«Қауіпсіз интернет» сынып сағаты
28 қаңтар күні 1б сыныбының жетекшісі Д.Айтахунова «Қауіпсіз интернет» сынып сағатын өткізді.Сынып сағатында оқушыларға интернетті дұрыс пайдалану жолдары, зияны және пайдасы туралы түсінік берді.
1 2004 жылдың 11 ақпанында 100 ден астам елде Бүкіл әлемдік Қауіпсіз Интернет күнін атап өтеді. Негізінде әлеуметтік желіні «әлеуметтік медия» деп те атайды екен. Бұл –адамдардың бір-бірімен ғаламтор арқылы өзара байланысын қамтамсыз ететін интернет сайт. Яғни жалпыға ортақ сөзбен айтар болсақ, әлеуметтік желі бұл – адамдар мен олардың бір-бірімен қарым-қатынасы.
2. Әлеуметтік желі деген не?
Әлеуметтік желі – бұл тек адамдарды бір-бірімен байланыстыратын вебсайт қана емес, сонымен қатар өз айналасындағы адамдардың тағыда кімдермен байланыс таныс екенін білудің, сондай-ақ, сол арқылы өз таныс-білістігіңді арттырудың жолы
3. Әлеуметтік желі не үшін керек?
Әлеуметтік желі адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауы үшін керек.
4. Әлеуметтік желінің денсаулыққа қандай зияны бар?
Facebook ресми веб парақшасы әлеуметтік желілерді шектен тыс падалану денсаулыққа зиян деп жарияланды. Ол сіздің уақытыңызды өлтірумен қатар, шынайы өмірдегі достарыңызбен ара қатынасыңызды алшақтатады әрі шынайы өміріңіздегі нақты барыс-келістерге немқұрайлылықпен қарай бастайтын боласыз” деп отыр.