1 наурыз-Алғыс айту күні
Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай — ақ оның ойы мен іс — әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі. Көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін мерекеде Қазақстандағы өзге этнос өкілдері қиын-қыстау кезеңде құшақ жая қарсы алған кеңпейіл де қонақжай қазақ халқына алғыс айтады. Алғыс айту күні – қысылтаяң шақта бар ауыртпашылықты бірге көтеріп,Тәуелсіз Қазақстан құру жолында аянбай тер төккен ел азаматтарының бір-біріне құрмет көрсету күні. Алғыс айту күні – қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні. Бұл – репрессия мен жер аудару жылдарында біздің халық көрсеткен мейрімділік пен ақ көңілдік, қолда бармен бөлісу, көмек көрсету сынды рухани дәстүрлер күні.Алғыс айту күні – қазақстандық патриотизмнің, бірлік пен достықтың жарқын мерекесі.. Алғыс айту күні – Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының, қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы – еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының күні. Қазақстан халқы бұл мейрамды алғаш рет 2016 жылы атап өтті. Осыған орай мектеп-гимназия парламент мүшелерінің ұйымдастыруымен құттықтаулар ұйымдастырды. 24 ақпан 2022 жылы 11 сынып оқушысы Базкен Ерасыл,Нұрланқызы Ақнәр,Өнерұлы Дінмұхамедтің құттықтауларын назарларыңа ұсынамыз.
https://www.instagram.com/tv/CaXjb8ujhg5/?utm_=copy_link