01
декабрь
2025
“Ел қорғау – ерлік пен намыс жолы” тақырыбында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің ардагерлерімен тағылымды кездесу өтті.
2025 жылдың 1 желтоқсан күні Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясында “Ел қорғау – ерлік пен намыс жолы” тақырыбында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің ардагерлерімен тағылымды кездесу өтті.
Іс-шараны өткізудегі мақсат – оқушылардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді қалыптастыру, әскери қызметтің қадір-қасиетін ұғындыру, аға буынның ерлік жолынан үлгі алу. Кездесуге Жетісу облысының ардагерлерімен жұмыс инспекторы Асқанбаев Талғат Биғабатұлы, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің ардагерлері Бекболатов Уахит Жанғазинович, Байсаков Билибек Қыдырұлы шақырылды. Олар өздерінің қызмет жолындағы естеліктерімен, әскери өмірдің қиындықтары мен қызықтарымен бөлісіп, жастарды Отанға адал қызмет етуге, тәртіп пен жауапкершілікке шақырды. Оқушылар қонақтарға көкейіндегі сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасу жүргізді.
Іс-шара нәтижесі: оқушылар ел қорғаушылардың ерлік жолына терең үңіліп, отансүйгіштік рухта тәрбиелену керектігін сезінді.