялық фигура.
  • Бұрыш қиылысатын екі түзу сызықтардан тұрады.
  • Бұрыштар тапқыр және топас болып бөлінеді.
  • Бұрыш бір нүктеден шығатын екі сәуледен тұрады.
  • Тең бұрыштар – бұл бүйірлері бірдей бұрыштар.
  • Биссектриса – үш жағы бар бұрыш.
  • Тік бұрыш болады.
  • Бұрыш арық болуы да мүмкін.
  • Үшкір бұрыш – бұл тік бұрышқа қарағанда кішкентай болатын бұрыш.

 
  • №2 есеп.

Жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет – төрт терезесі бар оқу кабинетінің қабырғаларын сырлау керек. Жөндеу жұмыстарына (жұмыс бағасын қоса алғанда) 125000 теңге бөлінді.

Тапсырмалар

  1. Егер:
  2. төбенің биіктігі 320 см;
  3. бөлменің ұзындығы 800 см;
  4. ені 600 см;
  5. терезелердің мөлшері 200 см х 180 см;
  6. есіктің мөлшері 200 см  х 100 см екендігі белгілі болса, сырлауға арналған қабырғаның ауданын анықтау қажет.
  7. Оқу процесіне неғұрлым қолайлы әсер ететін бояу түсін таңдау (1- кесте).
  8. Неғұрлым қауіпсіз бояу таңдау (2-кесте).
  9. Бояудың қажет болатын мөлшерін есептеу.
  10. Шығатын қаражат мөлшерін анықтау (сырлаушыға 55000 теңге төленетінін ескеру қажет).

Түс адамның денсаулығы мен психологиясына әсер етеді. Сондықтан бөлме қабырғаларын бояйтын сырдың түсін өте мұқият таңдау қажет. Ғалымдар бөлме қабырғаларын таза түсті сырмен боямауды ұсынады – бұл адамның психикасына ауыр тиетін жағдай жасайды. Сондықтан да қабырғаларды қанық таза түстермен өте сирек бояйды. Әдетте бояуларды ақ түспен араластырады немесе түс гаммасына қарама-қайшы бояуды қосумен бейтараптандырады.

  1. кесте

Түстің психологиялық сипаттамасы


Сары

Еңбекке       қабілеттілікті      жақсартады,       жағымды      әсер

қалыптастырады

Қызыл

Мазасыздық   сезімін   тудырады,   қабырғалары  қызыл   түсті

бөлмеде ұзақ уақыт болу көзді талдырады

Жасыл

Тыныштандырады, көзді демалдырады

Көгілдір

Жеңілдік сезімін қалыптастырады, тыныштандырады

Сия көк

Уайымшылдық көңіл-күйге ұшыратады


  1. кесте

Бояудың түрлері және ерекшеліктері


Бояудың түрі

Ерекшеліктері

Сулы            эмульсия сыры

Құрамында уландырғыш компонент болмайды, өзіне тән иісі жоқ, экологиялық таза, денсаулық үшін қауіпті емес. Беті сылақпен өңделген бетонды, кірпішті сырлау үшін пайдаланылады

Акрилді сыр

Экологиялық  қауіпсіз,   ылғалдың  әсеріне   төзімді,


 


өткір иісі жоқ, тез кебеді.

Майлы бояу

Ұзақ мерзімді, мықты. Кемшілігі – беткі қабаттың

дем алуына жол бермейді

Латексті сыр

Мықты,   ұзақ   мерзімді   жабын   қабат    жасайды.

Кемшілігі – ұзақ уақыт кебеді.

Алкидті сыр

Жылдам кебеді. Жылтыр жабын қабат жасайды.






  1. кесте

Ақ сырлар, олардың ерекшеліктері


Сырдың

маркасы

Ерекшелігі

Өлшеп орауы

Бағасы

Шығымы

Mattlatek

Ақ, бұлыңғыр, ұнтақталмайды, көп қолданылатын бөлмелерге

арналған

2,5 кг;

5 кг;

10 кг

1030 т.;

1915 т.;

3500 т.

150 мл/кв.м

Superweiss

Аппақ, өте үнемді, ылғалға

төзімді

2,5 кг;

5 кг;

10 кг

1030 т.;

1915 т.;

3500 т.

150 мл/кв.м

Wandfarbe

Ылғалға төзімді,

жоғары дәрежелі ақтыққа ие

2,5 кг;

5 кг;

10 кг

1030 т.;

1915 т.;

3500 т.

150 мл/кв.м


Бір түтік колердің бағасы – 550 теңге. Алынған барлық деректерді кестеге еңгізіңдер.


Бөлменің барлық қабырғаларының ауданы

Қабырғалардың түсі

Сырдың түрі

Қажетті сырдың саны:

  • барлығы кг-мен;
  • банкалар саны, қандай орамда.

Шығынның бағасы

Дереккөз: https://iro86.ru/images/documents/Dolzhenko.pdf


  • «Қазақстан тарихы», «География», «Биология» оқу пәндерінің тақырыптарын зерделеу барысында білім алушылардың оқу қызығушылығын арттыруға арналған іс-әрекет түрлері мен әдебиеттер тізімін ұсынамыз.


Сынып. Пәннің атауы.

Мақсаты. Іс-әрекеттер. Ұсынылатын


 

Тақырып.

әдебиеттер

5-сынып. Қазақстан тарихы.

«Қазақстандағы

жартастарға                               салынған ежелгі суреттер»

Тақырыпты зерделеу барысында білім алушылардың оқу қызығушылығын арттыру мақсатында Қазақстанның жалпыұлттық маңызы бар сакралды нысандарымен ұштастыруды ұсынамыз, яғни Торғай геоглифтері, Таңбалы (Тамғалы) тас археологиялық кешені, Теректі әулие петроглифтерінің суреттерін көрсете және

қысқаша мағлұмат беру.

5-сынып. Қазақстан тарихы.

«Алтын                       адам»

археологиялық                                олжасы» тақырыбы.

Білім алушыларды Есік обасынан табылған «Алтын адам» кім болды? Зерттеу сұрағына өздіктерінен жауап іздеуге тарту.

Айбын.   Энциклопедия.    /       Бас       ред.

Б.Ө.Жақып.           –           Алматы:           «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 880 бет.

6-сынып. Қазақстан тарихы.

«Атлах                  шайқасы» тақырыбы.

Зерттеу сұрағы: Неліктен Атлах шайқасын

«халықтар шайқасы» деп атайды?

Жолдасов С. Қазақстанның оңтүстік өңірінің тарихы. Алматы «Үш қиян» 2009. 88,95,97.

Отан тарихы (ғыл. журнал). Жеңіс Ж. Орта ғасырлық түркілер және әлемдік діндер. 2.2005. Алматы. 31-32.

Қазақстан тарихы.«Ата-мұра» (IV томдық), I т. Алматы. 1996. 480-482.

Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (очерк). Алматы «Дәуір» 1994. 92

Айбын.   Энциклопедия.    /       Бас       ред.

Б.Ө.Жақып.           –           Алматы:           «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 880 бет.

6-сынып. Қазақстан тарихы.

«Халықаралық байланыстардың дамуындағы    Ұлы                        Жібек жолының рөлі» тақырыбы.

Ұлы Жібек жолы халықаралық байланыстардың дамуына ықпал етті ме? Зерттеу сұрағына өздіктерінен жауап беруге, жауаптарын дәлелдеуге бағыттау.

Оқушы  анықтамасы.   1-кітап.   Астана:

«Арман-ПВ», 2012 ж. 205-бет.

Аманжолов К.Р. Қазақстан тарихының дәрістер курсы. 1-кітап. Ежелгі заманнан 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейін. А., 2004, 118 б.

М.Қани. Қазақтың көне тарихы. А., 1993,

187 б.

6-7-сыныптар.      Қазақстан тарихы.

Қазақ                   хандығына

Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып.           –           Алматы:           «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 880 бет. ISBN 9965-


 

байланысты тақырыптар

893-73-Х

Тарихи тұлғалар. Танымдық-көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. «Алматыкітап баспасы», 2009

«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы, Алматы, «Қазақ энциклопедиясы», 1998 ж.

«Қазақтың Қасым,     Хақназар  хандары».

«Үшқиян» баспасы. Бұл кітапты құрастырушы Хақназар ханның тікелей ұрпағы, экономика ғылымдарының кандидаты, профессор, Бүкіләлемдік Шыңғысхан академиясының құрметті академигі Жантеке Қалилаұлы Жәрімбетов.

«Қазақ Хандығының құрылу тарихы» деп аталатын еңбектің авторы – профессор, тарих ғылымдарының докторы Берекет Кәрібаев.

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Зарқын Сыздықұлы Тойшыбайдың

«Қазақтың ханы – Абылай» атты 2 томдық кітабы.

Шежіреші Арман Қияттың «Абылай хан әулеті» және «Барақ сұлтан әулеті» кітаптары хандар шежіресінен мол деректер береді.

Ақпарат                                       дереккөзі:

https://massaget.kz/mangilik

_el/tup_tamyir/kazak_handyigyi_-_550_jyil/25970/

8-сынып. Қазақстан тарихы. XX ғасырдың басындағы қазақ                     зиялыларының көрнекті өкілдері.

Әлихан Бөкейханның саяси көшбасшылық қызметіне баға беру.

Әлихан Бөкейхан. Шығармаларының 9 томдық толық жинағы. /Құраст.: Жүсіп Сұлтан Хан Аққұлұлы. – Астана: «Сарыарқа», 2013.

Дереккөз: https://adebiportal.kz/kz/books/view/937

8-сынып. Қазақстан тарихы. Ахмет Байтұрсынов – «ұлт ұстазы».

Ахмет Байтұрсыновты қазақ тіл білімінің негізін салушы, қоғам қайраткері ретінде бағалау.

Тарихи тұлғалар. Танымдық-көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев

Б. Сужикова А. – Алматы. «Алматы кітап баспасы»

8-сынып. Қазақстан тарихы.

Сәрсеке М. Шығармалары / М. Сәрсеке. –


 

Қ.Сатбаев     –     жан-жақты ғалым.

Астана: Фолиант, 2015. ISBN 978-601-7568-20-7

Т.4. Қазақтың Қанышы. Деректі ғұмырнама-роман. – 640 б

М.Сәрсеке.            Сәтбаев,            Алматы

«Жалын»1988 ж.

2.Ш.Қ.Сәтбаева,                                                  Ғ.Батырбеков, Ә.Жармағамбетов      «Қаныш  аға»   естеліктер,

«Жазушы баспасы», 1989 жыл

К.Салықов «Қазақтың Қаныш аға – жер иесі», Алматы -1990 ж.

8-сынып. Қазақстан тарихы. XX        ғасырдың       20-30

жылдарындағы            қазақ өнерінің дамуы.

Әміре Қашаубаев пен Қажымұқан Мұңайтпасұлының қазақ халқын әлемге танытудағы рөліне баға беру.

Әлімқұл Бүркітбаев – «Қажымұқан» романы («Қазақ балуандары» шығармалар жинағынан).

Ғазизбек    Тәшімбаев    –    «Күш   атасы» естелік жинағы.

Дереккөз: https://massaget.kz/layfstayl/debiet/ 64525/

Жүсіпбек Аймауытов «Әнші» әңгімесі Ілияс Жансүгіров «Әнші» поэмасы Қайнекей      Жармағанбетовтың                     «Әнші

азамат» повесі

Жарқын Шәкәрім«Әміре» зерттеу кітабы;

«Ән   жұлдызы»  кітабы;   «Ән   асқары         Әміре» зерттеу кітабы.

Қайырбек Шағыр. «Ұлы тенор» поэмасы

«География»      оқу      пәні бойынша

Түсіпбекова Г.М., Ахметов Қ.М. Т 90 География: Балаларға арналған энциклопед

ия. / Гүлсім Түсіпбекова, Қадырбек Ахметов. – Алматы: ЖК «Спанова А.Б.», 2017. - 480 бет. ІSBN 978-601-06-5242-2

Қызықты география — 2011 жылы Алматы қаласы «Таймас» баспасында басылып шыққан кітап. Кітап авторы/құрастырушысы — А. Әлімжанова. Беттер саны — 160.

Жамбыл облысының топонимикалық анықтамалығы  /  З.     Құламанова.  –     Алматы:

«Арыс» бас пасы, 2014. – 808 бет. ISBN 978-601-

291-242-5

Сапаров     Қ.Т.     Павлодар    облысының

топонимикалық   кеңістігі.    Павлодар:                             «ЭКО» ҒӨФ, 2007. – 308 б. және т.б.

«Биология» оқу пәнінен

Қазақстан табиғаты: Энциклопедия / Бас


 

ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС, 2013. Т. 5. – 336 бет.

Көп томдық «Қазақстан табиғаты» энциклопедиясында еліміздің бай табиғаты, оның ішінде тау шыңдары, жон-жоталары, шоқы-қыраттары, құмды алқаптары мен белесті жазықтары, жусан иісті далалары, дария теңіздері, өзен-көлдері, орман-тоғайлары, жеті қат жер қойнауы, көрікті қорықтары, сәнді саябақтары, жануарлар әлемі, топырақ жамылғысы мен өсімдіктер дүниесі, т.б. энциклопедиялық жүйемен, әліпби бойынша берілген. Мақалалар суреттермен безендіріліп, кесте, карталармен толықтырылған. Бұл бес томдық басылым туған жер, өскен топырағын жетік білгісі ке-летін географтар мен биологтарға, сондай-ақ көпшілік оқырман қауымға арналады.

Якушкин В. Қазақстанның ғажайып табиғаты (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде): фотоальбом. – Алматы: Алматыкітап баспасы, 2014. – 320 б., фотосур. ISBN 978-601-01-2057-0

Осы фотоальбом Қазақстанның әсем табиғатына арналды. Оған аймағымыздың ең көрікті жерлерінің, жануарлар мен өсімдіктердің көптеген суреттері енгізілді. Фотоальбом Қазақстан                           Республикасының           барлық тұрғындары және оның қонақтары үшін, еліміздің таңғажайып әдемі табиғатын сүйетін барлық жан үшін тамаша сыйлық болары сөзсіз.


  • «Қазақстан тарихы», «Қазақ әдебиеті» оқу пәндерінде қосымша оқуға арналған мәтіндер әзірлеу, мысалы «Қазақ тарихындағы әйелдер» (1- қосымша)
  • Пән тақырыптарына сәйкес сөзжұмбақтар мен тест тапсырмаларын орындау. Білім алушыларға өз бетімен оқу үшін бір немесе екі айға (көлеміне байланысты) тақырып бойынша үлкен шығарма ұсынылады. Тапсырылған шығарманы оқу мерзімі аяқталғаннан кейін мұғалім сыныптан тыс оқу сабағында білім алушыларға сөзжұмбақ шешуге уақыт береді және сұраққа жауап алады [10].
  • Білім алушыларға арналған жадынама әзірлеу. Үлгісі 2- қосымшада берілген.
  • Әдебиет пәндерінде оқырман күнделіктерін жүргізу жолдарын үйрету үлгісі 3-қосымшада ұсынылған.

 
  • Оқырман күнделіктерінде кітапқа пікір жазуға үйрету (4- қосымша).


Ата-аналар үшін

  • «Қазіргі замандағы отбасылық кітап оқу дәстүрі», «Кітап оқитын әке», «Кітап оқитын ана», «Ең кітап оқитын отбасы», «Кітап оқитын жолдастар» кітап оқу фестивалін өткізу.
  • Отбасылық кітап оқу дәстүрін қалыптастырудың әдістемелік шарттары:
  • оқуға іріктеліп алынған шығармалар көркем әдеби, яғни балаға да, ересектерге де бірдей қызықты болуы тиіс. Сонымен қатар, бұл шығармалардың мектеп жасындағы балаларға арналуы міндетті емес;
  • егер отбасы мүшелері шығарманы дауыстап оқимыз деп шешсе, онда шығарманың көлемі онша үлкен болмауы тиіс, шығарма көлемі біртіндеп ұлғайтылады, нәтижесінде бірнеше күн қатарынан оқитын шығармаларға ауысуға болады;
  • оқу үшін таңдалған әдеби шығарманы оқу мәнері тым театрландырылған, әртістік ойын тәрізді болмауы тиіс. Орфоэпиялық нормаларды сақтап оқу маңызды болып табылады;
  • оқу барысында балалардың көңіл-күйіне (бәрі түсінікті ме, қызыға ма, жоқ па, шаршаған жоқ па) назар аудару қажет. Егер шығарма балаға ұнамаса, онда оның таңдауы бойынша басқа кітап оқуға ауысу қажет;
  • оқу барысында шығарма желісі бойынша сұрақтар қою арқылы баланы диалогке тарту қажет, бұл автордың ойын бағалауға мүмкіндік береді;
  • қарапайым оқудың ең басты және маңызды ережесі – баланы тыңдаудан жалықтырмай оқуды дер кезінде тоқтату;
  • баламен бірге оқитын ата-аналардың оқып-үйрену іштей немесе дауыстап оқуға арналған күнделік. Күнделікте келесі бағандар болуы мүмкін: нөмір, шығарманың атау және автордың аты, оқылған беттер саны, оқу түрі (дауыстап және өздігімен), ата-ананың қолы. (Негізінен бастауыш сыныптарда қолданылады) [10].
  • Отбасылық кітап оқу клубтарын құру: жас отбасы клубтары, болашақ әке-шешелерге арналған лекторий, ата-аналар мен балаларға арналған дамыту клубтары.

Отбасылық оқырмандар клубының мақсаты – білім алушылар мен олардың ата-аналарының бірлескен оқу мен шығармашылыққа деген қызығушылықтарын ояту.

Міндеттері: кітап оқуға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу; ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу; кітапқа тартудың стандартты емес түрлерін енгізу; оқу процесіндегі отбасының рөлін арттыру.

Клуб жұмысының бағыттары келесідей болуы мүмкін: кітаптарды жөндеу; библиографиялық білім негіздері; оқу залындағы сабақтар; дауыстап оқу академиясы; шығармашылық жұмыс; ақпараттық желімен жұмыс; ата- аналармен бірлескен сабақтар.


 

Жұмыс формалары: отбасылық оқу жобаларын қорғау; оқу жоспарларын құру; суреттер, қолөнер көрмесі; аудио жазбалар тыңдау; біздің балалық шағымыздың кітаптары; отбасының сүйікті кітабы; біздің үй кітапханасы.

  • «Балалар нені және қалай оқуы керек!», «Кітап оқитын ата-ана – кітап оқитын бала» ата-аналар сауаттылығы сағаттарын өткізу; «Отбасының кітап оқитын баланы қалыптастыруға ықпал ететін рухани климатын құру»,

«Ата-аналарға арналған жадынама» әзірлеу (6-қосымша).

  • Кітап оқитын отбасының «Ең кітап оқитын отбасы» конкурсына қатысуын ұйымдастыру. Ереже әзірлеу.
  • Ата-аналарға арналған «Үйдегі кітапханамдағы кітаптар»   балалар кітаптарымен таныстырылымы; буккроссинг «Үйдегі кітапхана».
  • Ата-аналар мен балалардың мәдениет мекемелеріндегі әдеби іс- шаралар мен спектакльдерге бірге баруы.
  • Отбасылық әдебиет демалысы күндерін өткізу.
  • «Отбасы күні: отбасымыздың өміріндегі кітап» мерекесін өткізу.
  • «Менің отбасым кітап оқиды» кітап оқу марафонын өткізу.

Марафонға қатысушылар балалардың жас ерекшелігіне қарай бірнеше топқа бөлінуі және марафон ұзақ мерзімді (бірнеше ай) болуы мүмкін. Отбасы мүшелері балалар мен жасөспірімдердің оқу аясына кіретін кітаптарды оқиды және оқылған кітаптар туралы ақпаратты марафон сайтында орналастырады. Ақпарат тек марафон басталғаннан бері (мысалы, 01 маусымнан) бұрын емес, кітаптар туралы болуы маңызды.

Әрбір жақсы пікір үшін қосымша балл беріледі. Қатысушылардың пікірлері кітап марафоны сайтында орналастырылады және оларды кез- келген адам оқи алады.

Марафон модераторлары балалар мен жасөспірімдер оқуының шеңберіне кірмейтін кітаптарға пікірлерді (16+ жас белгісі) және дұрыс құрастырылмаған пікірлерді, оның ішінде қатысушылардың плагиат пікірлерін жою құқығы барын ескеру қажет.

Марафон аяқталғаннан кейін өз қашықтығын соңына дейін «жүгірген» әрбір қатысушы марапатталады [23].


Мәдениет мекемелерімен өзара іс-қимыл жолдары

  • Ақын-жазушыларды, суретшілерді, актерлерді, спортшыларды, әйгілі жерлестерді қатыстырып, шығармашылық кездесулер өткізу.
  • Online режимде «Автормен теле-көпір» өткізу.
  • Бір-бірімізге оқып береміз (волонтерлерді тартып): кіші сыныптағы балалармен жоғары сынып балаларының кездесуі және кітап оқып беруі.
  • Жастар қоғамдық ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау.
  • «Кітап оқу сағаты» стартаптарын өткізу.
  • Білім алушыларға арналған «Алтын қор» – қазақ классиктерінің туындылары, «Біздің тарихымыз» кітапхана топтамаларын қалыптастыру.
  • Мектеп   сайтында   қоғамды   кітап    оқу   мәдениетіне    тәрбиелеу проблемасын талқылауға қолжетімділікті қамтамасыз ету (форум).

 
  • Кітапханаларда «Нағыз оқырмандар» деректер базасын құру.
  • Жазда кітап оқудың қалалық open-air бағдарламалар-көше бағдарламалары форматындағы жаңа алаңдарды, тақырыптамалық іс- шараларды, PR-акцияларды игеру.
  • Жазғы көшпелі оқу залдарын ұйымдастыру.
  • Жекелеген аудандардағы мобильді мәдени-ағартушылық акциялар өткізу.
  • Жоба серіктестері – мәдениет объектілерін шығармашылық процесс ретінде кітап оқуды ұйымдастыруға тарту.
  • «Біздің үйдегі кітапхана» буккроссингі, сынып кабинеттегі көркем әдебиет сөресін жабдықтау.
  • «Мектепке кітап сыйла» акциясын өткізу.
  • Балалармен оқуға болатын кітаптардың тізімін ұсыну. Кітаптарға шолу жасау.
  • Педагогтердің кітап оқу беделін арттыру туралы, білім алушылардың кітап оқуын ұйымдастыру туралы және ата-аналардың өздерін кітап оқуға тарту жөніндегі жеке жұмысты өткізу туралы жария сөз сөйлеулері.
  • Педагогтердің балалардың кітап оқуын қолдауға бағытталған біліктілік деңгейін арттыру бойынша оқыту курс бағдардамасын әзірлеу.
  • мұғалімдердің онлайн-олимпиадаларға, байқауларға, оқу мәдениетін арттыру жобаларына қатысуын ұйымдастыру.


Сыныптан тыс жүргізілетін іс-шаралар


«Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыруда сыныптан тыс жұмыстардың алар оны ерекше болып табылады. Сыныптан тыс жұмыстар тек оқу дағдыларын бекітіп қана қоймай, білім алушылардың ой-өрісін кеңейтуге, ғылымның түрлі салаларымен таныстыруға, жаңа мамандықтарды білуге мүмкіндік береді, олардың ойлауын, байқағыштығын дамытуға ықпал етеді

Сыныптан тыс жұмыс дегеніміз – мақсаты, мазмұны, өткізу әдістемесі, сабақты басқару нысандары мен тәсілдері бойынша әр түрлі болып табылатын кең ұғым. Мысалы, сыныптан тыс оқу және мектеп мерекелері мен кештерін өткізу – бұл сыныптан тыс жұмыстар сала.

Сабақтан тыс жұмыс – бұл өзін-өзі басқару, сынып жетекшілерінің бағыттаушы рөлі бар балалардың белсенділігі негізінде өткізілетін жұмыстар. Мақсаты, мазмұны және әдістері бойынша сабақтан тыс жұмыс оқу процесіне жақын, бұл оның сабақтан тыс уақыттағы жалғасы. Оны жоспарлау мен ұйымдастырудағы шешуші рөл мұғалімдерге тиесілі болады. Пән мұғалімдерінің білім алушылардың бағдарламалық материал туралы білімдерін кеңейту және тереңдету бойынша жүргізетін жұмыс бұған мысал бола алады.

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында білім алушылардың оқуға деген қызығушылығын қалыптастыруда сыныптан тыс жұмыстардың атқарар рөлі маңызды болары сөзсіз.


 

Бастауыш білім беру деңгейінде

Бастауыш сынып білім алушыларының оқу қызығушылығын дамытуға бағытталған, сонымен қатар оқу қызығушылығының деңгейін арттыруға мүмкіндік беретін «Оқылған кітап жарнамасы»; «Мен жазушымын»;

«Ертегілер әлемінде» атты сыныптан тыс шаралардың үлгілерін ұсынамыз.

  • «Оқылған кітап жарнамасы» атты сыныптан тыс іс-шара.

Бұл сыныптан тыс іс-шара жоба әзірлеуді және таныстыруды қамтиды. Өз жобасын таныстыру үшін білім алушыларға 2-4 адамнан тұратын кіші топтарға бөлініп, өздеріне ұнаған кез келген туындыны таңдау ұсынылады. Іс-шараға дайындалу үшін білім алушыларға бір ай уақыт беріледі. Қажет болған жағдайда, балалар сынып жетекшісімен кеңесе алады. Білім алушылар өз араларында міндеттер мен рөлдерді бөледі. Тапсырманы орындауға арналған қатаң нұсқаулар жоқ, балалар өздерінің шығармашылық, бастамашылдық және ақпаратты дәлелді түрде ұсына білу қабілеттерін көрсетеді.

Тапсырмалар:

  1. оқылған көркем шығарма бойынша буклет, плакат салу немесе кейіпкерлердің шағын көрмесін жасау;
  2. бұл шығарма бізге не үйрететіні туралы әңгімелеу;
  3. кітап оқудан алған әсерлерімен бөлісу;
  4. осы    шығарманың   шағын    үзінді    көрсетілімін    ойнау    (білім алушылардың өтініші бойынша костюмдер ойлап табу);
  5. сыныптастар неге дәл осы кітапты оқуы керек екенін түсіндіру және дәлелдеу.

Бұл сыныптан тыс іс-шара білім алушылардың кітапқа деген эмоционалды-құндылық қатынасын, оқырмандық дербестігін және оқырмандық ой-өрісін арттыруға бағытталған.

  • «Мен жазушымын» атты сыныптан тыс іс-шара

Білім алушыларға өз ойларынан әңгіме немесе ертегі жазу және өз жұмыстарын қызықты да тартымды етіп рәсімдеу ұсынылады. Тапсырманы орындау үшін бір ай уақыт беріледі. Дайындықтан кейін балалар өз жұмыстарын бүкіл сыныпқа ұсынады, ал тыңдаушылар бір-бірінің шығармаларында ең ұнаған жерлері туралы айтады. Сонымен қатар әңгіменің немесе ертегінің рәсімделуінің бірегейлігі бағаланады.

Білім алушылар қиялын, шығармашылық қабілеттерін, сондай-ақ көпшілік алдында ұялмай сөйлеу қабілеттерін көрсетеді.

Сыныптан тыс іс-шарадан кейін мұғалім білім алушылармен бірге өздеріне ұнайтын шығарманы кез келген уақытта қайта оқып шығуы үшін өздерінің «үй» кітапханасын ұйымдастырады.

Бұл сыныптан тыс іс-шара білім алушылардың кітапқа деген эмоционалды-құндылықты                                 қатынасын           арттыруға,           жанрлық айырмашылықтарды түсінуге, оқырмандық тәуелсіздігі мен оқырмандық ой- өрісін кеңейтуге бағытталған.

  • «Ертегілер әлемінде» атты іс-шара

 

Сыныптан тыс іс-шара ерекше түрде өткізіледі, онда сынып ертегі әлеміне, ал балалар ертегі кейіпкерлеріне айналады. Сыныпты бірнеше топқа бөлуге болады. Әр бала өзінің қай топта болатынын таңдай алады және бұл іс-шараға немен келетінін де өзі белгілейді. Сынып сағаты кітаптар және ертегілер көрмесімен танысудан басталады. Білім алушылар үйлерінен әкелген өздерінің кітаптарын ұсынады.

«Ертегіні тап» сайысын ұсынуға болады. Мұғалім ертегіден үзінділер оқиды, ал балалар ертегінің авторы мен атауын айтулары тиіс. Жеңімпазға түрлі-түсті жетон (түрлі-түсті қағаздан қиылған шеңбер) беруге болады.

Әр топ алдын ала дайындалған және талқыланған өз ертегісін көрсетеді, ал «көрермендер» оның атауын дұрыс айтулары тиіс. Дұрыс жауап үшін балалар жетон алады. Көп жетон жинаған топ жеңімпаз аталады. Бұдан кейін балалар шығармашылық жұмыс орындайды.

Әр топтың алдында үлкен қағаз парағы, түрлі-түсті қарындаштар, борлар, фломастерлер бар. Балалар ертегі кейіпкерлері пайда болатын өздерінің «ертегі алаңқайын» салады.

Білім алушылар барлығы бірігіп, бір-біріне көмектесіп жұмыс істейді. Содан кейін топтар өз жұмыстарын көрсетеді және әр бала өзі бейнелеген кейіпкер туралы әңгімелейді. Ұжымдық жұмыс әр балаға эмоционалды қобалжу арқылы өзін-өзі көрсету тәжірибесін алуға мүмкіндік береді. Бірлескен эмоционалдық қобалжу балаларды біріктіреді, тұлғаралық қарым- қатынасты дамытудың негізі қызметін атқарады.

Ұсынылған сыныптан тыс іс-шара білім алушылардың кітапқа деген эмоционалды-құндылықты          қатынасын           арттыруға,           жанрлық айырмашылықтарды түсінуге, оқырмандық тәуелсіздігі мен оқырмандық ой- өрісін кеңейтуге бағытталған.

Дереккөз: http://elar.uspu.ru/bitstream/uspu/10020/2/10Kaduhina.pdf



Негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейінді

  • «Бабалар Үні» акциясы. Мақсаты: эпостық жырларды насихаттау. Ауызша шығарылып, ұрпақтан-ұрпаққа ауызша тараған көркем-әдеби туындылар, яғни қазақ халқының ауыз әдебиеті эпостарындағы оқиғалар ел, халық өмірінен алынған, негізінен батырлықты, ерлікті дәріптеу арқылы жастарды елін-жерін қорғауға, сүюге тәрбиелейлі, сонымен қатар махаббат тақырыбын және өмірде болған нақты оқиғаларды да жырлайды. Білім алушылардың қазақ халқының ауыз әдебиетін оқуға деген қызығушылығын тудыру           мақсатында                ұйымдастырылатын                           іс-шаралар    «Бабалар    Үні»,

«Батырлар жыры – ұрпаққа мұра», «Тұлпар мініп ту алған» атауларымен жүзеге асырылуы мүмкін.

Аталған іс-шаралардың мақсаты: халық ауыз әдебиеті мұраларының мәуелі бәйтерегі болып табылатын эпос жырларды насихаттау.

Іс-шараға қамтылатын аудитория: 5-11 сынып білім алушылары, ата- аналар, педагогтер.


 

Іс-шара түрлері: эпостық жырларды мәнерлеп оқу сайысы; эпостар желісі бойынша сурет салу конкурсы; ортақ шешіммен бір эпосты таңдап үзілістерде, сынып сағаттарында рольдерге бөліп дауыстап оқу; бір эпос желісімен шағын көрсетілім әзірлеу.

Оқуға ұсынылатын эпостар:

Батырлық жырлар: «Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр», «Қамбар батыр», «Көлұғлы», «Ер Тарғын», «Құбығұл» және т.б.

Ғашықтық жырлар: «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Айман- Шолпан», «Мақпал қыз», «Сұлушаш», «Есім сері-Зылиқа» т.б.

Эпостарды насихаттау мақсатында мектеп дәліздерінде, мектеп сайтында, әлеуметтік желілерде шағын жарнамалық ақпараттар орналастыруға болады. Мысалы, Құбығұл эпосы, Айман-Шолпан жыры.

Эпос Уәли ханның және оның ұлы Құбығұл батырдың хиқаялары туралы баяндайды. Батырдың балалық шағы, шын махаббатын тапқан кезі, ханның кәрілігі туралы әңгімелейді.

Құбығұл – өмірді сүйетін батыр. Жігіт жасынан бостандыққа, саяхатқа ұмтылады. Жасы жеткенде ғажайып орманды аралап қызға ғашық болады.

«Айман-Шолпан» – лиро-эпостық жыры.

Жыр оқиғасы, 19 ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ елінің әлеуметтік-қоғамдық тіршілігін, тұрмыс-салтын сипаттайды. Айман – ел тыныштығын, қауым ынтымағын ойлаған ақылды да айлалы, өжет мінезді қыз.

«Бабалар Үні» акциясына орай 2016 жылы «ҚазАқпарат» баспа корпорациясының баспаханасынан «Ұлы даланың дара тұлғалары» атты ортақ айдармен «Қазақ хандары», «Қазақ би-шешендері», «Қазақ батырлары», «Қазақ тарихындағы әйелдер» атты танымдық жинақтар жарық көргенін айта кету қажет. Бұл жинақтарда – осынау тарих көшінде қазақ топырағында өз заманының биік тұлғасы болып қалыптасқан ұлағатты адамдардың өмір-тарихын қамтитын, қысқаша мәліметтер берілген.

Қазақ хандары: танымдық жинақ /Құраст. Талас Омарбеков/. – Алматы,

«Айғаным» баспа үйі, 2016. – 148 б.

Қазақ би-шешендері: танымдық жинақ /Құраст. Серікқазы Қорабай/. – Алматы, «Айғаным» баспа үйі, 2016. – 204 б.

Қазақ батырлары: танымдық жинақ /Құраст. Серікқазы Қорабай/. – Алматы, «Айғаным» баспа үйі, 2016. – 148 б.

Қазақ тарихындағы әйелдер: танымдық жинақ /Құраст. Серікқазы Қорабай/. – Алматы, «Айғаным» баспа үйі, 2016. – 148 б. [24].

Дереккөз: http://blog.karlib.kz/kz/node/1091


  • «Көңілді үзіліс» жобасы. Мақсаты: үзілістерде кітап оқуды, поэзия оқуды дамыту (1-11-сыныптар).

Сабақтардың арасындағы үзілістерде поэзия оқу. Көңілді үзілістерді ұйымдастыру барысында білім алушылардың жас ерекшелігін міндетті түрде ескерілуі тиіс. Өткізілу түрлері:

  • «Соқыртеке» ойыны түрінде.

 

Мұғалім үстелге әр түрлі кітаптарды жайып қояды және балаларға байлаулы көзбен келіп (немесе кітаптың мұқабасы қалың қағазбен оралған болуы мүмкін) кез келген кітапты алып, үзіліс кезінде оқуды ұсынады. Білім алушы кітапты үйіне алып кетіп оқуына да болады.

  • Поэзия минуттары. Оқу пәндерінің мазмұнында қамтылған ақындардың оқулықта жоқ өлеңдерін мәнерлеп оқу.
  • Тақпақ түрінде берілген санамақтар, жаңылтпаштар оқу жұмбақтар шешу.


  • Әдеби аукцион – әдеби ойын: ұсынылған сұраққа кімнің жауабы соңғы және толық болса, сол жеңіске жетеді.

«Әдеби аукцион» атты іс-шараны білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып ұйымдастыру қажет. Бастауыш сыныптарға арналған іс-шара ертегілерге байланысты өткізілсе, жоғары сынып білім алушыларына «Әдебиет» оқу пәнінде оқылған шығармаға немесе ақын- жазушылардың мерейтойына бағытталып өткізілуі тиіс.

«Біз Абайды білеміз, оқимыз, бағалаймыз» атты аукцион-кеш. Мақсаты: білім алушылардың қазақ халқының ұлы ақыны,

ағартушысы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушысы, философы, композиторы, аудармашысы, саяси қайраткерінің тұлғасы мен шығармашылығына деген қызығушылығын, оның әдебиеттегі рөлі мен орнын түсінуін және өзіндік көзқарасын қалыптастыру

Іс-шараға қамтылатын аудитория: 5-6, 7-8, сынып білім алушылары, ата-аналар, педагогтер (білім алушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты жеке-жеке ұйымдастыруға болады).

Қажетті құралдар: гонг (дабыл), Абай Құнанбаевтың портреті және кітаптар көрмесі.

Мұғалімнің кіріспе сөзі, аукционның тәртібімен таныстыру.

  1. Сұрақ сатылады, оның төлемі – дұрыс жауап.
  2. Жауап беру құқығы карточканы бірінші болып көтерген адамға тиесілі.
  3. Сұраққа дұрыс жауап берген қатысушы лоттың сатып алушысы болып саналады, жүлде алады.

Аукционның кезеңдері:

  1. лот. «Есімдер».

Абай Құнанбаевтың айналасындағы есімдер (отбасы, туыстары, достары, әріптестері, жаулары…). Мысалы, әкесі – Құнанбай, атасы – Өскенбай, шешесі – Ұлжан ...

  1. лот. «Фактілер».

«Ақын өмірбаянының фактілері (даталар, оқиғалар, кездесулер…).

Мысалы, 1845 жылы тамыз айында дүниеге келген.

Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқыды.

«Кім екен деп келіп ем түйе қуған...» өлеңін 10 жасында жазған. 3-лот. «Шығармалар».


 

«Абайдың шығармашылығы» (Абай Құнанбаевтың шығармаларының атаулары).


  • Поэтикалық марафон – шағын алаңда белгілі бір ақынның поэзиясын бірнеше оқырманның кезектесіп мәнерлеп оқып шығуы.

Қатысушылар білім алушылар, педагогтар, ата-аналар, жергілікті ақындар, кітапханашылар және т.б.

Өткізілу түрі: поэтикалық оқулар (музыкалық және би номерлері қосуға болады). Іс-шара бір ақынның шығармашылығына немесе оқырмандардың өздері шығарған өлеңдерін оқуға арналуы мүмкін.

Кітап оқу арқылы білім алушылардың білім алуға қызығушылығын арттыратын түрлі шаралар кешенін ұйымдастыру:

Іс-шараның басталуынан бұрын кітапханашы кітапханадағы кітаптарға қысқаша шолу жасауын ұйымдастыруға болады.

Өлеңді оқуға берілетін уақытты алдын ала анықталады.


  • Оқырман бенефисі – бұл іс-шара үздік оқырманның құрметіне арналған іс-шара. Оқырманның сүйікті кітаптарының кітап көрмесін алдын ала ұйымдастыруға болады. Үздік оқырман міндетті түрде сыныптың/көпшіліктің алдында өзі туралы және оқыған кітаптары туралы айтады.

Іс-шараны мереке түрінде дайындауға болады, онда оқырманға құрмет көрсетіледі, ол музыкалық нөмірлермен ойын бағдарламасымен бірге жүреді.


  • Флешбук – дәйексөз, сурет, презентация және басқа да қызықты таныстырулар, кітап туралы өзінің ақпараттары арқылы кітап туралы бір кітапқа тұсаукесер өткізу, екінші түрі – заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып кітап оқуды насихаттау (7-қосымша).

Бір білім алушы немесе бір сынып өзіне/өздеріне ұнаған кітап туралы презентация өткізеді. Мектеп дәлізінде, кітапханада кітаптан алынған дәйексөздер жазылған плакаттар, мазмұны бойынша салынған суреттер ілінеді. Белгіленген күні презентация өткізіледі.

Екінші түрі – әлеуметтік желілерде (ВКонтакте, Facebook, Одноклассники, Мой Мир, Instagram, Pinterest, Telegram және басқа) өзіне ұнаған кітаптың атымен аталатын аккуант құру және оған өзінің достарын шақыру. Аккуанттың мазмұнында кітаптан мәтінен алынған үзінділер, иллюстрациялар, автордың өмірбаяны, түрлі мультимедиялық серверлер (вики қызметтері)қосылады, оқырманның өзінің кітап туралы пікірі орналастырылады, осылайша кітапты жарнамалау жүзеге асырылады [25].


  • Библиофреш – кітапханадағы жаңа кітаптарға библиографиялық шолу жасау.

Аталған іс-шараны сынып жетекшісі мен кітапханашы бірігіп өткізуге болады. Мектеп немесе ауыл/қала кітапханасындағы жаңа кітаптарға шолу жасалады. Кітап мазмұны, авторы туралы баяндаумен қатар, үзінділер


 

оқылады.  Кітап   желісімен   кино-фильмдер,  мультфильмдерден  үзінділер көрсетуге болады.


  • Әдеби вернисаж
  1. ойын түрінде өткізіледі, сынып 2 топқа бөлінеді, 1-топ «әдеби портреттегі» кейіпкерге аннотация беріп шығармасынан үзінді оқиды, 2-топ сол кейіпкерді табулары тиіс;
  2. кітапханашы қорға түскен жаңа кітаптар, қызықты немесе ерекше басылымдартуралы әңгімелейді, содан кейін оқырмандарды барлық жаңалықтарды көруге, қызықты кітаптарды таңдауға, оқыған кітаптарынан алған әсерлерімен бөлісуге шақырады;


  • «ВOOKСROSSING» жобасы – хобби және флэш-мобқа ұқсас қоғамдық қозғалыс. Буккрооссинг – белгілі бір қызықты кітапты оқып болған соң, келесі адаммен алмасу, мектеп бойынша ұйымдастыруға болатын іс- шара. Кез-келген адам өзіне ұнайтын кітапты алып-оқиды, оқығанын қалдыра алады. Буккрооссингтің мақсаты – кітаптарды «босату», яғни еркін жүзуге жіберу.


  • «Кітаптар керуені» – бір немесе әр түрлі тақырыптағы бірнеше кітаптың тұсаукесеріне арналған іс-шара. Мысалы, жаңа кітаптар керуені, ұмытылған кітаптар керуені. Дәйексөз, сурет және кітап туралы қызықты ақпарат арқылы кітапқа тұсаукесер өткізу

Мақсаты – кітап оқуды, кітапханаға баруды насихаттау, білім алушылардың бойында кітап оқуға, рухани және зияткерлік өсуге, өзін-өзі тануға және өзін-өзі тәрбиелеуге деген қажеттілік қалыптастыру.

Білім алушыларды, олардың ата-аналарын, білім беру ұйымының қызметкерлерін Сәбит Мұқановтың «Аққан жұлдыз» романын, Мұхтар Әуезов «Абай жолы» романын, және т.б. оқуға (бұл жерде кез келген шығарманы алуға болады) шақыру мақсатында «Кітаптар керуені» іс- шарасын өткізу үлгісін қарастырып көрелік.

Іс-шараға қамтылатын аудитория: 5-11 сынып білім алушылары, ата- аналар, педагогтер.

Іс-шара жарнама немесе таныстырылым түрінде өткізілетін болғандықтан, жарнамашы-таныстырушылар кітапты өздері оқулары міндетті шарт болып табылады.

Таныстырылым презентация және шығармадан үзінділер оқу түрінде өткізілуі мүмкін. Мысалы:

Роман XIX ғасырдың екінші жартысында туған қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлихановтың өмірі мен елі үшін атқарған қызметі туралы.

Сәбит Мұқанов шығыстану көгінен құйрықты жұлдыздай ағып өткен Шоқан Уәлихановтың өмірін ұзақ жылдар бойы зерттеген.

Бірінші кітапта Шоқанның әкесі Шыңғыстың өмірі туралы баяндалады.

Екінші томда Шоқан Уәлихановтың тұлға ретінде қалыптасуы шебер бейнелеген.


 
  • Кітап немесе әдеби марафон – жалпы тақырыппен біріктірілген бұқаралық іс-шаралар тобы. Спорттық атауы белгілі бір бағытты басынан мәреге дейін өтуді, кедергілердің болуын, жарыс сипатын анықтайды. Зияткерлік сұрақтар мен шығармашылық тапсырмалар, түрлі конкурстар (бір күнгі марафон уақытын белгілеп алу қажет) марафонның бағдарламасын құрайды. Марафонға мектеп оқушылары, олардың ата-аналары, педагогтер қатысады.

Қатысушылар көптеген сайыстардан тұратын қашықтықты өтулері тиіс. Мысалы: «Кітапқа ашық хат сал» (сурет-иллюстрация немесе аппликация болуы да мүмкін);

«Маған қатты ұнайтын/ұнаған кітап» (өзіне ұнаған кітаптың қысқаша мазмұнын; немесе не үшін ұнағанын айту; басты кейіпкеріне сипаттама беру және т.б.);

«Викторина» (кітаптың мазмұны бойынша құрастырылған сұрақтарға жауап беру).


  • «Әдеби саяхат немесе әдеби дилижанс» ойыны. Бұл ойын өлкетану, географиялық, тарихи, ғылыми-көпшілік және көркем әдебиет бойынша өткізіледі [26].

Саяхаттың міндетті элементі – бағыттың аялдамалары, жолдары, ормандар белгіленген карта немесе схема.

Ұсынылған іс-шара түрін Білім алушыларды тәрбиелеуде құндылыққа бағытталған тәсілді жүзеге асыру бағдарламасының «Дәстүр және ғұрып»,

«Ерте жастан бастап экологиялық мәдениет» бағыттарымен, «Қазақстанның киелі орындары – Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасымен байланыстырып өткізуге болады.

Қазақстанның жалпыұлттық маңызы бар сакралды нысандарының Ерекше бағаланатын табиғи мұра ескерткіштерін таныстыруды оқуға құштарлықты қалыптастырумен ұштастыру жолында аталған ойынды қолдануға болады.

Мысалы: Қарағанды облысы бойынша саяхатқа шығайық.

Қарағанды облысының картасына Әулиетау (Ақмешіт), Едіге тауы, Алтын Шоқы, Бектау ата тауы және үңгірі және олардың арасындағы жол мен жол бойында кездесетін елді мекендер белгіленеді.

Бірінші аялдаманы «Қарағанды облысының әдеби өмірі» деп атауға және облыстың ақын-жазушыларымен таныстырып өтуге болады.

Екінші аялдама Әулиетау (Ақмешіт) – Ұлытаудың ең биік шыңы (Ақмешіт үңгірі туралы аңыз-әңгімелерді оқу).

Үшінші аялдама – Едіге тауы туралы аңыз.

Төртінші аялдама – Алтын Шоқы Ұлытау жотасында Әмір Темір (1336

  • 1405) белгі қалдырған тау.

Бесінші аялдама – Бектау ата. «Жерұйықты» іздеп, жаһанды кезген Асан Қайғының аңызы.


 

Осы жерде «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында «Бабалар сөзі» айдарымен шыққан 100 томдық ауыз әдебиетінің жыр-толғаулары, қисса- дастандары туралы айтып, таныстырылым жасауға болады.


  • «Әдеби караоке» – бұл музыкалық сүйемелдеумен өтетін мәнерлеп оқу байқауы.

Мақсаты – білім алушылардың поэзияға деген қызығушылығын, сүйіспеншілігін арттыру.

Іс-шараға қамтылатын аудитория: білім алушылар, ата-аналар, педагогтер (білім алушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты жеке-жеке ұйымдастыруға болады).

Караокедегі тәрізді – музыка ойнайды, ал қатысушылар өлең оқиды.

Бұл іс-шараны ақынның туған күніне, атаулы датаға негіздеп немесе әдебиет пәнінің оқу бағдарламасына сәйкес өткізуге болады.

Өлеңді мәнерлеп оқушы оқитын өлеңін қай музыкамен оқитынын алдын-ала білмейді, ол әуеннің ырғағына келтіріп оқуға тырысуы тиіс, сонда ғана поэзияның әдеби-музыкалық ғажайып орындалуы жүзеге асады. Музыкаға классикалық әуендермен қатар қазіргі кездің әуендерін де алуға болады.


  • Әдеби мұражай – кез-келген сирек кездесетін фактілер, әдебиет саласындағы мәліметтер (сирек кездесетін әдеби фактілер) туралы баяндайтын іс-шара. Әр түрлі әдеби жанрларға арналуы мүмкін. Мысалы, поэтикалық мұражай.


  • Шешілген және шешілмеген құпиялар кеші (Біздің айналамыздағы құпиялар»).

Іс-шараның мақсаты – білім алушылардың назарын ғылыми жаңалықтарға, шешілмеген мәселелерге, әлемнің әртүрлі құбылыстарына аударту.

Іс-шараға қамтылатын аудитория: жоғары сынып білім алушылары, ата-аналар, педагогтер.

Гипотезалар, нұсқалар, білімнің медицина, жаратылыстану ғылымдары, психология, тарих тәрізді әртүрлі салаларындағы ашылулар, телекинез, телепортация, полтергеист және т. б.

Тақырыптар: «Гипноз: мүмкіндіктері, құпиясы», «Атлантиданың құпиясы: Аңыз ба? Шындық па?», «Тунгус метеоритінің құпиясы»,

«Дельфиндер – теңіз жұмбағы», «2030 жылға қарайғы жасанды интеллект – мүмкін бе?» және т.б.

Аталған тақырыптарға қатысты кітаптар тізімін әзірлеу, кітапхана қорындағы кітаптардан көрме ұйымдастырып, кітаптарға шолу жасау.

Әдебиеттегі табиғат тақырыбы – сонау ерте замандардан бері жазылып келе жатқан мәңгілік тақырып. Айтулы ақындардың барлығы да осы тақырыпты жырлауда небір жауһар шығармалар тудырды. Әрбір ұлттың әдебиетінде табиғат жырлап, суреттеуінде сол халықтың таным-түсінігі,


 

тарихи дүниетанымы бірге көрініс табатыны анық. Қазақ әдебиетінде ақын- жыраулар толғауларында, Ыбырай, Абай, Мағжан, Сәкен, Ілияс т.б. ақындар шығармашылығында табиғат лирикасы ұлттық нақышпен, халықтық таным- білікпен жырланды. Табиғат жырлауда әр ақын өзінше ерекшеленіп, суреткерлік шеберлікпен дараланады.

Экология қазақ үшін жұмбақ дүние емес, ол біздің салт-дәстүрімізде бар, бұл ананың ақ сүтімен берілген, туған табиғатыңды қорғап қастерлеуге негізделген ғылым. Сәкеннің «Көкшетауын» алыңыз. Қалай мадақтайды тау- тасын, жер-суын, міне, «көк шөпті баспа», «суға түкірме» деп үйреткен,

«ботам», «құлыншағым», «қошақаным» деп еркелеткен қазақ баласының түсінігі. Жерін жұтатпас үшін әр маусымға орай жайлау, күзеу, қыстауға көшіп-қонып жүрген. Көшкен жұртта бір түйір көлденең зат тастамай, ошағын тегістеп, қазығын қалдырмаған. Табиғатпен етене өскеннің белгісі [27].

  • Орман репортаждары (конкурс, ақпараттық-таныстырылым) – импровизацияланған          экологиялық          ойын-жарыс,          ақпараттық хабарлама/таныстырылым оның барысында оқырмандар экологиялық проблемалармен жұмыс істейтін журналистік бригада рөлінде өздерін сынап көреді. Аталған іс-шараны «Ерте жастан бастап экологиялық мәдениет» бағытымен байланыстыру ұсынылады.

Іс-шараның мақсаты – білім алушылардың экология, табиғат тақырыбындағы кітаптарды оқуға деген қызығушылығын арттыру.

Іс-шараға қамтылатын аудитория: білім алушылар, ата-аналар, педагогтер (білім алушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты жеке-жеке ұйымдастыруға болады).

Қатысушылар ақпараттық бағдарлама үшін «оқиға орнынан репортаж» дайындаулары қажет. Тапсырманы орындау үшін:

  • репортерлік істің құпияларын білуі;
  • қызықты тақырып табуы;
  • репортаждың жанрын анықтауы (журналистік тергеу, «белгілі» тұлғамен сұхбат немесе ойын сюжеті);
  • жарқын және қызықты, өзіндік мәтін құрастыруы тиіс

Сынып жетекшісі немесе кітапханашы ойынның жүргізуші болады. Ол: бағдарламаның басында ормандағы, даладағы, өзендегі оқиғалар туралы тыңдармандармен қызықты сұхбат жүргізуі және соңында «Сөз кезегін біздің тілшілерімізге беремін» сөйлемімен тыңдармандардың назарын тілшілерге аударуы тиіс.

Әр репортаждан кейін оның құрастырушыларына алғыс айтып, бағдарламаның соңында ауа райы болжамымен таныстырып және тыңдаңдармен қоштасуы тиіс.

Тақырыптар: «Жасыл әлемнің өмірінен», «Өсімдіктердің емдік қасиеті», «Қазақстанның флорасы мен фаунасы», «Қазақстанның ерекше қорғалатын жерлері», «Қазақстанның қызыл кітабы», «Орман поэзиясы мен прозасы» және т.б., яғни қатысушылар табиғат туралы ақпараттар әзірлеулері


 

тиіс. Репортажды дайындау барысында қолданған кітаптары туралы да айтулары тиіс.

  • Көше атауларындағы жазушылардың есімдері (зерттеушілік интернет-жоба)

Жобаның мазмұны: көше атаулары басқа да топонимика тәрізді, кез келген өңірдің тарихи мұрасының қатарына жатады. Атау – ол көшенің немесе даңғылдың «визит карточкасы» ғана болып табылмайды, сонымен қатар оның пайда болған дәуірінің өзіндік ескерткіші іспеттес. Бұл жобаны жүзеге асыру арқылы білім алушыларды көшелердің атауындағы жазушылардың шығармашылығымен тереңірек таныстыру, кітап оқуға тарту мүмкіндігі беріледі.

Жобаға қатысушылар – 5-11 сынып білім алушылары, ата-аналар, мұғалімдер.

Жүргізілетін жұмыс түрлері:

  • жобаға қатысушылар шағын зерттеу жұмысын жүргізулері;
  • оны кез келген электронды форматта (мәтіндік, презентациялық, фотосурет, аудио-, бейнежазба) рәсімдеулері;
  • жұмыстарының   нәтижесін    мектеп    сайтының   арнайы   бөліміне орналастырулары тиіс.

