"Еңбегі адал жас өрен" жобасы аясында «Өнегелі өмір» мектепішілік эссе байқауы өтті.
21 қараша күні мектепішілік «Өнегелі өмір» эссе байқауы өткізілді. Оқушылардың мемлекетімізге, ұлтымызға танымал тұлғалардың өмірі мен шығармашылығына қызығушылығын тексеруге арналған байқау өз мақсатына жетті. Сайысқа белсене қатысып, жүлделі І орын алған 9-сынып оқушылары: Абуғалиева Аруна, Мұқтарқызы Айяжан, 10-сынып оқушысы Сайлаубаева Аида мен ІІ орын алған 11-сынып оқушысы Базарбекқызы Гаухар, 9-сынып оқушысы Муратқызы Мерей облысымызға танымал тұлға Бейсен Абайұлы Құранбек өмірінен мысалдар келтіре отырып, әдеби эссеге терең мағына беріп отыр. ІІ орын иеленген Алмабаев Арлан да үлгі тұтатын тұлғалары туралы тұшымды ой қорыта жазған. ІІІ орын алған оқушылар: Бағдатова Амина, Бірлікбай Ерсұлтан, Есенбай Айдана, Уақит Ағайша, Мұқатай Айғаным, Керімбаева Арай эссе мазмұнында өзіндік көзқарастарын «өмірдің мәні – өнегелі өмір» деген оймен қорытындылаған.