Антитеррорлық оқу-жаттығу өтті. » Коммунальное государственное учреждение 'Средняя школа гимназия имени Кадыргали Косымулы Жалаири'
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Қ.Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72838) 2-01-16
Есепші бөлімі:
+7(72838) 2-01-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
май
2023

Антитеррорлық оқу-жаттығу өтті.

2023 жылдың 12 мамыр күні Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясында ҚР Премьер-Министрі 

 Ә.А.Смайыловтың (2023 жылғы 27 сәуірдегі №15-11/Б-272 лп) және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің тапсырмасына     сәйкес  оқу-жаттығу  өтті.

Оқу-жаттығу шеңберінде Білім беру объектілерін терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық шеңберінде бекітілген алгоритмдер   (2022 жылғы 30 наурыздағы № 117) пысықталды.

Жаттығулар аясында  келесі мәселелер пысықталды:

- мектеп персоналына, оның ішінде күзет ұйымдарына алгоритмдерге
 
(іс-қимылдар мен міндеттерге) сәйкес нұсқама берілді;

- алгоритмдерге сәйкес мектеп оқушыларына нұсқау берілді;

- қызметкерлер мен оқушыларды эвакуациялау   ұйымдастырылды;

- техникалық құралдардың (дабыл түймесі, турникеттер және бейнекамералар) жұмыс істеуін, сондай-ақ дабыл түймелері арқылы шақырылған жағдайда жеке күзет ұйымдарының жедел әрекет етуі тексерілді.

Жаттығуға 50 мұғалім, 42 кіші қызметкер,785 оқушы қатысты.

 Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Д.Темірбеков  мектеп-гимназия ұжымы мен оқушыларды өмірге қауіп төндіретін күдікті зат анықталған жағдайда іс-әрекет жасау алгоритмімен таныстырды. Сонымен бірге өрт, жер сілкінісі немесе техногенді сипаттағы авариялар кезіндегі жедел әрекет етіп, оқу-ғимаратынан шығып, өмір қауіпсіздік ережелерімен   таныстырды.

Д.Темірбеков   мектептің 1-қабатында безендірілген ақпараттық-насихат стенді  туралы айтып өтті.  Мектеп-гимназия ұжым мүшелерін стендтегі ақпаратпен танысып, есте сақтау керектігін ескертті.

Мектеп-гимназия азаматтық қорғаныс штабының басшысы, ОІО Б.Қасымова  оқушылар мен мектеп-гимназия ұстаздары және кіші қызметкерлері арасында   лаңкестік  қаупі кезіндегі іс-әрекеттер туралы   оқу-жаттығу өткізді.

Жаттығу барысында  мектеп ұжымына, оқушыларға   террористік акт қаупі кезінде халықтың іс-әрекеті бойынша жаднамалар таныстырылып, таратылды. Мектептегі эвакуация жасау жолдарымен таныстырылды. Эвакуация жасау тәжірибе түрінде көрсетілді.Сонымен қатар күдікті зат табылған кездегі, телефон арқылы лаңкестік қаупі төнген кезде, жарылыс қаупі туралы хабар алған кезде, лаңкестік қаупі жазба түрде түскен кезде, лаңкестер кепілге алған жағдайдағы  іс-әрекеттер таныстырылды. 

Мектеп-гимназия бойынша   діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шараларын ұйымдастыру бойынша  ақпараттық-насихат тобы  құрылған, жоспарға сай жұмыс жасайды.

Оқушылар мен мектеп-гимназия ұстаздары және кіші қызметкерлері арасында  төтенше жағдайлар /өрт,жер сілкінісі немесе техногенді сипаттағы авариялар/ өмірге қауіп төндіретін күдікті зат анықталған жағдайда іс-әрекет жасау алгоритмімен таныстыру, лаңкестік  қаупі кезіндегі іс-әрекеттер туралы  оқу-жаттығуларды жүйелі түрде өткізіп, эвакуация жасау жолдарын таныстыруды пысықтап отыру  жолға қойылған.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив