«Стресс дегеніміз не?» » Коммунальное государственное учреждение 'Средняя школа гимназия имени Кадыргали Косымулы Жалаири'
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Қ.Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72838) 2-01-16
Есепші бөлімі:
+7(72838) 2-01-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
январь
2021

«Стресс дегеніміз не?»

«Келеңсіз оқиғаларға жол бермейміз!» дөңгелек үстел

Қ.Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясында суицидтің алдын алу мақсатында  2021 жылдың 27 қаңтар күні «Келеңсіз оқиғаларға жол бермейміз!» дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге Көксу АПБ  ЖПҚБ   ЮПТ УПИ  полиция капитаны  Д.С.Бекенов, ТЖО  Г.Мейірбекова, мектеп-гимназия педагог-психологтары Ғ.Белгібаева, М.Майкенова, медбике Ж.Құрманғалиева,5-11-сынып жетекшілері, ата-аналар комитетінің мүшелері қатысты. Іс-шара барысында полиция капитаны   Д.С.Бекенов Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 10 қыркүйектегі № 152 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 61-тармағын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 156 қаулысымен бекітілген «Баланың құқықтарын қорғауды күшейту, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл және жасөспірімдер арасында суицидтің көбеюі мәселелерін шешу жөніндегі 2020 – 2023 жылдарға арналған жол картасы» туралы түсіндіру жұмысын жүргізді.

Педагог-психолог   Ғ.Белгібаева « Қашықтықтан білім алып жатқан оқушылардың психикалық денсаулығын қамтамасыз етудегі ата-ананың рөлі» атты дәріс оқыды. Дәрісте қашықтықта оқыту кезінде баланың психикалық денсаулығына маңызы және балаға  сауатты әрі дер кезінде жәрдемдесуге болады, бұл әрекетті неден бастау керек? деген сұраққтарға жауап берді. Қиын жағдайда балаға мәселені шешуге  көмектесуі үшін қажет міндетті үш ережемен таныстырды.

Мектеп медбикесі   Ж.Құрманғалиева теориялық аспектілерге тоқталу және стрестен арылудың жаттығуларын  ұсыну мақсатында   «Стресс дегеніміз не?» тақырыбында сөз қозғады және  стрестің физиологиялық және  психологиялық белгілеріне тоқталды. Стресті болдырмау үшін не істеу қажет?-деген сұраққа жауап ретінде оны болдырмаудың  төрт  жолын атап көрсетті.

Педагог-психолог М.Майкенова бала  бойындағы біртіндеп қалыптасатын психологиялық ауыр өзгерістер мен невроздың негізгі себептеріне тоқталып,ата-ананың осы жағдайдағы ролін айтты.Оқушыға берілетін  психологиялық көмектің төрт түрлі бағдарын саралап,ата-аналарға кеңес берді.



Мектеп медбикесі  Ж.Құрманғалиева: «Стресс дегеніміз не?»

Мақсаты:  Теориялық аспектілерге тоқталу және стрестен арылудың жаттығуларын  ұсыну
 Қазіргі заманда жиі қолданатын, сәнді сөз стресс – бұл адам ағзасының физикалық және психикалық тұрғыдан күштену қалпы. Біз оны әруақытта сезінеміз – сыныпта өзімізді тұрып таныстырарда, асқазанның ішінде қуыс бардай сезім болады, емтихан уақытында шексіз ашулану, ұйқысыздық. Болмашы стрестің өзі шарасыздыққа алып келеді. Стресс адам тіршілігінің ажырамас бөлігі. 
Дей тұрғанмен стрестің өте қауіпті жағдайларын ажырата білу керек. Стресті қалай жеңуге болады? Әдебиеттерде стресс туындауының себептерін көптеп жазады. Бұл күнәні сезіну,құндылықтарды жоғалту, оқуды жеккеөру және т.б. Көбісі стресс факторы болып табылатын мектепті ұнатпайды. Не істеу керек? Одан құтылудың тәсілі өмір стиліңізді және өзіңізді өзгертіңіз!
 Уолтер Расселдің сөзін келтіргім келіп отыр: Егер жек көрген нәрсеңмен айналыссаң, жек көруден ағзаны жоятын токсиндер бөліне бастайды, соның нәтижесінде қажып, шаршап және жалығасыз не ауырасыз. Сіз не істесеңіз де сүйсініп жасаңыз. Болмаса сүйсініп жасайтынды ғана істеңіз. Осылайша шығыстың ерте даналығы айтқан. Барлығын сізге белгілі тәсілмен сүйсініп жасаңыз. Сабаққа, оқуға деген махаббат дене мен рухани күш беріп, қажу мен жалығудан құтқарады. Өзіңіздің дене және психикалық саулығыңызға назар аударыңыз. Стрестің физиологиялық белгілері: ұйықтай алмау, бас ауру, жүрек дүрсілдеу, арқаның, асқазанның, жүректің ауруы, асқазанның қорытпауы, спазмалар. Стестің психологиялық белгілері ұмытшақтық, есте сақтау қиындықтары, қобалжу, шектен тыс уайымшылдық, себепсіз қорқыныштар, ашуланшақтық болып табылады. Бұл өзіне деген сенімділігін жоғалтып, түрлі ауруларды, психикалық шаршауларды туындатады және дәріге бағынышты етеді.

Стресті болдырмау үшін не істеу қажет?

Біріншіден: стресс кезінде ағзадағы витаминдер қоры. әсіресе В тобы тез таусылады. Көптеген дәрігерлер күнде витамин ішуге кеңес береді, дегенмен де артық ішіп қоймаңыз. Барлығы орнымен болғаны жөн.
 Екіншіден: дене жаттығулары өте пайдалы. Спорт залына барыңыз, жаттығу жасаңыз, билеңіз, ән айтыңыз, қалада серуендеңіз, бассейнге, моншаға барыңыз.
 Үшіншіден: психикалық және дене релаксациясы қажет. Келесі тәсілдерді көріңіз: босаңсытатын музыкатаңдаңыз, түнгі аспанға бұлтқа қараңыз және армандаңыз.
 Төртіншіден: үйлесімді өмір үшін жанұяның, достардың қолдауы қажет. Психологиялық тренингтерге барыңыз, жанұя салтанаттарынан қалмаңыз, жаңа қызықты адамдармен танысыңыз. Ата-аналарыңызға, ата-әжелеріңізге, баурларыңызға көңіл бөліңіздер, өйткені олар сіздің махаббатыңызды, қамқорлығыңызды, мейіріміңізді өте қажет етеді емес пе?
 
 
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив