12
апрель
2022
12 сәуір-Ғылым қызметкерлерінің күні
Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы бойынша 12 сәуір- Ғылым қызметкерлері күніне орай 1-5-сынып оқушылары арасында «12 сәуір- Ғылым қызметкерлері күні» тақырыбында сынып сағаттар өткізілді. Шара барысында академик Қаныш Сәтпаевтың өмір жолы және Қазақстан ғылымның даму тарихы туралы мәлімет берілді, тақырыпқа сай презентациялар мен бейнефильмдер көрсетілді.
5-8-сынып оқушылары «Қаныш Сәтпаев – Қазақстан ғалымы» тақырыбында диктантанттар мен эсселер жазды. 9-10-сынып оқушылары арасында «Қаныш Сәтпаев және Қазақстан ғылымының болашағы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Өткізілген іс-шаралар туралы анықтамалар мектеп-гимназияның ресми сайтында және әлеуметтік желілерде жарияланды.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1165945597477003&id=100021847221311https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1168389790565917&id=100021847221311