08
февраль
2018
"Ішімдіктен аулақ болайық"
2018 жылдың 7 ақпан күні 10 «Ә» сынып оқушылары «Кеш қалмаңыз» телебағдарламасы желісімен «Алькоголь туралы ақиқат пен жалған» атты пікірталас өткізді. Бұл іс-шараның мақсаты-оқушыларды жаман әдеттерден сақтандыру, ішімдіктің жас организмге зиянды, әр –түрлі жөтел, асқазан тері аурулары осы алкогольдің әсерінен екенін түсіндіру; жасөспірімге мектеп партасынан-ақ жаман әдеттерден аулақ болып, өскен ортадан тек қана жақсы әдеттерді бойына сіңіруге баулу; қоғамның ілгері дамуына кері әсерін тигізіп, жас ұрпақтың санасы мен өмірін уландыратын ауыр кеселдің бірі – маскүнемдік, араққұмарлық екенін ұғындыру.
Іс-шара барысында оқушылар өздері телебағдарлама кейіпкерлері ретінде алкоголь туралы өз пікірлерін ортаға салып,талқылады.Кейіпкерлер ауыл фельдшері, мектеп мұғалімдері, әлеуметтік психолог және 5- сынып оқушылары ретінде бағдарламаға қатысты. Іс-шара соңында оқушылар өз пікірінде ішімдіктен аулақ болуды және ішімдіктің адам денсаулығына зиян емес деген пікірді теріске шығарды, жастарға әр түрлі сыртқы жалған ақпарат пен жарнамаларға ермей салауатты өмір салтын ұстануды ұсынды.Пікірталас оқушыларға өзінің көзқарасын еркін білдіруге ықпалы мол еркін аудиторияда өз замандастарымен алкогольге байланысты пікірлерді тыңдай келе, ой елегінен өткізіп, өз болашағы үшін дұрыс шешім қабылдауға үйрететін ситуациялық сұрақтар да қойылып, дұрыс жауаптар айтылды. Сонымен көркемсөз оқудан өнері бар оқушылар ішімдік туралы Бералиннің «Қазақ пен арақ» атты өлең жолдарын да оқып берді. Оқушылардың бұл іс-шараға белсене қатысуына сынып жетекші Ұ.Нұрғазинова бағыт берді.