Нәтижесінде жобаға қатысушылар туған қалаларының тарихымен, көшенің атауындағы ерекшеліктермен, сонымен қатар жазушының бай мұрасымен танысу мүмкіндігіне ие болады.

  • Сыныптан тыс оқу бойынша «КІТАПТЫҢ ТУҒАН КҮНІ» атты

жоба

Жобаның мазмұны: балалар және жасөспірімдер кітабы апталығы,

сонымен қатар балалар және жасөспірімдер музыкасы апталығы аясында өткізуге болады.

Бастауыш және негізгі орта білім деңгейінің білім алушылары оқу жылы бойы нақты бір жылдардың мерейтой-шығармаларымен танысады.

«Кітаптың туған күні» жобасы аяқталу кезеңі болып табылады. Осы күні балалар өздерінің шығармашылығының нәтижесін түрлі мысалы, «үздік театрлық қойылым», «кітаптың ең жақсы мұқабасы», «ең үздік иллюстрация» және           т.б.   номинацияда   ұсынады;   балалар   жазушыларымен   кездеседі; балалардың    әзірлеген    «Кітаптың    туған     күні»    альбомына    қатысты презентациялармен    танысады,    оның    мазмұнын    балалардың        оқыған кітаптарына жасаған иллюстрацияларды, пікірлерді, сонымен қатар өздерінің осы тақырыпқа байланысты шығарған өлеңдерін, әңгімелерін қамтуы мүмкін. Жобаның                    негізгі      мақсаты     балалардың     кітап      оқуға     деген қызығушылықтарына қолдау көрсету, кітап оқуға тартудың жаңа әдістеріне қолдау         көрсету. Балалар     отандық     және     шетелдік     авторлардың

шығармаларымен танысады.

Маңызды аспектілердің бірі – балалар өздерінің оқыған кітаптарынан алған әсерлерімен ашық және көзбе-көз бөлісу, шығармашылық қабілеттерін көрсету мүмкіндігіне ие болады.

Дереккөз: http://nlr.ru/prof/reader/images/Docum/Knig-polka/100proyektov_2016text.pdf


 
  • Ыбырай Алтынсарин – жаңашыл-педагог

Жалпы білім беретін мектептердің жоғары сыныптарында «Ы. Алтынсарин – жаңашыл-педагог» тақырыбына байланысты «Жұлдызды сәт» ойыны.

Мақсаты:

·білім алушылардың Ы.Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін толықтыру, қорытындылау және жүйелеу;

·білім алушылардың сөйлеу тілін, өз ойларын жеткізе білу дағдыларын, әдебиетке қызығушылықтарын дамыту.

Ойынды командамен де немесе жеке-жеке оқушылармен де өткізуге, сонымен қатар сұрақтарды слайд түрінде әзірлеп интерактивті тақтадан көрсетуге болады.

Ойын бірнеше кезеңнен тұрады:

1-кезең. «Ы.Алтынсариннің өмірімен байланысты жерлер».

Үстелдерде 1-ден 6-ға дейінгі цифрлар жазылған текше карталар бар. 1- кезеңнің сұрағына жауап бергенде дұрыс жауапқа сәйкес келетін цифрды көрсету қажет.

1 – Қостанай облысы Қостанай ауданы 2 – Орынбор

  • – Торғай
  • – Петербург
  • – Қазан
  • – Ырғыз
  • – Троицк
  • – Ақтөбе
  • сұрақ.   Ыбырай   Алтынсариннің   туған    жері   (Қостанай   облысы Қостанай ауданы).

Слайдта   атасының   Ыбырайға   жолдаған   өлең-хатының   жолдарын ұсынуға және мәнерлеп оқып беруге болады

Үміт еткен көзімнің нұры – балам, Жаныңа жәрдем берсін Хақ тағалам. Атаң мұнда анаңмен есен-аман, Сүйіп сәлем жазады бүгін саған.

Атаңды сағындым деп асығарсың, Надан боп білмей қалсаң, аһ ұрарсың. Шырағым, мұнда жүрсең не етер едің, Қолыңа құрық алып кетер едің.

Тентіреп екі ауылдың арасында Жүргенмен, не мұратқа жетер едің?!

  1. сұрақ. Кішкентай Ыбырайдың орыс-қазақ мектебінде оқыған қала (Орынбор).
  2. сұрақ. Ыбырай өзі сұранып, мектебіне мұғалім болуға рұқсат алып, келген жер (Торғай)

 
  1. сұрақ. Орыстың ағартушылық жүйесін зерттеу мақсатында барған қалалары (Петербург, Қазан).
  2. сұрақ. 1879-1883 жылдар аралығында Торғай облысының қандай уездерінде жаңа мектептер ашты (Торғай, Ырғыз, Троицк, Ақтөбе).
  3. сұрақ. «Қазақ хрестоматиясын» басып шығарған қала (Орынбор). 2-кезең. «Логикалық тізбек».

Сурет және жазушы өмірінің фактілері арасындағы өзара байланысты анықтау. Ұпай жұлдызын бірінші көтеріп жауап берген қатысушыға беріледі. 1-тапсырма.      Слайдта   Ы.Алтынсариннің  және   шекара   комиссиясы төрағасына                     Жаңбыршы   Балғожиннің   немересі   Ыбырайдың   орыс-қазақ

мектебіне қабылдау туралы мәлімдемесінің суреттері.

Дұрыс жауап: Замана бет алысын өзінше болжаған Балғожа табысқа жетудің ендігі жолы – оқу деп біледі. Сөйтіп, немересі кішкентай Ыбырайды Орынборда ашылады деп күтілген орыс-қазақ мектебіне күні бұрын жаздырып қояды. Мектеп 1850 жылы ашылады да, оған қабылданған отыз қазақ баласының бірі – тоғыз жасар Ыбырай болады.

  1. тапсырма. Слайдта Ы.Алтынсариннің және ғимараттың суреті, 1850- 1857 жылдар жазуы.

Дұрыс жауап: Орынбор қаласында 1850-1857 жылдар аралығында Ы.Алтынсарин оқыған мектеп.

  1. тапсырма. Слайдта Ы.Алтынсариннің және үйдің суреті, 1883-1889 жылдар жазуы

Дұрыс жауап:бұл үйде 1883-1889 жылдар аралығында Ы.Алтынсарин тұрған. Үй Қостанай қаласында.

  1. тапсырма. Слайдта Ы.Алтынсариннің және отбасының суреттері. Дұрыс жауап: Ы.Алтынсариннің отбасы. Әйелі – Айғаныс, балалары –

Абдолла, Әбдірахман, Шарипа.

  1. тапсырма. Слайдта Ы.Алтынсариннің және «Киргизская хрестоматия» кітабының суреттері.

Дұрыс жауап: Ыбырай Алтынсарин – «Қазақ хрестоматиясы» (1879) деп аталатын ана тіліміздегі тұңғыш оқулықтың авторы.

  1. тапсырма. Слайдта Ы.Алтынсариннің және кесененің суреттері.

Дұрыс жауап: Ы.Алтынсариннің кесенесі тарихи тұлғаларға қатысты киелі орындар санатына енген. Кесене Тобыл өзенінің жағасында орналасқан (Қостанай қаласында).

3-кезең. «Әдеби галерея».

Тапсырма: Ы.Алтынсариннің әңгімелеріне қатысты суреттерді қарап, жазышының шығармаларынан үзінділер тыңдап, олардың атауларын еске түсіру қажет.

Слайд. «Тазша бала» ертегісіне иллюстрация және ертегіден үзінді (аудиожазба).

«Тазша бала» ертегісінен үзінді: «Ертеде бір шал мен кемпір болыпты. Олардың үш баласы, бес ешкісі бар екен. Бір күні үлкен баласы басқа жерден пайда кәсіп қылуға талап етіп, өзіне тиген енші ешкісін сойып алып, етінен кемпір мен шалға бір түйір де берместен, арқалап кетіпті. Келе жатса, бір


 

өнерші байдікіне келеді. Бұл байға өнер үйренуге ол жігіт жалданыпты. Өнерші бай бек қатты жауыз адам екен. Ол жалданған жігітті бір сандыққа салып қойып, аштан өлтіріпті. Үйінде қалған ортаншы баласы, бұ да өнер үйренбекке талап етіп, о да ағасының кеткен жолымен кетіп, о да өнерші байға келіп жалданыпты. Өнерші бай оны да ағасынша аштан өлтіріпті. Үшінші ұлы — Тазша бала, о да ағаларындай өзіне тиген енші ешкісін сойып алып, жарты етін әке-шешесіне беріп, олардан рұқсат алып, арқалап кетіпті». (Слайдқа қажетті суретті http://bilim-all.kz/article/7166-Tazsha-balсайтынан қарауға болады).

Дереккөз: http://bilim-all.kz/article/7166-Tazsha-bala


Слайд. «Әке мен бала» әңгімесіне иллюстрация және әңгімеден үзінді (аудиожазба).

«Әке мен бала» әңгімесінен үзінді: «... Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң, әкесі қайырылып, манағы тағаны соларға үш тиынға сатты. Одан біраз жер өткен соң, шие сатып отырғандардан ол үш тиынға бірталай шие сатып алды. Сонымен, шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бірем - бірем алып жеп, баласына қарамай, аяңдап жүре берді. Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артында келе жатқан бала да тым - ақ қызығып келеді екен, жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып, аузына салды» [60].

(Слайдқа    қажетті    суретті     https://massaget.kz/layfstayl/debiet/tmsil/41805/

сайтынан қарауға болады).

Дереккөз: https://massaget.kz/layfstayl/debiet/tmsil/41805/

Слайд. «Атымтай Жомарт» әңгімесіне иллюстрация және әңгімеден үзінді (аудиожазба).

«Атымтай Жомарт» әңгімесінен үзінді: «Төрт түрлi себеп бар. Әуелгiсi: әдемi ат, асыл киiм, асқан дәулеттi өне бойы әдет етсең, көңiлге жел кiргiзедi; сол желiккен көңiлмен өзiмнен терезесi төмен бейшаралардан жиренiп, көз салмай, кем-кетiкке жәрдем берудi ұмытармын деп қорқамын. Екiншiсi: бар бола тұрып мен жұмыс қылсам, мұның кемшiлiк емес екенiн бiлiп, кейiнгiлер әбiрет алсын деймiн. Үшiншiсi: күн сайын өз бейнетiммен тапқан бiр-екi пұлға нан сатып алып жесем де бойыма сол тамақ болып тарайды, еңбекпен табылған дәмнiң тәттiлiгi, сiңiмдiлiгi болады екен. Төртiншiсi: құдайтағаламның берген дәулетiн өзiмсiнiп, тиiстi орындарына жаратпай, көбiсiн өзiм iшiп-жеп, өзiм тұтынсам, мал берген иесiне күнәлi болармын деп қорқамын, – дедi». (Слайдқа қажетті суретті https://www.zharar.com/kz/story/8645- altynsarin_atymtay.html сайтынан қарауға болады).

Дереккөз: https://www.zharar.com/kz/story/8645-altynsarin_atymtay.html 4-кезең. Викторина.

  1. Ы. Алтынсарин – өмір сүрген жылдар (1841-1889 ж. ж.).
  2. Ы. Алтынсарин... (Ағартушы-педагог).
  3. Ы. Алтынсаринді тәрбиелеген алды (Атасы Балғожа би).
  4. Ы. Алтынсарин дүниеге келген өңір (Қостанай облысы Торғай жері).
  5. Ыбырайдың жақсы меңгерген тілдері (орыс, араб, татар, парсы).

 
  1. Орынбор  шекаралық   комиссиясы   жанындағы   мектепті   алтын медальмен бітірген жылы (1857).
  2. Балғожа   бидің   хатшысы   ретінде   тілмаштық   қызмет   атқарған жылдары (1857 ж.)
  3. Ы. Алтынсариннің «Қырғыз хрестоматиясы» жазылған алфавит (кириллица).
  4. Ы. Алтынсариннің негізгі еңбектерінің бірі (Қырғыздарды орыс тіліне үйретуге негізгі басшылық).
  5. 1879 жылы тағайындалған қызметі (Торғай облысының мектеп инспекторы).
  6. ХІХ ғ. І жартысындағы ағартушы, қоғам қайраткері, жаңашыл педагог (Ыбырай Алтынсарин).
  7. Ы. Алтынсариннің «Қырғыз хрестоматиясы» жарық көрген жыл (1879)
  8. Балаларды оқуға шақырған өлеңі (Кел, балалар, оқылық!).
  9. «Кел, балалар, оқылық!» өлеңіне ән шығарған (Жаяу Мұса).
  10. «Қыпшақ – Сейітқұл» әңгімесінде уағыздаған кәсіп (Егіншілік).
  11. Ы. Алтынсариннің қазақ қыздарына арнап мектеп-интернат ашқан қала (Ырғыз).

 

ҚОРЫТЫНДЫ


Білім алушылардың бойында әлемді және өзін қоршаған дүниеде өзін тану мақсатында жүйелі оқу қажеттілігін қалыптастыру, келесі қызмет түрлерінде көрінеді:

  • бос уақытта көркем әдебиет оқу;
  • пәннің мазмұнына қатысты ақпараттық-анықтамалық дереккөздерді

оқу;

  • оқу тапсырмаларын орындау  және өздігінен білім алу үшін кітап

оқуды белсендендіру;

  • оқырмандық мәдениет деңгеінің жоғарылауы;
  • оқылған кітаптар санынң көбеюі;
  • көркем және ғылыми шығармаларды оқуға арналған шығармашылық конкурстарға қатысатын білім алушылардың, жеңімпаздар мен жүлдегерлердің санының артуы.

Оқу іс-әрекетін қалыптастыру – қазіргі заманғы оқу-тәрбие үдерісінің маңызды міндеттерінің бірі.

Бүгінде оқу іс-әрекеті – мектеп оқушыларының оқудағы негізгі мақсаты мен объективті көрсеткіші. Оқырман оқуға арналған материалды саналы түрде таңдау, алынған білім, білік пен дағдыларды оқу үдерісінде тиімді пайдалану мүмкіндігіне ие.

Мектепте заманауи тиімді технологиялар мен оқыту әдістері қолданылған жағдайда ғана оқырман белсенділігін қалыптастыру тиімді болмақ.

Қазіргі оқушылардың көркем әдебиетті оқып, өмірде қолдана алуы, шығармадан өмірлік маңызды сұрақтарына жауап табуы, қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түсе білуі, оның іскерлік қабілетін қалыптастырып, рухани жан дүниесін байытады. Сондықтан мұғалімнің негізгі міндеті - баланың ішкі, жеке бастамаларын ояту, автормен сұхбаттасуға саналы көзқарасын қалыптастыру.


 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


  1. https://www.papmambook.ru/articles/2806/
  2. https://unatlib.ru/librarians/methodical-materials/informational-and- analytical-materials/briefs/395-gosudarstvennaya-politika-preodoleniya-krizisa- chteniya
  3. https://blog.tutoronline.ru/
  4. https://www.1urok.ru/categories/4/articles/18246
  5. https://www.nkzu.kz/page/view?id=495
  6. http://iac.kz/kk/publishing/kazakstandyk-okushylardyn-oku-sauattylygyn- kalyptastyru
  7. Д 70 «Оқу, математика және жаратылыстану бойынша жетістіктер: Қазақстандағы    PISA-2018   зерттеуінің    нәтижелері»,    Ұлттық    есеп/АҚ

«Ақпараттық-талдау орталығы», 2020 – 150 бет.

  1. https://krippo.ru/files/PISA/task.pdf
  2. http://window.edu.ru/resource/352/60352/files/Report_PIRLS2006.pdf
  3. «Мектеп оқушысының кітап оқу іс-әрекеті» әдістемелік ұсынымдамалары – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2018. – 161 б
  4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 266 бұйрығымен бекітілген «Бастауыш білім беру деңгейінің 1-сыныбына арналған «Сауат ашу» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде)».
  5. 2020-2021 оқу жылында Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы: Әдістемелік нұсқау хат. – Нұр-Сұлтан қ.: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2020. – 331 б.
  6. https://urok.1sept.ru/
  7. http://elar.uspu.ru/bitstream/uspu/11869/2/10Moreva.pdf
  8. https://zavodila.com/otdyx/psychology/lichnost/chtenie-knig-v- sovremennom-mire-voprosy-i-otvety/
  9. Чушкина, С. И. О подходах к определению понятия «читательская культура» / С. И. Чушкина // Вестник Башкирского университета. – 2015. – Т. 20. – № 2. – С. 600–605.
  10. Курдюмова Т.Ф. Проблема восприятия художественного текста на уроках литературы // Взаимосвязь восприятия и анализа художественных произведений в процессе изучения литературы в школе. М., 1984. С. 35 - 41.
  11. Петровский, А. В. Возрастная и педагогическая психология [А. В. Петровский. – М. : Просвещение, 2011. – 203 с.
  12. http://www.planeta-kniga.ru/blog/smyslovoye-chteniye.html
  13. Загашев И. Как решить любую проблему. — СПб.: прайм- ЕВРОЗНАК, 2002. — С. 72-78.
  14. https://pedsovet.su/metodika/priemy/6007_priem_trkm_insert_na_uroke
  15. https://lifemotivation-online.turbopages.org/lifemotivation. online/s/psychology/child-psy/priem-klaster
  16. http://kkdb.ru/marafon/about.php

 
  1. http://blog.karlib.kz/kz/node/1091
  2. https://infourok.ru/vneklassnoe-meropriyatie-fleshbuk-mir-knigi-4-klass- 4541945.html
  3. https://infourok.ru/metodicheskaya-razrabotka-vneklassnogo- meropriyatiya-igra-puteshestvie-literaturnyj-dilizhans-4165821.html
  4. https://adebiportal.kz/kz/news/view/arman_sherizat_tabigat_pen_ talant            22001

 

ҚОСЫМША


  • «Қазақ тарихындағы әйелдер»

Тұмар патшайым


 
  1. қосымша

 

Көне жазбаларда Томирис деп көрсетілген сақ патшасы. Б.з.д VI ғасырда өмір сүрген. Тұмар патша әулетінен шыққан әйел: скиф халқының көсемі Ишпақайдың ұрпағы, скифтердің патшасы Мадийдің (Мәди) шөбересі, массагеттердің патшасы Сыпырдың (Спаргапис) қызы немесе немере қызы. Бала кезінен бастап әскери өнерді меңгерген.

Әкесі көз жұмған соң, таққа отырған Тұмар патшайымның ел билеуі ісі оңай бола қоймайды. Өйткені патшайымның билікке келу кезеңі парсы патшасы Кирдің бүкіл Азияны жаулауға аттанған жорығына дәл келді. Сақ қоныстанған аумаққа әскер алып келген Кирдің алғашқы жорығында Тұмар патшайымның жұбайы Рүстем мен ұлы Сыпыр қаза табады.

Жарынан да, баласынан да айырылған ана жаралы інгендей қаһарға мініп, қанға өшіккен Кирдің басын қанға бөктіруге ант береді. Алғыр стратег, мықты тактик Тұмар патшайым кескілескен ұрыста парсы әскерінің күл- талқанын шығарып, Кирдің басын алады. Бұл оқиғаны грек тарихшысы Геродот «ең кескілескен және ұлы шайқас» деп суреттеген екен. Шайқасқа сақ әйелдері де қатысқан көрінеді.

Ауыр әскермен келген Кирді жеңудің арқасында патшайымның есімі мәнгі тарихта қалды.

Тұмар патшайымның ерлігі де сол –ұлы далада шашырап жүрген сақ тайпаларының басын біріктіріп, парсы әскеріне қарсы күш жұмылдыра білуінде еді.

Ақпарат дереккөз: https://massaget.kz/layfstayl/madeniet/persona/tazym/61073/


Зарина патшайым

Тарихта қалған сақ әйелдерінің тағы бірі – Зарина патшайым. Тұмардан кейін өмір сүрген әйел. Кейбір деректерде есімі Сара деп көрсетілген. Б.з.б. IV ғасырдың аяғы мен V ғасырдың басында ел билеген. Зарина да патша әулетінен шыққан. Алайда қай әулеттен шыққаны белгісіз. Қай сақ тайпасының билеушісі екені нақты емес. Бірақ қазіргі Сығанақ қаласы маңында орналасқан көне қалалардың бірінде билеуші болған.

Заринаның ел билеген кезінде сақ мемлекеті Ассирия, парсы елдерімен жылы қарым-қатынаста болған. Сол кезде сақ даласына көз тігіп отырған парсы патшаларын тізе бүктірген. Ал Мидия елінің ханзадасы Стриангиямен достық қатынас орнатқан. Бұл оқиға жайлы Тұрсын Жұртбайдың «Дулыға» атты еңбегінде былай делінген.

Зарина аң аулап жүріп, жаудың қоршауына түсіп қалады. Қоршауды бұзып шығып қашқанымен, санға тиген оқ ұзаққа шыдатпайды. Жау деп отырғанымыз парсы ханзадасы Стриангия бастаған жасақ болатын. Жалғызға жабылу – дәстүрде жоқ. Салт аттының соңынан әскерін тоқтатып, жалғыз өзі қуған Стриангия Заринаны қуып жетіп, шайқаса бастайды. Бірақ әйелдің басынан дулығасы сыпырылып түсіп, қызбен шайқасып жатқанынан


 

ұялған парсы ханзадасы кешіріп сұрайды. Қыздың батылдығына риза болған ханзада оған сөз салады. Бірақ тұрмыс құрған әйел екенін айтқан Зарина ұсыныстан бас тартады.

Алайда Заринаны тағы бір рет көру үшін сақ даласына аяқ басқан Странгия Мәрмәрдің (Заринаның жұбайы) тұтқынына түсіп қалады. Қарсыласуға қауқары бола тұра Странгия қарсылық танытпайды. Өзі келіп беріледі. Әрине, бұған Зарина қатты қапаланады. Ақыры күйеуінен ханзаданы босатуын өтінеді. Оған көнбей күйеуі Странгияны өлтіруге ұмтылады. Амалсыз Зарина екі жақты тоқтату үшін оққағарларын жұмсайды. Осы айқаста Мәрмәр ауыр жарақат алып, қаза табады. Мидиялық ханзада бостандық алады. Бұған қатты толқыған Странгия «екеуіміз де еліміздің амандығы үшін үлкен құрбандыққа бардық. Адал сезіміздің белгісі ретінде патшалығымызды біріктірейік. Қосылайық!» деп ұсыныс тастайды. «Алайда ақылға жеңдірген Зарина «Мен сені ғана ұнатамын. Бірақ әйелің бола алмаймын. Екеуміз қосылсақ, сен хан боласың, мен ханым боламын. Есесіне елім де саған бағынышты болады. Мен бақытты болғаныммен, елім тәуелсіздігінен айырылып, бақытсыз болады. Мен үшін елімнің еркіндігінен артық ештеңе жоқ» деп өз байламын айтады. Ханзада да мұңға батып, өз еліне қайтады. Есесіне екі ел ұзақ уақыт бойы тыныштықта өмір сүреді. Осылайша, Зарина патшайым өзінің бақытын елінің бақыты үшін құрбандыққа шала біледі» дейді Т.Жұртбай.

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/layfstayl/madeniet/persona/tazym/61073/


Жаған бегім

Қазақ хандығының негізін құрғандардың бірі Жәнібек ханның жары. Жәнібек пен Керейден кейін хан болған Қасымның анасы. Өкінішке орай, Жаған бегім жайлы тарихи деректер жоқтың қасы. Тек Жаған бикемнің Шайбан ұрпағы Махмұд сұлтанның анасы Ақкөзі бегім апалы-сіңлілі болғандығы ғана айтылады. Яғни, Жаған бегім Шайбани әулетінің атақты ханы Мұхаммед Шайбанидің інісі Махмұд сұлтанның нағашы әпкесі болып шығады.

Ол кісі жайлы деректер аз болғандықтан, ел билеу ісіне қалай араласқанын да айту қиын. Бірақ білдей бір хандықтың негізін қалаған қағанның жары болу оңай іс емес екені белгілі. Ал одан да қиыны сол хандықты ұстап қалар ұрпақты тәрбиелеу болатын.

Жаған бегім – Қазақ хандығын он-ақ жыл билеп, Азия мен Еуропаға атағын шығарған Қасым ханның анасы. Қасым ханның қасқа жолын салған, әскерін 1 миллионға дейін жеткізген, қазақ хандығының шекарасын бекітіп, оны нығайтумен айналысқан адамның парасатты ананың құрсағынан шыққанын айтпаса-ақ та түсінікті.

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/layfstayl/madeniet/persona/tazym/61073/


Бопай ханым

Кіші жүздің ханы Әбілқайырдың әйелі, ел анасы. Шын есімі – Бәтима. Бопай сұлу Кіші жүздің ханы Әбілқайыр ханның жары мен құты болды.


 

Бопай Әбiлқайыр ханның екінші әйелі бола тұра, өзінің табиғатынан ерекше салиқалы, байсалды қасиеттерінің арқасында аса жоғары «сұлтанша» лауызымына ие болған.

Әбілқайыр сұлтанның Бопай сұлуға үйленгені үлкен бақыт болды. Төре ұрпағына келген Бопай құтты келін атанды. 1711 жылы Нұралы атты перзент сыйлады. Нұралының Әбілқайырдан кейін кіші жүздің ханы болғанын бәріміз білеміз.

Бопай Әбілқайырдың ел басқару ісінде кеңесшісі, арқа сүйер тірегі болған. Батыр атанған Әбілқайырдың қилы мінездеріне тоқтау айтып, сабырлылыққа шақырып, сабасына түсiрiп, қиын мәселелердi бабымен шешуге көмектескен. «Бопай сұлу өзінің ақылымен құрметке ие болған, сондықтан да кей кездері орданы басқару ісіне үлкен әсер еткен. Әдетте әйелді барлық қоғамдық жұмысқа араластырмайтын қарым-қатынастың болғанына қарамастан, Бопай сұлудың өзінің жеке мөрі болған» – деп Қазақстан тарихы бойынша ірі маман А. И. Левшин жазып өткен.

Сондықтан ел iшiнде қадірі артқан Бопай анаға халқы мәртебелі, парасатты «Бара бәйбiше» атағын сыйлаған.

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/layfstayl/madeniet/persona/tazym/61073/


  1. қосымша

Білім алушыларға арналған жадынама


Өзіндік білім алу жұмыстарының негізгі түрі жүйелі оқу болып табылады.

