«Ата-аналар мектебі» жұмысын бірлесіп іске асырайық! » Коммунальное государственное учреждение 'Средняя школа гимназия имени Кадыргали Косымулы Жалаири'
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Қ.Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72838) 2-01-16
Есепші бөлімі:
+7(72838) 2-01-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
октябрь
2023

«Ата-аналар мектебі» жұмысын бірлесіп іске асырайық!

2022 жылы Халықаралық балаларды қорғау күніне орайластырылған сөзінде Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Ж.Тоқаев мемлекеттік саясаттың балалық шақты қолдауды басты назарда ұстайтынын атап өтті: «... әлемде балалардың бақыты мен күлкісінен маңызды ештеңе жоқ. Өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау әрқашан біздің мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі болды» [zakon.kz, 2022].
Құрметті ата-аналар, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің тапсырмасы негізінде «Адамның үйлесімді дамуы институының» дайындаған «Ата-аналар мектебі» жобасын іске асырып, балаларды ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу мақсатында мектеп-гимназияда «Ата-аналар мектебі» және «Даналық клубы» құрылады. Оқу жылы барысында ата-аналармен бірлесіп, қызықты сабақтар мен түрлі іс-шаралар өткізілетін болады. Сабақтар бастауыш,орта буын,жоғары буын сыныптарының ата-аналарына арналып,3 топта ұйымдастырылатын болады. «Даналақ клубы» аясында «Ата мектебі», «Әже мектебі»,» «Аға мектебі», «Жеңге мектебі» құрылып, отбасындағы бала тәрбиесінде ұлттық құндылықтарды насихаттайтын іс-шаралар ұйымдастыру жоспарланып отыр. Ұлт болашағына өз үлесін қосқысы келетін нар тұлғалы Әкелер,мейірімді Аналар, ер жүрек Ағалар,сүйкімді Жеңгелер,сынып жетекшілер арқылы тізімге жазылыңыздар! Жоба жұмысына белсене атсалысуға шақырамыз!
«Ата-аналар мектебі» жұмысын бірлесіп іске асырайық!
Құрметпен Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназия әкімшілігі.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив