«Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидалары» түсіндіру жұмысы » Коммунальное государственное учреждение 'Средняя школа гимназия имени Кадыргали Косымулы Жалаири'
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Қ.Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72838) 2-01-16
Есепші бөлімі:
+7(72838) 2-01-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
апрель
2021

«Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидалары» түсіндіру жұмысы

Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясында  20 сәуірде  «Су айдындарындағы  қауіпсіздік қағидалары»  оқушыларға таныстырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Азаматтардың Қазақстан Республикасының су айдындарын пайдалану кезінде қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібін айқындайтын  Қазақстан Республикасы  Ішкі істер министрінің  2015 жылғы 19 қаңтардағы  “Су айдындарындағы  қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы”  № 34 бұйрығымен және  азаматтардың су айдынындарындағы жүріс-тұрыс тәртібімен таныстырды.  

3-тарау. 

Қазақстан  Республикасы  азаматтарының   су   айдындарындағы  жүріс - тұрыс  тәртібі 

Су айдындарында: 

      1) "Суға түсуге тыйым салынады" деген белгілер орнатылған жерлерде шомылуға; 

      2) "Мұз үстімен өтуге (өтуге) тыйым салынады" деген белгілер орнатылған жерлерде мұзға шығуға (шығуға) тыйым салынады; 

      3) жүзудің шекарасын белгілейтін қалқы  белгілерден кейін жүзуге; 

      4) шағын көлемді кемелерге және басқа да жүзу құралдарына жүзуге; 

      5) суға қайықтардан, катерлерден, айлақтардан, жағажайлардан, табиғи құралымдардан (жартастардан, құздан, қойтастардан, жақтаулардан, қоршаулардан және басқа да заттардан), сондай-ақ осы мақсаттарға бейімделмеген  құрылыстардан  секіруге; 

      6) спортпен айналысуға, оның ішінде спорттық ойындар ойнауға, осы мақсаттарға бейімделмеген орындарда ойнауға; 

      7) жалған  дабыл  айқайларын беру; 

8) су айдындарын  ластауға  және  қоқыстауға,  кір жууға,  шомылуға бөлінген  орындар мен оған іргелес жатқан оның ішінде ағыспен  500 метрге дейін  жағажайлардан  жоғары  аумақтарда  көлік  құралдарына  отын  қоюға, жууға  және  жөндеуде; 

      9) шағын  көлемді  кемелерге (оның ішінде еспелі кемелерге ) кіруге  және су астында  жүзу  үшін  пайдаланылатын  акваториялар  жағажайлары  мен учаскелерінде  маневр  жасауға (адамдардың  қауіпсіздігін қамтамасыз ететін кемелерді қоспағанда); 

      10) су  айдындарында  қауіпсіздік  белгілерін  өз  бетімен  жоюға (алуға), бүлдіруге  немесе  орнатуға  жол  берілмейді; 

      11) суға  кіруге  және  алкогольді   және  есірткіге  мас  күйде  шомылуға; 

      12) тексерілмеген  және  жабдықталмаған  жерлерде  сүңгуге; 

      13) жүзуге  арналмаған  заттармен  жүзуге; 

      14) жағада  және  шешіну  орындарында  демалушыларға  жарақат  келтіруі мүмкін  қоқыстарды  қалдыруға; 

       15) су  айдындарындағы  қауіпсіздік  белгілеріне,  қалқы белгілерге шығуға; 

      16) балаларға  ересектерсіз  суға кіруге  жол  берілмейді. 


https://www.instagram.com/p/CN9JFYsn9j7/?igshid=3honemjc4mqh

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив