«Табиғаттағы мінез-құлық әліппесі» тәрбиелік шара
Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясында 23 қазанда 2б сынып оқушыларымен сынып жетекшісі А.Ахмеджанова «Табиғаттағы мінез-құлық әліппесі» тәрбиелік шарасын өткізді. Шара барысында оқушылар табиғатқа қатысты адамның мінез-құлық ережелерімен танысты.
1. Үйде жабайы жануарларды ұстамауға тырысыңыз.
2. Аң-құс індері мен ұяларына жақындауға болмайды, індегі жас төлдер шуылдап дыбыс берсе аулақ кетіңіз.
3. Өрмекші торын бұзбай айналып өтіңіз. Құмырсқаларды жоймаңыз және құмырсқа жолдарын баспаңыз. Қажет болмаса, тастарды, ағаштарды, ескі бөренелерді орнынан қозғамаңыз, мүк басқан түбірлерді бүлдірмеңіз
4. Аса қажетболмаса, орман топырағын бүлдірмеңіз. Орманда мүмкіндігінше ескі сүрлеумен жүруге тырысыңыз. Егер сіз жолсыз жүрсеңіз, өсімдіктерді сындырмауға және таптамауға тырысыңыз.
5. Өсімдіктерді жай ғана сүйсіну үшін жұлудың қажеті жоқ. Егер өсімдікті жұлу қажет болса, мысалы, дәрілік шөптерді жинау кезінде, оларды басқа өсімдіктерге зиян келтірмеуге тырысып, әр түрлі жерлерде аздап жинап алыңыз.
6. Саңырауқұлақ, жидектерді, жаңғақ жинағанда табиғатқа артық зиян келтірмеуге тырысыңыз.