Оқу барысында мыналарды есте сақтау керек:

  1. Дұрысы аздап оқысаң да, дұрыстап оқы. Кітапқа «беріліп оқу» - ең нәтижелі жұмыс.
  2. Кітап таңдау үлкен маңызға ие. Егер кез-келген мәселе бойынша оқығыңыз келсе, ең алдымен білетін адамдармен кеңесу керек немесе осы мәселе бойынша ұсынылатын кітаптар тізімдерін жинақтау қажет. Ең жақсы, ең қажетті кітаптарды таңдап алыңыз және ал оларды әліне қарай оқуды бастау керек. Өз қалауымен оқылған кітаптарды дәптерге тізіп жазып отырған дұрыс.
  3. Оқи отырып кідіріс жасаңыз, оқығанын бойынша өзіңізге есеп беріңіз. Таныс емес сөздердің мәнін түсіндірме сөздіктен оқып алу, мағынасын және қай кезде қолдануға болатынын біліп алып, сөйлемге мысал келтіріп, жеке дәптеріңізге жазып қойыңыз. Кідірістеуге мәжбүр болатын әрі түсінуге қиын тұстарды жаймен және бірнеше рет қайталап оқып шығыңыз. Оқи отырып, ненің шын, ал ненің ойдан шығарылғанын аңғару. Содан кейін түсініксіз жерді, оның ішінде нақты ненің түсініксіз екенін жазып алу. Түсінбеген жерді жауапсыз қалдыруға болмайды: оны біреуден сұраңыз, немесе қандай да бір кітаптан жауабын табу керек.
  4. Әрбір тарауды оқығаннан кейін, жадыда қалған мазмұнын дәптеріңізге жазып алыңыз. Оқырман мұндай жазуға дағдыланбаса, алдымен газет мақалаларының мазмұнын жазуға тырыссын.

 
  1. Егер оқылған кітапта қандай да бір ой таңғалдырса немесе ұнайтын болса, оны жазу кітапшасына жазуы керек. Жады бойынша жазу өте жақсы, оны мәтінмен салыстырыңыз, содан кейін нақты мәтінді жады бойынша тағы бір рет жазыңыз. Ол басқа адамдардың ойларын дәл жеткізе білу дағдысын дамытады және бұл дағды өте маңызды.
  2. Сондай-ақ, дәптеріңізге есте сақтау қажет барлық нәрселерді жазыңыз: оқиғалардың жылдары, атаулары, сандары.Тек қана сандарды жазу ғана емес, сонымен қатар мәселені жақсы бейнелейтін оларға сәйкес диаграмма жасау да көбіне пайдалы болады.
  3. Кітапты оқығаннан кейін сіз жаңа кітаптың не бергенін білуіңіз керек
  4. олай болмаса, сол тақырып туралы тағы не білуіңіз керек, оқырман автормен неге келіседі немесе неге келіспейтіні білуіңіз керек


  1. қосымша


Оқырман күнделіктерін қалай жүргізуге және жасауға болатыны туралы нақты талаптар жоқ, мұғалімнің немесе белгілі бір баланың сипаттамаларын ескере отырып, мұғалім шешеді. Бастауыш мектепте оқырман күнделіктерінде ең төмен талап пайдаланылады, орта мектепте мұғалім оқылған әрбір кітабының нақты сипаттамасын талап етуі мүмкін.

Оқырмандардың күнделіктері және оны қалай толтыру керек?

  • Шығарма автордың аты-жөні
  • Шығарманың атауы
  • Беттер саны
  • Шығарма жанры (поэма, роман, әңгіме және т.б)
  • Шығарма қай жылы жазылған? Тарихта бұл жыл несімен белгілі? Елде қандай жағдай болды, автор қайда тұрды?
  • Негізгі кейіпкерлер. Олардың атауларын жай ғана көрсетуіңізге болады, бірақ сіз қысқаша сипаттаманы бере аласыз: жасын, басқа кейіпкерлермен (ағасы, әкесі, досы және т.б), сыртқы келбетімен, сүйікті іс- әрекеттерімен, әдеттерімен байланыстар, автордың кейіпкерге сипаттама берілген бет нөмірлерін мысал келтіре аласыз. Сіз кейіпкер сияқты болғыңыз келе ме? Неліктен?
  • Сюжет не жайлы, яғни кітап не жайлы сипатталған.
  • Кітап туралы пікірлер.
  • Бет нөмірі көрсетілген кітаптағы негізгі эпизодтардың тізімі.
  • Шығарманың желісі немесе белгілі бір қай жылдар мен кезеңдерді сипаттайды. Сол жылдары билікте кім болды? Оқиға желі қандай елде немесе қандай қалада өтті?

Қазір көптеген балалар электронды түрде кітап оқып, беттердің саны форматқа байланысты, сондықтан осы кітабындағы парақтар саны туралы бағана болмауы мүмкін.

Жоғары сынып оқушылары сондай-ақ қосымша ақпараттар бере алады:

  • Шығармаға немесе авторға сыни әдебиеттер тізімін беруге.
  • Ұнайтын сөз тіркестер мен үзінділердің жазбасын.

 
  • Жазушының қысқаша өмірбаяны.

Оқушы ақпаратты күнделікке түсіріп, кроссворд, сканворд, тапсырмаларды жасай алады, кітап авторына немесе кейіпкерлеріне хат жаза алады және т.б.

Оқушыға күнделік жүргізуіне көмектесу керек пе?

Ия, әсіресе бастауыш сыныптарда бұл оған тым қиын болуы мүмкін. Оның үстіне, сіз кітапты, кейіпкерлерді, оқиғаларды оқып, талқылап, оқу барысында күнделікті толтыра аласыз.

Оқырман күнделіктерін тексеру қажет. Балаға оның жұмысын мақұлдағаныңыз маңызды. Бірақ сабақтан тыс оқумен және оқырман күнделіктерімен жүйелі түрде жұмыс істеу жақсы [39].


  1. қосымша

Оқырман күнделіктерінде кітапқа пікір жазу


Біріншіден, сіз қандай шолуды және оның не үшін жазылғанын анықтауыңыз керек.

Пікір – шығарманы оқу барысында туындаған жеке ойлар мен сезімдер беріледі. Пікірдің мақсаты - кітапты басқа оқырмандарға ұсыну. Пікірді оқығаннан кейін, балалар қандай қызықты кітаптарды оқып шығу керектігін ойлау керек.

Оқыған кітап бойынша пікір – бұл еркін шығарма. Аталған жерде жалпы сызба орынсыз болып табылады. Осы ретте мектепте кездесетін пікір мазмұнына бірізді ұсыныстар беруге болады.

Ұсыныстар:

Біріншіден, оқу кітаптан сізді қандай сезім тудырғанын сізге не ұнады, не қайғыға салғанын, не ұнатпайтыны туралы міндетті түрде айтып берсеңіз.

Екіншіден, «өзіне тартқан» бірнеше сәттерді белгілеңіз: ол батырға, оның әрекеттеріне немесе автордың сипаттаған ойы. Сонымен, тағы да - түсіндіріңіз, неге бұл сізді «өзіне тартты».

Үшіншіден, сіз оқыған оқиғада ең құнды нәрсені айтып беріңіз.


  1. қосымша


Әдеби викторина оқырмандық құзыреттілікті қалыптастырудың тиімді әдісі ретінде болуы үшін мұғалім: балаларды кітап оқуға қызықтыру және олардың бойындағы осы қызығушылықты сақтап қалуға жағдай жасауы; балаларға қол жетімді, оқу бағдарламасына байланысты, бір немесе басқа оқырманның жеке мүдделеріне байланысты кітаптар ұсынуы; оларға әр кітапты оқуға, оны саналы түрде түсінуге, есте сақтауға көмектесуі; әр кітапқа және кітап оқуға саналы және белсенді түрде қарауға үйретуі тиіс.

«Сабақтан тыс іс-шаралар» мектептегі оқу процесінің ажырамас бөлігі болып табылады, викториналарды сабақ барысында да, сабақтан тыс іс-шара ретінде де өткізуге болады. Сабақтан тыс жұмыстардың бір бағыты сыныптан тыс оқу сабақтарының жүйесі болуы мүмкін, оның аясында


 

мұғалім үйде де, мектептегі сабақтарда да білім алушылардың тәуелсіз оқуын ұйымдастыра алады.

Білім алушылардың сабақтан тыс жұмыстарының нәтижелерін үш деңгейге бөлуге болады.

Нәтижелердің бірінші деңгейі – білім алушының әдебиет саласында білім алуы, білім алушылардың оқу құзыреттілігін арттыру, оқырман көкжиегін кеңейту – әңгімелер, дидактикалық ойындар, викториналар, ересектермен бірге кітап оқу және тыңдау, әдеби олимпиадалар, ғылыми жобалар, оқу конференциялары, театрларға бару, әдеби мұражайлар мәдени саяхаттар жасау арқылы қол жеткізіледі.

Нәтижелердің екінші деңгейі – эстетикалық қобалжу тәжірибесін алу, оқудың ішкі мотивациясын қалыптастыру, оқырманның өзін-өзі бағалауы мен сабақтан тыс жұмыстардың нәтижелеріне қанағаттануын арттыру – балалардың бір-бірімен тікелей қарым-қатынасы арқылы қол жеткізіледі. Бұл деңгейге қол жеткізу үшін проблемалық пікірталастар, диспуттар сияқты әдістер мен тәсілдерді қолдану маңызды, онда білім алушы өзінің оқырмандық пікірін қорғау, өзінің оқырмандық іс-әрекетіне барабар өзін-өзі бағалау қабілетін игереді.

Нәтижелердің үшінші деңгейі –қоғамдық тәуелсіз іс-әрекет тәжірибесіне ие болу, оқу белсенділігінің артуы, әдеби және шығармашылық қабілеттердің дамуы. Олардың бәрі білім алушының ашық қоғамдық ортада кітап жинау, мектепке дейінгі балалар ұйымдарында әдеби мерекелер мен қайырымдылық концерттерін ұйымдастыру, қалалық, облыстық, республикалық деңгейдегі әдеби-шығармашылық акциялар мен іс-шараларға қатысу тәрізді өзара қарым-қатынас жасау арқылы қол жеткізіледі.

Әдеби ойындар, викториналар мектеп оқушылар үшін қызықты да пайдалы іс-шара түріне жатады Әдеби ойындардың негізінде жекелеген үзінділер бойынша көркем шығармаларды тану, берілген сөздер бойынша жолдар мен шумақтарды қайта құру, оқылған шығармалар бойынша күрделі сұрақтарды қою және шешу (викториналар, сөзжұмбақтар), әдеби кейіпкерлердің аттарын, авторлардың аттарын, бірқатар сұрақтар бойынша кітаптар мен шығармалардың аттарын болжау (шарадалар), кейіпкерлер мен кітаптарды сипаттама бойынша жаңғырту және т. б. жатады. Мұндай әдеби ойындар барысында ойыншылардың зияткерлік, моральдық, ерік-жігерлік қасиеттері дамиды, бейімділігі мен қабілеттері белсендіріледі.

Әдеби ойындар – білім алушылардың сабақта және сабақтан тыс іс- әрекеттерін үнемі жандандыру құралы болып табылады. Мектептегі ойындар ең алдымен жаңа білім беретін, баланың зейінін, жаңа материалға аударатын, қызықтыратын және ойландыратын болуы тиіс. Сонымен қатар тәрбиелік жағы да маңызды болып табылады. Ойын балалардан тапқырлықты, зейінді талап етеді, шыдамдылыққап, табандылыққа үйретеді, қиялын дамытады, дұрыс шешімдер қабылдауға үйретеді, ұжымшылдық сезімін тәрбиелейді.

Белгілі    телебағдарламалар    түрінде    өткізілетін    әдеби    ойындар:

«Жұлдызды сәт», «Ғажайыптар алаңы», «Бақытты оқиға», «Сиқырлы алаң»,

«Сәттілік иірімдері», «Теңіз шайқасы» және тағы басқалар.


 

Оқылған шығарма желісімен «Суреттеу бойынша тап» ойыны, яғни шығармадан кейіпкерді суреттейтін үзінді оқылады, балалар кейінкерді атайды.

«Сиқырлы сандық» ойынында сандықтан алынған заттың иесін, яғни кейіпкерді атау.

«Сөзжұмбақ». Тақырыпқа сәйкес құрастырылған сөзжұмбақты шешу.


  1. қосымша

«Ата-аналарға арналған жадынама»


Бала ата-анасының бойындағы кітап оқуға және кітапқа деген көзқарасын қабылдайды.

Ата-аналарды баланың кітаппен қарым-қатынасы тек жағымды эмоциялар тудыратын және мұндай қарым-қатынастан жағымды әсер алумен байланысты болатын атмосфера құруға бағыттау қажет. Мектеп пәндерінің барлығы дерлік білім алушыларға тақырыптың мазмұнында берілген ақпаратты игеріп, есте сақтап, уақытында қолдануы тиіс дайын білім береді деп айтуға болады. Әдебиет пәнінде білім алушы шығарма кейіпкерлерінің және авторының өміріне жанашырлық таныту арқылы шығармадағы оқиғаларға қатысады деп айтуға болады. Оқу қызығушылығын дамытуға бағытталған жұмысты мектепте де, үйде де жүргізу қажет. Осыған байланысты ата-аналар жиналысында балалардың оқуға қызығушылығын арттыру тақырыбы қозғалуы тиіс. Мысалы, ата-аналарға арналған кеңестер жазылған буклеттер әзірлеуге болады.

