23
сентябрь
2021
«Арыңды жасыңнан сақта»
23 қыркүйек «Арыңды жасыңнан сақта» 9-11-сынып қыздары арасында пікірлесу өтті. Іс-шараны қыздар кеңесінің төрайымы Г.Шайза ұйымдастырды.Пікірлесу барысында қазіргі кезде жастар арасында әсіресе қыздар арасында бой алған өзіне-өзі қол жұмсау оқиғалары туралы сөз болды.
Г.Шайза жасөспірімдер арасындағы суицид өтпелі кезең ерекшеліктерімен байланысына тоқталды. Атап айтатын болсақ, ұл мен қыздың келіспейтін келбеті, жауапсыз махаббат, дене бітіміне көңілі толмау, мінез-құлық өзгерістері мен ішкі кикілжіңдердің пайда болуы. Осы тақырып төңірегінде сөз болған пікірлесуде оқушылар өз ойларымен бөлісіп, келеңсіз жағдайға жоламау жолдарын айтты.