Буклеттегі кеңестер:

  • оқудан жағымды әсер алыңыз және сол арқылы балалардың бойындағы оқуға деген көзқарасын рахаттану ретінде дамытыңыз;
  • балаларға кішкентай кезінен бастап дауыстап оқыңыз. Кітаппен шынайы танысуды ертегілердің аудио жазбаларын тыңдаумен алмастырмаңыз;
  • балаларды өзіңізбен бірге кітапханаға апарыңыз және кітапхана қорын пайдалануға үйретіңіз;
  • кітап сатып алу, оларды сыйлық ретінде беру және сыйлыққа алу арқылы кітап оқуды бағалайтындығыңызды көрсетіңіз;
  • кітап оқуды уақытты қызықты өткізудің бір тәсіліне айналдырыңыз, яғни кітапта балалар өз өмірлерінде қолдана алатын керемет идеяларға толы екенін көрсетіңіз;
  • балалар кітаптар мен журналдарды өздері таңдасын;
  • баланың қызығушылығын ескере отырып (оның атына) балаларға арналған журналдарға жазылыңыз;
  • баланың өзінен кіші бауырларына немесе басқа да туыстарына дауыстап оқуын ұйымдастырыңыз және отбасылық әдетке айналдырыңыз;
  • кітап оқуды әрдайым қолдаңыз;
  • оқуды қажет ететін үстел ойындарын ойнаңыз;
  • үйде балалар кітапханасы болуы тиіс;

 
  • балаларыңызға бұл туралы тағы да оқуға шабыт беретін тақырыптар бойынша кітаптар жинаңыз (динозаврлар, ғарыштық саяхаттар және т. б.);
  • фильмді көргенге дейін немесе одан кейін балаларға фильм желісі алынған шығарманы оқуды ұсыныңыз;
  • егер балалар теледидардан қызықты бағдарлама тамашалаған болса, сол тақырып бойынша кітап алыңыз;
  • үй    театрын    ұйымдастырыңыз:   шығарма    кейіпкерлеріне    тән костюмдерді қолданып рольдермен оқыңыздар;
  • балалардың оқып жатқан кітаптары туралы пікірлерін жиі сұраңыз;
  • балаларға бастапқыда үлкен/ауқымды шығармалар оқығаннан гөрі, шағын/қысқа әңгімелер оқыған дұрыс, сол кезде ғана олардың бойында қанағаттандыру және аяқталғандық сезімі пйда болады [Коджаспирова, Г. М. Педагогический словарь [Текст] : учеб.пособие для студентов педвузов / Г. М.  Коджаспирова,  А.   Ю.   Коджаспиров.  –   М.   :   Издательский  центр

«Академия», 2000. – 176 с.].


  1. қосымша

Кітап және оқу іс-әрекетітуралы дәйексөздер


Қазақтың тілі соншалықты мол. Ләкин қазақтың тіліменен қандай кітап болса да жазуға болады. Қазақ тілі мұншалықты жатық әм анық болар еді, егер де біздің қазақтар аңғарып, бөтен тіл араластырмастан ілгері бастырып

сөйлесе. Ыбырай Алтынсарин


 

Артық ғылым кітапта, Ерінбе оқып көруге.


 


Абай Құнанбаев


 



 

Пайда ойлама, ар ойла, Талап қыл артық білуге. Артық білім кітапта, Ерінбей оқып көруге.


 




Абай Құнанбаев


 

Талап қыл артық білуге, артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге.

Абай Құнанбаев

Оқу құралының ең ұлығы – бала оқытатұғын кітап.

Ахмет Байтұрсынов

Оқу құралдарының ішіндегі ең ұлысы – баланы оқытатын кітап.

Ахмет Байтұрсынов Танымның бар тамашасы кітапта, оларға қол жеткізу үшін кітап оқудан

жалықпа.

Абай Құнанбаев Кітап аяулы досы бола бастаған шақтан былай ғана әрбір  жан өзін

интеллигент бола бастадым деп санауына болады.

Мұхтар Әуезов Әрбір адамның ең жақсы досы-өмірлік досы- кітап болуы тиіс.


 


Көп жасаған білмейді, көп оқыған біледі.


 

Мұхтар Әуезов


Мұхтар Әуезов


 

Кітап атаулы досы бола бастаған шақтан былай ғана әрбір жан өзін интеллигент бола бастадым деп санауына болады.

Мұхтар Әуезов Әрбір адамның ең жақын досы, өмірлік досы кітап болуы тиіс.

Мұхтар Әуезов Ғалымға азық берер қайнар көзі кітап бетімен, лаборатория аумағымен

ғана шектелмейді, өмірді танумен, еңбек адамының жасампаз ісін танумен кең өрісін табады.


 

Адамды адам еткен – кітап, адамзат еткен – кітапхана. Кітап –өмір ұстазы.

Кітап рухани құндылық.

Ол біздің досымыз, мәңгілік тұрақты серігіміз.


 

Қаныш Сәтбаев Әбіш Кекілбаев


 

Кітап ел мен жерді сүюге, талапты, кішіпейіл болуға, төзімділікке баулиды.

Мұзафар Әлімбаев Кітап            –   өмір   ұстазы.   Кітап-    рухани    құндылық.   Кітап    біздің досымызғана емес, мәңгілік тұрақты серігіміз. Кітап ел мен жерді сүюге,

талапты, кішіпейіл болуға, төзімділікке баулиды.

Мұзафар Әлімбаев

«Кітап дегеніміз - алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік», - деген еді.

Ғабит Мүсірепов Кітап дегеніміз - алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани

өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік.

Ғабит Мүсірепов Кітап – өмір ұстазы. Сондықтан, жастар кітап оқуды күнделікті әдет

қылуы тиіс. Кітап оқымай өмірді білу, білім алу мүмкін емес.


 


Бой билеп, шарықтап ой, нәзік сезім, Кітапқа – "алғыс айтам",– жалғыз өзім. Сенемін, өзіме-өзім сол уақытта Қадаймын келешекке үміт көзін.


Жақсы кітап —ақылды адамның әңгімесімен бірдей.


 

С. Қожамқұлов




Ғабдолла Тоқай Лев Толстой


 

Кітап оқымай, ой қызметін нәтижесіз өткізген күн – бекерге өмір сүрген күн.

В. Сухомлинский Кітап – бір ұрпақтың екінші ұрпаққа қалдырар рухани өсиеті, көзі

жұмылып бара жатқан қарттың балғын жасқа айтар ақыл-кеңесі.


 

А. Герцен Кітап – керемет дос. Өмірінің қиын сәттерінде сенімді сырласың

болады. Ешқашан өкіндірмейді.

А. Доде Ғылым – кітапта. Кітаптан өмір сырын ұға білу үшін өз бетіңмен

талаптан.

Н. Г. Чернышевский Кітап алтын сандық: іші толған қазына, құт, оқы, оқы, ойыңа тұт.

Мақал-мәтел


 

Мазмұны


Кіріспе.................................................................................................

6

Оқу қызығушылығын арттыру бойынша халықаралық және отандық тәжірибе...............................................................................


8

Оқу сауаттылығы бойынша халықаралық зерттеулерге шолу...

19

«Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру әдістемесі..............

42

Қорытынды

104

Пайдаланылған әдебиеттер

105

Қосымша

107


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Humberto
22 июля 2022 02:02
In June 2016, American author and activist Shannon Cain squatted on the home for 10 days in an act
of political and artistic protest. The film stays rated very extremely by critics, and in 2006 it ranked
No. 19 on the American Film Institute's list of best musicals.

International Journal of Environmental Research and
Public Health. International Journal of Philosophy and Theology.
The Yale Law Journal. Journal of Happiness Studies.
Journal of Experimental Social Psychology. Culture & Psychology.
19 (2): 237-58. doi:10.1177/1354067X13478989. Nigeria is just
not solely recognized for his or her many style textiles and garment pieces which can be secret to their tradition. And,
while not all women provide the power to activate your phone's digicam for a webcam-to-webcam chat, there are an ideal many that do offer this functionality.
Not only do these fabulous girls want to have intercourse,
however numerous ladies additionally grow to be discouraged throughout
this interval because there is just not sufficient guys to
talk and cam with and wind up quitting, pondering it won't ever
turn out to be higher as a result of no one is speaking with
them, what a honking mistake!

My homepage :: Sex Pron
Crystal
22 июля 2022 05:21
เว็บสล็อต เว็บสล็อต หมายถึงเว็บให้บริการเกมสล็อตชั้นหนึ่งของโลกรวมทั้งเกมสล็อตแบบใหม่ จากหลากหลายแบรนด์เกมที่เป็นที่รู้จัก
เพื่อนำมาสร้างความเพลิดเพลินและทำเงินให้กับผู้ที่ประทับใจการเล่นเกมพนันในรูปแบบเกมออนไลน์โดยยิ่งไปกว่านั้นโดยมาพร้อมคุณสมบัติภาพงามคมชัดเต็มตา สีสันแจ่มใส
มีเรื่องราวให้เชิญชวนติดตาม สร้างความรู้สึกตื่นเต้นในทุกๆครั้งที่สปินแล้วถูกรางวัล เว็บสล็อตจึงเป็นเยี่ยมในศูนย์รวมความบันเทิงด้านการเล่นเกมที่ตามมาตรฐาน

พร้อมการปรับแก้ให้เกมมีความเป็นธรรมแก่คนที่เข้ามาสปิน ทำให้เข้ารางวัลได้ง่าย ให้ความคุ้มราคามากขึ้น โดยเหตุนี้ถ้าคุณอยากได้ทำความรู้จักเว็บไซต์สล็อตและเกมสล็อตให้มากยิ่งกว่าเดิม สามารถเข้ามาติดตามเนื้อหาภายในเนื้อหานี้ได้เลย
Kristopher
5 августа 2022 08:13
Howdy, I do think your site could be having internet
browser compatibility issues. Whenever I take a look at your website in Safari, it looks fine however when opening in Internet Explorer, it has some overlapping issues.

I just wanted to give you a quick heads up!
Other than that, great blog!

Also visit my web-site - kolkata escorts
Skye
8 августа 2022 23:32
Keep watch over the amount of watts of electricity you are employing.Connect your
home appliances into these products plus they can tell you how much
Nope
2022 full movie
yahoo news they prefer in an hour, monthly, four
weeks or season. This is certainly helpful in showing you exactly what your equipment is pricing you.
Kacey
12 августа 2022 16:32
Hingga jadi terdapatnya merk itu, pemain bisa menyebutwantahkan slots online
deposit renyut yang dikehendaki lantaran pelaku karena nanti
tituler perkiraan slots online pengendapan vibrasi yang sukses dijalankan peserta lalu ke
dialih masuk ke account resmi itu jadi saldo butuh dapat pasang tanggungan slots online.

Staff layanan konsumen VIO88 sama atas suka afeksi menolong Anda saat lakukan registrasi account anyar, permohonan sedimen dan withdraw versi cepat.
Link alternatif IDN88 dapat Anda dapatkan pada sini.

Di sini Anda bisa mendendangkan seluruhnya atraksi judi online hanyalah karena setoran 5000 lewat debar
minus serpih. Saat pelajari Anda buat mengindrai bikin biru terhebat yang dapat pakai dalam lakukan tindakan gambling slots online.
Dengan step ketenteraman yang tinggi Anda tidak usah nyanyang menemui main di arsitek slots IDN88.
Seperti peluang spesifik sama dengan jeli tertangani rahasianya, cukup kali jika promo mesin memanfaatkan kembali pada anggota yang tinggi sederhanyanya
menambah kebolehjadian jackpot itu. YGGDRASIL juga terdapat karya slots yang memperoleh award bak atraksi slots terhebat plus winrate tertinggi.

Anda dapat manfaatkan prosen free spin akan mendapatkan kelebihan. Tetapi awalnya pasti Anda perlu beraneka macam liputan juga keterangan berkaitan banyak pelelangan semuanya terus yang ana hidangkan.

My page :: idn slot
Alda
20 августа 2022 11:03
You really make it seem so easy with your presentation but I
find this topic to be actually something which
I think I would never understand. It seems too complicated and very broad for me.
I'm looking forward for your next post, I will try to get the hang of it!


Review my web-site; บาคาร่า เว็บตรงไม่ผ่านเอเย่นต์
Christine
27 августа 2022 09:53
Have you ever earned $765 just within 5 minutes?
trade binary options
Theda
9 сентября 2022 22:18
Off, congratulations on this blog post. This is actually truly excellent yet that's why you constantly crank out my buddy.
Fantastic blog posts that we can drain our pearly whites right into as well as truly visit function.

I enjoy this blog message as well as you understand you are actually.
Because there is thus much involved but its
like everything else, blog writing can easily be actually incredibly
mind-boggling for a lot of individuals. Every little thing takes a while as well as our experts all have
the exact same amount of hrs in a day so placed them to great usage.

Most of us need to begin somewhere as well as your planning is excellent.



Fantastic allotment and also thanks for the acknowledgment below,
wow ... Exactly how trendy is that.

Off to discuss this article currently, I yearn for all those new bloggers to find that if they don't currently possess a plan 10 they do currently.


Feel free to visit my blog; tax
Nichole
10 сентября 2022 11:11
Off, congratulations on this post. This is definitely amazing however that is actually why you consistently
crank out my good friend. Terrific articles that our team may
sink our teeth in to and actually go to operate.


I adore this weblog post as well as you know you are actually.
Blog writing can easily be actually quite frustrating
for a whole lot of individuals because there is so a lot entailed
however its like everything else.

Fantastic portion as well as thanks for the reference right here, wow
... How cool is that.

Off to share this blog post currently, I want all those brand new writers to
find that if they do not already have a strategy ten they carry out currently.


My website ... sameer Suhail
Linnea
10 сентября 2022 19:49
First of all, congratses on this article. This is actually truly awesome
however that's why you constantly crank out my friend.
Wonderful messages that we can drain our pearly whites right
into and truly head to function.

I love this blog article and also you understand you're.

Blog writing can easily be extremely mind-boggling for a great deal of folks since there
is thus a lot entailed however its like just about anything else.


Wonderful allotment and also thanks for the acknowledgment listed
here, wow ... How cool is that.

Off to share this blog post right now, I desire all those new blog owners to view that if they don't actually possess a strategy ten they carry out now.


Also visit my web-site - prairie state
college
Назад 1 2 Вперед